Файл: Отстік азастан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы алыпты жне патологиялы физиология кафедрасы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 77

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1. Тест тапсырмасы.

2. Ситуациялық есеп.

3. Кесте.

4. Схема.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Бауыр патологиясына әкелетін негізгі этиологиялық факторлар қандай?

  2. Сарғыштану түрлері қандай?

  3. Бауыр үстілік сарғыштану сипаттамасы қандай?

  4. Бауырлық сарғыштану патогенезі қандай?

  5. Бауыр астылық сарғыштану қалай сипатталады?

  6. Бауырлық патологияда асқорытудың бұзылыстары қандай?

  7. Бауыр жетіспеушілігі, түрлері, қалай сипатталады?

  8. Бауыр циррозы, түрлері, қалай сипатталады?

  9. Бауырлық кома патогенезі қандай?

Ұсынылған әдебиеттер:

негізгі:

1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Клиникалық патофизиология . 2009 ж.

2.Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: оқулық. Алматы. - 2007. -648с.

қосымша:

1. Нурмухамбетов Ә., Ахмет-төре М. Патофизиологиядағы медициналық атаулардың сөздігі – Алматы. – 1998. -80.

2. Нурмухамбетов Ә., Есенқұлов Ә., Әбисатов Қ., Ахмет-төре М. Медициналық атаулардың орысша-қазақша шағын сөздігі. Алматы.-1998-128.

3. Жаутикова С.Б. «Патологиялық физиологияның жалпы курсы». Оқу құралы.-Қарағанды, 2000.-105.

Тесттік тапсырмалар

1. Бауырда гликоген қоры ... ұлғаяды.

  1. гликогеноз кезiнде

  2. қантты диабет кезiнде

  3. гипоксия кезiнде

  4. ауыр дене жұмысы кезiнде

2. ... созылмалы гепатиттiң жиi себебi болып табылады.

  1. вирустар

  2. бактериялар

  3. гельминттер

  4. риккетсиялар

3. Бауыр жеткiлiксiздiгi кезiнде аммиактың жиналуы әсiресе ... улы болып табылады.

  1. орталық жүйке жүйесiне

  2. терiге

  3. бұлшық еттерге

  4. сүйек тiнiне

4. Бауыр асты сарғаю кезінде қанда ненің деңгейінің көтерілуі тән:

  1. тура билирубиннің.

  2. тура емес билирубиннің.

  3. биливердиннің.

  4. стрекобилиногеннің.

5. Бауыр үсті сарғаю салдарынан дамиды:

  1. Эритроциттер ыдырауының күшеюінен.

  2. Өт бөлінуі бұзылуынан.

  3. Қанда өт кышқылдары мен холестериннің жиналуынан.

  4. Өт пигменттерінің метаболизмнің күшеюінен.

6. Бiрiншiлiк бауыр жеткiлiксiздiгi ... дамиды.

A .бауырдың вирустық зақымдануларында

B. шокта

C. бүйрек жеткiлiксiздiгiнде

D. жүрек жеткiлiксiздiгiнде

7. Экканың тура фистуласы ... қолданылады.

A .бауырдың тосқауылдық, усыздандыру қызметiн зерттеуінде

B .бауырдың метаболиттiк қызметiн зерттеуінде

C .бауырдың мочевина түзу қызметiн зерттеуінде

D .өт түзу қызметiн зерттеуінде

8. Сарғыштану – бұл ... .


A .синдром

B .симптом

C .ауру

D .дерттiк серпiлiс

9. Гипербилирубинемияға сәйкес келетiн қандағы жалпы билирубиннiң деңгейi ... тең.

A .30-40 мкМ/л

B .4-5 мкМ/л

C .5-6 мкМ/л

D .8-20 мкМ/л

10. Гемолиздiк сарғаю үшiн қанда ... көп мөлшерде пайда болуы тән.

А. тура емес билирубиннiң

В. өт қышқылдары

С. тура билирубиннiң

D. уробилиногеннiң

Ситуациялық есептер.

Тапсырма 1.

28 жастағы пациент клиникаға мынадай шағымдармен түсті: тоқтаусыз оң қабырға астының ауырсынуы; диспепсиялық бұзылыстар, тез шаршағыштығы, әлсіздік. 3 жасында этиологиясы белгісіз сары ауруды басынан кешкен.

Объективті: тері жамылғысы және склерасы сарғыштанған; бауыры ұлғайған, пальпация жасағанда жұмсақ, ауырсынбайды. Талағы едәуір ұлғайған. Үлкен дәретінің түсі қалыпты.

Лабораториялық зерттеулер нәтижесі:

Қанның жалпы анализі: Нb 92 г/л, эритроциттер 3,15х1012/л, ретикулоциттер 15%, айқын анизоцитоз, пойкилоцитоз, микроцитоз, сфероцитоз, эритроциттердің осмостық резистенттілігі төмендеген; лейкоциттер 3,7х 109/л, лейкоцитарлық формула өзгеріссіз, РОЭ 6 мм/сағ.

Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок 8 г%, альбумин 5,2 г%, жалпы билирубин 5,8 мг%, тікелей билирубин 0,25 мг%, АСТ, АЛТ 12 МЕ, холинэстераза қалыпты жағдайда, глюкоза 115 мг%.

Несептің жалпы анализі: тәуліктік диурез 1450 мл, тығыздығы 1,028, түсі күңгірт; белок, қант анықталмайды; Нb-ға реакциясы оң мәнді, өт пигменттері (уробилиноген) – жоқ.

Инструменталды зерттеулер нәтижесі:

УДЗ: бауыр аздар ұлғайған, өт қапшығы өзгеріссіз, холестаз белгілері жоқ.

Сұрақтары:

1. Бауыр ауруындағы диспепсиялық бұзылыстары шығу тегінің сипаттамасы қандай?

2. Терінің сары түске боялуы тері қышуымен қабаттаспауы мүмкін бе?

3. Диспепсиялық бұзылыстардың, сарғыштанудың, бауыр ұлғаюының патогенездік байланысы бар ма? Барлық кезде бұл бауырдың тікелей зақымдануына куә бола алады ма?

4. Пациентте бауыр функциясының бұзылыстары болуы мүмкін деп тұжырымдауға болады ма? Егер болса қандай?

5. Бауыр тінінің тікелей зақымдануын объективті көрсеткіштеріне қарай жоққа шығаруға болады ма?

6. Науқаста қандай сарғыштанудың түрі дамыды?

7. Шығу тегі қандай?

Тапсырма 2.

31 жастағы науқас клиникаға жедел жәрдем көмегімен жеткізілді. Түскен кезде: пассивті, тежелген, барлық уақытта сұраққа тез және адекватты жауап бермейді. Тілі ақ жабындымен жабылған. Дене қызуы 36,5 0С. Тері жамылғысы және кілегей қабаты сарғыштанған денесінің жоғарғы бөлігінің терісінде телеангиэктазиялар анықталады, алақандырының эритемасы байқалады. Бауыр пальпациясын қиындата түсетін асциттік сұйықтықтың есебінен іші ұлғайған. Аяқтарының ісінуі байқалады. Сол қарынша шекарасы аздап ұлғайған. АҚ 160/95 мм с.б., ЖСЖ 90, пульсі ырғақты. Науқас созылмалы алкоголизмнен зардап шегеді.


Тақырыбы № 5. Бүйрек патофизиологиясы.

Мақсаты: бүйрек функциялары бұзылыстарымен байланысты жағдайлардың патофизиологиялық анализін жүргізуді үйрету;

Бүйрек зақымдануының дамуындағы негізгі синдромдар механизмін анықтау;

Өткізу формасы: тәжірибелік жұмысты орындау

Тақырыбы бойынша тапсырма :

1. Ауызша сабақ тақырыбына жауап беру.

2. Ситуациялық есептерді жауаптарымен құру.

3. Тест есептерін шығару.

Тарататын құжаттар:

1. Тест тапсырмасы.

2. Ситуациялық есеп.

3. Кесте.

4. Схема.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Шумақтық фильтрация бұзылыстары қандай?

  2. Диурез бұзылыстары, түрлері, патогенезі қандай?

  3. Натрий балансы және калий экскрециясының бұзылыстары қандай?

  4. Көмірсу және амин қышқылдары реабсорбция бұзылыстары қандай?

  5. Бүйректік түтікшелік ацидоз, түрлері қандай?

  6. Бүйрек экскреторлық емес функцияларының бұзылыстары қандай?

  7. Бүйрек жетіспеушілігі, түрлері қандай?

  8. Уремиялық синдром немен сипатталады?

  9. Бүйректік тастардың түзілу механизмдері қандай?

Ұсынылған әдебиеттер:

негізгі:

1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Клиникалық патофизиология . 2009 ж.

2.Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: оқулық. Алматы. - 2007. -648с.

қосымша:

1. Нурмухамбетов Ә., Ахмет-төре М. Патофизиологиядағы медициналық атаулардың сөздігі – Алматы. – 1998. -80.

2. Нурмухамбетов Ә., Есенқұлов Ә., Әбисатов Қ., Ахмет-төре М. Медициналық атаулардың орысша-қазақша шағын сөздігі. Алматы.-1998-128.

3. Жаутикова С.Б. «Патологиялық физиологияның жалпы курсы». Оқу құралы.-Қарағанды, 2000.-105.

Тесттік тапсырмалар

1. Пиурия – бұл ... .

  1. зәрден лейкоциттердiң көп мөлшерде шығарылуы

  2. зәрдiң меншiктiк тығыздығының азаюы

  3. зәрде нәруыздың бiраз мөлшерде пайда болуы

  4. зәрде көп мөлшерде цилиндрлердiң пайда болуы

  5. зәрде эритроциттердiң пайда болуы

2. Созылмалы бүйрек жеткiлiксiздiгi патогенезiнде ... негiзгi механизм

болып табылады.

  1. бiртiндеп жұмыс iстейтiн нефрондар санының азаюы

  2. бiртiндеп гипертрофияланған және дилатацияланған нефрондар санының артуы

  3. қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы

  4. шумақтарда фильтрациялық қысымның төмендеуi

  5. бүйрек iшiлiк қысымның жоғарылауы


3. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалды сатысы … сипатталады.

  1. уремиямен

  2. полиуриямен

  3. гиперстенуриямен

  4. шумақтарда гиперфильтрациямен

  5. бүйрек өзекшелері эпителиінің гиперсекрециясымен

4. Бүйректен пайда болған зәрдің патологиялық компоненттері:

  1. өзгерген эритроциттер.

  2. цилиндрлер.

  3. гиалиндік цилиндрлер.

  4. өзгермеген эритроциттер.

  5. билирубинурия.

5. Уремия кезінде тіршілік сақталынған:

  1. нефрондардың 10 %-нан төмені.

  2. нефрондардын 70 %-дан көбі.

  3. нефрондардың 50 % .

  4. нефрондардың 30 %-дан көбі.

  5. нефрондардың 75 % .

6 Қауырт гломерулонефриттегi протеинурия ... түсiндiрiледi.

    1. шумақ қылтамыры өткiзгiштiгi артуымен+

    2. шумақ қылтамыры қабырғасының электр заряды азаюымен

    3. бүйрек қанағымының азаюымен

    4. шумақ қылтамыры өткiзгiштiгi төмендеуiмен

    5. шумақтардың гиперперфузиясымен

7 Реналдық олиго-, анурия ... дамиды.

  1. ауыр металдардың тұздарымен жедел уланғанда

  2. несеп-тас ауруы кезiнде

  3. қуық асты безiнiң аденомасы кезiнде

  4. несеп ағардың тарылуы кезiнде

  5. жедел тамырлар жеткiлiксiздiгi кезiнде

8.Жедел бүйрек жеткiлiксiздiгiнiң пререналдық себебi болып ... табылады.

  1. шок

  2. бүйректi алып тастау

  3. бүйрек артериясының тромбозы және эмболиясы

  4. зәр шығаратын жолдардың обструкциясы

  5. бүйрек паренхимасының жедел зақымдануы

9 Жедел бүйрек жеткiлiксiздiгiнiң постреналдық себебi болып табылады:

  1. зәр жолдарында тастардың пайда болуы.

  2. жедел гломерулонефрит.

  3. бүйрек iсiгi.

  4. организмнiң сусыздануы.

  5. шок.

10. Жедел бүйрек жеткiлiксiздiгiнiң реналдық себебiне ... жатады.

  1. бүйрек паренхимасының жедел зақымдануы

  2. организмнiң жедел сусыздануы

  3. несеп ағардың стриктурасы

  4. шок

  5. несеп тас ауруы

11. Жедел бүйрек жеткіліксіздігін шақыратын пререналдық факторларға ... жатады.

  1. жаншылу синдромы

  2. жедел гломерулонефрит

  3. қорғасынмен ауыр дәрежеде улану

  4. сулемамен улану

  5. жедел пиелонефрит

Ситуациялық есептер

Тапсырма 1.

Пациенте бадамша бездерінің қабынуынан 1 апта өте әсіресе ұйықтап тұрғанда айқын байқалатын көздерінің ісінуі пайда болды.


Несептің анализі: тәуліктік диурез 750 мл, тығыздығы 1,028, белок 0,1 %, қант және ацетон жоқ. Несеп тұнбасының микроскопиясы, эритроциттер, мылжаланған, 10-26 көру аймағында, гиалинді және эритроцитарлы цилиндрлер аз мөлшерде кездеседі. АҚ 180-110 мм с.б.

Қанның анализі: азот қалдығы 60 мг %, жалпы белок 7,3%; эндогенді креатинин клиренсі 50 мл/мин.

Сұрақтары:

1. Пациентте анықталған ауру белгілері патологияның қай түріне тән?

2. Берілген патология түрінің негізгі патогенездік тізбегі қандай?

3. Көрсетілген жағдайдағы азотемия және гипертензияның даму механизмдері қандай?

Тапсырма 2.

Пациентке 2 жыл бұрын төмендегідей диагноз қойылған «жедел диффузды гломерулонефрит». Қазіргі уақытта әлсіздік, басының ауруы, айналуы, әлсіз байқалатын ісінулер анықталады.

Несеп анализі: тәуліктік диурез 3100 мл, тығыздығы 1,008, белок 0,2 %, қант және ацетон жоқ. Несеп тұнбасының микроскопиясы: көру аймағында бірен – саран эритроциттер, гиалиндік цилиндрлер аз мөлшерде. АҚ 180-100 мм с.б. Қан анализінде: азот қалдығы 90 мг %, жалпы белок 5,9 г %. Эндогенді креатин клиренсі 40 мл/мин