Файл: Таырып Гносеология таным туралы ылым Танымды философия ортындысыны объектісі ретінде тану.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 31

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырып: Гносеология таным туралы ғылым
1.Танымды философия қортындысының объектісі ретінде тану.

2. Сезімді және рационалды танымның диалектикасы.
1. Ерте заманнан-ақ адам өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып-білуге тырысты.

Дүниені танып білуге болатындығы туралы адамның ойлауының ақиқатқа жете алатындығы туралы мәселенің ғылым мен практика үшін үлкен маңызы бар.Егер дүние мен оның заңдары танылатын болса, біздің біліміміз шындықты дұрыс бейнелейтін болса, онда табиғат пен қоғамның танылған күштері адамға қызмет етуге жұмсалар еді. Алайда, осы айқын-ақ сияқты фактіні, яғни дүниені танып білуге болатындығын философтардың бәрі бірдей мойындай бермейді. Сонымен бірге адамның дүниені танып - білу мүмкіндігін жоққа шығаратын бағытты-агностицизм деп атайды.

Агностицизмінің бірнеше түрі бар. Кейбір агностиктер адам білімінің көзі-тәжірйбе дейді, ал тәжірйбе, олардың пікірінше , біздің түйсіктеріміздің, қабылдауларымыздың жинтығынан басқа ештеңе де емес. Бұл тұрғыдан қарасақ , белгілі бір заттар жөніндегі біздің ойларымыздың дұрыстығын білу жолы өз ойымызды өзіміздің түйсіктерімізбен немесе қабылдауларымызбен салыстыру болып шығады. Сөйтіп, біз өзіміздің түйсіктеріміз бен қабылдауларымыздан басқа ешнәрсені біле алмайтын болып шығамыз. Бұл қате қорытынды, өйткені мұнда тәжірибенің өзі идеалистік рухта түсіндіріледі. Шындығына келгенде тәжірибеде адамға, ар жағында енді түкте жоқ, түйсіктері мен қабылдаулары ғана беріліп қоймайды. Адамның түйсіктері мен қабылдауларында объективті өмір сүретін заттар, олардың қасиеттері дұрыс та нақты бейнеленеді. Агностиктердің ішінде заттардың адам санасынан тәуелсіз өмір сүретінін мойындай тұрып, оларды танып білуге болмайды дейтіндері де бар.

Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуді таным теориясы деп атайды. Философияның негізгі мәселесін дұрыс немесе бұрыс шешуге байланысты екі түрлі таным теориясы (материалистік және идеалистік) қалыптасты.

Таным дегеніміз-өмір шындығын жай селқос аңғарып қана қою емес, оны қызу түрде, мақсатқа сай бейнелеу болып табылады.

Таным процесі сезімдік танымнан және роцианалдық танымнан құралады. Танымның бастапқы пункті және негізгі- практика ( тәжірибе).

Он тоғызыншы қара сөзінде Абай таным процесі туралы жазған:

«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татыа ескерсе,дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады».


Таным процесінің бірінші сатысы - сезімдік таным.

Сезімдік таным дегеніміз-сезім мүшелері: көру, есту, сезіну және басқалар арқылы жүзеге асырлатын танып-білу. Сезім мүшелері дегненіміз-ол біздің айналамыздағы дүние жайындағы мәліметтер санамызға келіпкіретін бірден-бір қақпалар болып табылады.

Сезімдік таным негізгі үш формада: түйсіктер, қабылдаулар және елестету арқылы жүзеге асырылады. Бұл формалардың бір-бірінен айырмашылығы неде және олардың өзара байланысы қандай?

Адамның дүниені бейнелеудің алғашқы формасы-түйсік.

Түйсік-материалдық объектілердің, заттардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі нәтижесінде пайда болады.

Түйсіктер дегеніміз-сезім мүшелеріее тікелей ықпал жасайтын материалдық заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын , қасиеттерін , жақтарын мида бейнелеу болып табылады. Түйсіктер негізгі екі топқа:

  1. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейтін түйсіктерге ( көру ,есту,иіс , дәм , тері арқылы сезу түисіктеріне)

  2. Денеміздің бөлшектері қозғалысын және ішкі органдарымыздың жайын бейнелейтін түйсіктерге (тепе-теңдікті бұлшық ет , организм арқылы түсіну) бөлінеді. Бұл топтардың арасында әрқашан да тығыз байланыс бар, өйткені, адам сыртқы дүниені енжар түсінбейді , қайта сыртқы заттардың қасиеттеріне сәйкес сыртқы дүниеге белсенді ықпал жасап, көңіл бөле отырып түйсінеді.

Мысалы, тәтті немесе ащы нәрсені, серпімді не тегіс затты, т.с. сезу осылайша пайда болады. Ал екінші жағдайда біз затты алыстан аңғарым қабылдаймыз. Мысалы, көздің қарашығына бір заттың сәулесі түсуінің не оның шағылысуының нәтижесінде жасалған сол заттың бейнесі осылайша пайда болады. Бірақ зат біздің сезім мүшелерімізге қандай жолмен әсер ететін болса да , түйсік сол мүшелеріне сыртқы тітіркендіргіштің (электромагнит пен дыбыс тербелістері, механикалық қысым т.б.) әсер етуі нәтижесі ретінде пайда болады.

Қабылдау жеке түйсіктердің жай ғана қосындысы емес, заттың тұтас бейнесі. Қабылдау дегеніміз сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы материалдық заттың тұтас бейнесі. Мысалы суы бар стакандағы қасық сынған сияқты болып көрінеді. Күн біршама кішкенбай болып көрінеді. Бірақ бұл жағдай танып білуге бөгет боларлықтай кедергі емес.

Елестету дегеніміз ол қазіргі сәтте сезім мүшелеріне тікелей әсер етпейтін, бірақ бұрын олар белгілі бір формада қабылданған заттың сезімдік образы. Елестету де қабылдаулар сияқты нақты көрнекі образдар.



Рационалды танымның формалары: ұғым, пікір, ой тұжырымы.

Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстарды олардың жалпы және маңызды белгілері түрінде бейнелеу болып табылады. Ұғым қабылдаулар мен түсініктердің негізінде пайда болады, бірақ бұларға қарағанда ұғымның көрнекілігі болмайды. Мәселен белгілі бір өсімдікті көз алдыңа елестетуге болады, бірақ жалпы өсімдік дегенді елестетуге болмайды. Ұғым тілде жеке сөзбен немесе бірнеше сөзбен (металл, өсімдік) беріледі.

Пікір ол қандай да болсын бір зат жайында мақұлданылатын немесе теріске шағарылатын ой. Пікір ойлаудың ең қарапайым формасы. Ойлаудың формаларының ең алғашқы ыждағаттықпен зерттеген Аристотель. Оның ойынша белгілі бір ойды айтудың барлығы бірдей пікірге жата бермейді. Пікір ол айтылған ойдың ақиқат не жалған екендігі туралы болуы тиіс. Ол бір нәрсені растау не терістеу түрінде болады.

Ой тұжырымы дегеніміз ол кейбір пікірлерден жаңа пікір тудырылатын ойлаудың жоғары формасы. Бұрынғы қалыптасқан білімнен жаңа білімнің, бұрынғы белгілі ойдан жаңа ойдың шығуы іске асатын ойлаудың формасын айтады.