Файл: Мектепке дейінгі трбие мен оытуды, бастауыш, негізгі орта жне жалпы орта білімні жалпы білім беретін оу бадарламаларын, техникалы жне ксіптік, орта білімнен кейінгі,.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 192
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
6. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары мен басшыларының орынбасарларын аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, оның ішінде жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың, білім беру ұйымдарын алқалы басқару органдарының, қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ аттестаттаушы органның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері кіреді.
7. Комиссия мүшелердің тақ санынан және кемінде жеті мүшеден тұрады. Комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады.
8. Комиссия төрағасы мен төрағаның орынбасары Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады.
9. Салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының педагогтерін аттестаттауды білім басқармасы жанындағы Комиссия, тиісті саланың республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдары – білім беру саласының уәкілетті органында жүзеге асырады.
10. Конкурстық комиссияның хатшысы Комиссия отырысына материалдарды, қажетті құжаттарды дайындайды, хаттаманы рәсімдейді және оған қол қояды, оның мүшесі болып табылмайды.
11. Комиссияның отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
12. Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
13. Комиссия отырыстарында аудио- немесе бейнежазба жүргізіледі. Аудио бейнежазба аттестаттау рәсімін өткізген мемлекеттік органда кемінде үш жыл сақталады.
14. Тиісті деңгейдегі Комиссия аттестатталушының құжаттарын жылына екі рет (тиісінше ағымдағы жылғы 5 мамырға және 5 қарашаға дейін) немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде қарайды.
2-тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі
15. Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:
педагогтер үшін:
1) біліктілік бағалау (рәсімді автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);
2) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
3) ПББ және эссе жазу (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер бойынша оқытушыларын қоспағанда);
әдістемелік кабинеттің (орталық) әдіскерлері үшін:
1) біліктілік бағалау (рәсімді автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);
2) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары, әдістемелік кабинет (орталық) басшы орынбасарларының "үшінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатындағы басшының орынбасары" біліктілік санаты үшін:
1) біліктілік бағалау (рәсімді автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);
2) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары, әдістемелік кабинет (орталық) басшы орынбасарлары мен әдіскерлерінің "бірінші біліктілік санатты басшының орынбасары" біліктілік санаты үшін:
1) біліктілік бағалау (рәсімді автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);
2) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
3) аттестаттау комиссиясының отырысында қызмет нәтижелерін көрсете отырып сұхбат жүргізу;
білім беру ұйымы мен әдістемелік кабинет (орталық) басшылары үшін:
кезекті аттестаттау:
1) біліктілік бағалау (рәсімді автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);
2) аттестаттау кезеңіндегі талдамалық жинақтау қызметінің негізгі көрсеткіштерінің орындалуының динамикасы;
3) ПББ және эссе жазу;
4) аттестация Комиссиясының отырысында қызмет нәтижелерін көрсете отырып сұхбат жүргізу;
мерзімінен бұрын біліктілік санатын беру:
1) біліктілік бағалау (рәсімді автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);
2) осы Қағидаларға сәйкес қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық қорыту;
3) Комиссия отырысында қызмет нәтижелерін көрсете отырып сұхбат жүргізу.
Ескертпе: білім беру саласындағы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің әдістемелік кабинетінің (орталығы) басшылары / басшыларының орынбасарлары әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскерлері ретінде аттестаттау рәсімінен өтеді.
1-параграф. Біліктілік бағалауын өткізу тәртібі
16. Педагогтердің біліктілігін бағалауды білім беру ұйымдары жүргізеді және құжаттардың осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – негізгі талаптар тізбесі) белгіленген құжаттар тізбесіне сәйкестігін қарауды қамтиды.
17. Аттестатталатын педагогтердің құжаттары ақпараттық жүйеде толтырылады (ақпараттық жүйе болмаған жағдайда электрондық немесе қағаз форматында беріледі), оның нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 1-параграфында жазылған талаптарға сәйкес осы Қағидалардың 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама немесе қолхат беріледі.
2-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
18. Педагогтің өтініші негізінде (қолданыстағы санат мерзімі өткенге дейін) және біліктілік бағалауынан кейін (рәсімді автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады) одан әрі аттестаттау рәсімі жүргізіледі:
педагогтер үшін – осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары мен басшыларының орынбасарлары, (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін – осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес.
19. Педагогтерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:
Ақпараттық жүйе бойынша Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдеріне, білім беру ұйымдарына;
немесе "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
немесе egov.kz. "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) өтініштер ұсынады.
Өтініш № 338 бұйрыққа немесе кәсіптік стандартқа сәйкес жалпы педагогикалық өтілі ескеріле отырып, санатқа өту мерзімі мен реттілігін сақтай отырып беріледі.
20. "Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Министрлік, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары көрсетеді.
21. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.
22. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
23. Көрсетілетін қызметті алушы негізгі талаптар тізбесінде көзделген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбаған кезде Министрліктің, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармасының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бөлімінің, білім беру ұйымының жауапты қызметкері немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді немесе портал арқылы жолдайды.
Жұмыс істеп тұрған ақпараттық жүйе кезінде аттестаттаудан өтуге өтінішті қабылдау кезінде осы Қағидалардың 1-параграфында жазылған талаптарға сәйкес осы Қағидалардың 4-қосымшаларына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама беріледі.
24. Құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар толық ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайын құжаттардың берілген күнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі немесе портал арқылы жолданады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне немесе ақпараттық жүйе арқылы дайын құжаттардың беру күнін көрсете отырып, осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама келіп түседі.
25. Қалыптастырылған өтініштер (құжаттар топтамасымен бірге) Мемлекеттік корпорация немесе ақпараттық жүйе арқылы немесе портал арқылы Министрлікке, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармаларына, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдеріне жіберіледі.