Файл: Мектепке дейінгі трбие мен оытуды, бастауыш, негізгі орта жне жалпы орта білімні жалпы білім беретін оу бадарламаларын, техникалы жне ксіптік, орта білімнен кейінгі,.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 197
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- білім беру ұйымдарына білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беру басқармасы органдарынан, әдістемелік кабинеттерден, біліктілікті арттыру институттарынан, жоғары оқу орындарынан ауысқан;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мамандығы бойынша оқуда (тағылымдамада) болған;
- тиісті бейін бойынша педагогикалық қызметті жүзеге асырған және Қазақстан Республикасына жақын және алыс шет елдерден келген;
- тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе қайта даярлау курстарынан өткен, білім беру ұйымдарына педагог ретінде 2022 жылғы 1 қаңтарды қоса алғандағы мерзімде қабылданған, біліктілік санаты жоқ адамдар;
- қосымша білім беру жүйесінде 5 және одан да көп жыл кәсіби өтілі бар адамдар.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және бейіні бойынша кемінде 2 жыл өндірістік өтілі бар өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына алғаш рет педагогикалық қызметке кіріскен педагогтер Ұлттық біліктілік тестілеуінен өтпестен "педагог" біліктілік санатын алады.
"Педагог" санатына үміткер педагогтер № 338 бұйрыққа немесе кәсіптік стандартқа сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес келуі және мынадай кәсіптік құзыреттерге сәйкес келуі тиіс:
оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын біледі; білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгерген, цифрлық білім беру ресурстарын қолданады;
Сабақты зерттеу жүргізеді, оның ішінде (Lesson Study) лессон стади, (Action Research) экшн рисҰрч әдісін қолданады;
"Педагогикалық этиканың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканың негізгі нормаларын сақтайды;
2) "педагог-модератор" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен адамдар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін кемінде екі жыл педагогикалық өтілі бар адамдар:
"педагог" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушы немесе жүлдегер немесе жеңімпаз оқушылары бар;
Сабақты зерттеу жүргізеді, оның ішінде (Lesson Study) лессон стади, (Action Research) экшн рисҰрч әдісін қолданады;
сабақ рефлексиясын жүргізеді, өткізілген сабақтарға әріптестерінің оң пікірлеріне ие;
3) "педагог-сарапшы" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен адамдар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін, кемінде үш жыл педагогикалық өтілі бар адамдар:
"педагог-модератор" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
ұйымдастырылған оқу қызметін, оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларын меңгерген;
өзінің және білім беру ұйымы деңгейінде әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын сындарлы анықтайды;
кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға, облыс деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушы немесе жүлдегер немесе жеңімпаз оқушылары бар;
Сабақты зерттеу жүргізеді, оның ішінде (Lesson Study) лессон стади, (Action Research) экшн рисҰрч әдісін қолданады;
сабақтар рефлексиясын жүргізеді, өткізген сабақтарына әдіскерлер мен педагогтердің оң пікірлерінің бар болуы;
4) "педагог-зерттеуші" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар адамдар:
"педагог-сарапшы" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген;
білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді;
облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);
кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушы немесе жүлдегер немесе жеңімпаз оқушылары бар;
"Үздік педагог" атағының иегері, қатысушысы немесе жүлдегері (бар болған жағдайда) болып табылады;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), облыстың деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта конструктивті даму стратегиясын айқындайды, тәлімгерлікті жүзеге асырады (бар болған жағдайда);
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы) "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіреді (болған жағдайда);
интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін таратады;
аудан/қала/облыс деңгейінде сабақтарды көрсетеді, өткізілген сабақтарына педагогтер мен әдіскерлердің оң пікірлерінің бар болуы;
Сабақты зерттеу жүргізеді, оның ішінде (Lesson Study) лессон стади (Action Research) экшн рисҰрч әдісін қолданады;
сабақтар рефлексиясын жүргізеді, басқа мұғалімдердің сабақтарын талдайды;
аудандық/қалалық/облыстық және (немесе) республикалық деңгейлерде (бар болған жағдайда) педагогтер үшін семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
5) "педагог-шебер" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі, келесі кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін кемінде алты жыл педагогикалық өтілі бар адамдар:
"педагог-зерттеуші" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
білім беру ұйымдарында іске асырылған және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған үздік педагогикалық практикалар мен әзірлемелерді енгізеді немесе бағдарламаларды әзірлейді,
немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады,
немесе уорлд скилс (WorldSkills) (кәсіби шеберлік конкурсы) халықаралық чемпионаттарының сарапшысы немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша тренер болып табылады;
республикалық немесе халықаралық кәсіптік конкурстардың немесе олимпиадалардың жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындады;
"Үздік педагог" атағының иегері, қатысушысы немесе жүлдегері (бар болған жағдайда) болып табылады;
интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін таратады;
тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс, республика деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды (болған жағдайда);
Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіреді (болған жағдайда);
республика деңгейінде тәжірибе таратады, тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған семинарларды, конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысады;
сабақты зерттеу жүргізеді, оның ішінде (Lesson Study) лессон стади, (Action Research) экшн рисҰрч әдісін қолданады;
өз шешімдері мен іс-әрекеттерін басқаруды, түзетуді және бағалауды біледі;
облыстық/республикалық деңгейлерде сабақтарды көрсетеді, сабақтар рефлексиясын жүргізеді, өткізген сабақтарына педагогтер мен әдіскерлердің оң пікірлерінің бар болуы;
педагогтерге арналған республикалық және (немесе) халықаралық деңгейлердегі семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысады (бар болған жағдайда).
40. Білім беру ұйымы жыл сайын 1 қыркүйекке дейін алдағы қаржы жылына арналған біліктілік санаттарын берудің (растаудың) перспективалық жоспарын жасайды және бекітеді, ол қажеттілігіне қарай түзетіледі.
41. Білім беру ұйымы біліктілік санатын беру үшін педагогтердің тізімдік құрамын (электрондық тасымалдағышта) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларына, республикалық ұйымдар білім беру саласындағы уәкілетті органға (тиісті саланың республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдары мен білім беру ұйымдары үшін) ұсынады.
біліктілік санатын алуға үміткер немесе педагогтердің тізімдік құрамын ақпараттық жүйеде орналастырады.
42. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) туралы соңғы шешімді Комиссия қабылдайды.
43. Әрбір педагог бойынша Сараптама кеңесінің ұсынымдарын қарағаннан және алғаннан кейін Комиссия педагогтердің портфолиосын қарайды және мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді;
2) өтініш берілген бір деңгейге төмен біліктілік санатына сәйкес келеді;
3) "педагог" біліктілік санатына сәйкес келеді (өтініш берілген біліктілік санаты сәйкес келмеген кезде);
4) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді.
44. "Өтініш берілген біліктілік санатына аттестаттаудан өтпеген" деген шешім қабылдаған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссияның барлық мүшелері қол қойған шешімнің негіздемесімен бірге аттестатталған адамның электрондық поштасына немесе педагогтің цифрлық профиліне жазбаша хабарлама жібереді.