Файл: Мектепке дейінгі трбие мен оытуды, бастауыш, негізгі орта жне жалпы орта білімні жалпы білім беретін оу бадарламаларын, техникалы жне ксіптік, орта білімнен кейінгі,.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 190

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



      26. Мемлекеттік қызметті ақпараттық жүйе, Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметтер көрсету мерзіміне кірмейді.



      27. Министрлік, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары арқылы құжаттарды қабылдау кезінде ұсынылған құжаттардың толықтығы және көрсетілген қызметті алушының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тексеріледі, қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту беріледі.



      28. Кеңсе арқылы жүгінген жағдайда 23-тармақта көрсетілген іс-әрекеттер құжаттар келіп түскен күні және Министрлікте, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармаларында, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінде, білім беру ұйымдарында тіркелген күні жүзеге асырылады.



      29. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Министрлік, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары тарапынан Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізеді.



      30. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін жеке басты куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжат, не оның өкілін көрсеткен кезде жүзеге асырылады



      31. Министрлік, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.



      32. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.




      Көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалады.



      Көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.



      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскенде, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарға толық жауап беретін шешім немесе басқа әкімшілік шара қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.



      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.



      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.



      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.


3-тарау. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібі


      33. Біліктілік санаттарын берудің (растаудың) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкестігі рәсімін жүргізу үшін әрбір пән бойынша немесе бағыт бойынша жеке Сараптама кеңесі (бұдан әрі – Сараптама кеңесі) құрылады:



      "педагог-модератор" біліктілік санатына – құрамында әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кемінде 10 жыл еңбек өтілі, "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санаттары бар педагогтері, біліктілікті арттыру ұйымдарының, қамқоршылық кеңестердің, білім беру саласындағы қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілердің өкілдері бар ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) деңгейінде, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, білім беру саласының тиісті органының (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) деңгейінде ұйымдастырылатын Сараптама кеңесі.




      Сараптама кеңесінің құрамы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармасы органы басшысының, білім беру саласының уәкілетті органының (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) бұйрығымен бекітіледі.



      "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші" біліктілік санатына – құрамында әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру ұйымдарының кемінде 10 жыл еңбек өтілі, "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санаттары бар педагогтері, біліктілікті арттыру ұйымдарының, қамқоршылық кеңестердің, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілердің өкілдері бар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, білім беру саласының уәкілетті органы (республикалық білім беру ұйымдары мен мемлекеттік органдардың ұйымдары үшін) деңгейінде ұйымдастырылатын Сараптама кеңесі. Сараптама кеңесінің құрамы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың Білім басқармасы, білім беру саласының уәкілетті органы басшысының (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) бұйрығымен бекітіледі.



      "педагог-шебер" біліктілік санатына – құрамында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының мамандары мен әдіскерлері, тиісті саланың уәкілетті органдарының өкілдері, республиканың білім беру ұйымдарының кемінде 10 жыл еңбек өтілі, "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санаттары бар педагогтері, біліктілікті арттыру ұйымдарының, қамқоршылық кеңестерінің, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілердің өкілдері бар, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі жанынан ұйымдастырылатын Сараптама кеңесі. Сараптама кеңесінің құрамы білім беру саласының уәкілетті органы басшысының бұйрығымен бекітіледі.



      34. Комиссия қызметтің нәтижелерін кешенді талдамалық қорытындылау үшін ұсынылған материалдарды осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беруге (растауға) педагогтің портфолиосын қабылдау-табыстау актісі бойынша жылына екі рет (тиісінше ағымдағы жылдың 5 мамырына және 5 қарашасына дейін) немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде Сараптама кеңесінің қарауына жібереді.




      Педагогтің цифрлық профилі бағалау парақтарын және сараптамалық қорытындыны жүктей отырып, жұмыс істеп тұрған ақпараттық жүйеде қаралады. Бұл жағдайда портфолионы қабылдау-тапсыру актісі бойынша құжаттарды беру талап етілмейді.



      35. Сараптама кеңесінің құрамына сараптама кеңесінің төрағасы мен мүшелері кіреді. Сараптама кеңесі мүшелері тақ саннан, бірақ кемінде жеті адамнан тұрады. Төраға Сараптама кеңесінің мүшелерінен сайланады.



      36. Сараптама кеңесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сабақтарды/оқуларды бақылау парақтарын және педагогтердің, басшының орынбасарларының, басшының, әдіскерлердің, ата-аналардың пікірлерін ескере отырып, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беруге (растауға) арналған педагогтердің портфолиосын бағалау өлшемшарттарына сәйкес біліктілік санаттарын беруге (растауға) педагогтердің портфолиосын қарайды және бағалайды.



      37. Сараптама кеңесі аттестатталушының қашықтықтан немесе күндізгі форматта қатысуымен әрбір пән бойынша немесе бағыт бойынша портфолионы жеке қарайды және бағалайды. Аттестатталушының қатысуымен портфолионы қарау 30 минуттан аспайды. Бұл ретте аудио немесе бейнежазба жүргізіледі. Аудио бейнежазба аттестаттау өткізген ұйымның архивінде кемінде бір жыл сақталады.



      38. Сараптама кеңесі осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беру (растау) үшін педагогтердің портфолиосын бағалау парақтарын және осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімде (осы жылдың 5 маусымына және 5 желтоқсанына дейін) немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде Комиссияға немесе әрбір педагогтің цифрлық профиліндегі ақпараттық жүйеге әрбір педагог бойынша өтініш берілген біліктілік санатына сәйкестік/сәйкессіздік туралы, бір деңгейге төмен сәйкестік туралы қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудың қорытындылары бойынша ұсынымдар жібереді.



      Портфолио талаптарға сәйкес келмеген жағдайда педагог келесі кезеңге – ПББ өтпейді.


1-параграф. Педагогтерге кезекті біліктілік санаттарын беру тәртібі


      39. Біліктілік санатын кезекті беруге:




      "педагог-тағылымдамашы" біліктілік санатына:



      тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе қайта даярлау курстарынан өткен, педагогикалық қызметке алғаш рет кіріскен, сондай-ақ, білім беру ұйымдарында педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс жарияланғанға дейін соңғы бес жыл ішінде педагогикалық (оқытушылық) қызметті жүзеге асырмаған, Ұлттық біліктілік тестілеуінен табысты өткен тұлғалар.



      "Педагог-тағылымдамашы" біліктілік санаты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 142192 болып тіркелген) сәйкес педагог кәсібіне кіріспе бағдарламасы аяқталғанға дейін бір оқу жылына беріледі.



      Педагог-тағылымдамашыға бір оқу жылы кезеңіне тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагог бекітіледі.



      Педагог кәсібіне кіріспе бағдарламасы аяқталғаннан кейін педагог-тағылымдамашы қызмет нәтижелері туралы есеп дайындайды, сабақтарды көрсетеді, талдайды, (Lesson Study) лессон стади сабаққа зерттеу жүргізеді, (Action Research) экшн рисҰрч әдісін қолданады. Педагог-тәлімгер бағдарлама нәтижелері бойынша педагог-тағылымдамашыға ұсыныс дайындайды.



      Педагог кәсібіне кіріспе бағдарламаны аяқтау және педагог-тәлімгердің оң ұсынымы қорытындысы бойынша білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі педагог-тағылымдамашыға "педагог" біліктілік санатын беру туралы шешім шығарады. Біліктілік санатын бергеннен кейін педагогпен бір күнтізбелік жылға еңбек шарты жасалады. Кейінгі еңбек қатынастары еңбек заңнамасы шеңберінде ресімделеді.



      "педагог" біліктілік санатына:



      тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе қайта даярлау курстарынан өткен, "педагог-тағылымдамашы" санатына қойылатын талаптарға сәйкес келетін және тиісті бейін бойынша кемінде 1 жыл педагогикалық өтілі бар адамдар;



      тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе қайта даярлау курстарынан өткен адамдар, бастапқыда "педагог-тағылымдамашы" санатын беруге ұсынылатын, Ұлттық біліктілік тестілеуінен сәтті өткен адамдарды қоспағанда, оның ішінде:



      - педагогикалық лауазымдағы жұмысын қайта бастаған (тиісті бейін бойынша жалпы педагогикалық өтілі 1 жылдан кем емес 5 жылдан аспайтын педагогикалық лауазымға қайта бастау мерзімі) және біліктілік санаты жоқ;