Файл: Компьютерлік желілерді оытуды электронды зертханалы практикумын жасау.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 158
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2.1. Кімге деген жолына: teacher@gasu.gorny.ru адресін енгізіңіз.
2.2. Тақырыбы жолына: хабарлама тақырыбын Отправка сообщения енгізіңіз.
2.3. Кіріс терезесіне: Зертханалық жұмыстың орындалуы, жұмысты орындаушының аты жөнін енгізіңіз.
2.4. Вставка менюінен Вложение файлы пунктін таңдау. ( құралдар тақтасынан таңбашаны да қолдануға болады ).
2.5. Құралдар тақтасынан Отправить батырмасын басыңыз.
Құрылған файлдар | Кімнен | Тақырыбы | Алынған | Есеп жазбасы | Өлшемі |
Иә/ Жоқ | Жіберушінің адресі | Хабарлама тақырыбы | Алынған күні, уақыты | Есеп жазбасының аталуы | Хабарламаның килобайттағы өлшем |
Хабарлама алу үшін Добавить почту батырмасын басу керек.
Входящие папкасынан пайда болған хабарламаны белгілеу керек.
Жаңа хабарламаны оқыңыз ( майлы шрифпен жазылған ). Осы хабарлама үшін төмендегі кестені толтыру керек.
Хабарламаға жауап:
Ответить ( Жауап беру ) батырмасын басыңыз. Пайда болған терезеде: Тема: Ответить на сообщение ( Хабарламаға жауап беру ) хабарлама тақырыбын енгізіңіз.
1. Входящие (Кіріс ) терезесіне « № 8 зертханалық жұмыстың орындалуы» хабарламасын енгізіңіз.
2. Құралдар тақтасынан Отправить батырмасын басыңыз.
Хабарлама Исходящие папкасына орналастырылады және почталық сервер қосылған соң көлік агенттігіне беріледі.
8.3. Іздеу серверлерімен жұмыс
1. Жұмыс үстеліндегі Internet Explorer көрсеткісі белгішесінде тышқанды екі рет шертеміз.
2. Көрсеткі іске қосылған соң интернеттің сұхбаттасу терезесі шығады. Ондағы кез-келген батырманың атқаратын қызметін білу үшін оған тышқан курсорын алып барып, экранның төменгі жағындағы қалып қатарына шығатын түсініктеме мәтінді оқу қажет.
3. Мысал ретінде ән әлемімен танысып көрелік. Ол үшін көпшілікке белгілі MTV музыкалық арнасы серверіне кіруіміз қажет.
4. Тышқан курсорын адрес қатарына орналастырып, оны бір шертеміз де, www.mtv.com деген адресті енгіземіз.
5. Соңында енгізу – Enter пернесін басу қажет.
6. Егер арнаның бос еместігі туралы хабар шықса, OK батырмасын басып, шамалы уақыттан соң, осы әрекетті қайталау қажет.
Тапсырма
1. « Караван » газетінің электрондық нұсқасын ашып, жаңалықтармен танысу қажет, ол үшін мына адрестік мәліметтерді пайдалану керек: caravan.kz- домен аты, http- хаттама, www- сервер-компьютер аты.
2. Алматыдағы провайдерлерінің атқаратын қызметтері мен олардың бағасын интернет жүйесі арқылы анықтаңыздар.
3. Алматыдағы бүгінгі ауа- райының болжауын интернет арқылы біліңіз.
4. Интернет арқылы Ресей рублінің ММВБ-дағы (Международный Московский Валютный Банк ) курстық бағасын біліңіз.
5. Өзімізге таныс іздеу машиналарын пайдалана отырып, Астана қаласы туралы қанша құжат тауып алуға болатынын білейік. Ол үшін Aport, Rambler, Alta Vista, Yandex, Yahoo арқылы Астана сөзін теріп іздеу жүргізу керек, олардың әрқайсысынан қанша құжат табылғанын анықтаңыздар.
2.9.Бумалар және файлдармен қашықтан жұмыс жасау
Файлды басқа компьютерге көшіру
Бұл жаттығуда сіздер желілердің басқа қолданушыға қатынау мүмкіндігін туғызу үшін, файлды басқа компьютерге көшіресіздер.
1. Менің компьютерім немесе Бағыттауыш ( Проводник ) терезесінен Менің құжаттарым бумасын ашыңыз.
2. Менің құжаттарым бумасын оқытушының көрсеткен құжатын ерекшелеңіз.
3. Түзету ( Правка ) менюіндегі Көшіру ( Копировать ) қатарында шертіңіз.
4. Есептер панеліндегі Менің компьютерім таңбашасында тышқан тетігінің сол жағын екі рет шертіңіз.
5. қазіргі сәтте сіздің компьютеріңізге қосылып тұрған кез-келген жалпы ( бөлінетін ) желілік дискті ашыңыз. Егер де сіздің компьютеріңізге бірде-бір желілік диск қосылмаған болса, онда жоғарыда көрсетілген « Желілік дискті қосу » деген жаттығуларға назар аударыңыз.
6. Желілік диск терезесіндегі желілік Түзету менюінің Қою
( Вставить ) қатарында шертіңіз. Құжат басқа компьютерге көшіріледі.
7. Барлық терезелерді жабыңыз.
9.2. Желілік дискеттегі файлды көшіру
1. Өзіңіздің компьютеріңізге кез-келген компьютерді желілік етіп қосыңыз. Менің компютерім терезесінің Құралдар – саймандар панеліндегі желілік дискті қосу батырмасын қосыңыз.
2. Қосылған желілік дискеттегі қатынау мүмкіндігі бар барлық
файлдар мен бумаларды қарап шығыңыз.
3. Сіздің компьютеріңізде бар бағдарламада жасалынған желілік дисктегі құжатты табыңыз., мысалы Word немесе Paint құжаты.
4. Таңдаған құжатыңызды Студент деген бумаға көшіріңіз ( егер бума жоқ болса, онда бума құрыңыз) немесе Менің құжаттарым бумасын пайдаланыңыз.
5. Желілік дискте ашұан барлық құжаттарды жабыңыз.
6. Желілік дискті өшіріңіз.
9.3. Принтерлер мен қашықтан жұмыс жасау. Таңбаша ( ярлык ) құру.
1. Желілік принтерде құжатты қағаз бетіне басып шығарыңыз: құжатты желілік принтерде қағаз бетіне шығарып салу үшін құжатты Желілер ортасы терезесіндегі принтер таңбашасына апаруға
( тасымалдауға ) болады. Құжатты басып шығаруда принтер таңбашасы Есептер панелінде пайда болады. Есептер панеліндегі принтер таңбашасын шертіп, принтердегі басылу ретін көруіңізге болады. Қағаз бетіне басып шығарылу кезінде сіз басқа
тапсырмаларды орындай аласыз.
2. Принтерге таңбаша құрыңыз.
3. Принтерлер терезесіндегі желілік принтер таңбашасында тышқан тетігінің оң жақ батырмасын басыңыз. Таңбаша құру қатарын таңдаңыз. Таңбашаны Жұмыс орнына ( Рабочий стол ) орналастыруын сұрайтын таңбаша құруды ұсынатын сұхбаттасу терезесі шығады.
« Иә » батырмасын басыңыз. Жұмыс орнында Принтердің таңбашасы пайда болады.
4. Жаңа таңбашада тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз. Шыққан контекстік менюден Атын өзгерту ( Переименовать ) командасын таңдаңыз.
5. Ол жерге « Желілік принтер » деп енгізіп, « Enter » батырмасын басыңыз.
6. Пернелер терезесін жабыңыз.
9.4. Тапсырма
Бұл тапсырмада құжатты принтер таңбашасына апарып қағазға басып шығарамыз.
1. Өз компьютеріңіздегі кез-келген мәтіндік құжатты Желілік принтер таңбашасына апарыңыз. Құжатты басып шығару жұмысы басталады. Принтер таңбашасы Есептер панеліне шығады.
2. Есептер панеліндегі принтер таңбашасында екі рет шертіңіз. Желілік принтер терезесі ашылады. Қалып – күй қатарындағы басып шығару ретінде қанша құжаттың тұрғанын көре аласыз.
3. Ашылған барлық терезелерді жабыңыз.
Зертханалық жұмыстарға арналған қысқаша анықтама
Әрекеттер | Келесі қадамды орындаңыз |
Желілік ресурсты табу үшін | Желілер ортасы таңбашасында екі рет шертіңіз. Өзіңізге қажет ресурс орналасқан сервер таңбашасында екі рет шертіңіз. |
Желілік дискті қосу | Желілер ортасы таңбашасында екі рет шертіңіз. Өзіңізге қажет ресурс орналасқан сервер таңбашасында екі рет шертіңіз. Желіге қосылатын бумаңызды ерекшелеңіз. Файл менюіндегі желілік дискті қосу командасын таңдаңыз. Желілік диск үшін әріп таңдап, ОК батырмасын басыңыз. |
Желілік дискті ашу | Менің компьютерім терезесін ашыңыз. Желіге қосылған диск таңбашасын екі рет шертіңіз. |
Желілік дискті өшіру. | Менің компьютерім терезесін ашыңыз. Желіге қосылған диск таңбашасын ерекшелеңіз. Файл менюіндегі Өшіру командасын таңдаңыз. |
Өшірілген принтерді қосу | Желілер ортасы таңбашасында екі рет шертіңіз. Өзіңізге қажет принтер орналасқан сервер таңбашасында екі рет шертіп, принтер таңбашасын ерекшелеңіз. Файл менюіндегі Орнату ( Установить ) командасын таңдаңыз. Ары қарай « Принтерді орнату » терезесінің нұсқау бойынша жұмыс жасаңыз. |
Бумаға қатынау құқығын өзгерту | Менің компьютерім терезесін, содан соң Басқару панелін ашыңыз. Желі таңбашасын ашып, « Қатынауды басқару » бетбелгісінде шертіңіз. « Қолданушылар тізімі мен сервердегі топтарды алу ( Взять список пользователей и групп с сервера ) » өрісіне қатынау құқығы бар, қолданушылар тізімінде сақталынған серсердің атын енгізіп. Содан соң ОК батырмасын басыңыз. |
Қолданушылардың қатынау құқығын өзгерту | Менің компьютерім терезесін ашыңыз. Жалпы диск немесе жалпы бума таңбашасын ерекшелеңіз. Файл менюінен Қатынау командасын таңдаңыз. Қатынау бетбелгісіндегі Жалпы ресурс опциясын қосыңыз. Желі аты өрісіне ресурстың атын теріп, Қосу ( Добавить ) батырмасына шертіңіз. Сол жақ терезедегі қолданушылар атына шертіп, толық қатынау немесе Тек оқу үшін қатынау батырмаларының бірін шертіңіз. ОК батырмасын басыңыз. Сұраныс бойынша арнайы қатынау құқығын орнатыңыз және ОК батырмасын басыңыз. |
Желіден ақпарат алу үшін | Анықтама жүйесі Windows сұхбаттасу терезесіндегі Пәндік көрсеткіш ( Предметный указатель ) бетбелгісі таңбашасында шертіңіз. |
Желілік диск қалай қосылады | Жалпы бумаға қосылу арқылы |
Принтер қалай өосылады | Жалпы принтерге қосылу арқылы |
Қатынау құқығы қалай анықталады | Қатынау құқығы жалпы ресурсқа қатынауды басқару арқылы |
Әртүрлі қолданушыларға конфигурация қалай құрылады | Конфигурация жеке қолданушыларға құрылған тәрізді орналасады |
Студенттердің өз бетінше дайындалуына арналған тапсырмалары:
1. Ақпараттық технология. Ақпараттық техника. Ақпараттық және программалық қамтамасыздандыру. Желі, телекоммуникация.
2. ЭВМ құрылғысына түсінік.
3. ЭВМ- нің жұмыс істеу құрылғысы және принциптері.
4. Жүйелік блокка құрылғылардың қосылуы.
5. Windows ОЖ, операциялық жүйелер.
6. Есептеу жүйелерінің архитектуралық белгілері.
7. Есептеу желілерінің жалпы сипаты. Жергілікті есептеу желілері.
8. Есептеу желілерінің архитектурасы және шолу.
9. Желілерді қолдану. Архитектураны таңдау.
10. ЖЕЖ-нің сипаттамасымен сызбасы. Физикалық және вертуалды адрестер. Интерфейс. Контроллерлер мен адаптерлер.
11. Контроллерлер мен адаптерлердің тағайындалуы және олардың негізгі сипаттамасы. Контроллерлердің типтері.
12. Жергілікті есептеу желілердің жалпы сипаттамасы. ЖЕЖ жұмыс істеу принциптері.
13. ЖЕЖ-дің арналық және физикалық техника құралдарын іске асыру.
14. ЖЕЖ технологиясы. Топология түрлері. Шина. Сақина Жұлдызша.
Концетраторлар. Белсенді және белсенді емес концентраторлар.
15. Жергілікті желілердің сеанстық, транспорттық және желілік деңгейлердің программалық құралдары.
16. Аймақты және аумақты желілер. Аймақты және аумақты желілердің қолдану ортасы.
17. Хаттамалар және хаттамалар стектері. OSI стегі.
18.TCP/IP хаттамалардың көдеңгейлі стектерінің құрылымы. IP желісіндегі адрестеу.
19. Хаттамалардың түрлері мен олардың тағайындалуы. Тораптардың аттарының анықталуы. TCP/IP, RIP, UPD, ARP және RARP хаттамалары.
20. Кіру әдістерінің тағайындалуы. Кірудің негізгі әдістері.
21. Қосылу амалдары. Байланыс сымдары. Телефон сымдары.
22. Телекоммуникациялық бағдарламаны қамтамасыз ету.
23. Модемдік байланыстардың принциптері. Асинхронды және синхронды байланыс.
24. Электронды почтаның тіркеу жобасын баптау. Почталық бағдарламалардың жұмыс істеу принсиптері мен типтері. Почталық хабардың форматы.
25. Почалық клиент Outlook Express- пен жұмыс жасау. Internet Explorer браузерімен жұмыс жасау. Файлдарды ашу және жіктеу, FTP- серверімен жұмыс.
Тест №1
1. Ауқымды (глобальды) компьютерлік желіде компьютерлер
арасында байланыс орнату үшін мынадай ресурстар қажет:
а) компьютер, модем, желіде жұмыс істеуді сүймелдейтін программалық жабдықтамалар;
ә) компьютер, желілік адаптер, байланыс арнасы (каналы), осыларға сәйкес программалық жабдықтамалар*,
б) компьютер, модем, желілік адаптер;