Файл: Компьютерлік желілерді оытуды электронды зертханалы практикумын жасау.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 162

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
объектография принципінің мәні мынаған келіп саяды: гипермәтінде ақпарат библиографиялық принциптер негізінде емес, түрліше құралған нысандарды беру бірлігі негізінде жүйеленеді.Осыған байланысты, ақпараттық мақаладағы бейнелеу нысанасы болып табылатын, нақтылы бір нысанға немесе нысан класына қатысты сақтау бірлігі әр түрлі құжаттар мен түпнұсқалардан алынған ақпарат болып табылады. Өмірлік цикл принципі кез-келген нысан үшін , өзінің пайда болуынан бастап, жойылуы аралы-ғындағы нысан қатыса алатындай, прооцестердің жиынтығынан тұру тән екендігін көрсетеді. Дәстүрлі оқу әдебиеттерінде өмірлік циклдар туралы мәліметтер әдетте, мәтіннің өн бойында көрініп, түрліше блімдер мен параграфтарға келіп түседі. Сол себепті, кейбір нысандардың өмір сүруі кезеңдері туралы айқын мәлімдемелер қатары ұшырасып отырады, әрі осы тақырыптың арналған ақпараттардың мол ағынын көруге болады. Көбінесе, өмірлік циклдің фазалары басылымда мүлде болауы да кездесіп отырады, мәне сол кезде, нысанның өмір сүруінің жалпы көрінісі эмпирикалық түрде жасалады, ал жетіспей жатқан мәліметтер нақтылы бірнеше жылдардың көлемінде алына алады. Гипермәтін ақпарат туралы түсініктердің ең жоғары тұратын әрі барынша әмбебап деңгейі емес, оның үстіне ақпаратты ұйымдастырудың өзі жалғыз ғана тип - мәтіндік типтің құрылымына қоса байланып қалмайды. Гипермәтін өзара ұқсас мақалалар мен сөздер арасындағы ақпараттық мақалалардың қайсыбір мағыналық құрылымына негізделіп жасалып отырады. Ұқсас тақырыптағы сөздердің тізімі жергілікті анықтамалық құрылғының бар екендігін білдіреді. Бұл сілтемелер қатарына көп жағдайда, мақалалардың және түрлік жағынан ұқсас бас тақырыптары, сондай-ақ қатысушылар жайлы мәліметтері бар мақалалары екшелген мате-риалдар енгізіле алады. Алайда гипермәтінәрқашан да тек қана компью-термен ғана байланысты болды деу артық. Сондай-ақ, қол гипер-мәтіні де кездеседі. Бұл кәртішкілерді дәстүрлі түрде пайдалану болып табылады. Мұндай кәртішкілерді нөмірлеуге, өзара сілтемелермен толықтыруға болады. Бұл сияқты кәртішкелердің ыңғайлылығы сонда, бұлар өздерінің кішкентай болуына қарамастан, жазбаларды өзінен де кішкентай бөліктерге бөле алады. Соның арқасында, пайдаланушы ақпараттардың ретіне қарай, байланыс жүйесін өзгерте отырып, картотеканы оп-оңай ғана түрде қайта жасай алады. Телекоммуникацияның енгізілуі мен ақпараттық технологияларды үздіксіз түрде пайдаланып отырудың өзі, білім беру саласында неғұрлым алдыңғы қатарлы ақпараттық құралдарын – гипермедия жүйесінің жасалуына алып келді. Қазірдің өзінде
гипермәтін немесе гипермедия деп, құрамына сан түрлі типтегі құрылымдық ақпараттар кіретін гипермәтінді атаймыз. Қазіргі кезде, әрбіреуі өзара байланысты болып келетін мәтіні, суреттері, бейнекөріністері гипермедия-жүйесі болып табылатын электрондық мультимедиялық энциклопедиялары, анықтамалары мен оқу құралдары жоқ білім саласын табудың өзі іс жүзінде мүмкін емес. Бұл сияқты оқулықтардың бірсыпырасын Интернеттен сайт түрінде кездестіруге болады. Осылайша, қазірге дейін пайда болған гипермәтін мен гипермедиа технологиясы негізінде құрылған электрондық басылымдар мен қорлардың көпшілігі туралы, ақпараттандырудың құралы ретінде айтудың жөні келіп тұрғаны да шындық.

1.2. Компьютерлік желілердің жіктелуі

Желілердің түрлері мен типтері

Есептеуіш желілері компьютерлік ақпараттық технологиялардың ары қарай дамуы болып табылады. Қазір есептеуіш желілеріне миллиондаған компьютерлер қосылған. Компьютерлік желілерді барлық жерден кездестіруге болады: үлкен-кіші мектептерде, жоғарғы оқу орындарында, мекемелерде және т.б. Желінің басты мақсаты – бұл ақпаратпен бірігіп жұмыс жасау, яғни тасымалдау, айырбастау, өңдеу, т.с.с. Желілердің екі түрі бар:

  1. Жергілікті есептеуіш желісі - локальня вычислительная сеть (ЛВС) – Local Area Network (LAN);

  2. Жалпы есептеуіш желісі– глобальная вычислительная сеть (ГВС) - Wide Area Network (WAN).

Жергілікті есептеуіш желілері

Алғашқы компьютерлік желілер шағын, он компьютерге дейін және бір принтермен біріктірілді. Технология желілер өлшеміне, сонымен қатар желідегі компьютерлер санына және оның физикалық ұзындығына шектеу қойды. 1980 жылдардың басында ең танымал желілер түрі 30 компьютерлерден тұрды және оның кабелінің ұзындығы 185 м (600 футтан) аспады. Мұндай желілер үлкен мекеменің бір қабатында немесе шағын ұйымдарда болды. Қазіргі кездің өзінде кішкентай фирмаларға осындай желілерді пайдаланады. Бұл желілер жергілікті есептеуіш желілері (ЛВС-LAN) деп аталады.

Жалпы есептеуіш желілері

Жергілікті желілердің алғашқы түрлері ірі кәсіпорындарды, әр жерлерде орналасқан мекемелерді қанағаттандырмады. Кейінірек, компьютерлік желілердің басымдылығынан және желілік бағдарламалардың кеңінен пайда болуынан желілерді кеңейту негізгі мақсатқа айналды. Жергілікті желілер негізінде алдыңғыға қарағанда ірі жүйелер пайда болды. Әртүрлі қалалар мен мемлекеттегі қолданушыларды біріктіруде жергілікті желілердің өсуінен, ондаған компьютерден бірнеше мыңдаған компьютерлердің бірігуі арқасында жалпы есептеуіш желілері (ГВС - WAN) пайда болды. Қазіргі кезде көптеген мекемелер осы желілер ортасында өте қажетті мәліметтерін сақтап және оларды бірге пайдаланады.



Ауқымды желілер - бұл хаттама жиынтығының бiртұтас байланысы үшiн пайдаланылатын желiлердiң, шлюздердiң, серверлер және компьютерлердiң бүкiләлемдiк бiрiгуi.

Ауқымды желілер - ақпараттар мен ресурстарға кең ауқымды пайдалануға мүмкiндiк бередi. Сiз үйiңiзбен офистен шықпай-ақ, сонымен қатар Ирландияға, Австралияға және де басқа мемлекеттерге саяхат жасай аласыз. Интернетте университеттерден, үкiметтiк және әскери ұйымдардан немесе кiтапханалардан алынған ақпараттардың мол қоры жинақталған. Интернет желiсiн алғашқы дүниеге келтiрген АҚШ қорғаныс министрлiгiнiң ARPANET (Advanced Research Projects Agency Network) жүйесi болып саналады. Бұл жүйе коммутациялық пакет үшiн, тест ретiнде құрылған. ARPANET-те қолданып келе жатқан TCP/IP хаттамасы, бүгiнде интернетте пайдаланылады. Соңғы жылдары Интернеттi зерттеу қызығушылығы коммерциялық болып өзгердi. Бизнесте және күнделiктi өмiрде Интернетпен ай сайын мыңдаған қолданушылар хабарласады. Адамдар оның ресурстарын меңгерiп, ал компаниялар өздерiнiң жарнамаларын және өз өнiмдерiн сатуда жаңаша жол табады. Интернет арқылы сiз де ұйымдастырушы болып, желiлiк өнiмдер, технологиялар жайында және де өз мәселеңiздi шешуге хабарлама ала аласыз. Сiз бұдан спорттық, саяси жаңалықтарды, ауа райы және нарық жағдайы туралы ақпараттар табасыз. Интернет почтасымен байланысып, барлық тақырыптарды қамтитын, өзiңiзге керектi хабарламалар, каталогтар мен форумдар туралы бiле аласыз.

Ауқымды желілердің қызметi


Бүгiн Интернеттiң дамуы өте зор, бiрақ қолданушылар оның қызметiнiң жиынтығын өз қалауынша сараптайды. Көбiнесе кең қолданылатын Интернет қызметтерiне мыналар жатады:

  • World Wide Web;

  • File Transfer Protocol (FTP) серверлерi;

  • Жаңалықтар;

  • Gopher;

  • Telnet.

World Wide Web

World Wide Web (бүкiләлемдiк өрмек) - бұл Интернеттiң мультимедиялық қызметi, онда HTML (Hyper Text Markup Language-гипермәтiндiк құжаттарды дайындау тiлi) тiлiнде құрылған көлемдi гипермәтiндiк құжаттар сақталған. Гипермәтiн - бұл мәтiндi елестету әдiсi, бейне, дыбыс және көрiнiс барлығы бiр-бiрiмен қосалқы ассоциативтi желi арқылы байланысқан. Гипермәтiн форматы қолданушыларға мәтiндi кез келген ретте қарастыруға мүмкiндiк бередi. Одан басқа Интернетке саяхат жасауға көмектесетiн хаттамалар да бар, яғни ресурсты тауып, оны бiр компьютерден екiншiге жолдауға болады.

File Transfer Protocol (FTP) - бұл файлды және құжатты жiберу мүмкiндiгi бар хаттама. Онда желiмен жұмыс iстеу әдiсiнiң бiрi ретiнде жинақтайтын FTP-серверлерi болады. Мұндай файлдарға тiкелей байланысуға болмайды, тек FTP-серверлерiнен локальды серверге көшiру арқылы iске асырылады. FTP - бұл файлды TCP/IP - ортаға жiберу программасы. Ол OSI қолданбалы моделiнде жасалған. FTP - компьютерлер арасында файлдарды жiберу хаттамаларының iшiндегi ең көп қолданылатын хаттама. Ол мәтiндiк, сол сияқты екiлiк файлды да жiберуге мүмкiндiк бередi.
Жаңалықтар

Network News Transfer Protocol (NNTP – жаңалықтарды тасымалдайтын желілік хаттама) – кең аумаққа таратуда арнайы жасалынған Интернеттiң стандартты хаттамасы. USENET – NNTP қолданудағы бiр бөлшегi. Бұл жерде жарнама тақтасы, әңгiме мен жаңалықтар бар. Network News өзiнiң бес мыңнан астам жүйедегi конференциясын ұсынады. Олар жаңалықтар тобы деп аталып, жылына 365 күн, тәулiгiне 24 сағат жұмыс iстейдi. Конференциямен жұмыс жасау үшiн Интернеттен арнайы бағдарламаны жазып алу қажет. Көптеген коммерциялық броузерлерде, сонымен қатар Microsoft Internet Explorer-де бұл бағдарламалар орнатылған. Network News пен e-mail арасындағы айырмашылық, ол Network News-те жаңалық тобы мен конференция тобындағы араласу жалпы түрде жүредi. Network News әрдайым барлық жаңа жаңалықтар мен жаңа мақалаларды ұсына отырып, өте тез жылдамдықпен жұмыс iстейдi.

Gopher

FTP файлдарды тасымалдауда жақсы қызмет атқарады, бiрақ бұл хаттамада көптеген компьютерлерге таратылған файлдармен жұмыс iстеуге арналған құралдар жоқ. Сондықтан да сондай файлдардың тасымалдау жұмысын атқаратын Gopher жүйесi құрылды. Gopher жүйесiнiң мәзiрi арқылы қорлар тiзiмiн көрiп қана қоймай, керек материалдардың қай жерде орналасқанын бiлмей-ақ, ол материалдарды бiрден қабылдай аласыз. Gopher – FTP пен Telnet бағдарламалары сияқты жалпылама көру жүйесiнiң бiрi. Интернетте бұл кең таралған.


Telnet – Интернеттiң алғашқы хаттамаларының бiрi. Оны Интернеттiң өшiрiлген терминал хосты ретiнде пайдалануға болады. Интернеттiң хост-компьютерiмен байланыс кезiнде Сiздiң компьютерiңiздiң пернетақтасы мен дисплейi өшiрiлген компьютерге қосылған секiлдi жұмыс iстейдi. Сондықтан да жер шарының кез-келген жерiнде отырып-ақ, бағдарламаларыңызды қоса аласыз.

Барлық желілердің кейбір бөліктері, функциялары және мінездемелері ортақ болып келеді. Олардың құрамында:

  • Серверлер (servers) – бұл өз ресурстарын (қорларын) желілік қолданушыларға ұсынатын компьютерлер;

  • Клиенттер (clients) – серверлер ұсынатын желілік қорларды пайдаланатын компьютерлер;

  • Тасымалдау ортасы (media) – компьютерлерді біріктіру ортасы;

  • Бірігіп қолданатын мәліметтер – серверлердің желі бойынша ұсынатын файлдары;

  • Бірігіп қолданылатын қосалқы құрылғылар, мысалы, принтерлер, CD ROM кітапханасы және т.б. – серверлердің ұсынатын қорлары (ресурстары);

  • Қорлар (ресурстар) – желіде қолданылатын қосалқы құрылғылар мен басқа да элементтер, файлдар.

Жоғарыда айтылған ұқсастықтарына қарамастан желілердің екі типі бар:

  1. Біррангілік (одноранговая – peer-to-peer);

  2. Сервердің негізінде (на основе сервера - server based).

Екі желінің айырмашылығы – олардың мүмкіндіктеріне байланысты.

Желінің типін көптеген факторларына байланысты таңдауға болады:

  • мекеменің өлшеміне;

  • қауіпсіздік жағдайына;

  • жұмыс түріне;

  • жұмыс орнының жауаптылығына;

  • желілік аумақтың көлеміне;

  • желілік қолданушылардың қажеттілігіне;

  • қаражат мүмкіндігіне.

Біррангілі желілер

Біррангілі желілерде барлық компьютерлер тең құқылы, яғни олардың арасында жеке алынған компьютер немесе белгіленген сервер (dedicated) жоқ. Бұл жағдайда әр компьютер клиент ретінде де, сервер ретінде де қаралады. Басқаша айтқанда барлық желі үшін жауап беретін арнайы бір компьютер жоқ. Қолданушылар компьютерлеріндегі қай мәліметтерді желі бойынша пайдалану керектігін өздері шешеді. Біррангілі желілерде көбінесе 10 компьютерден артық бірікпейді. Бұл желілердің тағы басқаша атауы бар, ол – жұмысшылар тобы (workgroup), яғни шағын қолданушылар ұжымы.

Сервердің негізіндегі желілер

Біррангілі желілердегі компьютерлер клиент немесе сервер қызметін атқаратын болғандықтан оннан көп қолданушылар біріккен жағдайда бұл желіге берілген жұмыстың көлемін біррангілі желідегі қолданушылар басқара алмауы мүмкін. Сондықтан көп жағдайда желілердің басқа түрін қолданады. Олар белгіленген сервердің негізінде жұмыс істейді. Белгіленген сервер, бұл – клиент ретінде немесе жұмыс станциясы ретінде қолданылмай, тек сервер ретінде ғана қолданылады. Желілердің бұл түрі желідегі клиенттердің сұранысын тез өңдеп, құжаттары мен бумаларын сақтауды жоғарылатады. Желілердің өлшемінің желілік график көлемінің өсуіне байланысты серверлердің де саны өседі. Бірнеше серверлердің болуы, ол әрқайсысына берілген тапсырмалардың тиімді орындалауын қамтамасыз етеді. Әрбір сервердің алдына қойылған тапсырмаларды орындау әртүрлі қиындық туғызады. Серверлерді қолданушылардың қазіргі талаптарына сәйкес болу үшін үлкен желілерде олардың әрқайсысын серверлердің түріне арнайды. Мысалы, Windows NT желісінде әртүрлі серверлер жұмыс істеуі мүмкін: