Файл: Компьютерлік желілерді оытуды электронды зертханалы практикумын жасау.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 157

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Архитектурасы

Token Ring желiсiнiң топологиясы – “сақина”. Алайда, IBM ұйғарымында “жұлдызды-сақина” топологиясы деген, өйткені компьютерлер желiге орталық концентратор арқылы қосылады, ал маркер логикалық сақина арқылы тасымалданады. Физикалық сақина концентраторда iске асырылады. Қолданушылар – олар сақинаның құрама бөлiктерi, бiрақ олар концентратор арқылы сақинаға қосылады.

Кадр форматы

Token Ring кадрының негiзгi форматы төменгi кестеде сипатталған.Осы деректер кадрдың негiзгi бөлiгiн құрайды.

Кадрдың алаңы

Сипатталуы

Бастапқы бөлгiш


Кадрдың басталуы туралы мәлiмет бередi

Қол жеткiзу процесiн басқару

Кадрдың приоритетiн, маркердiң кадрiн және деректер кадрiн тасымалдауын белгiлейдi

Кадрдi басқару

Ортаға қол жеткiзудi басқару мәлiметiн қамтиды. Барлық компьютерлер немесе мәлiметтер тек бiр компьютер үшiн мәлімет жеткізеді.

Қабылдаушы мекен-жай

Алушы – компьютердiң мекен-жайы

Жiберетiн мекен-жай

Жiберушi компьютердiң мекен-жайы

Деректер

Тасымалданатын мәлiмет

Кадрдың бақылау тiзбегi

CRC

Соңғы бөлгiш

Кадрдың аяқталуы жайында мәлiмет бередi

Кадрдың статусы

Кадрдың танылуы және көшiрiлуi туралы хабарлайды


APPLE TALK және ARCNET

Apple Сomputer Inc компаниясы 1983 жылы кiшiгiрiм топқа арнап фирмалық Apple talk желiлiк архетектурасын ұсынды. Желiлiк функциялар Macintosh компьютерiне енгiзiлдi, себебi Apple talk желiсi басқа желiлерге қарағанда қарапайым болды. Apple жұмыс ортасында қолданылатын негiзгi терминдер желiлiк жұмыстың басқа қызметтерiн атқаратын болғандықтан мәліметтердің адасуы (жоғалуы) мүмкiн. Бұл жерде келесi компоненттер қарастырылады: Apple Talk, Local Talk, Apple Share, Ether Talk,Token Talk.

Apple Talk - Apple желiлiк архитектурасының iшiне, яғни операциялық жүйе Macintosh компьютерiне қосылған. Apple Talk Phase2 - соңғы үлкейтiлген Apple Talk нұсқасы. Құрылғы Local Talk желiсiне қосылғанда өзiнiң жұмысын бастауымен қатар, тәртiп бойынша негiгi үш әрекеттi орындайды:Құрылғы адрестерден қалауы бойынша өзiне адрес белгiлейдi. Құрылғы басқа құрылғыларға өзiнiң адресi туралы хабарлап, басқа жерлерден қолданбайтындығы жайлы тексерiс жүргiзедi.

  1. Егер адрес ешкiммен қолданылмаса, онда оны құрылғы есiнде сақтап, кейiнгi жұмыстарында қолданады.


Local Talk желісі Apple Talk желiсiнде кездеседі. Local Talk-тiң келесi мiнездемесi бар: 1) қабылдау әдiсi, 2) топология – шина және тармақ, 3) қосақталған сым, оптикалық тармақталған кабель және UTP.

Local Talk – ол арзан, себебi желi Macintosh аппараттық құрал. Мұнда Ethernet және Token Ring қызметтерi ерекше. Local Talk компонентiне мыналар жатады:

  • Кабель

  • Модуль қосқыштары

  • Кабель ұзартқыштары.

Кабель STP көбiнесе топологияда шина және тармақты қолданады. Local Talk желiсi 32 құрылғыны қолдайды. Local Talk–тiң шектеулiгiне байланысты қолданушылар кабель жүйесiмен пайдалануды қолдайды. Apple компаниясының құрылғысымен емес басқа шығарушылармен Talk Faraon Phone NET телефон кабелiн және құрылғыларын қолданады, бiрақ оны жүзеге асыру желiсi сақина және жұлдыз топологиясы болады.

Apple Share - Apple Talk желiсiнiң файл серверi. Клиенттiң бағдарламамен қамтамасыз етiлу желісі. Apple операциялық жүйесiнiң iшiне кiредi. Сонымен қатар Apple Share деген сервер баспасы бар. Ол сервердегi қорлардың базасын анықтайды.

Аумақ. Local Talk желiлерiн бiрғана үлкен желiге бiрiктiруге болады. Ол үшiн аумақ (zones) қолданылады. Әрбiр қосылған желi басқа аумақтың атымен айтылады. Local Talk қолданушылары өздерiне қажет аумақ таңдап, басқа желiге қатынауға болады. Сонымен ол өзiнiң желi мөлшерiн үлкейтедi. Желiлер басқа архитектурада құрылған. Мысалы: Token Ring әдiсiнiң көмегiмен Apple Talk-ке қосыла алады. Local Talk жұмысшы тобы бiр желiдегі аумаққа бөлiнедi, ол желiдегi жүктеменi азайту үшiн қолданылады. Әрбiр аумақта өзiнiң сервер баспасы болады.

Ether Talk - желiлерi хаттама мүмкiндiгiнде Apple Talk жұмысын коаксиалдi кабельмен және қосақталған сыммен көрсетедi. Ethernet екi түрлi коаксиалдi кабельмен (жұқа және қалың) жұмыс iстейдi. Ether Talk NB тақшасы мүмкiндiгiн Macintoch 802.3 Ethernet желiлерiне қосады. Ether Talk тақшасында қойылған қамтамасыз ету бағдарламалары Apple Talk Phase2-мен бiрiгедi.

Token Talk. Token Talk NB тақшасы кеңейту тақшасына енедi, сол мүмкiндiктi Macintoch Iik 802.3 Token Talk желiсiне қосады. Token Talk тақшасымен қойылатын қамтамасыз ету бағдарламасы Apple Talk Phase2-мен бiрге қойылады.

Arc Net ортасы - (Attached resource computer Network) Datapoint Corporation 1977 жылы жасалынып шықты. Бұл жай ғана иiлгiш, масштаб жұмысы тобына арналған желi. Бiрiншi тақша Arc Net болған, ол 1983 жылы шыққан. Arc Net технологиясы - IEEE Project 802 стандартына ұқсайды, бiрақ ол IEEE 802.4 категориясына жауапты бола алады. Желiлер үшiн топологияның “шина” стандарты байқалады, әдiстiң қатынауы маркермен жiберiледi, құрастырылған модуль үшiн де арнайы кабелдер жiберiледi. Arc Net желiсi “Жұлдыз” немесе “Шина” топологиясынан тұрады. Arc Net желiсi атқару әдiсiн маркермен қатынауы “Жұлдыз-Шина ” топологиясымен және 2,5 Мбит/с жылдамдығында жұмыс iстейдi. Arc Net қабылдаушы желiсi - Arc Net Plus 20 Мбит/с жылдамдығында жұмыс iстейдi.



1.4. Желілердің программалық жабдықтары

Хаттамалар – кейбiр қатынастарды iске асырудың тәртiбiн реттейтiн ережелер мен процедуралар жины. Мысалы, бiр елдiң дипломаты басқа елдiң дипломатымен қарым-қатынас жасағанда бекiтiлген хаттамаларға сүйенедi. Компьютерлiк ортада қатынас ережелер сол мақсатта қызмет етедi Хаттамалар, бұл – бiрнеше компьютер желiге бiрiккен кезде бiр-бiрiмен араласуға мүмкiндiк беретiн ережелер мен техникалық процедуралар.

Хаттамаларға байланысты 3 негiзгi жағдайды есте сақтау керек:

1.Көптеген хаттамалар бар. Олардың барлығы қатынастарды тасымалдауға қатынасқанымен, әрбiр хаттамалар әртүрлi мақсатты, әртүрлi мiндеттердi орындайды, сонымен бiрге өзiнiң шектеуi және мүмкiндiктерi болады.

2.Хаттамалар OSI моделiнiң әртүрлi деңгейiнде жұмыс iстейдi. Хаттамалардың мiндеттi жұмыс iстеуi деңгейiне байланысты анықталады. Егер, мысалы бiр хаттама физикалық деңгейде жұмыс iстесе, ол желiнiң адаптер тақшасы арқылы пакеттердiң өтуiн және олардың желiлiк кабельге өтуiн қамтамасыз етедi.

3.Бiрнеше хаттама бiрге жұмыс iстей алады. Бұл жағдайда олар стек немесе хаттамалар жиынын құрайды.

Желiлiк функциялар OSI моделiнiң барлық деңгейлерiне бөлiнген болса, онда сол сияқты хаттамаларда хаттамалар стегiнiң әртүрлi деңгейiнде жұмыс iстейдi. Хаттамалар стегiнiң деңгейлерi OSI моделiнiң деңгейлерiне сәйкес келедi.

Хаттамалар жұмысы


Желiде мәлiметтердi тарату техникалық көзқарастан кезектескен қадамдар қатарына бөлiнуi керек және олардың әрбiреуiне сәйкес өзiнiң ережесі, процедуралары немесе хаттамалары болады. Әрекеттердiң нақты орындалу реті қатаң сақталады.

Сонымен бiрге, бұл әрекеттер желi компьютерiнде бiрдей кезеңмен орындалуы керек. Жiберушi компьютерде бұл әрекеттер жоғарыдан төмен бағытта, ал қабылдаушы компьютерде төменнен жоғары бағытта орындалады

Жiберушi компьютер хаттамаға сәйкес келесiдей әрекеттер орындайды:

  • Мәлiметтердi хаттама жұмыс iстей алатын пакет деп аталатын кiшiгiрiм блоктара бөледi;

  • Алушы компьютер мәлiмет нақ өзiне арналғанын бiлу үшiн пакеттерге адрестiк ақпарат қосады;

  • Желiлiк адаптер тақшасы арқылы және арықарай желiлiк кабель арқылы мәлiметтердi жiберуге дайындайды.

Қабылдаушы компьютер хаттамаға сәйкес сол әрекеттердi керi тәртiпте орындайды:

  • Желiлiк кабельден мәлiметтер пакетiн қабылдайды;

  • Желiлiк адаптер тақшасы арқылы пакеттердi компьютерге жiбередi;

  • Пакеттен барлық жiберушi компьютер қосқан қызметтiк ақпаратты өшiредi;

  • Мәлiметтер блогында бiрiктiру үшiн мәлiметтердi пакеттен буферге көшiредi;

  • Қосымшаға мәлiметтер блогын керектi форматта жiбередi.

Жiберушi компьютер және қабылдаушы компьютердегі желi бойынша келiп түскен мәлiметтері бастапқымен сәйкес болу үшiн бiрдей әдiспен орындалуы керек. Егер, мысалы екi хаттама мәлiметтердi әртүрлi әдiспен пакетке бөлсе және сәйкес келмейтiн ақпаратты қосатын болса, онда осы хаттамалардың бiрiн пайдаланатын компьютер басқа хаттама жұмыс iстеп жатқан компьютермен қатынас орната алмайды.

Көп деңгейлi архитектурадағы хаттамалар

Желiде бiр уақытта жұмыс iстейтiн бiрнеше хаттамалар мен мәлiметтер келесi операцияларды орындайды:

- Дайындау;

- Беру;

- Қабылдау және т.б.әрекеттер.

Әр түрлi хаттама жұмыстары операциялардың ақауларын (конфликт) және бiтпеген жұмыстарды болдырмайтын жағдайда үйлестiрiледi. Оған деңгейдегi хаттама бiрiгуiн бөлу арқылы жетуге болады.

Кең таралған хаттамалар

Хаттамалардың iшiндегi ең танымалылары мыналар:

  • TCP/IP;

  • NetBEUL;

  • X.25;

  • Xerox Network System (XNS);

  • Aplle Talk;

  • OSI хаттамалар жиыны;

  • DEC net.
TCP/IP Tramission Control Protocol/Internet Protocol (TCP/IP) - өндiрмелi стандартты хаттамалар жиыны, бiртектi емес ортада байланыс қызметiн көрсетiп және компьютердiң әртүрлi типтерiнiң үйлесiмдiлiгiн жүргiзедi. Үйлесiмдiлiк -TCP/IP –дiң негiзгi қасиеттерiнiң бiрi, сондықтан оны көптеген жергiлiктi есептеу желiсi қолдайды. Сонымен қатар TCP/IP Интернет ресурсына қатынасты және өндiрiстегi желiлерге маршруттық хаттамаларды ұсынады. TCP/IP хаттамасы маршрутты қолдайтын болғандықтан, ол желiаралық хаттама ретiнде қолданылады. Өзiнiң танымалдылығының арқасында TCP/IP желiаралық әрекеттестiк үшiн нақтылы стандарты болады.

Арнайы жасалған TCP/IP хаттамалар жиынына мыналар жатады:

  • SMTP (Simple Mаil Transfer Protocol) - электрондық почта.

  • FTP (File Transfer Protocol) - TCP/IP қолдайтын компьютердiң арасындағы файлдарды алмастыру.

  • SNMP (Simple Network Mail Protocol) - желiнi басқару.

TCP/IP-дiң екi кемшiлiгi бар, ол өлшемi және жұмыс жылдамдығының жеткiлiксiздiгi. ТСР/IР - үлкен хаттамалардың стегi MS DOS клиенттерiнде кедергiлер туғызуы мүмкiн. Бiрақта мынадай операциялық жүйе Windiws NT немесе Windows 95 үшiн өлшемi мәселе болып табылмайды, ал жұмыс жылдамдығы IРХ хаттамасының жылдамдығымен салыстырылады.
NetBEUL – NetBIOS-тың кеңейтiлген интерфейсi. Басында NetBIOS және NetBEUL тығыз байланыста болған және бiр хаттама ретiнде қаралған. Содан ЖЕЖ-нiң шығарушылары сеанстық деңгейдегi хаттамалардан NetBIOS-ты бөлiп шығарды, ол басқа маршруттық транспорттық хаттамалардың қатарында қолданылмайды.
NetBIOS (Network Basic Input/OuputSystem-енгiзудiң/шығарудың желiлiк қорылар жүйесi) - бұл желiлерде қолданбалы интерфейс ретiнде ЖЕЖ-мен бiрге сеанстық деңгейде қолданылатын IВМ интерфейсi. NetBEUL - транспорттық деңгейдегi шағын және тез тиiмдi хаттама. Бiрiншi желiлiк Microsoft MS – NET 80-жылдардың ортасында пайда болды.

Х25 - коммутация пакетерi бар желiлерге арналған хатаммалар жиынтығы. Алғашқыда оны өшiрiлген мэйнфрейма терминалдарын байланыстыратын коммутация қызметiне қолданды.

ХNS (Xerox Network System) Ethernet желiсiне арнап Xerox фирмасы жасаған. Ол 80-жылдардың басында кең таралған, бiрақ ТРС/IР хаттамасы шыққанда артқа шегiне бастады. ХNS – үлкен және баяу хаттама, ол кең таралған графигiн ұлғайтатын хабарландыруларда қолданылады.

IPX/SPX NWLink (Internetwork Packet Exchange/Sequuenced Packet Exchange) - Novell желiсiнде қоланылатын хаттамалардың стегi. NetBEUL сияқты, ол шағын және жылдам хаттама. Бiрақ NetBEUL-ге қарағанда ол маршруттықты қолдайды. IPX/SPX ХNS -тiң мұрасы. NWLink - Microsoft фирмасының IPX/SPX өткiзуi.Бұл транспорттық хаттама.

АРРС (Advanced Program-to- Program Communication) бұл - IBM фирмалардың транспорттық хаттамалары, System Network Architecture (SNA) бөлiгi. Ол әртүрлi компьютерлерде жұмыс iстеушiлерге қосымшылардағы мәлiметтерді айырбастауға көмектеседi.