Файл: Компьютерлік желілерді оытуды электронды зертханалы практикумын жасау.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 167
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Желіге кіру үшін желі мен желілік ресурсқа қатынау құқы бар қолданушыларға көбінесе тіркеу аты мен пароль қолданылады. Жүйеге кіру тәсілі Желі – сұхбаттасу терезесінде анықталады. Бұл терезеде Конфигурация бөліміне өтіңіз. Ашылған тізімдер ішінен «Желіге кіру тәсілі» (Способ входа в сеть) деген тізімде тышқан тетігін шертіңіз. Желіге қосылуға мүмкіндігі бар тізімдер шығады:
-
Microsoft желісінің клиенті (Клиент для сетей Microsoft). Бұл параметр біррангтік Windows желісіне кіру үшін қолданылады. -
NetWare желісінің клиенті (Клиент для сетей NetWare).Бұл параметр Novell желісіне кіру үшін қолданылады. -
Windows-қа қарапайым кіру (Обычный вход в Windows). Бұл параметр таңдалынған болса, желіге қосылмаған жағдайда қателері көрсетілмейді.
1.4. Компьютерлік желілердің ресурстарын көру
Егер сіздің компьютеріңіз желіге қосылған болса, онда жұмыс орнында міндетті түрде Желілер ортасы (Сетевое окружение) таңбашасы болады. Желілер ортасы таңбашасы арқылы компьютерлік желілердің ресурстарын көруге болады:
-
Желілер ортасы таңбашасында тышқан тетігінің сол жағын екі рет шертіңіз. Желілерге қосылған компьютерлер және Барлық желі (Вся сеть) таңбашалары бар Желілер ортасы терезесі ашылады. -
Барлық желі (Вся сеть) таңбашасында тышқан тетігінің сол жағын екі рет шертіңіз. -
Желілер ортасы терезесіндегі өзіңіздің байланысқыңыз келетін компьютер таңбашасында тышқан тетігінің сол жағын екі рет шертіңіз. Ашылған терезеден байланысқан компьютердегі барлық ақпараттарды көре аласыз. -
Өзіңізге қажет бумаңызды екі рет шертіңіз. Бума мазмұны келесі терезеде ашылады. -
Осылай желіге қосылған барлық компьютердегі ақпараттарды көруге болады. -
Ашылған терезелердің барлығын жабыңыз.
Тапсырма
-
Желілер ортасы таңбашасы арқылы желіге неше компьютерлер қосылғанын айтыңыз. -
Мәтіндік редакторды ашып, жаңа құжатқа өзіңіз туралы мәлімет жазыңыз. -
Өзіңіздің байланысқыңыз келетін компьютерді ашып, сол компьютердегі « Менің құжатым » бумасында сақтаңыз. -
Өзіңіз байланысқан және құжатыңызды сақтаған компьютердегі ақпататтарды көріңіз. -
Ашылған терезелерді жабыңыз.
2.2. Ресурстарды бірігіп пайдалануға ұсыну
Біррангілік желіге қосылған компьютерлерде бірігіп қолдануға дисктерді, бөлек бумаларды (каталогтар), принтерлерді ұсынуға болады. Бұл мүмкіндікті қамтамасыз ету үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
-
Бас менюді (Пуск) ашыңыз және Баптау командасын, оның ішінде Басқару панелін таңдаңыз. -
Басқару панеліндегі Желі таңбашасында тышқан тетігінің сол жағын екі рет шертіңіз. Желі – сұхбаттасу терезесі ашылады. -
Осы терезедегі Конфигурация бөлімінде желілер құрауыштары (компонент) тізімінен Microsoft желісінің клиенті деген элементті ерекшелеңіз. -
Файлдар мен принтерлерге қатынау (Доступ к файлам и принтерам) батырмасын басыңыз. Бұл кезде файлдар мен принтерлерге қатынауды ұйымдастыру деген сұхбаттасу терезесі шығады. -
Егер өз файлыңызды басқа қолданушыларға ұсынғыңыз келсе, онда «Бұл компьютердің файлдарын ортақ етіп жасауға болады» (Файлы этого компьютера можно сделать общими) деген бөлімге жалауша орнатыңыз. Егер принтеріңізді басқа қолданушыларға қолдануға рұқсат берсеңіз, онда « Бұл компьютердің принтерін ортақ етіп жасауға болады » (Принтеры этого компьютера можно сделать общими) деген бөлімге жалауша орнатыңыз. -
ОК батырмасын басыңыз. Терезелер жабылып, Windows жүйесі Желі – сұхбаттасу терезесіне келеді. -
Желі – сұхбаттасу терезесіндегі басқа баптауды қосымша өзгертуге болады. Бірақ, соңында терезені жабу үшін ОК батырмасын басыңыз.
Бірігіп пайдаланатын файлдар мен принтерлерге қатынауды басқару
Өз компьютеріңіздегі файлдар мен принтеріңізге қатынауды ұсынуды орнатқан соң, кімдердің қатынайтынын дәлірек анықтау керек. Осыған орай 2 мүмкіндік бар: 1) белгілі бір ресурсты қолданатын топтың немесе қолданушылардың тізімін құру; 2) әрбір ресурстар үшін өзінің қатынау паролін орнату қажет.
Ол үшін мына қадамдарды орындау керек:
-
Желі – сұхбаттасу терезесін ашыңыз. -
Қатынауды басқару (Управление доступом) бетбелгісіне өтіңіз. -
Ресурстар деңгейінде (На уровне ресурсов) ауыстырып қосуды (переключатель) таңдап, әрбір ортақ бумаға және принтерге бөлек пароль орнатуға болады. -
Әйтпесе, Қолданушылар деңгейінде (На уровне пользователей) ауыстырып қосуды таңдап, тізім бойынша қатынауды ұйымдастыруға болады.
Тапсырма
-
№ 1 лекциядағы бақылау сұрақтарының біреуіне жауап беріп, оны мәтіндік редакторында жаңа құжат ашып теріңіз. -
құжатыңызды « Менің құжаттарым » бумасында сақтаңыз. -
Басқа қолданушылар қолдану үшін өз файылыңызды ортақ етіп жасаңыз. -
Жазған құжатыңыздың көшірмесін алып, өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, өзіңізге арнайы бума ашып, сол жерде сақтаңыз. -
Бумаңызға қатынау паролін орнатыңыз. -
Басқа қолданушылардың файылдары мен бумаларына қатынау жұмысын жүргізіп көріңіз. -
Ашылған терезелердің барлығын жабыңыз.
2.3. Дискті бірігіп пайдалану
Дискті ортақ қолдануға ұсыну үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
-
Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесін ашып, ортақ қолдануға ұсынатын дискті ерекшелеңіз. -
Файл менюіндегі Қатынау (Доступ) командасын таңдаңыз. Диск қасиеті терезесінде Қатынау бетбелгісін ашыңыз. -
Дискті бірігіп қолдану үшін «Ортақ ресурс» (Общий ресурс) ауыстырып қосуды таңдаңыз. Осыдан соң Ортақ ресурс тобындағы параметрлер мәнін орнатуға болады. -
Ортақ ресурс тобына 1-кестені пайдалана отырып, сәйкес параметрлерді орнатыңыз. -
Қабылдау (Применить) батырмасын басып, терезені жабу үшін ОК батырмасын басыңыз. 1-кесте
Қатынау параметрлері (Параметры доступа)
Параметр | Сипаттама |
Ортақ ресурс – Общий ресурс – Shared As | |
Желі аты (сетевое имя) | Жаңа аттың енуі немесе сіздің компьютеріңіздің дискісіне ортақ қатынауды қамтамасыз етуде ескі атты қолдану. |
Түсініктеме (заметки) | Түсініктеме – бұл ресурстардың кесте режимі түрінде басқа қолданушыларға көрінуі. Мұнда дисктегі керекті мәліметтерді табуға көмектесетін ақпараттарды енгізуге болады. Бұл параметрді әркім өзінің қалауы бойынша енгізеді. |
Қатынау типі - Тип доступа – Access Type | |
Тек оқу (только чтение) | Диск пен файлдарды ортақ көру және оларды көшіру. Ортақ дисктегі ақпараттарды өзгертуге немесе өшіруге тыйым салу. |
Толық (полный) | Басқа қолданушылар үшін файлдарды өзгерту және өшіру мүмкіндігі. |
Парольмен анықталады (определяется паролем) | Қолдану паролінің аты бойынша әртүрлі қолданушыға әртүрлі қатынауды қамтамсыз ету. |
Паролдер – Пароли - Passwords | |
Оқуға арналған пароль (пароль для чтения) | Пароль енгізуде бұл паролді білетін қолданушылар тек оқу үшін қатынау жасай алады. Паролдің дұрыстығын тексеру үшін сұхбаттасу терезесі шығады, сол жерге пароль енгізу қажет. |
Толық қатынау паролы (пароль для полного доступа) | Пароль енгізуде бұл паролді білетін қолданушыларда дискке толық қатынау мүмкіндігі бар. |
Тапсырма
-
Өзіңіз отырған компьютердің диск жетегіне дискета салып, оны бірігіп пайдалануға ұсыныңыз. -
Алдыңғы сабақта өзіңіз құрған бумадағы файлға тек оқу үшін қатынау орнатыңыз. -
Осы файылыңызға оқуға пароль орнатыңыз. -
Ашылған терезелерді жауып, басқа қолданушының файылына
қатынау орнатып көріңіз.
2.4. Бумаларды бірігіп пайдалану
Бумаға қатынауды ұйымдастыру үшін:
-
Менің компьютерім терезесін ашыңыз. -
Қажет бумаңызды тауып, ерекшелеңіз. -
Тышқан тетігінің оң жақ батырмасын басып, Қатынау (Доступ) командасын таңдаңыз. -
Қатынау бетбелгісіндегі «Ортақ ресурс » ауыстырып қосуды таңдаңыз. -
1-кестені қолдана отырып, біраттық топқа параметр атын орнатыңыз. Ресурстың бірігіп пайдалануға болатынын білдіретін ортақ бумаға қолдың бейнесі бар кішкентай таңбаша орнатылады.
Принтерді бірігіп қолдану
Ең алдымен Желі – сұхбаттасу терезесі арқылы принтерге ортақ қатынау мүмкіндігін орнату қажет. Ал, принтерді ортақ құрылғы ретінде анықтау үшін келесі әрекетті орындаңыз:
-
Бас менюді ашып, Баптау (Настройка), оның ішінде Принтерлер командасын таңдаңыз. -
Ашылған Принтер терезесінде ортақ жасайтын принтерді ерекшелеңіз. Файл менюінен Қатынау командасын таңдаңыз. Принтердің қасиеттері (свойства) терезесі ашылады. -
«Ортақ ресурс» ауыстырып қосуды таңдаңыз. Топқа тиісті параметрлерде қатынау мүмкіндігі болады. -
Желі аты өрісіне берілген аттың орнына принтердің жаңа атын енгізуге болады. -
Түсініктеме өрісіне түсініктеме жазуға болады. -
Пароль өрісіне берілген ресурс үшін пароль енгізуге болады. -
Барлық параметрлерді сақтау үшін Қабылдау батырмасын басыңыз. Қасиеттер терезесін жабу үшін ОК батырмасын басыңыз. Немесе барлық параметрлерді сақтау және қасиеттер терезесін жабу үшін бірденен ОК батырмасын басу қажет. Жергілікті принтердің таңбашасы ортақ принтердің таңбашасына айналады.
Тапсырма
-
Менің құжаттарым бумасына бірігіп пайдалану үшін соған тиісті жұмыстарды орындаңыз. -
Қасыңызда отырған қолданушы компьютеріндегі « Менің компьютерім » белгісін бірігіп пайдалануға болатынына көз жеткізіңіз. -
Оқытушы компьютерге қосылған принтнрді бірігіп қолдануға болатынын желі арқылы көріңіз. -
Ашылған терезелердің барлығын жабыңыз.
2.5. Жергілікті желіге қосылу. Желілік хаттамаларды баптау.
Базалық деректер: Желілік интерфейсті баптау жолында желілік картаны орнатып және баптау алу керек. Содан кейін аталған интерфейсте қолданылатын желілік картаның драйверлерін баптап алу қажет. Хаттаманы баптағаннан кейінжелідегі жүйе жұмысы RING командасынан бастап физикалық және арналық деңгейдегі байланысты тексеру үшін, бағыт жұмысын тексеруге арналған TRACERT командасын және қолданбалы деңгейдегі нақты қосымшалардың жұмысы тексеріледі.
Жұмысты орындауға дайындық.
-
Нұсқауды оқыңыз түсініксіз жерлерін анықтаңыз. -
Егер есептеуіш желінің қоректендіру көзі жүйелік блоктан бөлек болса, мониторды қосыныз. -
Жүйелік блоктың қосқышы арқылы компьютер желісін қосыңыз. -
Пароль сұранысы жағдайда ESC пернесін басыңыз. -
Настройка – Панель управления пунктін таңдаңыз. -
Добавить... батырмасын басыңыз. Орнатылатын компоненттің типінтаңдаңыз: Протокол. Добавить... батырмасын басыңыз. -
Изготовители терезесінде сәйкес келетін пункті таңдаңыз: Microsoft және Сетевые протоколы: IP/SPX . OK батырмасын басыңыз. -
OK батырмасын басыңыз. -
Драйверді баптау үшін жүйені қайта жүктеңіз.
5.2. Хаттамаларды жою.
-
Тапсырмалар тақтасын Пуск батырмасын басыңыз. -
Настройка – Панель управления пунктін таңдаңыз. -
Сеть объектісін ашыңыз. Ашылған терезеде Конфигурация жиынтығында IP/SPX- совместимый протокол компонентін таңдаңыз. Удалить... батырмасын басыңыз. -
Драйверді жүктеу үшін жүйені қайта жүктеңіз. TCP/IP компонентін таңдаңыз. Свойства батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде:
1.1. Адрес IP жиынтығында IP-адрес и маска под сети параметр белгіленуін шешіңіз.
1.2. Шлюз жиынтығында Установленные шлюзы параметр белгіленуін шешіңіз.
1.3. Конфигурация жиынтығында Имя компьютера, Домен порядок просмотра серверов DNS параметр белгіленуін шешіңіз.
1.4. OK батырмасын басыңыз.
5.3. Хаттаманың бапталуын тексеру.
-
Компьютер қайта жүктелген соң ping доменное_ имя командасы арқылы DNS серверінің жұмысы және ping командасы арқылы желілікинтерфейс жұмысын тексеріңіз. Желі жұмысын тексеру арналған адрес және доменді ат ( оқытушыдан сұраңыз ):
-
IP- адрес
Доменді аты
Ескертулер
Tracert IP – адрес (Tracert - доменное_ имя ) командасы арқылы бағыт