Файл: Компьютерлік желілерді оытуды электронды зертханалы практикумын жасау.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 159

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  • Файлдар мен басып шығару сервері – бұл серверлер қолданушылардың файл және принтерлермен қатынасын басқарады;

  • Қосымшалар (приложения) сервері – бұл жерде клиент-серверлер қосымшаларының қолданбалы бөлігі орындалады, сонымен қатар клиенттерге қажетті мәліметтер орналасады;

  • Почталық сервер – желідегі қолданушылар арасында электронды почта ақпараттарын тасымалдауды басқарады;

  • Факс сервер – бір немесе бірнеше факс модемдердегі кіріс және шығыс факстық ақпараттарды реттейді;

  • Коммуникациялық серверлер - өз желісі мен басқа желі арасындағы модем мен телефон желісі арқылы өтетін мәліметтер мен почталық ақпараттарды басқарады;

  • Каталогтардың қызмет сервері – қолданушыларға қажет серверлер туралы мәліметтер орналасады, желіде ақпараттарды сақтауға және қорғауға көмектеседі. Windows NT Server компьютерлерді логикалық топта – доменде (domains) біріктіреді, яғни әр қолданушыға желі қорларымен жұмыс істеуде әртүрлі (бірдей емес) мүмкіндіктер береді.

Аралас желілер

Біррангілік және сервер негізіндегі желілердің жақсы сапаларынан құрылған желілердің аралас түрі бар. Көптеген қолданушылардың айтуы бойынша осы аралас желілер жұмыс істеуде қазіргі талаптарды қанағаттандырады. Аралас желілер – желілердің кең тараған түрі.

Желілер топологиясы

Топология (topology) термині немесе желілер топологиясы компьютерлердің, кабельдер мен басқа да желі құрылғыларының физикалық үйлесуін (компоновка) білдіреді. Топология желілердің базалық схемасын суреттейтін стандартты термин. Сонымен қатар топология желідегі компьютерлердің қатынасын анықтайды. Бұл терминнен басқа желілердің физикалық үйлесуін білдіретін мынадай ұғымдар бар:

  • Физикалық орналасу;

  • Үйлесу;

  • Диаграмма;

  • Схема.

Барлық желілер үш базалық топология негізінде құрылады. Олар:

  • шина (шина - bus);

  • жұлдыз (звезда - star);

  • сақина (кольцо - ring).

Егер компьютерлер бір кабельге (сегментке- segment) бойлай қосылған болса, онда топология шина деп аталады. Ал, егер компьютерлер бір нүктеден шығатын кабель сегментіне (концентратор- hub) қосылса, ол топология жұлдызша деп аталады. Егер кабельге қосылған компьютерлер сақина болып шоғырланған болса, онда ол топология сақина тәрізді деп аталады.

Базалық топологиялардың өзі негізінде қиындық туғызбайды, бірақ практикада осы топологиялардың кейбір қасиеттері мен орналасуынан құрылған қиын түрі аралас топология деп аталады.


Шина топологиясын көбінесе сызықтық шина (linear bus) деп атайды. Мұнда барлық компьютерлер қосылған магистраль немесе сегмент деп аталатын бір ғана кабель қолданылады. Бұл топология ең қарапайым және желілер арасында кеңінен тараған түрі болып табылады. Шиналы топологиялық желіде компьютерлер мәліметтерді электрлік сигнал ретінде кабель арқылы белгілі бір компьютерге жібереді. Шиналы топологиядағы компьютерлер қатынасын білуде мына ұғымдар кездеседі:

-сигналдың берілуі – мәліметтер желінің барлық компьютерлеріне электрондық сигналдар түрінде беріледі, бірақ ақпаратты осы сигналға сәйкес алу адресі бар компьютерлер қабылдайды;

-сигналдың таралуы – электрондық сигналдар бір кабельдің соңынан келесі кабельге таралады, кейде сигналдар кабельдің соңына дейін таралуда кейбір компьютерлердің ақпараттарына бөгет болуы мүмкін;

-терминатор – электрлік сигналдарды тарату үшін әрбір кабельдің соңына осы сигналдарды қабылдап тұратын терминаторлар (terminators) орнатылады.

Шина - бәсеңдеу (пассивный) топология. Яғни, мұнда компьютерлер желілер арқылы берілетін мәліметтерді жіберушіден алушыға қарай орналастырмай, тек тыңдайды. Сондықтан егер желіден (қатардан) компьютерлердің біреуі шығып кетсе, желілер жұмысы ілгері қайтарылмайды. Ал, белсенді (активный) топологияда компьютерлер сигналдарды реттеп, оны қайтадан желі бойынша жалғастырып жібереді.

Жұлдыз тәрізді топологияда барлық компьютерлер кабель сегменттерінің көмегімен ортақ құрылғы – концентраторға (hub) қосылады. Мәлімет берілетін компьютерден сигналдар концентратор арқылы басқаларына таратылады. Бұл топологияда желілерге қосылу компьютерлердің барлығына бірдей. Егер де ортақ құрылғы желіден шығып кетсе, онда барлық желінің жұмысы тоқтатылады. Ал, ортақ құрылғыдан бір ғана компьютер шығып кетсе, бұл жағдайда қалған компьютерлер өз жұмыстарын жалғастыра береді.

Сақина тәрізді топологияда компьютерлер кабельге дөңгеленіп (шоғырланып) орналасады. Сондықтанда кабельдің терминатор қоятын бос орны болмайды. Сигналдар бір бағытпен сақина бойында әр компьютерге беріліп отырады. Бұл топологияда егер бір компьютер желіден (қатардан) шықса, онда бүкіл желінің жұмысы тоқтатылады.

Аралас топологиялар

Қазіргі кезде компьютерлерді желіге қосуда аралас топологиялар кеңінен қолданылып жүр. Бұл топология шина , жұлдыз және сақина тәріздес топологиялардың кейбір орналасу тәртібімен бірігіп құрылған.



Жұлдыз – шина (star - bus) топологиясы шина мен жұлдыз топологиясының бірігуімен құрылған. Мұнда жұлдыз топологиясынан бірнеше желілер сызықтық шина магистралының көмегімен біріккен.

Жұлдыз - сақина (star - ring) топологиясының жұлдыз-шина топологиясына аздап ұқсастығы бар. Алдыңғы және осы топологияда да компьютерлер концентраторға қосылады. Екі топологияның айырмашылығы жұлдыз-шина топологиясында концентраторлар сызықтық шина магистралына бірігеді, ал жұлдыз-сақина топологиясында барлық концентраторлар жұлдыз тәрізді болып бас концентраторға біріккен. Сақина бас концентратордың ішінде іске асады.

Топологияны таңдау

Топологияны әрбір желі үшін олардың көптеген факторларына байланысты таңдау қажет. Төмендегі кесте топологияны таңдауда көмек тигізеді.



Топология түрі

Артықшылығы

Кемшілігі

Шина


Кабельді пайдалану тиімді. Тасымалдау ортасын пайдалану қиын емес және қымбат емес.

Қарапайым және сенімді, жеңіл кеңейеді.

График көлемінің өсуіне байланысты желілердің өткізу қабілеттілігі төмендейді. Кабельдің желіден шығып кетуі

көптеген қолданушылардың жұмысын тоқтатады.

Жұлдыз


Желіге жаңа компьютерлерді қосуда оңай орналастыруға болады. Ортақ тексеріліп және ортақ басқарылады. Бір компьютердің қатардан (желіден) шығуы бүкіл желінің жұмысына әсер етпейді.

Ортақ түйіннің қатардан шығуы барлық желіге кедергі болады.


Сақина

Барлық компьютерлердің кіру мүмкіндігі бірдей. Қолданушылардың саны мәліметтер қорына әсерін тигізбейді.


Бір компьютердің қатардан (желіден) шығуы бүкіл желіге әсерін тигізеді. Бір компьютер желісінің конфигурациясын өзгертуде барлық желінің жұмысын тоқтатуға тура келеді.



1.3. Желілердің техникалық-аппараттық жабдықтары

Қазіргі кезде қолданушылардың басым бөлімі компьютерлік желілерді қосу (біріктіру) үшін сымды, кабельді қолданады. Олар компьютер арасында сигналдарды тасымалдау ортасы ретінде қызмет атқарады. Кішкентайдан үлкен желілерге дейін барлығын қалыпты жұмыспен қамтамасыз ететін кабельдердің әртүрлі типтері бар. Бірақ практикада көптеген желілер кабельдердің негізгі үш тобын қолданады:


  1. коаксиалды кабель (коаксиальный кабель- coaxial cable);

  2. қосақталған сым (витая пара- twisted pair);

  • экрандалмаған (неэкранированная- unshielded);

  • экрандалған (экранированная- shielded);

  1. оптикалық талшықталған кабель (оптоволоконный- fiber optic).

Коаксиалды кабель

Ең қарапайым коаксиалды кабель сыртқы қабығынан, мыс (core) сымдардан, изоляция және өткізгіш сымнан тұрады. Сонымен қатар, егер де кабель металл тоқыма қабығынан және өзінің фольгасынан тұрса, онда ол екі есе экрандалған кабель деп аталады. Қатты кедергі кезінде төрт есе экрандалған кабельді қолдануға болады. Ол екі қабат фольгадан және екі қабат металл тоқыма қабығынан тұрады. Кабельдің ішкі жағы резеңкеден, тефлон және пластиктен тұрады. Коаксиалды кабельдер кедергілерді жақсы ұстайды және қосақталған сымдарға қарағанда сигналдардың сөнуі аз кездеседі. Коаксиалды

кабельдердің екі типі бар:

  1. Жіңішке (тонкий- thinner) коаксиалды кабель;

  2. Жуан (толстый- thicknet) коаксиалды кабель.

Жіңішке коаксиалды кабель – диаметрі шамамен 0,5 см (0,25 дюйм) иілгіш кабель. Ол қолдануда оңай және практикада кез-келген желілер типіне сәйкес келеді. Компьютердің желілік адаптер (байланыстыру құрылғысы) тақшасына (плата) қосылады. Жіңішке коаксиалды кабель сигналдарды 185 м (607 фут) арақашықтыққа дейін береді.

Жуан коаксиалды кабель – диаметрі шамамен 1 см (0,5 дюйм) қатты кабель. Кейде бұл кабельді Ethernet желілік архитектурасында алғаш қолданғандықтан стандартты Ethernet деп атайды. Жіңішке коаксиалды кабельге қарағанда бұл кабельдің мыс сымдары жуан. Мыс сымдары жуан болған сайын олардың сигналды беру арақашықтығы да үлкен болады. Жуан коаксиалды кабель сигналдарды 500 м (1640 фут) арақашықтыққа дейін бере алады. Сондықтан да жуан коаксиалды кабельді кейде бірнеше жіңішке коаксиалды кабельдерден құрылған желілер үшін тіреу кабелі ретінде қолданылады.

Коаксиалды кабельдің екі типінің айырмашылығы

Кабель жуан болған сайын оны орналастыру қиын болады. Жіңішке кабель иілгіш болғандықтан, оны орналастыру қиын емес және қымбатта болмайды. Ал, жуан кабельді июге қиын, сонымен қатар оны жөндеу де қиынға соғады. Жуан коаксиалды кабель жіңішке кабельге қарағанда қымбат және ол сигналдарды үлкен арақашықтыққа береді.

Қосақталған сым

Ең қарапайым қосақталған сым бұл бір-бірімен айналған екі жеке мыс сымдарынан тұрады. Оның екі типі бар: экрандалмаған қосақталған сым және экрандалған қосақталған сым. Көптеген қосақталған сымдар бір ғана сақтау қапшығына орналасады. Мұндай кабельдерде олардың саны әртүрлі болуы мүмкін.


Экрандалмаған қосақталған сым жергілікті есептеу желісінде кеңінен қолданылады. Оның ұзындығы 100 м-ге (328 фут) дейін барады. Экрандалмаған қосақталған сым екі жеке мыс сымдарынан тұрады. Кейде бұл сымдарды телефон желісінде де қолданады. Экрандалмаған қосақталған сым арнайы стандартпен анықталған - Electronic Industries Assocation and the Telecommunications Industries Assocation (EIA/TIA) 568 Commercial Building Wiring Standard. EIA/TIA 568 кабельдің түрлі кезеңдеріне мінездеме бере отырып, өнімдерінің бірқалыптылығына кепіл береді.

Экрандалған қосақталған сым экрандалмаған сымдарға қарағанда сигналдарды сақтауды қамтамасыз ететін мыс тоқыма қапшығынан тұрады. Сонымен қатар сымдар фольгамен қапталған. Яғни, экрандалған қосақталған сым кедергілерден сақталынып, мәліметтерді өте жоғары жылдамдықпен үлкен қашықтықтарға жеткізе алады.

Оптикалық талшықталған кабель

Оптикалық талшықталған кабельде сандық мәліметтер оптикалық талшық бойымен модульденген жарық импульс ретінде беріледі. Оптикалық талшықталған кабельдер үлкен мәліметтер көлемімен жоғары жылдамдықта жұмыс істеуге арналған. Өйткені мұндағы сигналдар сөнбейді және бұрмаланбайды. Оптикалық талшық – сыртқы қабығы бар, шыны қапшықпен қапталған өте жіңішке шыны цилиндр. Әрбір оптикалық талшық сигналдарды бір бағытпен береді, сондықтан да кабель екі жеке талшық коннекторынан тұрады. Олардың бірі – сигналдарды беругі, ал екіншісі – қабылдауға арналған. Кабельдің қатты болуы пластикпен және кевлар талшығымен қапталған. Кевлар талшықтары екі кабельдің арасында орналасып, пластикпен жалғасқан.

Сигналдардың берілуі

Кодталған сигналдарды кабель бойынша беруде екі технология қолданылады: модульденбей берілу және модульденіп берілу.

Модульденбеген (немодулированные- baseband) жүйелер мәліметтерді сандық сигналдар түрінде береді. Сигналдар дискреттік электрлік немесе жарық импульстік түрінде ұсынылады. Мұндай әдісте коммуникациялық каналдың барлық көлемі бір импульсты беруде қолданылады. Басқаша айтқанда, сандық сигнал кабельдің барлық өткізу жолағын қолданады.

Ал, модульденген (модулированные- broadband) жүйелер мәліметтерді аналогтік сигналдар түрінде береді. Сигналдар аналогтік (үзіліссіз) электромагниттік немесе жарық электромагниттік толқын ретінде кодталады. Егер де өткізу жолағы жеткілікті болса, онда бір кабельден бірнеше жүйелер өте алады.

Желілердің жұмыс істеуі, ол – мәліметтердің бір компьютерден екінші компьютерге берілуі. Желілік операциялық жүйесі осындай жұмыстарды орындауда процедураның қатаң терімділігіне сүйенеді. Бұл процедуралар хаттамалар немесе тәртіптің ережесі деп аталады. Стандартты хаттамалар әртүрлі мекемелердің бағдарламалық және аппараттық қатынастарын реттейді. Екі негізгі терімді (набор) стандарт бар. Олар: OSI желілік моделі және оның IEEE Project 802 деп аталатын модификациясы.