Файл: Электромагниттік индукция былысы тарауы Дегейлік есептер 10 кл.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 51

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Электромагниттік индукция құбылысы тарауы 
Деңгейлік есептер 10 кл 
1- деңгей. 
1. Индукциясы 25 Тл болатын магнит өрісінде индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта ұзындығы 1,2 м өткізгіш 0,5 м/с жылдамдықпен қозғалады. Өткізгіш индукциясының ЭҚК-ін табыңдар. 
2. Индукцияның күш сызықтарына перпендикуляр бағытта ұзындығы 1,8 м өткізгіш 6 м/с жылдамдықпен қозғалады. Өткізгіш ндукциясының ЭҚК-і 1,44 В. Өрістің магниттік индукциясын табыңдар. 
3. Ток I =6 А кезінде магнит ағыны пайда болады. 
Сым орамының индуктивтілігі қандай? 
4.N=150 орамы бар катушка сымынан I=7,5 А ток жүргенде, болатын магнит ағыны пайда болады. Катушканың индуктивтілігі қандай? Катушкаға болат темірді енгізсек, оның индуктивтілігі өзгере ме? 
5. N=120 орамы бар катушкадан I=7,5 А ток өткендегі оның магнит ағыны , болса катушканың магнит өрісінің энергиясын анықтаңдар. 
2- деңгей 
1. N=100 орамнан тұратын катушкадағы магнит ағыны Тізбекті ажыратқанда катушкадағы индукцияның ЭҚК –і ε=4 В болса, магнит ағыны қанша уақытқа жоғалады? 
2 Кедергісі R= 4 Ом болатын өткізгіш магнит өрісінде орналасқан. 
Δt = 0,5 с аралығында өткізгіште I=0,3 А индукциялық ток пайда болады. Магнит ағынының өзгеруін анықтаңдар. 
3.Кедергілері R= 100 Ом, N=500 орамнан тұратын ауданы S = 5 см2 
катушка біртекті магнит өрісіне орналастырылған. Уақыт өтуімен 
магнит өрісінің индукциясы 0,7 Тл-дан 0,2 Тл-ға кемиді. Осы уақыт аралығында өткізгіште қандай заряд индукцияланған? 

Қызықты хаттар 
1- топ 

1.Өткізгіште индукция тогының пайда болуын тұңғыш анықтаған кім? 
2.Өткізгіштің жылдамдығының бағытын қарама-қарсы бағытқа өзгертсе, 
токтың бағыты қандай болады? 
3.Максвеллдің ұсынған идеясы қандай? 
------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
Қызықты хаттар 
2- топ 
1.Контурда пайда болатын индукцияның ЭҚК-і қандай шамаға тәуелді? 
2.Электр энергиясын өндіруші бөгде күш, яғни зарядталған бөлшек жылдамдық векторына перпендикуляр болғандықтан жұмыс жасамайтын қандай күш? 
3.Фарадей тәжірибесінен шығатын қорытынды қандай? 
------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
Қызықты хаттар 
3-топ 
1.Егер контурдың кедергісі 0-ге тең болса , магнит ағыны неге тең болады? 
2. Энергияның сақталу заңы орындалу үшін нені өзгерту керек? 
3.Ленц ережесін тұжырымда. 

Кім жылдам? /Тест тапсырмасы/ 
1.Индукциялық токтың бағытын анықтайтын ереже. 
А) Ампер В) Фарадей С) Максвелл Д) Ленц 
2.Ампер заңының негізгі формуласы 
А) F=BIl sin α В) F=mg h •sin α С) F=qυ B • sin α Д) F=JBR 

3.Магнит индукция векторы модулінің бет ауданына скаляр көбейтіндісі 
А) Ток ағыны В) Магнит ағыны 
С) Заряд ағыны Д) Бөлшектер ағыны 
4. Айнымалы құйынды магнит өрісі алдымен айнымалы құйынды электр 
өрісін туғызады, ол өріс контурда тыныштықтағы электрондардың 
бағытталған қозғалысын, яғни электр тогын туғызады.Бұл тұжырым: 
А) Ампер гипотезасы В) Лоренц гипотезасы 
С) Максвелл гипотезасы Д) Герц гипотезасы 
5. Көлемінің бірлік ауданына сәйкес келетін энергиямен анықталған шама. 
А) Энергияның көлемдік тығыздығы 
В) Энергияның аудандық тығыздығы 
С) Энергияның беттік тығыздығы 
Д) Энергияның бірлік тығыздығы 
6. Магнит өрісі тарапынан өткізгішке әрекет ететін күш бағытын анықтауға қолданылатын ереже: 
А) Оң қол ережесі В) Сол қол ережесі 
С) Оң бұранда ережесі Д) Ленц ережесі 
7. Магнит ағынының негізгі формуласы: 
А) Ф=B•S∙cosα В) Ф=B•S∙tg α С) Ф=I∙Δt Д) Ф= ε∙Δt 
8. Егер өткізгіш бойымен ток өзгерсе онда осы өткізгіште өздік индукция тогы пайда болады. Бұл құбылыс не деп аталады? 
А) Электромагниттік индукция В) Магнит ағыны 
С) Ленц ережесі Д) өздік индукция 
9. Сыртқы магнит өрісінің өзгерісі кезінде тұйық өткізгіште пайда болған 
индукциялық ток қалай аталады? 
А) Электромагниттік индукция В) Магнит ағыны 
С) Ленц ережесі Д) өздік индукция 
10. Максвеллдің тоериялық жолмен электромагниттік толқынның вакуумде таралу жылдамдығын анықтау формуласы 

« Құпия зат» 
1.Оның көмегімен тізбекті тұйықтап ,шамдардың қызуы бірдей болатындай етіп реттейміз . Ол қандай құрал? ( Реостат) 
2.Оған магнитті енгізу, суырып алу арқылы ток күшінің өзгерісін бақылауға болады. Ол қандай құрал ? ( Катушка)