Файл: Сынып 2 сынып Пн Денешынытыру Сабаты таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 283

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Дене шынықтыру Бекітемін

Бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасар: Г.Казиева

Күні: 4.02. 2019 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Қыдырбаева Ж.М.

Сынып: 2 «В»


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жұптық және топтық ойындар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.3.1 Қарапайым дене жаттығуларын орындау кезінде уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсетеді

Сабақ мақсаттары

Шағын диапазондағы дене жаттығуларының құрылымдық идеяларының тактикалары мен стратегияларын бағалай және қолдана алады.

Бағалау

критерийлері

Оқушылар шағын диапазондағы дене жаттығуларының құрылымдық идеяларының тактикалары мен стратегияларын біледі және сипаттай алады

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады: Адамның денсаулығы мен физикалық жай-күйін жақсартуға дене белсенділігі қалай көмектесе алатынын.талқылай алады.

Пән лексикасы және терминология:

• ойын-шабуыл, артық жүк тиелген ойындар, бейімделген ойындар

• • dribbling, пас, жалтару, жүгіру, лақтыру, басып алу

• жол-жөнекей ұстау, белгілеу, құлпы

• шабуылдаушы, қорғаушы, қарсыласы

• ұпайлар, мақсаттары, қағидалары

• тактика, стратегия

• бірлескен жұмыс

• допты меңгеру, допты жоғалтып алу

• әзірлеу, жасау

• рөлдер: ойынды құрушысы , ұйымдастырушы, көшбасшы, төреші, технологиялық картаны құрушысы

Пәнаралық

байланыстар

Дене және денсаулық ғылымдарымен байланыс, қауіпсіздік, салмақ/ағым динамикасы. Информатика (интернеттен ақпарат іздеу), математика (кеңістік, бағыт және бұрыш), биология (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физика (жылдамдық, салмақ, энергия), психология (шағын топтарда жұмыс жасау) пәндерімен байланыс.

АКТ қолдану

дағдылары

Ғаламтордан ақпарат табу үшін ноутбуктерді пайдалану, сабақты видео құралдарға жазып алу.

Бастапқы білім


Оқушылар үй мен мектеп бағдарламасынан тыс, сондай-ақ алдыңғы бөлімдер мен сыныптарда алынған меншікті негізгі қарым-қатынас дағдылары мен қозғалыс дағдыларын дамыта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың

басы

10 минут


Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі.

Сәлемдескеннен соң, оқушылармен келесі сұрақтарды талдайды:

- спорттық ойындарда қандай түрлерін білесіңдер?

- ойын тактикасы не екенін білесіңдер ме?

- ойын стратегиясы не екенін білесіңдер ме?

Әріқарай мұғалім сабақтың тақырыбын айтады: «Ойындағы жеке жіне командалық әрекеттер».

Мұғалім оқушылардың өздеріне оқу мақсаттарынан жетістік критерийлерін шығаруды ұсынады, оларды дайын критерийлермен салыстыртқызады.

(Б, Ж) Мұғалім жаттығуды өткізуді ұсынады. Оқушылармен бірге көшбасшыны таңдап, дене жүктемелеріне дайындау үшін, әртүрлі бұлшықеттер топтамасына жаттығу жасатқызады.

Әр әрекет үшін үлкен бос кеңістік.


Сабақтың ортасы

25 мин

(К) Мұғалім баскетбол ойынынан үзінді көруді ұсынады (сілтеме).

(К) Көрген бейнебаянды талқылау:

- Сары майкадағы команда шабуыл жасағанда қандай тактикалық әрекеттер жасайды?

( мұғалім ойынның нақты үзіндісін көрсетеді).

- ақ майкалы команда қорғаныста қандай стратегиялар қолданды?

( мұғалім ойыннның нақты үзіндісін көрсетеді).

(К, Т) Әрі қарай суреттер (1 команда баскетбол добының суреті, екінші команда волейбол добының сурет») арқылы сыныпты екі қомандаға бөледі.

Ойын үшін:

  1. «Допты 10 рет беру» (№3 қиықша).

Тапсырмаларға дескрипторлар:

- қарсылас команда алып қоймас үшін 10 рет допты өз командаластарына беру керек

- доптьы екі қолмен жүргізуге болмайды

  1. «Пингвиндер жүгірісі» » (№4 қиықша).

Тапсырмаларға дескрипторлар:

Әр оқушы:

- аяқтын ортасына баскетбол добын қыстырады

- баскетбол қалқанын айналып келеді

- жүгіріп өткен қатысушылар лектің соңына тұрады.

(К) Мұғалім ойынды талқылауды ұсынады.

- ойын барысында қандай тактикалық әрекеттер қолдандыңдар?

- қандай стратегиялар қолдандыңдар?

- ойын жағдайында барлығы жүзеге асты ма?

-ойын барысында қандай қиындыққа тап болдыңдар?

(К, Қ) Әрі қарай мұғалім командаларға ойын барысында «қарсыластарының» қолданған тактикалық әрекеттері мен стратегияларына қалыптастырушы бағалау жүргізуді сұрайды.

ФБ смайликтар арқылы орындалады: (өте жақсы – көнілді, жақсы – күлімсүреп, нашар - жылайтын).




Әр әрекет үшін үлкен бос кеңістік.

Ноутбуктар. Баскетбол ойынның 

мұғалімге ысқырық, смайликтар.

Сабақтың

соңы

10 минут

Сабақтың соңында оұушылар рефлексия жасайды:

  • Не білдім, не үйрендім

  • Не түсініксіз

  • Әлі де жұмыс жасау керек

Стикерлер, маркерлер, қаламсаптар.



Бекітемін

Бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасар: Г.Казиева


Күні: 12.02.2023 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Ж.Дюсенгалиева

Сынып: 2 «ә»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жұптық және топтық ойындар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.1.3.1 - қарапайым дене жаттығуларын орындау кезінде уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсетеді

Сабақ мақсаттары

Шағын ойын тапсырмалары бойынша топтарда қауіпсіз жұмыс істеу.

Негізгі шабуылдау стратегиялары мен тактикаларын бәсекелестік ойында қолданудың түрлі жолдарын ашу және табу.

Шабуыл кезінде шығармашыл болу қажеттілігін түсіну.

Жетістік критерийлері

Бастамашылық, қиялдылық және шығармашылықты көрсететін озық қорғаныс және шабуыл тактика және стратегияларды дамыту.

Озық шабуыл және қорғаныс стратегия және тактикаларды талдау және сынау.

Тілдік мақсаттар


  • шабуыл мен қорғаныстағы командалық жұмыс

  • жүгіру, жылдамдықты өзгерту, бағыт

  • пас, допты лақтыру

  • ойын қисыны

  • кеңістікте бағдарлану

  • допты жұлып алу

  • допты қорғау

Диалог / жазылымға арналған пайдалы сынып тілі:

Талқы мәселелері:

Сұраңыз: Команда шабуылын жетілдіру үшін жаңа тактиканы қалай жасай аласың? «Тез үзіліс» кезінде қай стратегия ең нәтижелі?

Сен неге ... айта аласың ба?

Ойын кезінде шығармашыл болу неге маңызды екенін айта аласың ба? Ойын барысында жаңа тактикалар мен стратегиялар дамыту неге маңызды екенін айта аласың ба?

Құндылықтарды дарыту

Адамгершілікке ,патриоттық сезімге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

  • Оқушылардың зейін шоғырландыру;

  • Қазатың ұлтық ойындар туралы бейнематериал көрсету.

Бастапқы білім

10 минут


Оқушылар сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттарда алдыңғы сыныптарда алған білімдері бойынша командалық спорттық ойындардағы білімдер мен дағдыларға ие.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


  • Оқушыларға сұрақ қою: Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты қандай деп ойлайсыз?

  • Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, оқу мақсаттарын анықтап алу;

  • Сабақ сонында күтілетің нәтижелерге тоқталу;

  • Баскетбол добымен орындалатын денені қыздыруға арналған жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларды орындау;

Арнайы созылу жаттығуларын өткізу

Кең, таза кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық, секундомер. Баскетбол добы және конустар


Сабақтың ортасы

11-15 минут

16-25 минут

26-35 минут


(Б, Т, Ф) Мұғалім қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізеді. Оқушылар баскетбол ойыны кезінде негізгі қауіпсіздік талаптарын қарастырады.

Б, Т, Ф) Оқушылар командаларға бөлінеді және бір-бірден екі параллель бағанға сап түзейді. Бағандар арасындағы арақашықтық - 3-4 м, ал бағандағы ойыншылар арасында – созылған қол ұзындығы. Әрбір бағанда бірінші ойыншылар қолдарына баскетбол добын ұстайды. Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші ойыншылар допты басынан асыра екінші ойыншыға береді, олар үшіншіге береді және бағанның соңына дейін солай жалғасады. Соңғы ойыншылар допты алып, өз бағандарын, оң жағынан айналып өтіп, бірінші болып тұрады және допты беру жалғасады. Ойын бірінші ойыншы бағандағы өз орнына, басына қайта оралған кезде аяқталады. Допты беруді және жүгірулерді бірінші болып аяқтаған команда жеңіске жетеді


http://hoops.com.ua/

http://www.offsport.ru/

http://worldofchildren.ru/

Доптар, мұғалімге арналған ысқырық, бос ойын кеңістігі

Сабақтың соңы

36-40 минут

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сандық артықшылық немесе кемшілікпен шабуыл кезінде қандай тактика мен стратегияларды қолданар едіңіздер?

Команданың жеңіске жету үшін тактикалқ шабуылдың маңыздылығын айтып беріңіздер?

Кең,таза кеңістік.





Бекітемін

Бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасар: Г.Казиева



Күні: 20.02.2023 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Г.Казиева

Сынып: 2 «а»

Қатысқандар cаны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көрнекті ойындар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір негізгі жолдарын анықтайды

2.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада жұмыс істей бастайды және өзіндік жұмыс жөніндегі білімді нығайтады

Сабақ мақсаттары

Қозғалыс қызметіндегі жаттығулар жинағын орындау, ойындардарөлдерді ажырату,дене дамуына ықпал ететін қарапайым жаттығуларды үнемі орындау.

Жетістік критерийлері

Ойындар барысында рөлдер мен міндеттерді ажыратады, дене дпмуына ықпал ететін жаттығуларды ойын барысында пайдасын талқылайды және сипаттайды.

Тілдік мақсаттар


Оқушыларды зерттеу диалогымен қамтамасыз ету (мысалы, жүгіру, тез жүру, жай жүру, жай серуендеп жүру,

теңселу, еңкею, созылу).

Құндылықтарды дарыту


Ойын барысында өзгелер көзқарасына құрмет және өзгелерге міндеті тарапынан жауапкершілік сезімі.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану,жас өспірімдер физиологиясы.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дене тәрбиесіндегі теориялық және практикалық сабақтарында қолдану (бейне, презентация, график, кесте, қосу динамикасы);

Алдын ала білу керек

Іс-қимыл белсенділігі кезінде денені бақылаудың іс-қимыл дағдыларының диапазоны бөлімнің барлық бөлігінде қолданылады: айналу, лақтыру, дриблинг, соққылар. Оқушыларға әртүрлі іс-шараларда шығармашылық тәсілдемені өздерінің іс-қимыл дағдыларын байланыстыру және топтық, жеке жұмыс барысында ережені, динамикалық өзгерістерді зерттеу арқылы таныту ұсынылады.

Жоспарлардағы әрекеттер.

Б = бүкілсыныптық жұмыс. Жж = жұптық жұмыс.

Тәж = оқушы тәжірибесі. Ф = формативті бағалаудың мүмкіндіктері.

Т = топтық жұмыс. Ж = жеке жұмыс. К = оқытушы көрсетеді.


Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Уақытты жоспарлау:

Дайындық бөлім: 8-10 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.

Қатардағы жаттығулар.

Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары.

Екі қатарға тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған жалпы дамыту жаттығуларды орындау. Буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға дайындау.

Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырғыш.



Сабақтың ортасы

«Ұсталмайтын бау»

(К, Г) Жерге ұзындығы 2 м бауды қояды, баудың екі жағынан оның ұштарына қарай бір-бірден жарысқа қатысушылар тұрады (бау ойыншылардың тізелерінің арасында болады).

Ойынның мазмұны. Ойыншылар жетекшінің нұсқаулығы бойынша әрекеттерді орындайды (қолдары алға, екі жаққа, жоғары, белге және т.б). Ойыншының сигналы бойынша ойыншылар жылдам иіледі және бауды аяқ астарынан суырып алуға тырысады.

Мұны бірінші орындайтын адам жеңеді.

Ойынды топпен жүргізуге болады.

(И, Г, П) Еденде диаметрі 40—60 см шеңбер сызылады. Шеңберде көздері байланған ойыншылар тұрады.

Жетекшінің сигналы бойынша ойыншы шеңберден шығып, 8 қадам алға басуы керек және қайтадан шеңберге келіп, 8 қадам артқа жасауы керек.

Шеңберге қайып келе алған ойыншы жеңеді.

Еркін ойын алаңы.

6-8 метр бау.

10-20 дана текше пішінді заттар, қалашықтар немесе конустар.
Спорткешені Авангард

http://avangardsport.at.ua/


Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім қозғалмалы ойындарды ойнаған кезде, әдеттегі қателерге, жетістіктерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі ойындарға балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, дағдыларын дамытуға нұсқаулар беру, бақылау.



Бекітемін

Бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасар: Г.Казиева

Күні: 27.02.2023ж

Сынып: 2 а

сабақ 66-67


Мектеп: Миялы орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Г.Казиева

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Көрнекті ойындар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір негізгі жолдарын анықтайды

2.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада жұмыс істей бастайды және өзіндік жұмыс жөніндегі білімді нығайтады

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: бойындағы спортқа деген қызығушылығы мен білімін арттырады

Көбі: Саламатты өмір салтына, отансүйгіштікке, ұйымшылдыққа,шапшаңдаққа ұйренеді

Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Бой сергіту жаттығулары.


Жүру жаттығулары:

Қолды белге тіреп, аяқтың ұшымен жүру;

Қолды желкеге қойып өкшемен жүру;

Қолды белге тіреп, аяқтың ішкі қырымен жүру;

Қолды белге тіреп, сыртқы қырымен жүру;

Қол белде жартылай отырып жүру;

Қол тізеде, толық отырып жүру,

Жүгіру жаттығулары:

Жеңіл жүгіріс

Оң жақ қырымен қолды алдыға айналдыра жүгіру;

Сол жақ қырымен қолды алдыға айналдыра жүгіру;

Қолды созып тізені жоғары көтеріп жүгіру;

Қолды жамбасқа қойып аяқты артқа серпіту;

Жай жүріп , демді қалыпқа келтіру.

Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-2-ге санату, 2-лер 2 қадам алға шығады, қолды созып арақашықтық сақтау.

Жалпы дамыту жаттығулары:

-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды белде ұстап басты оңға-солға, артқа-алға бұру.

-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды иыққа тірейміз.

1-2 иықты алға айналдырамыз, 3-4 артқа айналдырамыз.

-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды желкеге қоямыз.

1-2 денені оңға бұрамыз, 3-4 солға бұрамыз

-Бастапқы қалып. Қолды алға созып, қайшылату;

-Бастапқы қалып. Қолды жанына созып, білек буынын, шынтақ буынын, иық буындарын айналдыру.

-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып , қолды белде ұстап белді оңға-солға айналдыру;

-Осы қалыпта оң қолды жоғары көтеріп денені солға иілдіру, сол қолды жоғары көтеріп денені оңға иілдіру;

-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды тізеге қойып, аяқты ішке-сыртқа айналдырамыз.

Алдыға иіліп, оң қолды сол аяқтың ұшына, сол қолды оң аяқтың ұшына алма кезек жеткізу.

Қолды жоғары көтеріп терең дем алып, қолды төмен түсіру.

Негізгі бөлім:

Оқушыларды екі топқа бөлу.Аталған топқа ат қою.

1-топ-«Қыран» тобы

2-топ- «Барыс» тобы

1. Картоп отырғызу.

Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып, кедергілерден өтіп, қолдарындағы кішкене доптарын шеңбер ішіне қалдырып, тік жүгіріп келеді. Келесі ойыншыға қол береді, ойын осылай жалғасады. Жүгіріп келген ойыншы саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.



Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.

Сабақтың ортасы

8 минут


1 минут

5 минут

3 минут

16 минут


Жаңа сабақты түсіндіру

Картоп жинау.

Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып, кедергілерден өтіп, шеңбер ішіндегі кішкене доптарды алып тіке жүгіріп келеді. Келесі ойыншыға қол береді, ойын осылай жалғасады. Жүгіріп келген ойыншы саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.

3. Кенгіру.

Мұғалімнің белгісі бойынша кедергілер арқылы үлкен доппен секіріп, қайтып тіке секіріп келу. Секіріп келген ойыншы допты келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.

4. Допты бастан асырып беру.

Бастаушының қолында доп болады. Мұғалімнің белгісі бойынша допты басынан асырып екіншіге, екінші-

үшіншіге, осылай соңындағыларға бере береді. Ең соңғы ойыншы допты ала салып, жүгіріп келіп бастаушының алдына тұра қалып, допты одан әрі жалғастырады. Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады.

Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.

5. Допты аяқтың астынан беру.

Ойын шарты жоғарыдағыдай, бірақ ойыншылар аяқтың арасынан береді. Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады.

Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.
Ұлттық ойындар:

Күш сынаспақ 
Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады. 
Тауық күрес. 
Балалар екі топқа бөлінеді.Осы екі топтан екі бала шығып ,кәдімгідей күреседі.Оның ең қызығыда,басқаша күрестен айырмасы да –тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп,иықтарын қағып күресуінде.Бұл күрес балалардың нық басып,орнықты жүруін жетілдіреді.Күрестің 1 аяғн тізесін бүгіп,мата белбеуін байлап тастайды.Қайсысы сүрініп жығылса ,сол ұтылады. 


Сергіту сәті

Сұрақ парақшалары.

Оқулық, дәптерлер.

Ойын ойнайық.

Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.




Смайликтер