ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 308
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқушылардан әңгімені тыңдап, тексеруге болатын фактілерді немесе біреулердің пікірлерін жазып алуды/оларға жауап беруді сұраңыз. Олар өз шешімдерін негіздеп, кез келген күрделі мәселелерді талқылауы тиіс.
Оқушылардан мәтіннен негізгі сөздер немесе тіркестерді белгілі бір санын (және одан көп емес), мысалы алтауын тауып, жазуды сұраңыз. 6-дан артық болмауы тиіс екенін айқын түсіндіріңіз.
Оқушылардан ақпаратты диаграмма, логикалық сызба, кесте, график сияқты арнайы құралдың көмегімен жазуды сұраңыз (мысалы, кім, не, қайда, қашан, қалай және неліктен немесе себебі, салдары, әсері, орналасқан орны).
Мұқият тыңдауды модельдеңіз.
«Тазалық кері байланысы»
«Таңғалдыру сәттері»
Сөз бен сөйлемдегі ойдың құрылымын, сипатын, табиғатын бейнелі де көркем суреттей жеткізетін суырыпсалма тапқырлық пен ұшқыр қиялға негізделген. Белгілі бір тақырыптағы сөзге не сөйлемге қатысты өзіндік тапқырлығы мен еркін қиялына ерік беріледі.
«Талқылау тəсілдері»
Оқушыларға жазу мен оқу бойынша тапсырмаға берілетін уақыт сияқты ауызша пікірталасқа берілетін уақыт та мұқият құрылымдалуы керек. Төменде талқылауды құрылымдауға көмектесетін əдіс-тəсілдер тізімі берілген.
Төрт бұрыш Əр бұрышқа әртүрлі пікір ілінеді. Оқушылар өздерінің жауаптарына жақын бұрышқа барып тұра алады: мысалы, толықтай келісемін, келісемін, келіспеймін, толықтай келіспеймін.
Сократ шеңбері Екі шеңбер, бірінің ішінде бірі. «Ішкі шеңбердегі» оқушылар тақырыпқа қатысты мәселені сұрақ-жауап арқылы талқылайды, ал «сыртқы шеңбер» оларды тыңдап, дəптерлеріне ескертпе жасап отырады және талқылау соңында өз пікірлерін айтады. Мұғалім оларды сырттан
бақылап, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы пікірталасты қажетті арнаға бұрып отырады. Шеңбердегі оқушылар белгілі бір уақыт өткен соң рөлдерімен алмасуына болады.
Шеңберге жиналатын уақыт Оқушылар орындықтарды шеңбер етіп сынып ортасына қояды. Тақырып/сұрақ/сөйлем беріледі, оған оқушылар жауап беру керек. Алайда олар белгіленген затты ұстап тұрмаса, сөйлей алмайды. Бұл тапсырмада мұғалім барлық оқушының бір кісідей қатысып отырғанына көз жеткізу үшін қатаң түрде бақылайды, сондай-ақ оқушыларға қай кезде сөйлеу керектігіне қатысты өздерінің шешім қабылдауына мүмкіндік береді.
Попкорн Оқушылар сыныптағы ауызша кері байланысты басқарады,
қай кезде орнынан тұрып жауап беру керек екендігін шешеді. Егер бірнеше оқушы қатар тұрса, онда оқушылар кімнің бірінші болып сөйлейтінін шешуі қажет.
ТӨДК Сыныптастардың пікірін тыңдай отырып, оқушылар берілген пікірді ТОЛЫҚТЫРЫП, ӨЗГЕРТІП, ДАМЫТЫП немесе КҮРДЕЛЕНДІРЕ алатынын шешуі керек. Барлық оқушылар қалай жауап беретіндерін шешуі қажет, ал мұғалім олар таңдаған мəнерде жауап беру үшін бір оқушыны таңдайды.
«Тақырыптық теннис»
Тақырыпқа сай бір сөзден айтып, әр топ сол сөздің мағынасын ашып отырады.
«Тапқыштар»
Ойын мақсаты: Әр түрлі тақырыптағы астарлы сұрақтарға жауап іздеу арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту.
Тапқырларға арналған әзіл викторина:
Елекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)
Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)
Есік пен терезенің арасында не тұр? («пен» тұр)
Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай қай ай? (Май- үш әріптен тұрады)
Қай өзен ең қорқынышты ? («Тигр» өзені)
Страус өзін құспын деп айта алады ма? (Жоқ, ол сөйлей алмайды)
Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)
Жасыл доп Сары теңізге құласа не болады? (су болады)
Қай қолмен шайды араластырған дұрыс? (шайды қасықпен араластырған дұрыс)
Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)
Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады.)
«ТВ шоу»
Мұғалім жүргізуші оқушылармен, түрлі кейіпкерлермен сөйлескендей тақырыпты талқылайды. Аудитория сұрақтар қояды, талқылауға қатысады, құрдастар бағалайды және т.б. Бұл Ньюзнайт, Опра, Паркинсон, Монтель және т.б. стилінде болуы мүмкін. Панель отбасылық және т.б. күйіндегі шоу.
«Телебағдарлама жүргізушісі»
Мұғалім бүгін ерекше телестудияға баратындарын хабарлайды. Ол жерде оқушылар өздері қалаған телебағдарлама жүргізушісі болуға мүмкіндіктері болатынын айтады. Бір сынып бөлмесін бірнеше бағдарлама реквизиттерімен дайындап қоюға болады. Мысалы:
«Айтуға оңай» бағдарламасында «Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері» бас қосады. Жүргізуші олардың әрқайсысын тыңдап, проблемаларын айтқызу керек.
«Әйел бақыты» бағдарламасына «Бақытсыз Жамал», «Қамар сұлу», «Қалың мал», «Ақбілек» кейіпкерлері келіп, өз оқиғаларын баяндайды.
«Телетайп»
Қатысушылар бір-бірінің қолынан ұстап шеңберде тұрады. Бір қатысушы адресін айтып телеграмма жібереді. Телеграмма айтылған адамның адресіне байқатпай қол қысу арқылы жіберіледі. Ортада тұрған жүргізушінің міндеті - белгі арқылы кетіп бара жатқан телеграмма кімнің қолында екенін табу. Ұсталып қалған ойыншы ортаға тұрады.
«Терминдер конверті»
Ортаға өз қалауларымен 10 оқушы шығады. Мұғалімнің қолындағы 10 конвертті алып, әрқайсысы ішіндегі 10 терминді сыныптастарына түсіндіру керек. Терминнің өзін айтпайды. Тек сол жайлы айтады. Сыныптастар қандай термин екенін табу керек. Бұл емтиханға дайындыққа жақсы көмектеседі.
«ТИІМДІ СҰРАҚ-ЖАУАП ЖҮРГІЗУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ»
Мүмкіндігінше көп оқушыларды қамтыңыз
Әр түрлі мақсатқа бағытталған сұрақтарды пайдаланыңыз;
Барынша көп оқушы жауап бере алуы үшін ашық сұрақ қойыңыз;
Жеке тақта, сан жазылған карточкалар және т.б. сияқты ресурстарды
пайдаланыңыз;
Қарым-қатынас орнатуды қиынсынатын оқушылар үшін ым-ишара, белгілерді
пайдаланыңыз;
Ойлануға уақыт беру үшін жауап алар алдында үзіліс жасаңыз;
Тек «дұрыс» жауапты естігенге дейін ғана емес, бірнеше оқушының жауабын
тыңдаңыз.
Әртүрлі ашық және жабық сұрақтар қойылуын қамтамасыз етіңіз
Түйінді сұрақтарды алдын ала жоспарлаңыз;
Келесілер бойынша сұрақ қойыңыз:
нақты деректі есте сақтау,
нақты деректі қолдану, мысалы, «Белгілі бір сезім-күйді білдіру үшін қандай
етістіктерді қолдана аламын?»
болжам жасау, мысалы, «Кейіпкердің сөйлеген сөзіне қарап ол туралы не айта аласың?» амалдарды жоспарлау және салыстыру, мысалы, «Өз шығармаңда көңіл-күй одағайларын қалай қолдандың?» нәтижеге түсініктеме беру, мысалы, «Диалогқа қарап, одан қандай ақпарат ала аламыз?» логиканы қолдану.
Бірнеше жауабы бар сұрақ қойыңыз, мысалы, «Шығарма кейіпкерінің мінез-құлқы туралы не айта аласың?
Сұрақтар оқу мақсатындағы ілгерілеуді бағалау үшін қолданылатынына көз жеткізіңіз
Түсінігі мен білімін тексеру үшін сұрақ қойыңыз;
Оқушылардың қате түсінуін анықтау үшін сұрақтарға назар аударыңыз;
Түсінуді бағалау үшін бүкіл сыныппен талқылауды пайдаланыңыз және келесі сабақта ескеретін мәселелерді анықтаңыз.
Оқушыларға ойлануға және өз идеяларын талқылауға жеткілікті уақыт берілгеніне көз жеткізіңіз
Оқушыларға жұппен немесе топта талқылауға уақыт беріңіз (Ойлан-Жұптас-Бөліс);
Оқушылардың қалай жауап беретіндігі туралы нақты болжам жасаңыз – ол әртүрлі болуы мүмкін;
Оқушылардың жауап беруіне дейінгі уақытты сақтаңыз (10-ға дейін санаңыз);
Сабақ жоспарында талқылауға арналған уақыттың қарастырылуын қадағалаңыз.
«Топтық кері байланыс»
Сыныптастардың жұмысын бағалауға қатысты топтық кері байланыс мұғалімге оқудағы қажеттіліктерді қарапайым түрде анықтауға көмектесе алады. Егер топ кері байланыс ұсынатын болса, бұл мәселеге назар аудартып, жүйелендірілген, талқыланған тапсырмаларға қатысты ақпарат береді (сонда мұғалім қайталауға арналған жаттығуларды азырақ бере алады).
«Төрт сөйлем»
Бұл тәсіл арқылы оқушылар тақырып туралы пікірлерін білдіреді:
Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңді бір сөйлеммен айтыңдар немесе жазыңдар.
Дәлел. Пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер.
Мысал. Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңдер.
Қорытынды. Аңыз мазмұны бойынша қорытынды шығарыңдар.
«Тұлғаны танып біл»
Мұғалім оқушыларға парақтар таратады, оларға Қазақстан тарихында елеулі із қалдырған кемеңгер адамдардың (саясаткерлер, өнер және әдебиет қайраткерлері және т.б) портреттері жапсырылған. Ойыншылар 5-6 адамннан топтарға бөлініп отырады. Балалар портреттердегі тұлғаның аты-жөнін, тарихтағы рөлін, қызмет ету кезеңін, оның атына байланысты оқиғаларды, ол жазған шығармаларды және т.б. естеріне түсіруі тиіс. Топ ішінде талдау 5 минуттан аспайды. Өз тобын топтың бір мүшесі қорғайды.
«Түзетулер»
Сіз бағаламастан бұрын, оқушылардың өз жұмыстарын түзеткендеріне дәлел келтіруді талап ете отырып, түсініктеме беру арқылы жауапты қайта тұжырымдауға және бағалауға назар аударыңыз (бұған уақыт бөліңіз).
«Түйінді сәттер»
Ауызша тапсырмалармен қатар, жазбаша тапсырмаларды әзірлеген кезде бұларды орындау оқушылар оқып жатқан тапсырмалардың түйінді сәттерін түсінуге және дамытуға әкелетін болсын.
«Түсініксіз тармақ»
Оқушылар өздеріне онша түсінікті емес бір немесе екі тармақты жазады. Бұл өткен сабақта оқылған материал, қалған бөлімнің, алдыңғы жаттығудың материалы және т.б. болуы мүмкін. Содан кейін мұғалім мен сынып осындай тармақтарды түсіндіру жолдарын іздестіреді.
«Түсініктеме арқылы бағалау»
Түсініктеме арқылы бағалау оқушыларға марапатқа немесе жазалауға тіреліп қалмай (баға қойғандағы сияқты), назарларын алға басу мен дамуға, аударуға мүмкіндік береді.
Түсініктемелерді оқулықтарда, оқулықтардың басындағы кестелерде, оқу күнделіктерінде немесе журналда қалдыруға болады. Соңғылары мұғалім мен оқушыларға түсініктемелердің көбеюі мен жақсаруын қадағалауда көмектеседі.