Файл: 14 жалпы білім беретін орта мектебіні дене трбиесі пніні малімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.12.2023

Просмотров: 18

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

№14 жалпы білім беретін орта мектебінің

дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

Алтынбеков Бахытбекке

Пікір

«Ұстаздық - ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу - үлкен абырой, басты борыш деп есептеймін.

Мұғалім - мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу - абыройлы іс. Ұстаз – киелі мамандық. Осындай мамандық иесінің бірі Алтынбеков Бахытбек өз ісін жетік меңгерген сауатты маман, қазіргі заманға сай әдіс – тәсілдерді қолдана білетін ұстаз .

Бахытбек Алтынбекұлы шәкірттері мен әріптестері арасында сыйлы , инабатты, ізденуден, үйренуден бірде – бір жалықпайтын «талантты өсіретін – талап» екенін көруге болады. Биікке қарай, қанаты талмай, самғай ұша беретін ұстаздың бірі.

Жаратылыс тану бағыттағы әдістемелік пән бірлестігінің құрамында жұмыс атқарып жүріп өзінің кәсіби шеберлігін, педагогикалық іс-тәжірибесінің озық үлгісін көрсете білді. Өз пәнінен оқушы қызығушылығын арттыруда қолданатын әдіс-тәсілдері – ұстаз еңбегінің таптырмас құралы.

Сынып жетекші ретінде де атқарған жұмыстарынан мін таппайсың. Үнемі ізденіс үстінде, сыныбының психологиялық ахуалын қалыпты жағдайда ұстайды.

Бахытбек Алтынбекұлы өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ұстаз. Тапсырылған кез – келген шаруаны тыңғылықты тындыруға асығады.

Бахытбек Алтынбекұлы - жаны таза, ұқыпты адам. Эстетикалық талғамы жоғары, адамгершілігі биік. Жақсы сырлас. Ақыл – парасаты өмірде көрген – білгендігімен ұштасып жатады. Төрт баланың әкесі, отбасында, ұжымында сыйлы жан. Әріптестерімен тату, керек жағдайда көмек қолын созады, ешкімге жамандық ойламайды. Орынды әзіл – қалжыңды сүйеді. Өзіндік мәдениеті жоғары деңгейде.

Мен Бахытбек Алтынбекұлы туралы мінезі ашық, дос көңілді, текті адам деген пікірдемін.
Информатика пәнінің мұғалімі:

Алменова А.Т