Файл: Презентация жасау Таырыбындаы сабаа зіндік талдау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 85

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Жоба жұмысына презентация жасау»Тақырыбындағы сабаққаӨзіндік талдау3 «д» сыныбына информатика пәнінен 4 бөлім бойынша Презентациялар, су-өмірдің қайнар көзі.Сыныпта барлығы 13 оқушы және барлық оқушы сабаққа қатысты. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсат: мәтін мен бейнені қамтитын қарапайым таныстырылымдар жасау; Қолданбалы программаларда «Ыстық» пернелерді қолдану.Қорытынды практикалық жұмыс сабағы. «Жоба жұмысына презентация жасау» тақырыбы 4 сабақ Сабақтың мақсаты:Барлық оқушы үшін:Power Point программасын іске қосады, презентацияға мәтін мен бейнені қою командаларын қолданады.Көптеген оқушылар үшін:Мәтін мен бейнені пайдаланып «ыстық» пернелерді қолданады.Кейбір оқушылар үшін: Мәтін мен бейнені қамтитын таныстырылымдар жасайдыСабақтың кезеңдері 3 бөлімнен қарастырылады1 бөлім Қызығушылықты ояту Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру Үй жұмысын тексерілді2 топқа флешка әдісі арқылы бөліңдіБағалау парағы берілдіМағына ашу бөлімі Миға шабуыл әдісі арқылы сұрақтар қойылдыЖеке жұмыс гениали бағдарламасы арқылы өткенді еске түсіру мақсатында сұрақтар қойылдыБағалау Өте жақсы Жақсы Талпын арқылы бағаланды 2-ші тапсырма топтық жұмыс сәйкестендіру тапсырмасы 7баллОй қозғау практикалық жұмыс Су біздің байлығымыз атты жоба жұмысын жасалды 3 баллОқушылар топтың ішінен жақсы жасалған слайдты таңдап өз жұмысын қорғадыКері байланыс ретінде оқушылар өз бағаларын айтып бүгінгі сабаққа байланысты өз ойларын айттыАлдымен classroomscreen бағдарламасы арқылы оқушылардың көңіл-күйлерін тексеріп сыныпта жағымды ахуал туғыздым. Кейін оқушыларды «флешка» әдісі арқылы 2 топқа бөлдім сосын үйге берілген «109 бет Ойлан » тапсырмасын тексердім. Оқушыларға бағалау парағы берілдіСабақты «Миға шабуыл» әдісі арқылы бастадым. Өткен тақырыпты қайталау мақсатында «Genially» бағдарламасында интерактивті тақтада оқушылар сұрақтарға жауап берді. 2-ші тапсырма ретінде сәйкестендіру тапсырмалары топтарға берілді. Топтар бір-бірін жұмыстарын тексеріп қошеметтеу арқылы бағалады. 3-ші тапсырма PowerPoint-та қолданылатын «ыстық» пернелерді «learningapps» бағдарламасы арқылы оқушылар жеке орындады. Сабақты әрі қарай 4-ші практикалық тапсырма PowerPoint программасында «су-біздің байлығымыз» тақырыбында оқулықта берілген жоба жұмысын дайындады.
Сабақтың соңғы бөлігінде оқушыларға сабақтың басында таратылған флешкаларға стикерлерді жабыстырып бүгінгі сабақтан алған әсерлерін және «БББ» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан білемін, білдім, білгім келеді деп ұсыныстарын да жаза қалдырды. Бұл парақтарды мен қарап оқушылардың түсінбеген жерлері мен ұсыныстарын келесі сабақта түсіндіріп, қосымша мәлімет беремін.Сабақтың соңында интерактивті тақтада «classroomscreen» бағдарламасы арқылы оқушылардың бүгінгі сабақтың қалай өткені туралы смайликтер арқылы бағалады. Сабақ бағалау парақ әдісімен бағалау арқылы аяқталды және үйге тапсырма берілді.