Файл: Реферат таырыбы Махатма Ганди Орындаан Асенова ралай С. Аманжолов атындаы Шу жоары колледжіні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 33

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қорытынды

Үндістанның азаттығы жолында Махатма Ганди жалғыз күресті десек қателескен болар едік. М.Гандидей рухы биік ұлы тұлғаны жебеп, желеп жүрген Үндістан халқының небір тамаша перзенттері тарихта аты өшпес кітапқа өз есімдерін алтын әріптермен қалдырды. Есімдерін атайтын болсақ олар мыналар:

Ең алдымен М.Гандидің күрескер серігі, Үндістанның тұңғыш Премьер-Министрі Джавахарлал Неру, халық Конгресінің белгілі көшбасшылары - Бепин Чандра Лал, Л.Л. Рай, Гопал Кришна Гөкхале, Балангадхар Тилак, Рабиндранат Тагор, Патель, Раджендра Прасад, Сарат Чандра Бос, С.Раджагопалачария, Асаф Али, Джагдживан Рам, Джон Маттхай, Мтилал Неру, Аббас тьябджи, М.Р. Джайякар, т.б. есімдерін зор құрметпен ауызға алуға болады (бұл деректер "ЖЗЛ" сериясы бойынша А.Горев, В. Зимяниннің Неру, Москва, "Молодоя гвардия", 1980 г. жарық көрген кітабынан алынды).

Тәуелсіз Үндістанның бүгінгі халқының саны ол тұста 300 миллионның о жақ, бұ жағында еді және халқының 90 пайызы ауылды жерде тұратын (бұл да сонда). Сол соңғы көрсеткіштегі халық тұтастай Махатма Гандидің соңынан ерген және оны әулие тұтқанының өзінен көп нәрсені аңғаруға болады. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның негізгі тұрғыны қазақтардың да дені бүгінге дейін ауылды жерде тұратыны қай-қайсысымызды ойлантқаны жөн сияқты.

"Үндістан мен Пәкстан арасындағы алғашқы дау-жанжал кезінде 1947 жылдың 31 наурызында Делиге вице-королі Маутбэттеннің арнайы шақыруымен келген М.Ганди:

- Егер Халық Конгресі Үндістанның екіге бөлінуіне дауыс беретін болса, онда олар менің өлігімнің үстінен аттап барып қана ондай қадам жасай алады. Тірі кезімде Үндістанның екіге бөлінуіне өліп бара жатсам да жол бермеймін!" - деген ( 307-6.).

Махатма Гандиді аса құрметтеген Джавахарлал Неру ол туралы 1926 жылы былай деген: "Ганди - крестьяндық көзқарасы бар, дүние-мүлік, киім-кешегі де содан аумаған ұлы крестьянин... Ганди көсем ретінде аспаннан түсе қалған жоқ. Миллиондаған аш-жалаңаш қарапайым халықтың арасынан шықты, солардың мұңын мұңдады, жоғын жоқтады. Оның өзі айтқандай "басты арманы - барлық адамдардың көз жасын құрғату" еді (121-бет).

"Махатма Ганди 1948 жылдың 30 қаңтары күні немерелері Ава мен Мануды қасына алып, қашанғысындай тап-таза ақ киімін үстіне іліп, бақ ішіндегі Жаратқанға жалбарыну орнына ақырын басып келе жатады. Сағат тілі тура 17 сағат 17 минутты көрсетіп тұр еді. Үстіне хаки киген бейтаныс бір адам топтан суырылып алға шығып М.Гандиге:


- Бүгін сіз кешігіп қалдыңыз.

- Иә, - деп ақырын дауысымен асықпай жауап бере берген көсемге қатарынан екі рет оқ атылады. Ол оқтың бірі - дәл жүрекке, екіншісі - ішін көктей өткен еді.

- Құдайым-ай!.. - деген жалғыз ауыз сөзге ғана келген Махатма Гандидің шыттай таза ақ киімі қызыл қанға боялып, ұлы тұлға мәңгілікке көз жұмады..."

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Жуков Е. Махатма Гандидің тарихи рөлі туралы. - Жаңа заман, М.,1956г. №6

2. Ульяновский Р.А. Мохандас Карамчанд Ганди. М., 1986г

3. Литман А.Д. Современная индийская философия. Москва, «Мысль», 1985г.

4. Дж. Неру. Открытие Индий. М., 1956г.

5. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 2 том. А.,1999ж

6. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 2 том. А., 2005г.

7. Ганди М.К. Менің өмірім. М.,1959г.

8. Намбудирипад Е.М. Махатма Ганди және гандизм. М., 1960г

9. Ганди М.К. Статьи, речи, интервью. М., 1975г.

10. Синха Н.К. Банерджи А.Ч. История Индий. М., 1954г.

11. Азад А. Индия добивается свободы. М., 1961г.

12. Неру Дж. Взгляд на всемирную истрию. М., «Прогресс», 1975г.

13. Ковальев И.М. Судьбы Индийских племен. М., «Наука», 1982г.

14. Бэшем А. Чудо которым была Индия. М. «Наука» 1987г.