Файл: Экономика негіздері жне ксіпкерлік пні бойынша тест тапсырмалары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 94

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Экономика негіздері және кәсіпкерлік» пәні бойынша тест тапсырмалары



Сұрақтар

1

Экономикалық циклдардың типтері Дж. Китчиннің «қысқа мерзімді» толқындарының ұзақтылығы (Китчин циклы):

1. 3-4 жылға дейін

2. 15 -12 жылға дейін

3. 17-19-ға дейін
4. 4-5 жыл
5. 40-60-қа дейін

2

Макроэкономикалық талдаудың негізгі мәселелері:

1. Жекелеген тұтынушылардың іс-әрекеті

2. Жалақы мөлшері

3. Өндіріс шығындарының құрылымы

4. Баға деңгейі

5. Өндіріс тиімділігін арттыру

3

Мемлекеттік бюджеттің дефициті орын алады, егер:

1. Мемлекеттік шығындар салықтан түскен табыстан көп болса.

2. Салықтан түскен табыс мемлекеттік шығындардан көп болса.

3. Салықтан түскен табыс тұтынуға кеткен шығындардан көп болса.

4. Салықтан түскен табыс инвестициялардан көп болса.

5. Мемлекеттік шығындар салықтан түскен табыстан аз болса.


4

Қарапайым ұдайы өндіріс:

1. Барлық тауарлар өндірісін жаңарту.

2. Өндірісті жыл сайын қысқарту.

3. Өспелі масштабта өндірісті жаңарту.

4. Еңбек ресурстарын өндірісте көбірек пайдалану.

5. Тұрақты масштабта өндірісті қайталау.

5

Интенсивті өндірісті сипаттайтын:

1. Ресурс санын өзгертпестен технологияны жақсарту.

2. Тұрақты технология жағдайында қосымша ресурстарды тарту.

3. Жиынтық ішкі өнімнің қысқаруы.

4. Тұрақты масштабта өндірісті қайталау.

5. Экономикадағы дағдарыс.

6

Индукция дегеніміз:

1. Экономикалық құбылыстарға тарихи көзқарас.

2. Жалпы жағдайға жеке құбылысты негіздеу.

3. Экспериментті ғылыми негіздеу.

4. Экономика-математикалық моделдерді дайындау.

5. Жекеге негіздеп жалпы жағдайды анықтау.

7

Дедукция дегеніміз:

1. Жалпы жағдайға жеке құбылысты негіздеу.

2. Жеке құбылыс приециптері негізінде жалпыны анықтау.

3. Қысқартылған пікір.

4.Экономикалық процестерді модельдеу.

5. Экономикалық процестерге тарихи көзқарас.

8

Талдау әдісі немен сипатталады:
1. Экономикалық құбылысты қарапайым элементтерге жіктеу.

2. Элементтерді тұтас біріктіру.

3. Жалпы жағдайды логикалық қалыптастыру.

4.Эксперимент жасау.

5. Экономикалық процестерді модельдеу.


9

Алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі қалай сипатталады:
1. Сауда мен көпестіктің оқшаулануы.

2. Қолөнердің оқшаулануы.

3. Егін шаруашылығы мен мал шаруашылығының оқшаулануы.

4. Өндірістің оқшаулануы.

5. Өнім өндірушілердің оқшаулануы.


10

Екінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісі қалай сипатталады:
1. Егін шаруашылығы оқшаулануы.

2. Қолөнердің оқшаулануы.

3. Сауда мен көпестіктің оқшаулануы.

4. Мал шаруашылығының оқшаулануы.

5. Өсімқорлықтың оқшаулануы.


11

Үшінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісі қалай сипатталады:
1. Сауда мен көпестіктің оқшаулануы.

2. Өсімқорлықтың оқшаулануы.

3. Егін шаруашылығы оқшаулануы.

4. Мал шаруашылығының оқшаулануы.

5. Қолөнердің оқшаулануы.


12

Тауар құны деген не :
1. Тауар өндіруде жұмсалған еңбек.

2. Тауар пайдалылығы.

3. Тауардың айырбасталу қасиеті.

4. Тауардың сиректігі.

5. Адам қажеттілігін өтеу қасиеті.


13

Тауардың айырбас құны деген не:
1. Баға.

2. Белгілі мөлшер мен пропорцияда тауардың айырбасталу қасиеті.

3. Сиректігі.

4. Пайдалылығы.

5. Сұраныс.


14

Тауарлар мен қызметтердің импорты да, экспорты да жоқ экономика, бұл:
1. Аралас экономика

  1. Дәстүрлі экономика

  2. Постиндустриалды экономика

  3. Жабық экономика

  4. Ашық экономика




15

Филлипс қисығы инфляция мен ненің байланысын мазмұндайды:
1. Экономикалық өсудің

2. Ақша ұсынысының

3. Нақты пайыздық мөлшерлеменің

4. Пайыз деңгейінің

5. Жұмыссыздық деңгейінің


16

Экстенсивті даму көзі не:
1. Өндірісті ұйымдастыруды жақсарту.

2. Еңбек өнімділігін жоғарылату.

3. Жаңа техника.

4. Еңбек квалифиациясын жоғарылату.

5. Жұмысшы санын өсіру.


17

Ақшаның қандай қызметі бағаны анықтайды:
1. Құн өлшемі.

2. Айналым құралы.

3. Жинақтау құралы.

4. Төлем құралы.

5. Әлемдік ақша.


18

Ақшаның қай қызметін тек алтын орындай алады:
1. Қазына жасау құралы.

2. Айналым құралы.

3. Төлем құралы.

4. Құн өлшемі.

5. Әлемдік ақша.


19

Жабық экономикада таза экспорт неге тең:
1. Экспорттық тауарлардың құнына.

2. Мемлекеттік жинағына.

3. Халықтың жинағына.

4. Импорттық тауарлардың құнына.

5. Нөлге.


20

Экономикалық игіліктер дегеніміз:
1. Бағаны қалыптастыру процесі

2. Экономиканы басқарудың шаралық жиынтығы

3. Техникалар және тауар қызметтерін өндірудің тәсілдері

4. Адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтер

5. Қоғамдағы адамдардың материалдық жағдайын қамтамасыз ету


21

Экономикалық мәселе жартылай нарықпен, жартылай үкіметпен шешілсе, экономика:
1. Аралас.

2. Нарықтық.

3. Дәстүрлі.

4. Командалық.

5. Өтпелі.


22

Экономикалық циклдің фазаларына жатпайды

1. Инфляция

2. Рецессия

3. Құлдырау

4. Өсу

5. Жандану


23

Экономикалық жүйе келесі фундаментальды сұрақтарды шешеді:
1. Не, қалай, кім үшін.

2. Қалай ,неге, кім үшін.

3. Қашан, қайда,кім.

4. Кім, неге, не үшін.

5. Инфляция мен жұмыссыздықты жою мәселелерін.


24

Оукен заңына сәйкес жұмыссыздықтың табиғи деңгейден екі процентке артуы жалпы ұлттық өнімнің реалды жалпы ұлттық өнімнен қанша қалыс қалатындығын көрсетеді:
1. 2%.

2. 3%.

3. 4%.

4. 5%.

5. 5%-тен жоғары.


25

Постиндустриалды жүйе белгілері:
1. Тиімді технология, ақпаратпен қамтамасыз етілген, қызмет көрсету сферасы дамыған экономика.

2. Ауыл шаруашылығы дамыған және қол еңбек басым экономика

3. Машиналы өндіріс өнеркәсібі мен еңбек бөлінісіне негізделген экономика.

4. Дәстүрге негізделген экономика.

5. Аграрлы-индустриалды.


26

Сұраныс икемді болу үшін:
1. Сұраныс көлемінің проценттік өзгерісі баға өзгерісінен жоғары болуы керек.

2. Сұраныс графигі көлденең орналасады.

3. Сұраныс графигі вертикаль орналасады.

4. Сұраныс көлемі өзгерісі баға өзгерісінен төмен болуы тиіс.

5. Сұраныс көлемі мен баға өзгерісі тең.


27

Нарықтық шаруашылықтың негізгі субъектілері:
1. Үй шаруашылығы, фирма және мемлекет.

2. Өнеркәсіп өндірісі мен қарыз капиталы иелері.

3. Жалдамалы жұмысшылар, капиталисткр, жер иелері.

4. Форфор өндірісі.

5. Кәсіподақ, кәсіпкерлер бірлестігі, мемлекеттік институттар.

28

Қайсысы нарықтың механизм құрылымы элементі бола алмайды:
1. Бәсеке.

2. Сұраныс.

3. Ұсыныс.

4. Жоғарыдан жоспарлау.

5. Баға.


29

Монопсония:
1. Нарықтағы бір сатушы.

2. Нарықтағы бір сатып алушы.

3. Нарықтағы көп сатушы.

4. Нарықтағы көп тұтынушы.

5. Бірнеше сатушы мен тұтынушы.


30

Жетілген және монополиялық бәсекелі нарықтарға ортақ белгі:
1. Көптеген тұтынушылар мен сатушылардың болуы.

2. Біртекті өнім сатылады.

3. Дифференциалданған өнім сатылады.

4. Жоғары технологиялы нарық.

5. Әр фирма баға дискриминациясына кездеседі.


31

Сұраныс заңы:
1. Сұраныстың бағалық емес факторға тәуелділігі.

2. Сұраныс көлемі мен баға арасындағы тура байланыс.

3. Сұраныстың бағаға тәуелділігі.

4. Сұраныс көлемі мен баға арасындағы кері байланыс.

5. Бағаның сұранысқа тәуелділігі.


32

Сұраныс көлемінің кемуі ненің әсерінен болуы мүмкін:
1. Ұсыныстың өсуінен.

2. Бағаның өсуінен.

3. Ұсыныстың кемуінен.

4. Бағаның төменденуінен.

5. Бағалық емес факторлар әсерінен.


33

Жаңа компьютер бағасының өсуі тұтынылған компьютерге деген сұранысты:
1. Көлбеулетеді (графигін).

2. Солға орын ауыстырады.

3. Оңға орын ауыстырады.

4. Вертикаль көтереді.

5. Өзгеріссіз қалдырады.


34

Өндіріске қажетті материалдар бағасының жоғарлауы:
1. Ұсыныс графигін солға (жоғары) жылжытады.

2. Сұраныс графигін төмен (солға) жылжытады.

3. Ұсыныс графигін оңға (төмен) жылжытады.

4. Сұраныс графигін.

5. Сұраныс графигін вертикаль жылжытады.


35

Ұсыныс заңы :
1. Баға мен сатылатын тауар саны арасындағы тура байланыс.

2. Баға мен сатылатын тауар саны арасындағы кері байланыс.

3. Бірін – бірі толықтыратын және алмастыратын тауарлар арасындағы байланыс.

4. Тауардың икемділігін өлшейді.

5. Ұсыныстың ресурс құнына тәуелділігін көрсетеді.


36

Ұсыныс графигі:
1. Сатушылар ұсынатын әртүрлі бағадағы тауар санын көрсетеді.

2. Қор мөлшерін көрсетеді.

3. Фирма пайдасын көрсетеді.

4. Өндірушілер санын көрсетеді.

5. Өндіруші алатын кірісті көрсетеді.


37

Тауарлар мен қызметтер нарығы тепе – теңдікте болады, егер:
1. Сұраныс ұсынысқа тең болмаса.

2. Тұтынушылар мен сатушылар саны тұрақты болса.

3. Сұраныс көлемі ұсыныс көлеміне тең болса.

4. Баға тұтынушыны да өндірушіні де қанағаттандырса.

5. ЖҰӨ тұрақты болса.

38

Жұмысын жоғалтқан шахтёрлар (көмірді мұнай, газ, атом энергиясы ығыстырады) мамандық бойынша жұмыс таба алмайды. Бұндай жұмыссыздық:
1. Фрикционды.

2. Циклды.

3. Құрылымдық.

4. Маусымдық.

5. Жасырын.


39

Игілікке сұраныс икемді, егер баға бойынша сұраныс икемділігінің коэффиценті:
1. Ed > 1.

2. Ed < 1.

3. Ed = 0.

4. Ed =1.

5. Ed = ∞.

40.

Дефляция- бұл:
1. Тауарлар мен қызметтердің баға деңгейінің жалпы төмендеуі.

2. Экономикадағы бағаның жоғарылауы

3. Ұлттық валюта курсының төмендеуі

4. Ақшаны сатып алу қабілетінің төмендеуі

5. Экономикадағы ақшаның жалпы өсу қарқыны

41.

Экономикалық теорияның қызметі :
1. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі .

2. Техникалар және тауар қызметтері.

3. Материалдық шектелген ресурстар қызметтері.

4. Ұлттық нарықтың даму қызметі

5. Бағаны қалыптастыру қызметі.


42

Нарықтың кемшілігі:
1. Шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі

2. Қоғамда теңсіздікті туғызады.

3. Нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге ынталы

4. Қоғамдық өндірісті әлсіз, икемсіз, қабілетсіз кәсіпкерлерден тазартады

5. Шығындарды азайту және пайдалану көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолданады


43

М1, М2, М3 ақша агрегаттарын қандай белгіге қарап бөледі:
1. Ликвидтілік деңгейіне байланысты.

2. Айналыс жылдамдығына байланысты.

3. Инфляцияға бейімділігіне байланысты.

4. Атқаратын функцияларына байланысты.

5. Агрегатталу деңгейіне қарай.


44.

Қайсысын мемлекеттік шығынға жатқызуға болады:
1. Космосты зерттеу шығыны.

2. Баланы жеке меншік жоғарғы оқу орынында оқыту шығыны.

3. Коммуналдық қызмет шығыны.

4. Жеке меншік үй құрылысы.

5. Офисті жөндеу шығыны.


45

Банктік резервті реттеу қай саясаттың инструменті:
1. Әлеуметтік саясаттың.

2. Фискалдық саясаттың.

3. Экологиялық саясаттың.

4. Ақша-несие саясатының.

5. Сыртқы экономикалық саясаттың.


46.

Қандай жұмыссыздық қайта дайындықты және квалификацияны жоғарылатуды талап етеді:
1.Фрикционды.

2. Құрылымдық.

3. Циклдік.

4. Маусымдық.

5. Мәжбүрлік.


47.

Егер экономика тұтас жүйе ретінде қарастырылса:
1. Микроэкономикалық.

2. Позитивті.

3. Макроэкономикалық.

4. Негативті.

5. Дедуктивті.


48.

Экономикалық циклдың фазалары келесі:
1. Дағдарыс, депрессия, жандану, өрлеу

2. Өсу, регрессия, азаю, ұлғаю

3. Инфляция, тапшылық, қарқындау

4. Диагностика, зерттеу, өндіру, сату

5. Пайдалану, өткізу, жеткізу, ұйымдастыру







4. Айналым көлемі;

5. Жұмысшылыр саны.


186

Калькуляция дегеніміз не?
1.Өндірістік фондтарды қалпына келтіруге кеткен амортизациялық төлемдер;

2. Мемлекеттік және әлеуметтік сақтандыру төлемдері;

3. Тауардық бағасын анықтау;

4. Сандық және сапалық талдау;

5.Шығындар баптары бойынша өнімнің өзіндік бірліктерін анықтау.


187

Белгілі бір өнімнің рыноктағы жағдайын және кәсіпорынның рентабельділік деңгейін бейнелейтін не?
1. Өзіндік құн;

2. Баға;

3. Калькуляция;

4. Төлемдер;

5. Шығындарды есептеу.


188

ЖШС –ның ерекшеліктеріне төмендегілердің қайсы кірмейді?
1. Жеке тұлғалардың тікелей қатысуы;

2. Қатысушылар басқа қатысушылардың келісімісіз шыға алады;

3. Жарғылық капиталдағы өзүлесін басқа қатысушыға сатуға немесе беруге құқылы;

4. Бір адам құралады ;

5. Дұрыс жауап жоқ.


189

Акционерлік қоғамды басқаруға қатысу құқығы:
1. Мұндай құқық жоқ;

2. Мүліктік құқық;

3. Қатысу құқық;

4. Дивиденд алу құқығы;

5. Жеке құқық.


190

Кәсіпкерлік әрекет немен жүргізіледі?
1. Кәсіпкердің тек мүліктік жауапкершілігімен

2. Кәсіпкердің атынан тек тәуекел үшін

3.Кәсіпкердің атынан тәуекел үшін және мүліктік жауапкершіліксіз

4.Кәсіпкердің атынан емес тәуекел үшін және мүліктік жауапкершілікпен

5.Кәсіпкердің атынан тәуекелімен және мүліктік жауапкершілікпен


191

Кәсіпкерлік неге бағытталған қызмет?
1. Заңнамалық тұлғалардың қызметіне бағытталған

2. Жеке тұлғалардың қызметіне бағытталған

3. Жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бағытталған

4. Жеке және заңды тұлғалардың таза табысына бағытталған

5. Жеке тұлғалардың таза табысына бағытталған


192

Инновациялық қызметтің жаңа немесе жетілдірілген өнім, технологиялық үрдіс түрінде іске асырылған нәтижесі – ол:
1. Ноу-хау;

2. Инновация;

3. Өнертапқыштық;

4. Инновациялық қызмет;

5. Барлық жауап дұрыс.

193

Саудалық, сауда-көтерме сатып алу, сауда делдалдық, тауар биржалары кәсіпкерліктің қай түріне жатады?
1. Өндірістік;

2. Қаржылық;

3. Коммерциялық;

4. Кеңес беру;

5. Дұрыс жауап жоқ.


194

Тауарға қайсысы жатады?
1. Қызмет көрсету;

2. Физикалық объекттер, қызметтер, орындар, ұйымдар мен идеялар;

3. Ұйымдар мен идеялар;

4. Ешқайсысы;

5. Барлығы.


195

Тұтынушы білмейтін немесе оларды сатып алуға ойланбайтын тауарлар қай түріне жатады?
1. Пассивті сұраныс тауарлары;

2. Күнделікті сұраныс тауарлары;

3. Алдын-ала таңдау тауарлары;

4. Ерекше сұраныс тауарлары;

5. Тұтыну тауарлары.


196

Кәсіпкерлік қабілеттілік адамдардың ерекше таланттығын анықтап, оны түсіну үшін кәсіпкердің қандай қызметін түсіну керек?
1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, себебі орындаған жұмысы мен көрсеткен қызметі табыс беретініне сенеді;

2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және кәсіпорынның іс-бағытын айқындайды;

3. Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін адам;

4. Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын адам;

5. Барлығын.


197

Кез-келген шаруашылық қызметтегі ерекше белгісі ретінде не саналады?
1. Инновациялық тәсіл;

2. Инноватика;

3. Жаңа технология;

4. Экономикалық бәсеке;

5. Бәсекеге қабілеттілік.


198

Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің серіктестіктерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тәуекелге қандай қызмет салады?
1. Тәуекелге бару қызметі;

2. Басқару қызметі;

3. Экономикалық қызметі;

4. Ұйымдастыру қызметі;

5. Новаторлық қызметі.


199

Нарыққа бағытталу туралы қаржылық шаруашылық талдау жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік – бұл ....
1. Қаржылық кәсіпкерлік;

2. Кеңес беру кәсіпкерлігі;

3. Коммерциялық кәсіпкерлік;

4. Сақтандыру кәсіпкерлігі;

5. Делдалдық кәсіпкерлік


200

Ж.Б.Сэй қай жылдары кәсіпкерлік қызметтің мәні мен оның қоғамдағы ролін қашан көтерді?
1. 1812 ж.;

2. 1815 ж.;

3. 1810 ж.;

4. 1811 ж.;

5. 1814 ж.