ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 863
Скачиваний: 24
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
137г
26 - с у р е т. I амниоталардың ұрық қабықтарының бір-
тіндеп даму сатысы, II дамып келе жатқан кесіртке.
1 — эктодерма, 2 — энтодерма, 3—мезодерма, 4— ішек қуысы, 5 — дененің ұрықтан тыс қуысы; 6—амнион, 7—амниота қуысы — амниота сұйықтығының ішінде жүзіп жүрген ұрық, 8—сероза, 9 — аллантоис, 10 — сары уыз қапшықшасы.
II 1 —амнион, 2 —аллантоис, 3 — сары уыз, 4—сероза
Мұны сары заттың қан айналу шеңбері деп атайды. Ұрық өсе келе сары заттағы, басқа бөлімдеріндегі қан тамырларының торы жойылады. Аллантоис ұрықтың артқы ішегінің құрсақ жақ қабырғасынан шығатын қапшық тәрізді тұйық зат. Аллантоис дами келе сары уыз қапшығы мен сероз кабығының аралығына жабыса өскен үлкен қапшықшаға ұқсайды. Дамуының соңғы кезінде аллантоис ұрықты және сары зат қапшығын бүтіндей қоршап алады.
Аллантоис екі түрлі қызмет атқарады: біріншіден — тыныс алу органдарының қызметін атқарса, екіншіден — ұрық қуығы болып саналады. Аллантоис тек қана зәр затын жинайтын пассив орган емес, зәрдің құрамындағы артық суды сорып алып, қан тамырлары арқылы денеге түсіріп, одан зәр арқылы организмнен бөлінуіне себепші болатын орган. Одан басқа зат алма-су кезінде пайда болған заттардын, бір бөлігі газ түрінде организмнен бөлінуіне себепші болады. Бұл жұмыртқадағы негізгі энергия көзі болып саналатын май тотыққанда су мен көмір қышқыл газы бөлінетін процеске негізделген. Амфибилер мен салыстырғанда рептилилерде белоктың мөлшері әлде қайда аз болады.
Қорыта келгенде рептилилердің жұмыртқаларының құры-лысы мен дамуының мынандай бейімделушіліктерді көруге болады: 1) жұмыртқаның известі және талшықты қабықтары, жұмыртқа сұйықтығын ағып кетуден, кебуден, механикалық зақым
138
келтіруден сақтайды; 2) жұмыртқаның қоректік затқа сары уызға бай болуы, оның личинка арқылы дамымай, тура дамуын камтамасыз етеді; 3) жұмыртқаның гигроскопиялық қасиеті сыртқы ортадан жүмыртқаға судьщ өтуіне себеп болады; 4) кейбір түрлерінде суға бай белоктың болуы және сары уызында майдың көп болуы, жұмыртқада су қорының жеткілікті болуын қамтамасыз етеді; 5) амниотикалық қуыста сүйық заттың болуы ұрыққа қалыпты жағдай туғызады және оны механикалық әсерлерден сақтайды; 6) Ұрық сыртының түрліше қабықтармен капталып тұруы (аллантоис), оның тыныс алуына және зат алмасуда пайда болған газдарды сыртқа шығаруға себепкер болады. Рептилилердің көбеюіндегі бұл сияқты ерекшеліктер, олардың құрлыққа тіршілік етуге көшуіне әсер еткен.
Рептилилердің көпшілігі ұрықтанған жұмыртқалар салып көбейеді. Жұмыртқаларын күн қызуы жақсы түсетін, азды көп-ті дымқылы бар топырақтан жасаған ұяларына салады. Шірі-ген ағаш түбіріне, өсімдік үйінділерінің арасына жұмыртқасын салатын түрлері де кездеседі. Америка крокодилі батпақты то-пырақтан шұңқыр қазып, соған жұмыртқасын салады да үстін есімдіктер шіріндісімен жауып тастайды.
Әдетте рептилилер жұмыртқалағасын одан ары қарай қам-қорлық жасамайды. Бірақ, кейбір крокодилдер, жұмыртқала-ған “ұяларының” маңайында болып оны басқа зиянды жануарлардан қорғайды. Ұрғашы питондар жұмыртқаларын денесімен орап жатады. Бұл кезде біріншіден, олар жұмыртқаларьы қорғаса, екіншіден, жұмыртқаларының дамуын тұрақты жылылықпен қамтамасыз етеді. Питондар ұясынын, жылылығы оның айналасындағы орталықтың жылылығынан +10°, +12° артық болады. Ешкіемерлердің ұрғашылары да жұмыртқаларын қориды.
Рептилилердің кейбіреулері балаларын тірі тауып та көбе-йеді. Бұл кезде ұрықтанған жұмыртқа өзінің барлык даму ста-диясын жұмыртқа жолында өткізеді де, анасының денесінен шығысымен жұмыртқасының қабығы жарылып дүниеге кіш-кене рептилий келеді. Мұндай жардай — сұр жыландарда, тірі туатын кесірткелерде (Lасегtа vіvірага) және ұршық тэрізділерде (Апgиіз fгаgіlіз) байқалады.
Сарыбас жыландардың жұмыртқаларының құрсақта болу мерзіміне қарай сыртқы орталықта дамуы 30 күннен 60 күнге дейін созылады. Сөйтіп, тірі жұмыртқа туу ұрықтанған жү-мыртқаның құрсақта болу уақытына байланысты. Тірі жұмырт-ка туу қасиеті мына рептилилерде де болады, мысалы, құм жыданында, теңіз жыландарында көптеген сарыбас жыландарда, кесірткелерде тірі жұмыртқа салады. Крокодилдер мен тасбақаларда тірі жұмыртқа туу ешқашанда байқалмайды.
139
Таулы жерлерде және солтүстікте тірі туатын рептилилер-дің көбірек тарағаны анықталған. Рептилилердің кейбір түрле-рі әр түрлі табиғат жағдайында көбейеді. Мысалы, бір түрлі та-биғат жағдайында жұмыртқа салып көбейсе, ал екінші бір жағдайда тірі туады. Мысалы, тибет жұмырбастысы (Рһгупосерһаlиs tһеоЬаldі) биіктігі 2000—3 000 м жерде жұмыртқа туып көбейсе, биіктігі 4 000—5 000 м жерде тіршілік еткендері тірі туып көбейеді.
Рептилилердің кейбір түрлерінің тірі тууы климаттың сал-қын болуының себебінен болу керек. Жұмыртқа анасының құрсағында жатқанда дамуына керекті бір қалыпты және жоғары температурамен қамтамасыз етіледі. Дене температурасы тұрақты болатын сүт қоректілерден рептилилердің айырмашылығы, бұлардың ұрғашылары күн-шуақты пайдаланып, ұрық дамуына қажет тұрақты температура жасауға әрекет етеді.
Кейбір рептилилердің (теңіз жыландары, кейбір хамелеон-дар) тірі тууына себепші болатын қосымша жағдай, олардың суда, ормандарда және жер астында тіршілік етуі.
Рептилилер жұмыртқаны көп салмайды. Жұмыртқасының санының 100-ге жетуі, немесе одан көп болуы сирек кездеседі. Мұндай жағдай ірі крокодилдерде, тасбақаларда және жылан-дарда байқалады. Әдетте рептилилердің жұмыртқасының саны 20—30-дан аспайды, ұсақ кесірткелер 1—2 ғана жұмыртқа салады. Тасбақалар бір жазда бірнеше рет жұмыртқа салатыны белгілі.
Крокодилдер, тасбақалар 6—7 жасқа толғанда, жыландар 3—4 жасқа толғанда, кесірткелер 1 жасқа толып, екінші жасқа кеткенде, ал кейбір ұсақ рептилилерде 9—10 айда жыныс без-дері пісіп-жетіледі.
РЕПТИЛИЛЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Адам үшін рептилилердің қаншалықты маңызы бар екені әлі толық анықталмаған. Әйткенмен кесірткелердің көпшілігі зиянды насекомдарды және моллюскалармен, оның ішінде зи-яндыларымен қоректеніп, пайда келтіреді. Бірқатар жыландар кемірушілерді жеп, пайда келтіреді. Американың және Оңтүс-тік Азияның кейбір жерлерінде, кемірушілерді жеп құртатын үй маңайындағы усыз жыландарды сақтауға тырысады. Қытай-да ірі полоздарды (Еіарһе sсһгепсki) асырап, егеуқұйрықтарды кұртады.
Пайдалы жақтарымен қатар, кейбір жыландар пайдалы жа-нуарларды жеп, зиянын да тигізеді. Мысалы, сарыбас жыландар бақаны, кейде балықтарды жеп зияндарын тигізеді. Оқ жылан көптеген пайдалы кесірткелерді жойып жібереді. Су, батпақ тасбақасы және жұмсақ терілі тасбақалар да балық-тарды жеп зиян келтіреді. Дала тасбақасы орта Азияда бақша өсімдікте-
140
рінің, мақта өсімдіктерінің және жоңышқаның жас сабақтарын
жеп зиянын тигізеді. Әйткенмен олардың қаншалықты пайда-
лы, немесе зиянды екенін анықтау үшін арнайы зерттеулер жүргізу керек. Әсіресе жыландар мен кесірткелердің ролін анықтау керек. Өйткені алуан түрлі жыландар әрі пайдалы, әрі зиянды насекомдар, бақалар, тышқандармен қоректенеді.
Крокодилдер балықтарды қырады, құстарды, үй малдарын
жейді, кейде адамға да шабуыл жасайды. Көптеген улы жыландардың уы адамға өте қауіпті болмаса да, шаққан жері ұзақ уақыт қатты ауырады. Шаққанда адам өміріне қауіп төндіретін жыландар да аз емес. Осындай улы жыландарға Орта Азияның оңтүстігінде кездесетін сұр кобра (Маjа охіапа) құмэфасы (Есһіs сагіпаtиs), Орта Азияда және Закавказьеде кездесетін қара жылан (Vірега Іеlеtіпа), Закавказьенің шығысында болатын
армян сұржыланы (V. гаddеі), мүйіз тұмсық сұржылан (V. аmmоditеs) жатады. Бұлардың шаққаны көпшілік жағдайда өліммен аяқталады. Шаққаны аса қауіпті емес жыландарға:кәдімгі сұржылан (V. Ьеrus) СССР-дің Европалық бөлімінде (Кавказда, Орта Азияда) кездеседі. Қалқан тұмсықты жылан (Апсіstгоdоп һаlуs) Еділ өзені жаға-лауында, оңтүстік Закавказьеде, Орта Азияда, Қазақстанда оңтүстік Сибирьде, Тынық мұхиттың жағалауына дейін тараған. Оқ жылан (Тарһгоmеtароп Ііпеоlаtит) Орта Азия мен Қазақстанда кездеседі. Бұл жыландар шаққанда адам өлімі өте сирек болады, әйткенмен өте қатты ауыртады.
Тасбақалардың етін адам тамаққа пайдалаиады. XVIII— XIX ғасырларда мұхиттардың аралдарында тіршілік еткен құр-лықтың ірі тасбақаларын дәмді еттері үшін кеме командала-рының матростары ұстап, жеп құртқан. Жұмсақ терілі тасба-қаларды еті үшін қытайлықтар мен жапондықтар аулайды. Біз-дің дала тасбақасының етін де жеуге болады.
Крокодилдердің терісімен чемодандарды қаптайды, одан портфельдер және бірнеше бұйымдар жасалады. Кейбір тасбақалардың (каретте, немесе бисса) мүйізді қабыршақтарынан тарақтар, көзілдірік оправаларын т. б. бұйымдар жасайды.
5. Қласс. ҚҰСТАР (Аvеs)
Құстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұшуға бейім-делген ерекше маманданған бұтағы деуге болады. Құстар генетикалық жағынан рептилилерге жақын, оның прогрессивті бұтағы. Құстарды рептилилерден ажыратуға болатын белгілері: а) құстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, сондықтан олар әр түрлі жағдайларга бейімделіп, мінез-қылықтарын өзгертеді. б) денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының реттелуінің дұрыс болуына байланысты температурасының жоғары және тұракты болуына әкеліп соқ-
141
кан. в) ауа кеңістігінде ұшу қабілеті көпшілігінің қозғалу, я өрмелеу қабілетін жоймаған. г) көбеюі біршама жетілген (жұ-мыртқаларын басуы және балапандарын қоректендіруі).
Құстардың көрсетілген прогрессивтік белгілері, кластың жастығына қарамай олардың жер шарының алуан түрлі тірші-, лік орталықтарына тарауына мүмкіндік туғызған. Қазіргі уа- қытта құстардың 31 отрядқа топтасатын 8000-нан аса түрі бар.) ал қазіргі кезде амфибилердің — 2800, рептилилердің — 5500 түрі ғана тіршілік ететіні белгілі.
Құстар морфологиялық жағынан денесінің қауырсынмен қапталуымен алдыңғы аяқтарының қанатқа айналғандығы-мен, сүйектерінің ішінде куыс болумен, ми сауытының шүйдесіндегі бұдырының болумен жүрегінің төрт камералы, оның оң жағында бір ғана аорта доғасының болуымен сипатталады. Құстардың тісі болмайды, олардың қызметін мүйізді тұмсықтары атқарады.
ҚҰСТАРДЫҢ ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ
Тері жамылғысы және оның туындылары. Құстардың терісі жұқа, оның сыртқы эпидермисқкабаты нашар жетілген Тері қабатында ешқандай бездері және сүйекті туындылары болмайды, тек қана құйрық түбірінің үстіңгі жағында құймышақ безі болады. Оның шығарған секрет заттары қауырсындарды майлап, оған су жұқпайтын етеді. Құймышақ безі су құстарында жақсы дамыған, құрлықта тіршілік ететін кұстарда болмайды. Сүйекті туындыларының болмауына байланысты эпидермистің түрін өзгерткен түрлі мүйізденген туындылары тері бетінде көп кездеседі. Мысалы, жоғарғы және төменгі жақтарының үсті азды-көпті болсын мүйізденген қапшықпен қапталып, тұмсықты құрайды. Тырнақтары мен сирақтарының сыртын мүйізді қабыршақтар қаптаған. Құстардың көпшілік түрлерінің денесі бір тегіс қауырсынмен қапталып тұрмайды. Қауырсыны бар жерін птерилия, ал денесінің қауырсыны жоқ жерін, немесе сирек кездесетін жерін аптерия деп атайды
Құс қауырсындары құрылысына және атқаратын қызметіне қарай түрліше болады. Денесінің сыртын қалыпты (контурный) қауырсын жауып тұрады. Ол негізгі қаламнан және оның екі жағында симметриялы орналасқан азды-көпті пластинка опахаладан тұрады Қауырсынның теріге еніп тұратын бөлімін (очин) қалам қауырсын дейді. Қауырсын сабағының жоғарғы пәр бекіген бөлімі сабағы деп аталады. Пәр ұзын бірінші дәрежедегі мұртшалардан және оған орнаған кішкене екінші дәрежедегі мұртшалардан қалыптасады. Екінші дәрежедегі кіші мұртшалардың ұсақ, көптеген ілмешектері болады. Осы ілмешектер өз ара байланысып, бір серіппелі тақташа желпеуіш құрайды.
Қалыпты — контурлы қауырсын бүкіл денесін сыртынан жа-уып тұрады. Бұл қауырсындар құстың денесін сыртқы механи-142
калық әрекеттерден және дене жылуының азаюынан сақ-тайды.Құстың қанаттары мен құйрығы осы қауырсындардан қалыптасады. Бұл қауырсындарды орналасу жерлеріне қарай бірнеше топтарға бөледі. Мысалы, екі қанатының артқы жиектеріне орналасқан ұзын қауырсындарды — қақпа (маховые) қауырсындар, кұйрығындағы ұзын қанаттарын бағыттаушы ,(руль) қауырсындар, қанатының үстін жауып жататын кауырсындары — қанат үстін жабушы, құйрық үсті қауырсындар деп аталады.
Қалыпты қауырсындардың астыңғы жағында ұсақ — ма-лық, қауырсындар орналасады. Бұл кауырсындардың сабағы жіңішке, екінші дәрежедегі ұсақ мұртшалары жоқ, сондықтан олардан серіппелі тұтасқан пластинкалар калыптаспайды. Кейбір мамық қауырсындардьщ сабағы өте жіңішке болады, сондықтан мұртшалары сабақтың жоғарғы жағында бір шоқ болып орналасады. Мүндай мамық қауырсындарды —