ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 860

Скачиваний: 24

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазіргі кездегі рептилилердің көпшілігі жер бетінде тіршілік ететін жануарларға жатады. Олар жер бетіндегі түрлі ортаның түрліше жағдайында тіршілік етеді. Оларды кұмды, топырақты, тасты шөлдерден, қалың шөптің арасынан, орманнан, батпақты т. б. жерлерден кездестіруге болады. Әйткенмен, көпшілігі күн көзі көбірек түсетін, қозғалысына кедергі келтіретін өсімдігі болмайтын ашық жерлерді мекендейді.

Рептилилердің қозғалу тәсілі де түрліше болады. Оның бір-қатары ғана жер бауырлап қозғалады да қалған түрлері денесін жер бетінен жоғары көтеріп қозғалады. Ондай рептилилерге крокодилдер, ешкіемерлер, басқа кесірткенің көптеген түрлері, тасбақалар жатады.Агама, игуандар және австралияның плащты кесірткесі (Сһlаmіdоsаигиs) артқы екі аяғымен біраз жерге жүре алады. Мұндай рептилилер мезозой заманында өліп біткен түрлердің ішінде көп болған.

Құмды шөлде тіршілік ететін рептилилердің, құммен тез қозғалына мүмкіндік беретін саусақтарында мүйізді өсінді тіс-шелері болады. Саусақтарындағы мұндай бейімделушілік ага-маларда, геккондарда кесірткелерде және игуандарда кездеседі. Геккондардың (Раlтаlоgесko гапgі) Оңтүстік Африканың құмды даласында мекендейтін бір түрінің саусақтарының арасында тері жарғақтары болады.

Рептилердің бірсыпырасы қалың шөптің арасымен тез қоз-ғалуға бейімделген. Ондай рептилилердің денесі жылан тәрізді ұзынша, сонымен қатар аяғы да болмайды.Мұндай ерекшелік жыландардан тіпті айқын байқалады, олардың аяқтарының ре-

133

дукцияға ұшырауымен қатар, артқы және алдыңғы белдеу сү-йектері де жойылып кеткен. Артқы аяқтарының қалдығы (рудименті) айдаһарларда, соқырларда (Турһіоріdае), маржан жыландарда (Jіуsіа) сақталған. Кесірткелердің ішінде аяқтары мүлдем жоқ түрлері де кездеседі. Оған мысал етіп бізде кезде-сетін веретеницианы айтуға болады. Ал сары бауыр жыландарда артқы аяқтарының рудименті сақталған. Сонымен қатар аяқтары өте нашар жетілген түрлері де бар. Ондай рептилилерге жалаңаш көз (Аbleрһаrus), халцидті (Сһаlсіdеs) жатқызуға болады.

Бірсыпыра рептилилер өмірінің бірқатарын жер астында өткізеді, енді бір түрлері басқа жануарлардың бос індерінде, жердің жарығына еніп тіршілік етеді. Жерді қазуға да түрліше бейімделген. Дала тасбақасы інді алдыңғы аяғымен қазады, ал кейбір түрлері алдыңғы аяғымен қазып, басымен топырақты итеріп шығарады. Құм айдаһарлары (Егіх) құмға тез сүңгіп, оның беткі қабатымен оңай қоғалады Жер_астында тіршілік ететін рептилилердің денесі ұзынша, аяғы болмайды және қабыршағы тегіс болады, немесе тіпті болмайды. Көзі нашар жетілген, немесе көз болмайды. Оған мысал ретінде
соқырлар (Турһlорs) мен амфисбендерді (Аmарһізbаепісdае) айтуға болады.

Жұмыр басты көсірткелердің құмның астына енуінде өзін-дік ерекшелік бар. Олардың сүйірленген денесінің екі бүйірін-де тері қабыршақпен қапталған тері өсіндісі болады. Жаула-рынан қорғанған кезде олар жерге жабысып, денесін оңға және солға иген кезде сол өсінділер топырақты кесірткенің үс-тіне қарай шашып, оның денесін жасырады. Мұндай бейімделушілікті жыланның кейбір түрлерінен де (мүйізді сұржылан, эфа) байқауға болады.

Рептилилердің ішінде тік жартастарға, ағаштардың басына оңай өрмелеп шығатын көптеген түрлері бар. Гекконның көптеген түрлері жартастар мен ағаштарға саусақтарында болатын жапырақ тәрізді сорғыштарының көмегімен тез өрмелеп шығады. Ал кейбір түрлерінің құйрығында және денесінің бүйір бөлімінде сорғыштары бар. Рептилилердің екінші бір түрлерінің жақсы жетілген саусақтарында ұзын, иілген тырнақтары, үзілмейтін ұзын құйрығы болады. Ағашқа өрмелеп шыққанда құйрығын оған орап, денесіне тірек етеді. Хамелеондардың саусақтары қарама-қарсы қысқаш тәрізді орналасып, ағашты қысып алуға бейімделген. Бізде кездесетін кесірткелердің ішінде бұталарға жақсы өрмелеп шығатыны агама. Жыландардың ішінен де осындай қабілеті бар түрін кездестіруге болады.

Зонд аралдарын мекендейтін күрек құйрық гекконның (Ріусһохооп) басының, денесінің, құйрығының бүйірінде және саусақтарының арасында тері жарғақтары болады. 'Ағаш басынан секіргенде осы жарғағы едәуір жерге ұшып баруына кө-

134

мектеседі. Малай архипелагасының ормандарында мекендейтін ушқыш драконныц (Вгасо) денесінщ екі бүйіріндегі тері жар-ғақтарын жайып жіберуге 5—6 пар қабырғалары қатысады. Сондықтан да олар 20 м-дей жерге ұшып барып қонады. Ұшып бара жатқанда кейде насекомдарды да қағып алып, қоректенеді (25-сурет).



25 - с у р е т. Ұшқыш дракон.

Рептилилердің ішінде су орталығына бейімделген түрлері де кездеседі. Олардың сол ортаға бейімделуі де түрліше болады. Крокодилдер екі бүйірінен қысыңқы ұзын құйрықта-рының жәрдемімен жүзеді, аздап та болса аяғы көмектеседі. Ал, Галапагосс аралдарын мекендейтін теңіз игуандары (АmаЫугһупсһиs) тек қана ұзын құйрықтарының жәрдемімен жүзеді. Теңіз жыландары да құйрығын иіп-жазу арқылы жүзеді.

Жүзу органдарымен қатар рептилилердің денесінде басқа да бейімделушілік белгілері байқалады. Біріншіден, суға сүң-гігенде танау тесігін жауып, тыныс мүшелеріне суды жібермей қалатын жарғақтары болады. Екіншіден, нағыз су тасбақала-рының сүйекті және мүйізденген сауыты редукцияға ұшыраған. Өкпелері күрделі күрылысты және организмдегі газ алмасуын жақсы қамтамасыз етеді. Үшіншіден, су тасбақаларының және су жыландарының жұтқыншағында қан тамырларына бай ке-ңейген бөлімі болады да, ол ішкі желбезектің қызметін атқара-ды. Суда тіршілік ететін кейбір рептшшлердің артқы ішегінде көпіршік тәрізді өсінді — анальдық қалташық пайда болады, ол да судағы оттегімен қанның тотығуын қамтамасыз етуі мүмкін.




Қоректену. Рептилилер әр түрлі жануарлармен: жер бетін-де тіршілік ететін ұсақ жануарлармен суда тіршілік ететін

135

омыртқасыздармен қатар, ірі сүт қоректілерді де қорек етеді. Көптеген түрлері өсімдікпен қоректенеді. Мысалы, кесірткелер насекомдармен, құрттармен және моллюскалармен тамақта-нады. Оның кейбір түрлері (агамалар, игуандар) олардан бас-ка өсімдіктерді де қорек етеді. Теңіз тасбақалары мен жылан-дары балықтармен қоректенеді. Сарыбас жыландар көптеген амфибилерді жояды, ал кейбір теңіз жыландары пеламидалар (Ріаmуdгиs) тек қана басаяқтң моллюскалармен қоректенеді. Ешкіемерлер және кейбір құрлықта тіршілік ететін жыландар ұсақ кемірушілерді, құстарды және рептилилерді азық етеді. Крокодилдер мен ірі жыландар ірі андарды да ұстап жейді. олардың адамдарға да шабуыл жасайтын кездері болады.

Рептилилердің ішінде нағыз өсімдік тектес азықпен қорек-тенетіндері қала тасбақасы. Олар кейде ұсақ жануарлармен де коректенеді. Көпшілігі су ішеді, тек қана шөлде тіршілік ететін түрлері суды жеген тамақтарынан алады.

Жемдерін іздеп табу және ұстау тәсілдері де түрліше бола-ды. Кесірткелер мен кейбір жыландар, жер бетінде тіршілік ететін тасбақалар жемдерін көп жерді шарлап іздеп, тауып қо-ректенеді. Бірнеше сантиметр құмның астында жатқан, сцинкалар құмның үстінде жүрген қорек ететін жәндіктерін тез сезіп, астыңғы жағынан сүңгіп шығып, ұстап қоректенеді. Жыланның кейбір түрлері (айдаһарлар), крокодилдер мен су тасбақалары қорек ететін жануарларын аңдып тұрып секіріп барып ұстайды. Сол сияқты хамелеондар да жануарларды бұтаққа шығып, аңдып отырады. Олар өзіне жақын маңда ұшып, немесе жорғалап жүрген насекомдарды желімді, ұзын тілін аузынан тез шығарып ұстап жейді.

Рептилилердің барлығы да жемдерін ұсатпай бүтіндей жұ-тады. Тек қана крокодилдер мен тасбақалар жемдерін бөлшектеп жейді. Осы рептилилердің аузында екінші реттік сүйекті таңдай болады, ол тыныс алуға кедергі келтірмей, тамақтың кесегін ауызда ұстап түрады. Көптеген бауырымен жорғалаушылар қоректік заттарын шала өлтіріп қоректенеді. Тек қана ұлы жыландар мен айдаһарлар жәндіктерді өлтіріп жұтады.

Бауырымен жорғалаушылардың аштыққа өте төзімді бола- тыны белгілі. Мүндай қабілет тасбақалар мен айдаһарларда айқын байқалады. Мұндай биологиялық бейімделушілік қорек-тік заттарының әрқашанда тапшы болуының нәтижесінде пай-да болған. Ұзақ аштыққа шыдауды физиологиялық тұрғыдан, олардың, бір жегенде көп тамақ жеулерінен, тез семіруінен және аштық кезінде активтігінің өте төмен болуымен түсіндіруге болады. Кесірткелерде керісінше, көп қоректік заттарды жей алмайды және сондықтан көп уақыт аштыққа шыдамайды, тіршілік активтілігі де бір қалыпты болады.


Көбеюі. Рептилилердің ұрықтануы іште болады. Еркектері-нің шағылыс органы бар. Жұмыртқалары судан тыс құрлықта

136

құрғақ жерде дамиды. Даму кезінде амфибилерде болатын личинка стадиясы болмайды. Жұмыртқадан ересектеріне ұқсас және ересектері тіршілік ететін жағдайда өмір сүруге бейімделген дене мүшелері кішкене рептилий шығады.

Барлық рептилилердіқ жұмыртқаларының сырты мықты талшықты қабықпен қапталған. Ол жүмыртқаны кеуіп кетуден, механикалық әсерден, бактериялардың ішіне еніп кетуден сақтайды. Мұндай қабығы алынып тасталран жұмыртқаның бірнеше сағаттың ішінде кеуіп кетіп, қабығы бар жұмыртқалардың сол қалпында қалғаны немесе 10—15% салмағын жоғалтқанын “тәжірибеде байқаған. Судың мұндай мөлшері жұмыртқаның гигроскопиялық қасиетінің арқасында қалыптасады, әрі ол оның дамуына әсерін тигізбейді. Рептилидің кейбір түрлерінің (тасбақалар, крокодилдер, геккондар) жұмыртқаларының талшықты қабатының үстінде құрғап кетуге кедергі болатын известі қабығы болады.

Тасбақалардың, крокодилдердің жұмыртқаларында (құс жүмыртқасының ағы сияқты) белокты қабы болады. Бұл ұрық-тың дамуына керекті су қорымен қамтамасыз ететін қабық бо-лып саналады, Басқа рептилилердің жұмыртқаларының дамуына қажетті судың пайда болуына екі жағдай себепші болады. Біріншіден — майдың тотығуы нәтижесінде, екінші — жұмыртқа қабығы арқылы сыртқы ортадан алады.

Егер салыстырып қарасақ, амфибилердің жұмыртқасын-дағы май 8—11% болса, рептилилердің жұмыртқасындағы майдың мөлшері 40% болады. Мұндай ерекшелік рептилилердің жұмыртқасындағы май тотыққанда әлде қайда көп су бөліп шығаруына мүмкіндік береді.

Рептилилер жұмыртқаларында болатын талшықты, известі және белокты қабықтардан басқа ұрық дамыған кезде ұрық-тың өзінен амнион, сероза және аллантоис деп аталатын қабықтар пайда болады. Олардың ұрықтың дамуына бейімделуде үлкен маңызы бар (26-сурет).

Алғашқы даму стадиясында ұрық жұмыртқаның сары заты-ның ішіне еніп кетеді. Ұрықтың бас бөлімінің алдыңғы жағы-нан қатпар пайда болады. Ол қатпар дами келе ұрықтың арт-қы бөлімінде қаптап жабады. Мұны амниотикалық қатпар деп атайды. Сөйтіп пайда болған амнион ұрықтың сыртын қаптап жатқан тұйық қапшыққа ұқсайды. Амниотикалық қуыстың ішінде толған сұйық зат болады, ұрық осы сұйықтың ішінде жатады, яғни амнион ұрықты жұмыртқаның қатты қабағына тиюден сақтайды.

Ұрықтың бірнеше қабықтың ішінде жатқанын ескерсек, он-да қалай тыныс алады және зат алмасудың продуктылары сыртқа қалай шығады деген заңды сұрақ тудады. Тыныс алура алғашқы бейімделушілік жұмыртқаның сары затын қоршап жатқан көптеген қан тамырларының торы болып саналады.