ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 864

Скачиваний: 24

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
нағыз мамық қауырсын —деп атайды. Мамық және нағыз мамық қа-уырсындар су құстарында, әсіресе салқын жақта тіршілік ететш құстарда көбірек болады. Олардың негізгі қызметі — организмдегі жылуды жоғалтпайды. Мамық кауырсындардың арасында, мұртшалары жоқ жіпше тэрізді қауырсындар да кездеседі Көптеген құстардың езуіне орналасқан қылтандары да болады (ешкіемер, қарлығаш). Ауада үшып жүріп қорегін ұстайтын насеком жемділердің түрлерінде аузын ашқан кезде воронка сияқтанып насекомдарды қағып алу мүмкіндігін арттырады.

Қауырсындардың дамуы, олардың рептилилермен ата тегі жағынан тығыз байланысты екенін байқатады.

Қауырсындары үздіксіз түлеп отырады. Көпшілік құстар жылына 1—3-ке дейін түлейді. '


Ет системасы. Құстардың бұлшық еттері, олардың тіршілік әрекетіне байланысты бірнеше ерекшелігімен сипатталады. Біріншіден, балықтарға, амфибилерге және рептилилерге қарағанда құстардың бүлшық еттері біршама жіктеліп, барып күрделенген. Ол ұшу кезіндегі күрделі қозғалысқа, жүруге, өрмелеуге және тамағын табура мүмкіндік береді. Екіншіден, аяқтарын қозғауға икемделген көлемді бұлшық еттер дене скелетіне орналасып, екшші сіңір ұштарымен аяқтарға бекінген. Үшіншіден, негізгі қимылын қанаттары атқаратын болғандықтан, қанаттарын қозғалтатын ірі бұлшық еттер денесінің арқа жағына орналаспай, қанаттарды қозғайтындай болып көкірек бөліміне, төс сүйегінің екі жағына орналасқан. Әсіресе аяқтарының бұлшық еттері назар аударарлық. Төс сүйегінің қырына бекінген ірі төс еті құстың жалпы салмағының 20 процентіне жетеді де, қанаттарын төмен түсіруге қатысады. Оның астында жатқан бұғана асты еттері көлемі кіші болса да, қанатты жоғары көтеруге мүмкіндік береді. Артқы аяқтарын қозғайтын 35-ке жуық күрделі бұлшық еттері болады. Бүлардың ішінде көбірек көзге

143

түсетіні оралымды бұлшық ет. Бұл ет жамбастан басталып„ор-тан жілік бойымен созылып келіп, тізенің үстінен сіңір сияқты, қатты тарамыс түрінде оралып өтіп, одан саусақтарды иіп тұ- ратын тарамыстарға барып жалғасады. Құс бұтаққа келіп қон- ранда, тізесі иіліп, оралымды ет созылады, соның салдарынан саусақтарын иіп тұратын сіңір созылады, саусақтары бүгілігі бұтақты бүреді. Құс неғұрлым төменірек басылып, орнықтырақ отырған сайын, оралымды бұлшық ет күштірек созыла түсе де, саусақтар бұтақты бүре түседі. Сондықтан да, бұтақта қонақтап, ұйқтап отырған құстар құлап кетпейді.

Құстардың басқа түрлерінде (торғай тәрізділерде) саусақ-тарының автоматты иілуі басқаша. Бұл өзгешелік саусақтар-дың қалыңырақ қабатта жатқан игіш бұлшық елің әрекетіне байланысты. Бұл еттің сіңірі саусақтардың ұшына барып бе-киді. Сіңірдің астыңғы жақ бетінде көптеген бұдыры болады, ол сіңір қынаптың ішімен өтеді. Қынаптың ішкі бетінде көлде-нең орналасқан қабырғалар бар. Құс бұтаққа қонып, саусақта-рымен бұтақты бүргенде, ,сіңірдің төменгі бетіндегі бұдырлары құстың салмағымен, қынап ішіндегі қабырғаның арасына кіре түседі де, тістеседі. Осының нәтижесінде, иілген саусақтар сол қалпында қалады, құс бұтаққа ешбір бұлшық еттің жәрдемінсіз-ақ бекиді. Енді құс көтерілгенде, сіңірдің бұдыр беттері, қынаптың қабырғаларынан алшақтап барып ашылғанда саусақтары жазылады.



Скелетінің ұшуға бейімделуіне және құрлықта жүруіне бай-ланысты өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, алдыңғы аяқта-рының, иык, және жамбас белдеуінің өзіндік өзгерісінің болуы; екіншіден, барлық скелетінің жеңіл, әрі мықты болуы. Сүйек-терінің жеңіл болуы көптеген сүйектерінде куыстың болуынан, ал беріктігі — даму кезеңінің ерте мерзімінде бірқатар сүйек-терінің жымдасып, бірігіп кетуінен болады. Тіпті ересек құстар-дан сүйектердің жігін байқау мүмкін емес.

Омыртқа жотасы — мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құй-мышақ-кұйрык; бөлімдерінен калыптасады. Бел омыртқалары ересек құстарда күрделі құрылысты сегізкөз құрамына енеді. Бас күрделі қимылдар жасайтындықтан мойын омыртқалары ұзын және тез қозғала алады. Құстардың мойын омыртқалар-ын гетероцельдік омыртқалар деп атайды. Себебі, мойын омыртқалары бір-біріне ер сияқты жалғасады. Мұның өзі олардың тез кимыл жасауын да қамтамасыз етеді. Құстардың мойын омыртқаларының саны 11-ден 25-ке дейін болады. Бас сүйегімен жалғасатын алғашқы екі омыртқасы амниоттардың омыртқалыларының құрылысына ұқсас болып келеді, оларды атлант және эпистрофей деп атайды.

Кеуде омыртқалары (3-тен 10-ға дейін) бір-бірімен сегізкөз және кұймышақ омыртқаларымен бірігіп кеткен. Оларда бола-тын қабырғалар төс сүйегіне қозғалмалы болып бекіген. Қа-

144

бырға көкірек және арқа бөлімдері болып екі бөліктен тұрады. Олардың қосылған жері, қозғалмалы бекініп, денесінің артына қарай сүйір бұрыш жасайды. Қабырғалардың мұндай құрылыста болуы арнаулы бұлшық еттерінін, жиырылуының нәтижесінде төс сүйегін омыртқа жотасына бірде жақындатып немесе қашықтатып отырады. Соның нәтижесінде көкірек көлемі өзгеріп отырады, мұның тыныс алу орындалуда маңызы зор.

Бел омыртқалары өз ара бір-бірімен, мықын сүйектерімен және сегізкөз омыртқаларымен тұтасып бірігіп кеткен. Құйрық омыртқаларының да бірқатары сегізкөз-құймышақ омыртқа-лармен қосылып кеткен. Соның нәтижесінде (10—22) тек қана кұстарға тән күрделі сегізкөз-құймышақ қалыптасады, жая омыртқалары құстарда рептилилердегідей екеу болады. Құстар жер бетімен жүргенде денесінің салмағы артқы екі аяғына түседі, сондықтан күрделі сегізкөз организмге тірек қызметін атқарады. Құстарда бос қозғалмалы құйрық омыртқалар 6—9 болады. Құйрық омыртқалары бірден құйыршық сүйегіне айналады — мұны құйрық сүйек немесе пигостиль деп атайды. Пигостиль біріккен бірнеше құйыршық омыртқаларынан тұрады. Құйыршық сүйектері құйрық қанаттары бекитін тірегі облып есептеледі. Құйрық сүйектері, құйрық қанаттарының бекуіне мүмкіндік береді.


Құстардың бас сүйегінің — құрылысы рептилилердің бас сүйегінің құрылысына ұқсас. Желке бөлімі төрт сүйектен құ-ралады (негізгі, екі бүйір және жоғарғы шүйде сүйектері). Желке бұдыры рептилилердікі сияқты біреу ғана болады. Есіту капсуласы үш құлақ сүйегінен қалыптасады. Ересек кұстарда бұл сүйектер бірігіп кетеді. Бас сүйегінің түбі: негізгі сына тәрізді, алдыңғы сына тәрізді, тандай және қанат тәрізді сүйектерден қалыптасады. Бас сүйегін үстіңгі жағынан — қос танау, төбе, маңдай және кеуілжір сүйектер қаптап тұрады. Жоғарғы жағы — жақ аралық және жоғарғы жақ сүйектерінен тұрады. Жоғарғы жақ сүйегіне арт жағынан — бет және шаршы бет сүйектері жалғасады. Бұл соңғы екі сүйек шаршы сүйектермен қосылады. Соның нәтижесінде құстарға тән төменгі самай доғасын құрайды. Мұның өзі көз ұясы мен самай ұясын бөліп тұрады. Төменгі жағы рептилилердегі меккел шеміршегі сияқты —буынды сүйектен және тері тектес — тіс пластинкасы, бұрыш және жақтың имек өсінді сүйектерінен қалыптасады (27-сурет).

Тіл асты аппараты сүйекті ұзын пластинка тәрізді болады, ол желбезек доғасының бірінші парына сәйкес келеді.

Есіту сүйекшесі рептилилердікі сияқты бір сүйектен тұрады. Құстардың бас сүйегінін, рептилилердің бас сүйегіне ұқсас белгілерімен қатар өзінше көп өзгешеліктері де бар: құстардың миының көлемінің, әсіресе ми сыңарларының үлкен болуына байланысты ми сауыты да үлкен болады; көз алмасының үлкен

145



27 — с у р е т. Жас көгершіннің бас сүйегі:

1 — негізгі шүйде; 2—бүйір шүйдесі; 3 — шүйде өскіні; 4 — қарақұс тесігі; 5 — үстіңгі шүйде; 6 — құлақ; 7 — негізгі сына; 8—алдыңғы сына; 9 — қанат-сына тәрізді; 10 — көз-сына; 11 — көз аралығының пердесі; 12 — орта иіс: 13 — төбе; 14 — маңдай 15 — мұрын; 16 — жас, 17 — жақаралық; 18 — жоғарғы жақ, 19— бет; 20 — шаршы бет; 21 — бұдыр бетті, 22 - шаршы; 23 — кеңсірік; 24 — қанат тәрізді; 25 — бунақталған; 26 — тіс; 27 — бұрыш сүйектер.

болуына байланысты, көз ұясының да шұңқыры үлкен 'болады құстардың көзі маңызды сезім мүшесі болып табылады. Жақ сүйектері бір-бірімен тұтасып, азықтық затты қармап алуға қо-лайлы күшті аппаратқа айналған; ми сауытының сүйектері жұ-қа және жіктері өте ұсақ, сондықтан да ми сауыты мықты жә-не жеңіл болады.

Қанаттары және иық белдеуі — ұшуға бейімделуге байла-нысты ерекшеліктері болған. Иық белдеуі жауырыннан, кора-коидтан және бұғанадан құралады. Бұлардың жоғарғы жақ бастары түйісіп келіп тоқпан жілік бекитін ойықты қалыптас-тырады. Жауырынының тұрқы ұзын, түрі қылыш тәрізді иіліп келеді. Ол қабырғалардың үстінде жылжып қозғала алатын-дай болып орналасқан. Коракоид өте жақсы дамыған, оның бір ұшы төспен ұштасады да, екінші ұшы буын арқылы тоқпан жілікпен жалғасады. Құстардың оң және сол жақтағы бұғаналары бірігіп кетеді — мұны
“айыр” сүйек деп атайды. Ол иық белдеуіне серпімділік қасиет береді (28-сурет).

146



28 - с у р е т. Көгершінніц қаңқасы:

1 — мойын омыртқалар; 2 —көкірек (кеуде) омыртқалар; 3 — құйрық омыртқалар; 4 — құйыршық сүйек; 5—ілмек өскіні бар қабырғаның жоғарғы бөлімі; 6—қабырраның құрсақ бөлімі; 7 — төс; 8 — төс қыры; 9 — жауырын; 10— коракоид; 11 — бұғана; 12 — тоқпан жілік; 13 — кәрі жілік; 14 — шынтақ сүйек; 15 — алақан сүйек; 16 — I — саусақ; 17— II — саусақ; 18 — III — саусақ; 19— мықын сүйек; 20 — шонданай сүйек; 21 — шап сүйек; 22 — ортан жілік; 23 — асыкты жілік; 24 — сирақ: 25 — артқы аяғынық I —саусағы; 26 — артқы аяғының IV — саусағы;

Қанат скелеті бес саусақты жануарлардікі сияқты бірнеше сүйектерден құралады. Әйткенмен иық және бұғана сүйектері “өзгермеген, керісінше нашар дамыған.

Артқы аяқтар және оның белдеуі. Жүргенде құстардың барлық салмағы, артқы екі аяғына түсетін болғандықтан, олардың құрылысында бірқатар өзгешеліктердің бар екенін көреміз. Жамбас белдеуіне күрделі сегізкөз бен мықынның үлкен қалақша сүйектерінің ұзына бойына тұтасып барып орналасқандығы үлкен тірек болып саналады. Мықын сүйектерімен өте ірі шонданай сүйегі бірігіп кеткен. Шап сүйегі өте жіңішке шыбық тә-

147

різді болады. Олар шонданай сүйегінін сырт жағына орналас-қан. Жамбас сүйектерінің ұштары түйісіп келіп, ортан жіліктің ұршық басы бекитін ойықты құрайды, од және сол жамбас сү-йектерінін, құрсақ жағына қараған ұштары бір-біріне қосылмай сыртына қарай алшақтап тұрады. Мұндай жамбасты ашық жамбас деп атайды. Мұның өзі, сырты қатты қабықпен қаптал-ған ірі жұмыртқа тууына байланысты болған.

Артқы аяқтары — ортан жілік, асықты жілік және сирақ пен саусақтардан тұрады. Бұл үш бөлімнің бірінші бөлімі — ортан жілік деген бір үлкен сүйектен, екінші бөлімі — асықты жілік және оның шыбығынан; үшіншісі — сирақ және саусақтардан тұрады. Асықты жіліктің төменгі басына сирақтың бас жағы ке-ліп жалғасады. Ересек құстардың сирақтары бір ғана сүйектен тұрады. Эмбриональдық даму кезінде осы жоғарыда көрсетіл-ген сүйек — табан сүйектердің және толарсақ сүйектердің бір-қатарының бірігуінен келіп қалыптасқаны байқалады.

Құстардың саусақтарының саны көпшілігінде төртеу, үшеу болуы сирек кездеседі, ал Африка түйеқұсында екеу болады.