ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 861
Скачиваний: 24
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СИСТЕМАТИКАЛЫҚ ШОЛУ
Класс тармағы. Нағыз құстар (Nеогпіtһеs) немесе
(Огпіtһигае).
1. Отряд үсті тармағы. Қырсыз төстілер немесе түйеқұс
тәрізділер (Rаtitае)
Бұл топқа жататын құстардың өзіндік ерекшеліктері бар: бір жағынан олардың қарапайым құрылыстылығы болса, екінші жағынан ұшпай жердің бетімен адымдап, немесе жүгіріп жүруіне байланысты жоғары маманданған белгілерінін. болуы. Қарапайым құрылысты белгілеріне мыналар жатады: аптерий-лерінің болмауы, қауырсындарының топқа бөлініп жіктелмеуі, желпуіш кауырсындарыньщ болмауы; осыған байланысты бұ-лардың қауырсындарының тек қана денесін суықтан сақтау қызметін атқаратындығы. Динозаврлардың бірқатарындағы сияқты, төсінде терісінің қатты сүйелі болады. Төсі кішірек келеді және оның қыры болмайды. Жауырыны және коракоидасы бірігіп бір сүйекке айналып кеткен. Бұранасының жұрнағы қалған. Жамбас сүйектері мен бас сүйектері есейе келе бір-бірімен жымдасып бірігіп кетеді. Құйрық безі болмайды. Бірден бір
158
қозғалыс мүшесі басқа органдарымен салыстырғанда әлде-қайда ұзын әрі мықты болып келетін екі артқы аяғы. Тез қозғалуына байланысты саусақтарының саны 3, немесе 2-ге дейін қысқарған. Сүйектерінің ішіндегі ауа қуысы нашар жетілген. Еркектерінің шағылыс мүшесі болады.
Қырсыз төсті құстар осы заманда Африка, Аравия, Австра-лия, Оңтүстік Америкада және Жаңа Зеландияда тараған. Ер-те заманда олар біршама кең тараған. Мысалы, Мадагаскарда үшінші және тіпті төртінші дәуірдің қабаттарынан эпиорнис (Аеруогпіtһеs) деген ерекше отрядқа жататын, құстардың қаз-ба қалдықтары табылған. Жаңа Зеландияда тіпті бұданда ерте уақытта моа (Оіпогпіtһеs) деген қүстар тіршілік еткен, ал Азияның және Оңтүстік Европаның кейбір жерлерінде, үшінші дәуірдегі қазындылардан кәдімгі түйеқұстың қалдықтары та-былған.
2-отряд. АФРИКА ТҮИЕҚҮСТАРЫ (SТRUTОNІFОRMЕS)
Осы замандағы құстардын, ең ірісі (Strutһіо сатеlиs) деген бір ғана түрге жатады. Ересек еркектерінің бойынын, биіктігі 260—275 см болады. Орта салмағы 50 кг, ал өте ірілерінід сал-мағы 90 /^г-ге жетеді. Бұлардың ерекшелігі — аяғының саусағы екеу ғана болады (қазіргі кездегі құстарда сирек кездесетін жағдай деуге болады). Шап сүйектері бірігіп кетудің салдарынан жабық жамбас сүйектерің құрайды. Қанаттары едәуір үлкен. Оларды қатты жүгірген кезде төмен түсіріп жібереді. Жалпы еркектерінің түсі қара, ал ұрғашыларының түсі қоңыр-сұр болып келеді. Құйрық қауырсындары мен қанаттары ақшыл болады.
Бұл түйеқұстар қазіргі кезде Аравия мен Африканың шөлді — далалы аймақтарында кездеседі. Осы түрге жақын түрлері үшінші дәуірде Оңтүстік Азияда, Солтүстік Қытайда, Монғо-лияда, Забайкальеде, Солтүстік Қазақстанда, Украинада (да-лаларда, шөлдерде, саванналарда) тіршілік еткен. Бірнешеуі бірігіп топтанып, жиі өріс ауыстырып отырған. Өте тез жүгіре-ді, жүгіргенде адымы 2—3 метрді алады. Олардың негізгі қо-регі — өсімдіктер, кейде ұсақ жануарлар, кемірушілер, репти-лилер, насекомдар болып табылады.
Бұлар әдетте моногамдар. Еркек особьтары шағылысу ке-зінде, өзінше әрленеді. Ұрғашысы салмағы 1400 г болатын 10—15 жұмыртқа туады. Жұмыртқаны еркегі түнде, ұрғашысы күндіз кезектесіп басады*. Бұл 40 күнге созылады. Жұмыртқа-дан көзі ашық, мамық жүнді ширақ балапан шығады. Олар тек үш жасында ғана жыныстық жағынан жетіледі.
Бұлардың ақ түсті қанаттары мен құйрық қанаттарын әсем-дік үшін, ал етін тамақ үшін пайдаланады. Кейбір жерлерде оларды жартылай үй құстары есебінде асырайды.
159
2-отряд. АМЕРИКА ТҮЙЕҚҰСТАРЫ НЕМЕСЕ НАНДУ
(RНЕІРОRМЕS)
Америка түйеқұстары Африка түйеқұстарынан гөрі кішірек келеді, түсі сұр-қоңыр және үш саусақты болады. Бойының биіктігі 150 см, ал салмағы 20 /сг-ға жуық. Қанаттары едәуір жақсы жетілген. Оңтүстік Американың жазық далалы аймақ-тарында оның екі түрі тараған. Kөбірек тараған түрі кәдімгі нанду (Rеа аmеriсапа). Бұлардың бірнеше он шақтысы бірігіп, топтасып жүреді. Көбею кезінде бір еркегіне 5—7 үрғашысы келетіндей болып, ұсақ топтарға жіктеледі. Нанду полигам. Үрықтанған ұрғашылары жүмыртқаларын бір ұяға салады. Жұмыртқаларын еркектері ғана басады. Олар жұмыртқадан шыкданнан кейін де балапандарын ертіп жүреді. Бір ұяда 20—30 жұмыртқа болады. Инкубация периоды 42 күнге созы-лады. Нандуды кейбір жерлерде жартылай үй құстары есебін-де өсіреді.
3-отряд. АВСТРАЛИЯ ТҮЙЕҚҰСТАРЫ НЕМЕСЕ
КАЗУАРЛАР (САSUАRIlFОRМЕS)
Бұлар ірі, үш саусақты, сыртынан қарағанда байқалмайтын шамалы қанаты бар құстар. Басқа түйеқұстарға қарағанда бұ-лардың аяқтары қысқарақ келеді. Бас жағындағы қауырсын-дары қысқа нашар жетілген. Қауырсындарының қосымша са-бағы болады.
Э м у т у ы с ы (Dгоmісеіиз) біркелкі сұр түсті болүмен және мойны мен басының қауырсындарының болуымен сипатта-лады. Олардын. бойының биіктігі 170 см, салмағы 37—55 кг болады. Бүлардың бір түрі (Ог. поvаеһоllапdіае) Австралияның шөл, далалы жерлерінде кездеседі. Бұлар топтанып, 4—6-дан бірігіп жүреді. Моногамды, еркегі үяларын жэсап, жүмыртқа-ларын басып, балапандарын шығарумен қатар, оларды ертіп жүріп жауынан қорғап қамқорлық та жасайды. Екінші бір ерек-шелігі еркектері үяның маңына ұрғашыларын жақындатпайды. Бір ұяда 7—16 жұмыртқа болады, инкубация кезеңі орта есеп-пен 52 күнге созылады. Қоректері негізінен өсімдіктер. Егер оларды дұрыс асырап күтсе, бізде орталық және солтүстік зоопарктерінде көбейеді. Ересектері суыққа төзімді болады. Дымқылды көтере алмайды.
Казуарлар (Саsиагіиs) туысына Жаңа Гвинейға және Авс-тралияның көрші бөлімдеріне тараған бірнеше түрлері кездеседі Казуарлардың басы жалаңаш, және басымен мойнының үстіңгі бөлімдері ашық айқын түсті болады. Басында мүйізденген айдары бар. Олардың жалпы түсі қара, қауырсындары ұзын қылтық сияқты болады. Казуарлар ыстық жақтың ағашты бө-лімдерінде тіршілік етеді. Көбею және қоректенуі негізінен эмура ұқсайды.
160
4-отряд, ҚАНАТСЫЗДАР НЕМЕСЕ КИВИЛЕР
(АРТЕRУGІҒОRМЕS)
Бұлар қырсыз төсті құстардың ішіндегі ең ұсағы. Дене мөл-шері ірі тауықтай, салмағы 2—3 кг. Денесі тығыз, мойны, аяғы түйеқұстарға қарағанда қысқарақ, төрт саусақты болады. Тұм-сығы ұзын, аздап төмен қарай иілген. Танау тесігі тұмсығының ұшына таман орналаскан. Қауырсындары ұзын тарқатылған сияқты болады. Қанаттары жоққа тән, ал құйрығы болмайды. Жаңа Зеландияға тараған. Басқа қырсыз төсті кұстардан бір өзгешелігі түн құстары. Тоғайлы, бүталы жерлерде тіршілік етеді. Негізінен құрттармен, насекомдармен, кейде өсімдіктер-мен де қоректенеді. Иіс органдары басқа құстарға қарағанда жақсырақ жетілгендіктен соның көмегімен жемін іздеп тауып жейді. Баяу көбейедің Көбінесе бір, кейде екі ірі жұмыртқа са-лады. Бір жұмыртқасының салмағы 450 г болады, немесе өзінің салмағының '/5 бөлегіндей, жұмыртқасының ұзындығы 12—14 см-ге жетеді. Жаңа Зеландияда мұндай ұша алмайтын ұсақ құстардың тіршілік етуі, онда жергілікті сүт қоректілердің болмауына байланысты болуы мүмкін.
2. Отряд үсті тармағы. ПИНГВИНДЕР (JMРЕNNЕS)
Бұған суда тіршілік етуіне байланысты, өзіндік ерекшелік-тері бар құстардың аз ғана тобы жатады. Бұлардың бір отряды оңтүстік жарты шарда, әсіресе Антрактикада тараған.
Отряд ПИНГВИНДЕР (SРНЕNІSСІҒОRMЕS)
Пингвиндер үша алмайтын, бірақ суда өте жақсы жүзетін және сүңги алатын құстар. Алдыңғы аяқтары суда жүзуге ың-ғайлы, ескекке айналған. Сирактары нашар дамыған, табан сүйектерінің жоғарғы бөлімдері бір-бірімен толық қосылып кет-кен. Төсіндегі қыр сүйегі биік болады. Сүйектерінің ішінде қу-ыстары болмайды. Қауырсындарының өзіндік ерекшелігі бар, жіктелмеген аптериясы болмайды. Қауырсындарының түктері— пәрлері жіңішке болады. Пингвиндердің кейбір түрлерінің бауырында (1—2) жұмыртқа сақтайтын қатпарлары болады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз, соқыр және денесі бүтіндей мамықпен қапталып тұрады. Ұзақ уақыт ұяларында болады.
Бұлар негізінен Антарктикалық материктің жағалауларын-, да тіршілік етеді. Салқын ағынды қуалай отырып, солтүстікке карай тараған. Мысалы, оңтүстік шеңбердің 17° дейін, Батыс Африкаға 38° дейін, Австралияға, Галапагас аралдарына дейін тараған.
Олар теңіз жағалауларында топтанып жүреді. Құрлықта жүргенде тікесінен тік тұрып, жайлап қозғалады. Қауіп төнсе,
161
жер бауырлап жылжып, аяғымен жэне қанатының жәрдемімен жартасқа, немесе мұзға тырмысып шыға алады.
Ұяларын жерге салады, кейбір түрлері ұяларын тастарды жинастырып, үйіп жасайды, енді біреулері жерді шұңқырлап ұя салса, үшінші бір түрлері жерден терең ін қазады. Олар ұя-ларының түбіне шөп төсейді. Көпшілігінде бір, кейде екі жұ-мыртқа туады. Жұмыртқаларын екеуі де басады. Су ішінде ая-ғын және қанатын пайдаланып, жақсы жүзеді, сүңгиді. Олар балықтармен, шаян тәрізділермен, кейде басаяқты моллюска-
лармен қоректенеді.
Пингвиндердін, 20 шақты түрі белгілі. Африканың батыс жа-ғалауында көзілдірікті пингвиндер (Sрһепіsсиs сіетегзиз) тір-шілік етеді. Антарктикада корол пингвиндері (Аріеподиtеs ра-tасһопіса) деп аталатын, денесінің ұзындығы 90 см (110 см-ге дейін) ал салмағы 45 кг болатын ірі пингвиндер де кездеседі.
Пингвиндердін, айта қаларлықтай кәсіптік маңызы жоқ.
3. Отряд үсті. ҚЫРЛЫ ТӨСТІ ҚҰСТАР (САRINАТАЕ)
Ұшатын құстардың көпшілігінде төс сүйектерінің қыры жақ-сы жетілген, контурлық қауырсындарының иілген желпуіштері және аптериясы, сүйектерінін, ауа қуыстары болады. Иық бел-деуінің құрылысы басқа құстардікі сияқты қалыпты түрде ка-лыптасқан, ал сирақ сүйегі табан сүйектерімен жымдасып бі-рігіп кеткен. *
Құстардың көпшілігі дерлік осы отряд үстіне жатады. Осы мезгілге дейін, бұл отряд үстінің систематикасы бір жөнге кел-меген. Сондықтан көптеген авторлар бұл отряд үстін бірнеше отрядқа бөледі.
1. Отряд. ГАГАР ТӘРІЗДІЛЕР (ОАVІҒОRМЕS)
Бұл отрядка суда жақсы жүзетін және сүңгитін, бірақ нашар ұшатын, жүретін нағыз су құстары жатады. Аяқтары артына қарай созылыңқы біткен, сондықтан да жер бетінде тік тұрғанда денесі алдына қарай иіліп тұрады. Олардың табан сүйектері екі бүйірінен қысылыңқы келеді де, алдыңғы үш сау-сағының арасында жарғағы болады. Мойны ұзын, ал тұмсығы біршама ұзындау екі бүйірінен қысыңқы түзу және өткір бола-ды. Қанаттары қысқа және сүйір келеді, ал олар өте шабан ұшады. Құйрығы қысқа болады. Қауырсыны тығыз орналасқан. Балапандары ширақ және үлпілдек мамықты болады.
Гагар тұқымдасына (СоІугпЬіdае) алдыңғы үш саусағы тұтасып жарғақпен жалғасқан, ірі құстар жатады. Жер бетімен жақсы қозғалып жүре алмайды. Бұлардың негізгі қорегі балықтар болып есептеледі. Бұлар суда жақсы сүңгіп, су ас-тында бірнеше минут бола алады. Еркегі мен ұрғашысының
162
түсі бірдей, айырмасы болмайды. Бұлардың бізде бірнеше түрлері кездеседі, оның ішінде