ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 846
Скачиваний: 22
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
177
майда мамықтары көп болады. Дене мөлшері түрліше: ең кішісі қара торғайдай, ал үлкені кішігірім қаздай болады.
Шағала тәрізділердің барлығы да қорегін ауада ұшып жүріп аулайды. Олар жақсы ұшады, бірақ сүңги алмайды. Көпшілігі қорегін судан табады, ал енді біреулері қорегін іздеп бірнеше шақырым жерге ұшып кетеді. Олар бүкіл жер шарына таралған құстар.
П о м о р н и к т е р т ұ қ ы м д а с ы (Stегсогагііdае) шағалалар отрядының ішіндегі орташа үлкендіктегі құс. Түсі жалпы қара-қоңыр немесе қара түсті болады. Тұмсығының үстіңгі бөлімі төмен қарай иілген. Тырнақтары күшті иілген ілмек сияқты келеді. Құйрық қауырсынының екі шеткісі қысқарақ, керісінше ортаңғы бір пары ұзынырақ болады.
Бұлар жер шарына кеңінен таралған теңіз құстары болып есептеледі. Бізде тундрада, мұзды мұхиттың теңіздерінің жағалауларына және Тынық мұхиттың солтүстік жағалауларына ұялайды. Ұясын жерге салады, қосарланып жүреді. Жыртқыш құс. Олар шағалалар мен құзғын қарғалардың аузындағы балықтарын тартып жеуге әрекет етеді. Жазда үйректер мен қаздардың ұяларын талқандап бұзады, ұсақ торғай тәрізді құстарды және балшықшыларды ұстап жейді'. Бізде үш түрі ұялайды.
Ш а ғ а л а л а р т ұ қ ы м д а с ы (Lагіdае). Шағалалар тұ-қымдасына осы отрядтың орта және ірі құстары жатады. Олардың түсі ақшыл, жалпы ақ сүр, ал балапандары қара қоңыр түсті болып келеді. Тырнақтары оншама иілмеген, тұмсығы күшті, бірақ поморниктерден өзгешелігі, тұмсығының ұшында ілмегі жоқ, тек қана ұшы төмен қарай иілген. Ұясын әр түрлі жағдайда түрліше орналастырады: солтүстікте көбінесе теңіз жағалауларының тастарының арасына, орталық орманды ендікте — батпақтарға немесе айналасы қалың шөпті өзен жағалауларына, ал оңтүстікте — өзен, көл және теңіздердің құмды жағалауларына салады. Ұясында 2—3 жүмыртқа болады. Одан ширақ балапан шығады.
Қоректері алуан түрлі. Шағалалар балықтарды, ұсақ шаян тәрізділерді, насекомдарды, құрттарды теріп жейді. Өлекселер-мен де қоректенеді. Шағалалардың ірі түрлері кемірушілерді және құстарды ұстап жейді. Кейбір жерлерде көптеген зиянды насекомдарды қырады. Шағалалардың балық шаруашылығына тигізетін зиянын көбінде асырып бағалайды. Шынында шағалалар ауру және өлген балықтармен қорекгенеді. Сөйтіп олар судағы балық өлекселерін жеп, су қоймасын тазартып, пайдасын тигізеді. Шағалалардың терісін “кұс елтірісі” деген атпен қолданады.
СССР-де шағалалардың 10 түрі бар. Соның ішінде: ұсақ өзен шағаласы (Lагиз гіdіdипdиs), солтүстіктегі —
сұр шагала (L. агgепtаtиs) және ұсағырақ үш саусақты — маевка Rissa ігуdасtуlа) деген шағалалар бізде мекендейді.
178
Құзғындар тұқымдасы (Stегпіdае). Бұлардың тұмсығы әлсіз, ілмегі болмайды. Құйрығы терең екі айыр, қанаттары ұзын, әрі жіңішке болады. Денелері жеңіл, ауада ұшып жүргенде қарлығаштарға ұқсайды. СССР-де бүлардың он (шақты түрі мекен етеді. Көбінде топтанып ұялайды. Көбірек кездесетін бір түрі — өзен құзғындары. (Stегпа һіrundо).
12. Отряд. ЧИСТИКТЕР (АLСІҒОRМЕS)
Чистиктер — жақсы жүзіп және сүңги алатын, солтүстік те-ңіздердің, мұхит құстары. Үлкендігі үйректей, одан кішірек те түрлері кездеседі. Бұлардың денесі үзынша, мойны қысқарақ әрі айқындалмаған. Саусақтары үнемі үшеу. Олар құйрығына қарай кейін орналасқан. Олардың қанаттары қысқа, денесіне тығыз жабысып жатады. Тұмсығының формасы түрліше болады. Қауырсыны өте тығыз орналасқан. Бір ғана тұқымдасы бар (Аlсіdае). Бізде төменде көрсетілген түрлері кездеседі.
Балта тұмсықтылар (Ғгаtегсиlа). Бұлардың түмсығының үсті көтеріңкі және екі жақ бүйірінен қысыңқы келеді. Көбінесе Тынық мұхиттың солтүстік жағалауын (Ғг. согпісulа) мекен етеді. Кейде Жана Жердің және Мурманскінің жағалауында (Ғг. агtіса) да кездеседі. Биік тасты немесе түбі жүмсақ жағалауларда мекен етеді. Ұяларын індерден өздері қазып жасайды немесе тас арасындағы үңгірге салады.
Чистиктер (Серрһиs) — үлкендігі кіші-гірім үйректердей болады, тұмсығы үзынша, бірақ екі бүйірінен қысыңқы бол-майды. Берингов, Охот, Жапон теңіздерінің және Арктика те-ңіздерінің аралдарын, жағалауларын чистиктердің төрт түрі мекен етеді. Ұяларын биік тасты жағалауларға, көбінесе үңгірлерге және індерге салады.
Қайрлар (Uгіа). Бұл отрядтың ішіндегі үлкендері ірі үй-ректердей, тұмсығы ұзынша, үшкір болады. Денесінің үсті және басы қара-қоңыр, құрсақ жағы ақшыл түсті келеді. Тынық мұхиттың солтүстігіндегі теңіздердің жағалауында және солтүстік теңіздердің аралдарында, Мурманск жағалауында, Жаңа Жер, Франц-Иосиф жерінде қайрлардың екі түрі ұялайды. Ұяларын саларда жартасты жағалауларда топтанып жүреді. Жардың тақыр қуысына бір ғана жұмыртқа салады.
Бұл отрядқа жататын құстар жыл маусымының барлық ке-зеңінде де колониялы түрде тірішлік етеді. Әсіресе олар ұяларын саларда бірнеше жүздегені бір жерде мекендейді. Құстардың мұндай топтанған жерін “құс базары” деп атайды. Ұясын тік құздарға салады. Көпшілігінде қайрлар, балта тұмсықтылар, чистиктер, шағалалар ұяларын бір жерге салады. Бірақ “базардағы” құстардың көпшілігі қайрлар болады. Құстардың ең үлкен базарлары Жаңа Жердің батыс жағалауында және Франц-Иосиф жерінде кездеседі.
179
Қайрлар Жаңа Жердегі “базарларына” майдың аяғы, июнь-нің бас кезінде келеді. Балапандары мамыққа оралып шығады. Олар ұзақ уақыт ұяларында болады. Ата-аналары балапандарын балықтармен (август айына дейін) қоректендіреді, одан кейін олар теңізге туседі. Қайрлар ұя салған жерінен сентябрьдің басында ұшып кетеді.
Ертеден-ақ қайрларды аулау және олардың жұмыртқасын жинау кәсібі іске асырылып келген. Жұмыртқалары ірі, ұзын-дығы 78 мм, сыйымдылығы 86 см3болады. Олардың екі жұмыртқасының ішіндегі затына бір шай стақаны толады. Қайрлар адамнан оншама қорықпайды. Соңымен бірге олардың баспаған жұмыртқасын жинап алса, олар қайтадан жұмыртка салады.
13. Отряд. ҚӨГЕРШІНДЕР (СОLUMВІFORМЕS)
Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адам жайларына үйір, денесі тығыз, тұмсығы қысқа және балауызсымақтары бар құстар. Олардың танау тесіктері терілі каппен бүркелген. Моногамды. Қөгершіндер бүкіл жер жүзіне тараған. Олардың өте көбірек тараған жерлері Малай архипелагы мен Австралия. Жалпы үш жүздей түрі белгілі. СССР-де 11 түрі кездеседі. Мысалы: клинтух (СоІumЬа оепаs), вяхирь (СоlumЬа раІambиs) иығында және мойнының бүйір бөлімінде ақ дақтары болады, бұлар СССР-дің солтүстігіне таман тараған, жабайы көгершіндер немесе көк көгершін (Columbа Ііvіа), зікірлі көгершін (StrерtореІіа) Мадагаскарға таяу жердегі Маврсекия, Бурбон, Родригец аралдарында кездеседі. XVII ғасырға дейін жойылып біткен ірі дронт көгершіні — деген түрлері тіршілік еткен.
Осы кездегі көгершіндердің жабайы түрлері — ағашты, тау-лы жерлерде тіршілік етеді. Олар ағаштардың үстіне, қуысына немесе жарлардың қуысына қалай болса солай шөптесін заттардан салады. Ұясында 1—2 жұмыртқасы болады. Жұмыртқаларын еркегі де, үрғашысы да кезектесіп басады. Жүмыртқадан 14-тен 30 күннің ішінде балапан шығады. Қорегінің көпшілігі мәдени және жабайы өсімдіктердің дәндері, жемістері мен түқымдары. Бұлар аздап қүрттарды және жұлдыз құрттарды да жейді. Кейбір түрлері күзге қарай бірнешеуі бір жерге топтанып, астық дәндерін жеп шаруашылыққа зыяндарын тигізеді.
Көгершіндерді қолға үйрету біздің заманымыздан бірнеше мыңдаған жыл бұрын басталған.
14. Отряд. КӨКЕКТЕР (СUСULІFОРМЕS)
Бұл отрядқа көкектердің 200-ге жуық түрі жатады. Негізінен тропик өңірде кездесетін ағаштъі және бұталы жердің құстары. Аздаған турлері өздеріне ұя салады және жұмыртқаларын баса-
180
ды. Көпшілігі ұя салып, жұмыртқа басу инстинктің жоғалтқан. Мысалы,қаршыға көкек (Неігососсух sрагvегоіdеs) деген шы-ғыс Азияда мекендейтін түрі кейде жұмыртқасын өзі басып, балапан шығарады, көпшілігінде жұмыртқасын басқа құстардың ұясына салып кетеді. Теңбіл көкек (Соссуstеs glandагіus)жұмыртқаларын тек қарға тәрізділердің ұяларына салады. Бұлардың балапандары, ұяның иесі болып саналатын құстың балапандарын, ұядан итеріп құлатпайды.
Көкектердің жұмыртқасының түсі түрліше, әдетте, жұмырт-қасының түсі үядағы басқа қүстың жұмыртқасына түстес болып келетіні анықталған. Көкек жұмыртқасын басқа құстың ұясына, ата-анасының жоқ кезінде, не жерге салып,оны тұмсығымен басқа қүстың ұясына апарады. Жұмыртқадан шыққан көкектің балапандары ептеп иесінің балапанының астына кіріп, оны я жұмыртқаны ұядан итеріп шығарып тастайды. Көкектер басқа құстар жей алмайтын зиянкес түкті жұлдыз құрттарды жеп пайдасын тигізеді.
15. Отряд. ТОТЫЛАР (РSІТТАСІFОRМЕS)
Тотылар екі жарты шардың субтропик және тропик ендігінің ормандарында тіршілік ететін құс.
Тұмсықтарының құрылысы өзгеше. Жоғарғы жағы ми сауы-тымен қозғалмалы түрде байланысқан. Ал төменгі жақ сүйегі тек жоғары-төмен қозғалып қана қоймай, екі жағына қарай да қозғала алады. Көпшілігі топтанып тіршілік етеді. Олар ұясын ағаштың қуысына кейде інге және жартастың қуысына салады. Балапандары нашар жетіліп шығады.
Айқын түсті ара (Ага) деген түрі оңтүстік Америкада, айдар-лы какаду (Сасаtuіпае), Австралияда, Африкада — сұр жако (Рsittacus), Жаңа Зеландияда — жапалак, тоты (Stгіngорs) мекендейді. Олар ұша алмайды, тіршілігі жерде өтеді. Жапалақтар сияқты күндіз жасырынып, тасада қонақтап отырады. Нестор (Nеstог) деген тоты құс бұрын насекомдармен қоректенетін, ал 1875 жылдан бастап Жаңа Зеландияға қой өсіре бастағаннан бері, бұлар жыртқыш бола бастады. Ең алдымен қойлардың үстіне қонып, жүнінің арасынан насекомдар теріп жеген, ал одан кейін терісін және етін шұқып жейтін болған.
16. Отряд. ЕШКІЕМЕРЛЕР (САРRNULGIfОRMES)
Ешкіемерлер сырт жағынан сұр қарлығаштарға ұқсайды, үл-кендіктері орташа, насеком қоректі, түн қүстары. Аузының көлемі өте үлкен және аузының жиегінде орналасқан қатты қылтандары бар. Тұмсығы керісінше кішірек келеді. Қанаты ұзын және үшкір болады. Қауырсындары сирек, жапалақтардікі сияқты жұмсақ, түсі тіршілік еткен ортасына сай сүр-қоңыр болады.
181
Қонақтап немесе жерде отырған ешкіемерді байқау қиын, өйт-кені түсі ағаштың немесе жердің түсіне ұқсас болады.
Ешкіемерлер — түн, я іңір құсы. Ұшып жүрген насекомдар-дың дыбысынан байқап, ұстап қоректенеді. Қорегін ұстауға кең аузынын, және оның, жиегіндегі қатты қылтандарының маңызы үлкен. Бұлар суық жақта ғана болмайды. Бізде құрғақ орманды жерлерде — кәдімгі ешкіемер (Саргіmulgіs europaeus) кездеседі. Бұлардың топырақ шұңқырына салған ұясында 1—2 жұмыртқа болады.Балапандарын атасы да, анасы да бірдей күтеді. Ешкіемерлер өте пайдалы құс.
17. Отряд. ҰЗЫН ҚАНАТТЫЛАР (АРОDІҒОRMЕS)
Бұл отрядқа сұр қарлығаштар және колибрилер жатады. Олардың қанаттары ұзын және сүйір болады, сондықтан тез бұрыла, ұша алады. Қаңқасы мен ішкі органдарының құрылысында өзіндік өзгешеліктері болады.
Сұр қарлығаштар сыртқы пішіні және тіршілік ету тәсілі жа-ғынан қарлығаштарға ұқсайды. Бұл ұқсастығы систематикалық жақындығынан емес, конвергенцияның нәтижесі екендігін салыстырмалы анатомия көрсетіп отыр. Олар ұшып бара жатып ұсақ насекомдарды қағып жейді. Өйткені, аяқтары қысқа, төрт саусағының барлығы да алдына қарай бағытталрандықтан жер бетімен жүре алмайды. Бұлар ұяларын ағаштардың қуысына, жартастардың жарығына, үйлердің жапсарларына салады. Бізде кәдімгі сұр қарлығаш (Сурsеlus арus) кең тараған. Малай архипелаг аралдарында сұр қарлығаштардың ерекше түрі салангандар (Соllосаlіа)мекен етеді. Ұяларын сілекей бездерінен шыққан, жабысқақ және тез қататын шырындарымен салады, Бұны жергілікті халық “қарлығаш ұясы” деген атпен тамақ есе-бінде пайдаланады.
Колибрилер — ұсақ және өте ұсақ, ерекше құстардың тобы. Ірі колибрилер қарлығаштай, ал ұсағы түкті араның үлкендігін-дей болады. Түсі ашық, жарқырауық келеді. Олар өте тез ұша-ды, қанатын өте жиі қағатын болғандықтан тіпті оның пішінін байқау мүмкін емес. Барлық түрлері де ағашты, бұталы жерлерді мекендейді. Олар гүлдердің нектарымен және гүлдегі ұсақ насекомдармен қоректенеді. Бұлардың көпшілігінің тұмсығы ұзын, аздап төмен қарай иілген, нектарды соруға бейімделген болады. Бұтақтарға ұялайды. Ұясында 2 жұмыртқа болады. Балапандары әлсіз, аналары өздерінің аузынан нектарларын кейін шығарып, балапанының аузы арқылы өңешіне құяды. Колибрилердің көпшілігі өсімдіктерді тозаңдандырады. Жалпы 600-дей түрі белгілі. Оңтүстік және Солтүсті к Америкада мекендейді. Солтүстік Американың батыс жағалауынан, солтүстікке — Алясканың оңтүстігіне дейін тараған.