ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 843

Скачиваний: 22

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


182

18. Отряд. ТОҚЫЛДАҚ ТӘРІЗДІЛЕР (РІСІҒОMЕS)

Тоқылдақ тәрізділердің. көлемі ұсақ және орташа болады, өздері ағашта тіршілік етуге ерекше бейімделген құстар. Бұлар үяларын ағаштарға салады. Ағаштардың дәндерімен, жемістерімен немесе ағаш қабығындағы насекомдармен қоректенеді. Тоқылдақ тәрізділер қорегін мықты, мүйізденген тұмсығынын, жәрдемімен алады, оның формасы түрліше болады. Олар ағаш бойларымен тез козғалады. Тырнақтары иілген. Арқа омыртқалары бір-біріне бірікпегендіктен денесі өте қозғалымды. Тоқылдақтар негізінен тропикада көп тараған. Балапандары көп уақытқа дейін ұяларында болады.

Т у к а н д а р н е м е с е б ұ р ы ш ж е у ш і л е р (Rһаmр-һаstedае) — Оңтүстік және орталық Американың тропикалык ормандарын мекендейді. Бұлар өте ашық түсті, тұмсығы өте үлкен, жиегінде тісшелері болатын организмдер. Жеміспен, кейде құстармен және олардьң жұмыртқаларымен қоректенеді. Тукандар ағаштың қуысына ұялайды.

Тоқылдақтар (Рісedае) — тұмсығы қашау сияқты, ағашқа өрмелегіш құстар. Табандары қысқа, тырнақтары ішіне қарай иіліп, ал сыртқы саусағы арт жағына қарай қайырылып тұрады. Бағыттаушы қауырсындарының сабақтары қатты және үшкір келеді. Тоқылдақтар ағаш бойымен өрмелеп қозғалғанда, қатты құйрық қанаттары денесіне тіреу болады. Қашау сияқты тұмсығының жәрдемімен олар ағаштардың қабықтарын сындырып, онын, арасындағы насекомдармен және олардың личинкаларымен қоректенеді. Олардың тілі ұзын да, ұшында түктері болады. Тоқылдақтар насекомдардан басқа қарағайдың тұқымдарымен де қоректенеді.

Қоректерін іздеу кезінде жасаған қуыстарға ұяларын сала-ды. Ұясында 3—5 жұмыртқа болады. Жұмыртқасын атасы да, анасы да басады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз келеді.

Біздің фауналарда тоқылдақтардың оннан аса түрі белгілі. Олардың негізгілері: қара тоқылдақ (Dгуосорus mаrtіus), үлкен ала тоқылдақ (Dепdгосорus mаjог), кіші ала тоқылдақ (D. mіпог), жасыл тоқылдақ (Рісus vігіdis), үш саусақты тоқылдак, (Рісоіdеs tгіdасtуlus) т. б.

Орман шаруашылығында тоқылдақтардың пайдасы үлкен. Олар күн сайын бірнеше жүз зиянды насекомдарды қырады. Тоқылдақтар әсіресе жаз айларында пайдалы, өйткені, олар бұл кезде насекомдармен қоректенеді. Қыста тоқылдақтар көпшілігінде кылқанды ағаштардың дәндерімен қоректенеді. Үзіп алған жаңғақтарын өздері шоқып жасаған ағаш қуыстарына бекітіп қойып, оны қаты тұмсығымен жарып, ішінен дәнін алып жейді. Пайдаланылып болған бүршік қабығын жерге түсіреді. Тоқылдақтардың жаңғақтарды апарып бекітіп қойып, ішінен дәнін


183

алып жейтін жерін “дүкен” деп атайды. Мұндай “дүкендердің” астында қарағайдын, бірнеше мыңдаған тұқымы алынған бүрлері үйіліп қалады. Тоқылдақтардың келтіретін аздаған осындай зияндарынан, олардың пайдасы аздаған көп. Сондықтан да халык “тоқылдақ — тоғай дәрігері” деп атайды.

19. Отряд. ЖАПАЛАҚТАР (PASSERFОRМЕS)

Жапалақтар сыртқы белгілеріне қарағанда, күндізгі жырт-қыш кұстарға ұқсас болғанымен, систематикалық жөнінен олардан анағүрлым алыстау тұрады. Олардың арасындағы кейбір ұқсастықтар тіршілік жардайларының үқсас болуының нәтижесінен келіп шыққан.

Жапалақтың қауырсындары қалың және жұмсақ, қопсып тұ-рады. Сондықтан да ұшқанда дыбыс шығармайды. Қорегін есту органының көмегімен іздеп табады. Құлағының қалқаны біршама жақсы жетілген. Құлақ қуысының алдыңғы жағында, дыбыс толқындарын күшейтетін тері қатпары орналасқан. Бұлардың көзі үлкен, сондықтан жапалақтар түнде де жақсы көреді. Басын өте тез қозғап, 270 градусқа бұра алады. Қорегін ұзын саусақты табанымен қармап ұстайды.

Күндізгі жыртқыш құстардан айырмашылығы, жапалақтың жемсауы болмайды. Бұлар көп жерге тараған құс, 200-ге жуык, түрлері бар. Ал бізде соның 20-дай түрі кездеседі. Балапанда-ры әлсіз, көп уақытқа дейін ұяларында болады.

Ақ жапалақ (Nусtеа sсаndіаса) ірілігімен және ақ түсімен ажыратылады. Тундрада ұялайды. Қыста оңтүстікке ұшып келеді. Ақ жапалақ күндіз қорегін жақсы аулай алады.

Үкі (ВиЬо ЬиЬо) жапалақтардың ішіндегі ең ірісі. Ол бізде тундрадан басқа жердің барлығында да кездеседі. Ұяларын жерге, жартастарға, кейде ағаштарға салады. Ұяларында 2— 3 жүмыртқа болады. Жемін түнде аулайды. Жер жағдайына және жыл маусымына қарай, қоректерінің түрлері өзгеріп тұрады. Орта Азияда қыста негізінен 'құстармен қоректенеді (үйректер, қасқалдақтар т. б.). Оңтүстікте жаз кезінде қояндармен, қосаяқтармен және кірпілермен қоректенеді.

Құлақты. жапалақ (Аsіо оtus) аса ірі болмайтын, жақсы да-мыған “құлағы” бар құс. СССР-дің оңтүстігінде және қоңыржай өңірде кеңінен тараған. Бұлар көбінесе аралда және орманның ашық жерлерінде болады. Ұяларын ағаштардың қуысына, басқа қүстардың ескі ұяларына немесе жерге салады. Ұясында 3— 7 жұмыртқа болады. Қорегін түнде аулайды. Негізгі қорегі тышқан тәрізді кемірушілер, кұстар, кейде насекомдар болып есептеледі.

Байғыз (Аthеnе, GІаисidium)—ұсақ жапалақтар. Басы үлкен, “құлағы” болмайды.



184

Сұр неясыть (Sігіх аlисо) — кәдімгі біздің жапалақтардың бірі.Үлкендігі қарғадай, құлақ айналасындағы қауырсындары болмайды. Олар Европаның, Сибирьдід, Кавказдың және Орта Азияның орманды жерлеріне тараған. Отырықшы, баяу қозғалатын құс. Олар ұяларын ағаштарға, ағаш қуыстарына салады. Жемін түнде аулайды. Тышқан сияқты кемірушілер, насекомдар, құстармен қоректенеді. Жапалақтардың тағы бір пайдасы, басқа жыртқыш құстар түнде ұйқыда болған кезде жемін аулайды.

20. Отряд. ТОРҒАЙ ТӘРІЗДІЛЕР (РАSSЕRІРОRМЕS)

Торғай тәрізділерге қазір тіршілік ететін құстардың жарты-сынан көбі жатады. Оныд 5000-ға тарта түрі белгілі. Сыртқы пішіні мен дене мөлшері алуан түрлі болады. Ең ұсағы королек, оныңсалмағы5—6 г болады, ал ірісі қарға салмағы 1100—1500 г болады. Торғай тәрізділердің көпшілігі бұталы, орманды жерлерді мекендейді. Торғай тәрізділердің ішінде нағыз су құстары болмайды. Барлығы да болжыр балапанды құстар. Ұясын өте ұқыпты жасайды. Кейбір түрлері жылына екі рет балапандайды. Торғай тәрізділер үш отряд тармағына бөлінеді.

1. Үншіл торғай тәрізділердің (Сіатоtогеs) дыбыс еттері симметриясыз орналасқан қарапайым құстар. Тропиктік ұсақ орман құстары. 1000-ға тарта түрі белгілі, 11 тұқымдасқа топ- тасады.


2. Жалған жыршы торғай тәрізділер (Мепигае) бұған Авст-ралияға тараған бір азғана түрлері жатады. Нағыз торғай тәрізділермен салыстырғанда, дыбыс байланыстары нашар жетілген. Негізгі тұқымдасы — лиралар (Мепигіdае).

3. Жыршы торғай тәрізділер (Оsсіпеs) бұл отряд тармағына, отрядтағы түрлердің 2/3 бөлігі жатады. Дыбыс аппараты толық жетілген, 5—7 пар дыбыс еттері болады. 4000-ға тарта түрі белгілі, олар 5/2 тұқымдасқа бірігеді. Оның кейбір түрлерін ғана қарастырамыз.

Бозторрайлар (Аlаиdіdае) далада, шөлді жерлерде тіршілік ететін ұсақ құстар. Артқы саусарының тырнағы түзу және ұзын болады. Бұлар ауада ұшып жүріп жырлайды. Насекомдармен, дәндермен қоректенеді. Бозторғайлар өте пайдалы құстар бо-льш есептеледі.

Қарлыраштар (Нігипdіпіdае) өте тез ұшатын, ұсақ қүстар. Олар насекомдарды ауада ұшып бара жатып қағып, ұстап жейді. Бізде қарлығаштардың үш түрі қыстау қарлығашы (Нігипdо гиstіса), қала қарлығашы (Dеlісһоп игbіса) және жаға қарлығашы. (Rірагіа гірагіа) кездеседі.

Қаратамақтар (Моtасіllіdае) шабындық және далалы жер-лердегі үлкендігі торғайдай болатын ұсақ құстар. Қонып отыр-ғанда үзын құйрығын әрдайым қозғап отырады.

185

Сушылқара (Оляпка) (Сіпсlіdае) насекомдарды және олар-дың личинкаларын іздеп суға жақсы сүңгіп, судың түбімен тез жугіретін ұсақ құстар. Бізде кәдімгі оляпка немесе сушыл қара (Сіnсlus сіnсlus) деген түрі тіршілік етеді.

Шымшықтар (дрозды) (Тurdіdае) — дене мөлшері орташа және ұсақ болып келетін орманда және жер бетінде тіршілік ететін құстар. Ағаштың басына, қуысына жарлардың қуысына ұялайды. Көпшілігінің әтештері жақсы жырлайды. Бұл тұқымдасқа: әнші (Тuгdus рһіlотеlоs), қара шымшық (Мегulа mегulа), шақшақай (Sахісоlа), бұлбұл (Lusсіпіа) т. б. жатады.

Шыбын қаққыштар (Мusсісаріdае) — ормандарда тіршілік ететін насекомдармен қоректенетін ұсақ кұстар. Көбінесе ағаштардың қуысына ұялайды. Бау-бақшаларға іліп қойған жасанды ұяларға да ұя салады. Насекомдарды ұшып жүріп ұстайды.

Таганак, торғай (Lапііdае) — дене мөлшері орта және ұсақ болып келетін, орман арасындағы кеңістіктерді, бұталарды, ағаштары кесілген алаңдарды мекен ететін құстар. Олар ауада ұшып бара жатқан насекомдарды үстап, қоректенеді. Ірі түрлері тышқандарды, өзінен кіші құстарды ұстап жейді және олардың ұяларын бүлдіреді. Тағанақтар қоректік заттарын ағаштың қүрғақ бұтақтарына іліп қойып, тамақ қорын жасайды.


Қараторғайлар (Sturnidae) — жерде қоректенетін, ағашта және жер бетінде мекендейтін, ұяларын ағаштардың қуысына немесе тастардың арасына салатын кұстар. Қараторғайлардың екі түрі бар: кәдімгі қараторгай (Sturdus vulgaris) және бізде оңтүстікте болатын күлгін қараторғай (Раstог гозеus) көптеген шегірткелерді құртып, пайда келтіретін құстар.

Қарғалардың (Согvidае) — дене мөлшері орташа, ірі болып келетін құстар. Бірсыпырасы орманда, бірсыпырасы жер бетінде тіршілік етеді. Қарғалар кез келген затпен қоректенеді. Бұл тұқымдасқа — қүзғын. қарға, қара қарға, ұзақ, сауысқан, самырсын қус, ақтұмсық, қара қарға және қоргаторғайлар жатады.

Жұмақ” қустары (Рагаdisеіdае) — ашық түсті болатын Ав-стралия мен Жаңа Гвинейдің құстары. Бұлардың жыныс диморфизмі өте айқын ажыратылған. Қейбір түрлері шағылысу кезінде жерге “балаған” жасап, оны әдемі, ашык, түсті тастармен, өздерінің қауырсындарымен және басқа заттармен әшекейлейді. Осы жерде олардың “күй ойнағы” өтеді.

Сарышымшық (Рагісіае) — ағаш діңімен, бұтағымен тез қоз-ғалатын құстар. Олар ағаштардың қабығының және жапырақ-тарының үстінен немесе ағаштардың жарығынан насекомдарды теріп жейді. Көбіне ағаш қуысына ұялайды. Өсімдік қалдықтарының талшықтарынан ұя жасайтын құрқылтай дейтін түрі бар.

Өрмелегіш торғай (поползни) (Sittidае) — таулы және ор-манды жерлерде тіршілік етеді. Олар тегіс жардың, ағаштың үстімен жақсы жорғалай алады. Өрмелегіш торғайлар жіңішке 186

ҚҰСТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ

Осы кезде тіршілік құстар — ағашты, бұталы, батпақты, сулы орталарды мекен етеді. Бірақ сүт қоректілерге қара-ғанда, қүстардың бейімделген орталары оншама көп емес. Мысалы, кұстардың ішінде тек қана суда тіршілік ететін немесе топырақтың қалың қабатында тіршілік етуге бейімделген түрлері болмайды.

1. Бұталы-орман құстары. Құстардың бұл тобына олардың өте көптеген түрлері жатады.

Бұл ортада көбірек мамандалған құстардың тобы — ағаш-та өрмелеушілер болып саналады. Олар қоректерін ағаштан, немесе бұталардан алып, осы жерге ұялайды. Көбінесе ұя-ларын ағаштардың бұтағына салмай, діңіндегі қуыс жерлеріне салады. Қоректерін ағаштан табатын болғандықтан, олар ағаш бойымен тез өрмелей алады. Олардың аяқтары қуатты және иілген тырнақтары болады. Көпшілігінің (тоқылдақтар) екі саусағы алдына қарай, қалған екі саусағы артына қарай бағытталған. Ағаш бойымен өрмелегенде, серпімді құйрық қауырсындары тірек қызметін атқарады, мысалы тоқылдақтар. Ал тотылар тұмсығымен бұтақтарды қармап қозғалады. Қоректену сипатына карай бүталы-орман қүстары: насеком жемділер, жеміс-тұқым жемділер, нектар жемділер деп бөлінеді.