ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 841
Скачиваний: 22
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Құстардың жыныс бездерінің жетілуі түрліше: ұсақ торғай тәрізді құстардың жыныс безі 8—12 айда, қарғалар, ұсақ ша-ғалалар, үйректер, ұсақ күндізгі жыртқыштар — өмірінің екін-ші жылында, ал ірі шағалалар, гагарлар мен бүркіттер үшінійі жылында жетіледі.
Көптеген құстардың жыныс безі жетілген кезде жыныстық диморфизмі байқалады. Ұрғашыларына қарағанда еркектерійің дене мөлшерінде, дауысында, пластикалық белгілерінде, түсінде ерекшелік білінеді. Еркектері әрқашанда ұрғашыларынан ірі болады. Бірақ бұл заңдылыққа сәйкес келмейтін қазуарлар, кивилер, тинамулар, күндізгі жыртқыштар сияқты құстар да бар. Әтештерінің түсі ашық, әсем болады. Мысалы, тауық тәрізділерде, Керісінше солтүстікте тіршілік ететін жүзгіш балшықшының (Рһаіагориs) мекиенінің түсі ашық, айқын болады. Бұларда жұмыртқасын еркектері басады.
Тауықтардың, құрлардың және қыргауылдардың әтештері-нің құйрығында қауырсындары және аяқтарының арт жағында мүйізді өсінді — тегеуіріні болады.
194
Жыныс диморфизмі құстардың бір азғанасында болмайды. Бұл сияқты құстарға пингвиндер, түтік тұмсықтылар, ескек аяк-тылар, гагарлар, сұр қарлығаштар т. б. жатады. Ал кейбір құс-тардың жыныс диморфизмі (шағалалар, чистиктер, пастушка-лар, балшықшылар және торғай тәрізділердің көпшілігі) нашар білінеді.
Көпшілік құстар “күй салтанаты” кезінде монагамды. жұп құрайды, яғни бір еркегі мен ұрғашысы қосылып бір жұп болып жүреді. Қосарланып жүру уақытының ұзақтығы түрлі құстарда түрліше уақытқа созылады. Мысалы, аққулар, ірі жыртқыштар, дегелектер бірнеше жылдарға дейін, кейбір жағдайда өмір бойына жұбымен жүреді. Қаздар, бірқатар үйректер (пеганка, отайка), бірнеше торғай тәрізділер, тек көбею маусымында ғана жұп құрайды. Балапандарын шығарып,ұшырғасын мұндай құстар жұбын ажыратады. Көпшілік үйректер жұмыртқа салар алдында шағылысу кезінде ғана жұп құрап, ұяларын салып болғасын ажырасып кетеді. Кейбір құстар шағылысу кезінде, бірнеше минут немесе сағат қана жұп құрайды. Мүндай құстардың әтештері, бір көбею маусымында, бірнеше мекиендерді ұрықтандырады. Олар күн сайын жаңа жұп құрайтын болады. Шын мәнінде бұл полигамдар, анығырақ айтқанда полигиндер деп атала-ды. Бұған меңіреу құрлар, турухтандар, колибрилер жатады. Табиғи жағдайда нағыз полигиндерге тауыстар, үй құстарынан тауықтар жатады.
Құстардың бір азғана тобында полиандрия, яғни көп этеш-тілік байқалады. Мұндай жағдай ушсаусақтыларда (Тигпісеs), жүзгіш балшықшыларда
(Рһаlагориs) және тинамуларда кездеседі.
Құстардың көптеген түрлері шағылысар алдында, еркегі мен ұрғашысы жұп құрап, азғана уақыт бірге жүреді. Мұның өзі олардың жыныс бездерінің толық және тез жетілуіне әеер етеді. Бұл кезде құстардың мінез-құлқы өзгеріп, әр түрлі қимылдар жасайды және қанаттарын үрпитіп, дауыстарын өзгертеді. Мысалы, бұлдырықтар “күй ойнағын” өткізетін тоғайдың ашық алаңдарына түнде жиналады да “күй ойнағына” таң ата кіріседі. Әтештері қанатын сүйретіп, құйрық қанаттарын үрпитіп жайып жібереді. Олар ерекше дауыс шығарып, оның ырғағын өзгертіп әндетеді. Ойындары әбден қызып келген кезде ерекше дыбыс шығарады да әтештері бірімен-бірі таласады. Бұл кезде мекиендері бұталарда немесе тоғайдың ашық жерлерінде оіьь рады.
Гагардың әтештері “күй ойнақ” кезінде, суда айрықша бір қимылдар жасап, тез қозғалады. Ақ кекілік “күй ойнақ” кезінде мезгіл-мезгіл жерден жоғары аспандап ұшып, ерекше қықылықтайтын дыбыс шығарады. Шағылысар алдында арнаулы дыбыс Шығару — көптеген құстарға тән қасиет. Шағылысар алдында дыбыс шығарып жырлау көмекейдегі дыбыс қатпарлары арқы-
195.
лы орындалады, ал кейбіреулерінде басқа органдар арқылы да орындалады. Мысалы, таукұдырет “күй ойнақ” кезінде ауада ұшып жүріп, төмен қарай түскенде, құйрық қанатын жайып жібереді. Тоқылдақ “күй ойнақ” кезінде"құрғақ ағашқа орнығып алып, тұмсығымен ағашты үсті-үстіне соғып, дауыс шығарып — “жырлайды” — мұны “барабан сарыны” деп атайды.
Құстардың шағылысу алдында, әтештерінің мінез-құлқының өзгеріп “күй ойнақ” жасауы, сыртқы ортаның негізгі әсерінің бірі болып саналады. И. П. Павловтың айтуынша, сыртқы ортаның осындай әсерінсіз (“сигналынсыз”) мекиендердің шағылыс циклының қалыпты түрде аяқталуы және оған дайындалуы мүмкін емес. Шағылысар алдындағы құстардың мінез-құлқының өзгеруі — олардың жоғарғы нерв әрекеттерінің айқын көрінісі болып саналады.
Жүп құрғаннан кейін құстар ұя салуға кіріседі. Құстардың ұясы алуан түрлі, бірақ белгілі бір түрінің ұясы әрқашанда белгілі бір формада салынады. Ұяларының сипаты, олардың биологиялық түр ерекшеліктеріне және ұя салатын ортасының экологиялық ерекшелігіне тығыз байланысты. Құстардың кейбір түрлері ұя жасауға әрекеттенбей-ақ кезкелген жерге туа береді. Мысалы, қайрлар, жалаң тастың үстіне бір ғана жұмыртқа салады. Ешкіемерлер (1—2 жұмыртқасын) арнаулы үя жасамай-ақ топырақтың шұңқыр жеріне туа салады. Кіші зуектер мен өзен крачкалары құмдардың шұңқыр жерлеріне салады. Ұяда төсеніш болмайды, бірақ құм жауып қалмайтындай етіп оның жиегін ұсақ тастармен көмкеріп қояды. Балшықшылар мен тауық тәрізділердің көпшілігі ұяларына аздап та болса құрылыс материалдарын пайдаланады. Жұмырткаларын топырақтың ояздау жеріне салады да ұясының астына болар болмас төсеніш төсейді.
Ағаштарға ұялайтын құстардың да ұяларының бірқатары қарапайым құрылысты болады. Мысалы, кейбір көгершіндер бір азғана бұтақтан құрастырып, оның жиегін көмкермей-ақ ортасын шұңқырлайды да, соған жұмыртқалайды.
Күндізгі жыртқыш құстарда ұяларын осы типтес етіп жасайды, бірак, -олардың ұясы өте қалың болады. Торғай тәрізділердің көпшілігінің үялары күрделірек және ұясының қуысы терең болады. Ұясын жасауға құрылыс материалдар есебінде — құрғақ шөптерді, мүктерді, қыналарды, шаш және қауырсындарды пайдаланады. Шымшықтар ұясының ішін балшықпен сылайды. Орман құстарының ұялары, елеусіз екі бұтақтың айрылысқан жеріне салынады. Кейбір құстар жұмыртқаларын жауларынан қорғау үшін жабық ұялар — “ұя-үйшіктер” жасайды. Мұндай ұя салатын құстарға пеночектардың кейбір түрлері, ұзынқұйрық сарышымшықтар, құрқылтай, тропикалық нектарницалар мысал бола алады. Бұл құстардың соңғы екеуінің ұясы ағаштың
196
жіңішке бұтағына ілініп түрады, сондықтан оған ағаш бойымен өрмелеп жүретін жыртқыштар жете алмайды.
Көптеген құстар ағаштың діңіндеғі қуыстарға ұялайды. То-қылдақтар өзегі шіріген ағаштардың ортасын қуыстап, ұя салады. Қараторғайлар, дүпілдектер, шымшықтар, жапалақтың кейбір түрлері, тотылар және көгершіндер — ағаштардың табиғи қуыс жерлеріне немесе тоқылдақтардың жасаған шұңқырларына ұялайды. Азияның оңтүстігін мекен ететін мүйіз тұмсықты құстар ағаштың қуысына ұясын салып, мекиенін ұя басқан күйінде қалдырып, одан мекиенінің тұмсығы сиғандай тесік қалдырып, басқа жерін сылап, бекітеді. Енді бір құстар тұмсығы-мен немесе аяқтарымен жерді қазып ін жасап, ұяларын сол індерге салады. Інде ұялайтын құстар: жаға қарлығаштары, щуркалар, зимородкалар және балта тұмсықтар т. б.
Жаңа Гвинейдің қорс тауығының ұясының өзіндік ерекшелі-гі бар. Олар құмды топырақтан үлкен етіп шұңқыр қазып, оны шіри бастаған өсімдіктермен толтырады. Оның маңында көп уақытқа дейін болып, қазып температурасын байқайды. Температура 29 градусқа жетсе, ортасын шұңқырлап, сол жерге жұмыртқалап болғасын, үстін шіріген шөпке құмды араластырып, жауып тастайды. Жұмыртқалары күннің қызуының және шөптесін заттардың шірігенде шығаратын жылуының әсерінен дамиды.
Көпшілік құстардың жұмыртқаларының түсі, жұмыртқа сал-ған жердің түсі түстес келеді. Осының салдарынан жыртқыш-тар, ондай жұмыртқаларды аңғармаңды. Мысалы, ешкіемер-дің, шілдердің, кейбір балшықшылардың жұмыртқаларын 1—2 м жерден байқауға болмайды. Торғай тәрізділердің бір қатары, ұясының сыртына мүктерді, қыналарды өсімдіктің жапырағын іліп қояды. Сондықтан да мүндай ұялар бұтақ-тардың жуан буынтығы сияқты көрінеді де, жауына байқалмайды.
Казаркалар әдетте лашындардың ұяларының маңайына ұя-лайды. Лашындар өз ұяларын актив қорғаумен қатар, басқа жыртқыштарды ұясының маңайына келтірмейді. Міне сондық-тан казаркалардың да ұялары аман сақталады.
Шөлдегі торғайлар ұясын дала бүркітінің ағаш бұтағынан жасаған ұясының арасына салады. Сөйтіп, олардың да ұясы аман сақталатын болады.
Құстар амфибилер мен рептилилерге қарағанда жұмыртқа-ны аз салады. Құстар түрлеріне қарай 1—25-ке дейін жұмыртқа салады. Қайрлардың, чистиктердің көпшілігі, кейбір ірі шағалалар және ірі күндізгі жыртқыштар бір ғана жұмыртқа туады. Көгершіндер, колибрилер, тырналар, гагарлар, кейбір ешкіемерлер мен чистиктер көбінесе екі жұмыртқа салады. Шағалалардың көпшілігі үш жұмыртқа, ал балшықшылардың жұмыртқасы төртеу болады. Ұсақ жыртқыштар, кейбір торғай тәрізділер 5—6 жұмыртқа салады. Қаз тәрізділер, тауық тәрізділер
197
және кейбір торғай тәрізділер, бұдан да көбірек жұмыртқа са-лады. Мысалы, барылдауық үйрек 6—14 жұмыртқа, сұр үйрек-тер 7—13 жұмыртқа, сұр кекілік 12—26-ға дейін жұмыртқа са-лады.
Қызылшақа балапан шығарушы құстардың жұмыртқасы-ның санынан, ширақ балапан шығаратын құстардың жұмырт-қасы көбірек болады, Ол ширақ балапанның қиындықсыз тез өсуіне байланысты. Әйткенмен мұндай заңдылық әрқашанда сақтала бермейді. Мысалы, ширақ балапан шығаратын шаға-лалар мен балшықшылар 3—4 жұмыртқа туса, қызылшақа ба-лапан шығаратын торғай тәрізділер 10-нан артық жұмыртқа салады. Тағы бір ескеретін жағдай, бір түрге жататын құстар-дың ішінде көп жұмыртқа туу солтүстік ендікте ұялайтын құс-тарға тән. Ол солтүстікте күн ұзақ, 'Сондықтан балапандары көп болса да, азық тауып бере алады; екіншіден, солтүстікте күзде күн салқындаранда және оңтүстікке қарай ұшқанда бір-нешеуі өліп шығын болуы мүмкін.
Жұмыртқаны ата-анасыньгң біреуі немесе мекиені мен әтеші кезектесіп басып, балапан шығарады. Тауық тәрізділердің көпішлігі, торғай тәрізділер, қаз тәрізділер, жапалақтар, кей-бір күндізгі жыртқыштар мен балшықшыларда балапандарын тек қана мекиендері басып шығарады. Австралияның* және Американын, түйеқұстары, тинаму, кейбір балшықшылар, мы-салы, біздің солтүстіктегі плавунчиктерде жұмыртқаларын әтештері басып, балапан шығарады. Қалған құстардын, әтеші мен мекиені кезектесіп басады.
Құстардын жұмыртқаларын басу мерзімі, олардың түр өз-гешелігіне және жұмыртқанын мөлшеріне байланысты бола-ды. Балапандары ширақ болатын құстар, әлсіз, қызылшақа балапан шығаратын құстарға қарағанда ұзағырақ басады. Ұсақ торғай тәрізді қүстардың жұмыртқаларының дамып, балапан шығару мерзімі 9—14 күн; кара тоқылдақтың жұмыртқасы — 14 күн, қарғалардікі—17—20, қырғи — 31—35 күн, бүркіт — 44 күнде балапан басып шығарады. Балапандары ширак болатын құстарда: тауқұдірет—17—18 күн, кекіліктер — 21 күн, қырғауыл — 21—25 күн, құр — 23 күн, жабайы үйректер— 24—28 күнде жұмыртқасын басып, балапан шығарады.
Жұмыртқадан шыққан балапандардың ширақтық дәрежесі түрлі құстарда түрліше болады. Осыған сәйкес ширақ балапан шығарушылар және әлсіз, қызылшақа балапан шығаратындар болып екіге бөлінеді. Ширақ балапан шығарушы құстардың балапаны — жұмыртқадан шыққанда көзі ашык, денесі ма-мықпен жабылған, өзі жүріп жемді шоқи бастайды. Құстардың бүл түріне көбінесе жерде және суда мекендейтін: тауық тәріз-ділер, дуадақтар, жылқышылар, қаз тәрізділер жатады. Әлсіз, қызылшақа балапан шығарушылардың балапандары — жала-ңаш, кейде аздап та болса қауырсыны болады, көпшілігінің кө-198