ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 824
Скачиваний: 22
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
242
Олар Австралиядан басқа жердің барлығында да кездеседі, көптеген түрі тропикада тараған. Бізде кездесетін түрлері: жолбарыс (Тigгіз tіgгіs) — Қиыр Шығыста және Орта Азиянын, кейбір жерлерінде кездеседі.
Қабыланнық (Рапthега рагdиs) — негізгі тараған жері Азия және Африка, бізде Кавказда, Түркменияда және Қиыр Шы-ғыста кездеседі. Барыс (Unсіа ипсіа) — Орта және Орталык, Азия тауларының биік шыңдарында тіршілік етеді. Бұл тұқым-дасқа жататын ұсақ мысықтардың бірнеше түрі бар. Мысалы, Батыс Украинаның, Кавказдың тоғайларында — 'Европаның жабайы мысығы (Ғеls sіlvеstгіs), Орта Азияның шөлінде — теңбіл мысық (Ғеlіs осгеаtа), Қиыр Шығыстың орман мысығы (Fеlіs еирtlига) кездеседі. Бұл түрлері кемірушілермен және дұстармен қоректенеді.
Сілеусін (Lупх Іупх) — биік таулардың жыл бойы қар ба-
сып жатқан жерлерінде тіршілік етеді. Қары қалың жерлерде
тіршілік етуіне байланысты аяқтары ұзын және табаны жалпақ
болады. Ақ қояндарды ұйықтап жатқанда тап беріп немесе ит-
терше қуып жетіп ұстап жейді.
Гепард (Асіпопух jиЬаtиs) — басқа мысықтардан ерекшелігі — табаны ұзын, тырнағы жасырынбайды. Бұлар негізінен Оңтүстік Азияның шөлді аудандарында тараған. Бізде гепард-тар оңтүстік Туркменияда кездеседі. Олар ашық далалы жердегі жануарларды қуып жүріп ұстап, жейді. Гепардтарды қолға үйретіп ақ бөкендерді ұстауға пайдаланады.
Мьгсық тұқымдастар сирек кездесетін болғандықтан, кәсіп-тік маңызы аз жануарлар болып саналады.
Қорқау қасқыр (Нуаепіdае) — ірі сүт қоректілердің өлек-селерін жеп, тіршілік етеді. Үлкендігі иттей болады. Аяқтары нашар жетілген, алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан ұзын-дау, жерді қазып, көмген өліктерді ашып алуға бейімделген. Тырнақтары моқал әрі жасырынбайды. Бұлардың жақтары өте мықты, тістері үлкен, сүйектерді ұсатып жібереді. Тіс форму-ласы:
Қорқау қасқырлар Африкада, Оңтүстік Азияда тараған. Бізде Закавказьеде және Орта Азияның оңтүстігінде бір 'түрі — тец-біл қорқау қасқыр (Нуаепа һуаепа) кездеседі.
В и в е р р т ұ қ ы м д а с ы (Vіvеггіdае) — сыртқы пішіні су-сарларға ұқсайды. Тіс формуласы:
Виверрлер — Африкада, Оңтүстік Езропада және Оңтүстік Азияда тараған, бізде кездеспейді.
243
9-отряд. ЕСКЕК АЯҚТЫЛАР (РINNІРЕDІА)
Ескек аяқтылар суда тіршілік етуге бейімделген жыртқыш-тарға жақын сүт қоректілер болып есептеледі. Суда олар қо-ректенеді және дем алады. Бұлар жағаға немесе мұздың үсті-не шағылысу, күшіктеу және түлеу үшін ғана шығады. Құрлық-пен байланысы әрбір түрінде түрліше болады. Суда тіршілік етуіне байланысты, дене құрылысында бірнеше бейімделу-шіліктері бар. Жалпы денесі ұзын және ұршық тәрізді болады. Мойыны қысқа, денесінен айқын айрылып тұрмайды. Аяқтары ескек сияқты болады. Денесінде түгі болмайды. Денесіндегі жылуды реттеп отыратын, сыртқы механикалық әсерден сақтайтын және жануардың меншікті салмағын азайтатын тері астындағы май қабаты жақсы жетілген.
М. М. Слепцовтың зерттеуінің, нәтижесінде, кейбір түр-лерінің терісінің астыңғы қабатында өңешпен жалғасып жата-тын бір немесе екі ауа қапшығының болатыны анықталған. Ауа қапшығындағы ауаның біріншіден — организмнің меншікті салмағын кемітуі, екіншіден — суда жүзген кезде тыныс алуға да пайдаланылуы мүмкін. Құлақ қалқаны редукцияра ұшыраған, бірақ бұлар өте нәзік дыбысты естиді. Иіс - мүшесі жақсы жетілген, керісінше көзі нашар көреді. Тіс системасы жер бетінде тіршілік ететін жыртқыштардың тісінің құрылысы-на ұқсас.
Ескек аяқтылардың үлкен кәсіптік маңызы бар. Олардың майы мен терісін пайдаланады. Кейбір түрлерінің терісі өте құнды болады.
Құлақты тюленьдер тұқымдасы (Dtагііdае). Бұлардың құлақ қалқанының нұсқасы ғана бар. Артқы аяғының ескегі алға карай иіліп, құрлықта қозғалуына мүмкіндік береді.Шошақ тістері жақсы жетілген. Бұл тұқымдасқа жататындар — теңіз арыстандары, сивучтар және теңіз мысықтары. Бұл түрлерінің барлығы да туар кезінде жер бетіне шығады.
Теңіз мысығыньщ (Саllогһіnus игsіпиs) маңызы үлкен. Бұл ұзындығы 2 метрдей болатын тюленьдердің ірі түрі. Тынық мұ-хиттың солтүстік жағына тараған. Жазда түлеу және көбею үшін мысықтар кейбір аралдарға жиналады. Жағада май айы-нан август айына дейін болады. Бұлардың осы топтанып шо-ғырланған жерін “жатақ” деп атайды. Күзде түлеп болған соң оңтүстікке миграциялайды. Теңіз мысығының мұндай жатағы бізде Командор аралдарында және Тюленье (Сахалиннің жа-нындағы) аралдарында бар. Теңіз мысығы — полигамдар, яғни бір еркегі 30—80-ге жуық ұрғашысын ұрықтандырады. Ұрғашысы қара түсті бір ғана күшік туады. Ересектері қоңыр-сұр түсті болады. Терісі қысқа қалың түбітті және бірен-саран ұзын қылшығы болады. Терісін өндегенде осы ұзын қылшығын жұ-
244
лып тастап, тегіс етіп қырқып, әдетте қара түске бояйды. Теңіз мысығын жазда жатағында жатқанда аулайды, сонымен қатар олардың санын арттыруда ғылми жұмыстар жүргізіледі.
Нағыз тюленьдер тұқымдасы (Рһосidе). Бұларда құлақ қалқандары болмайды. Артқы аяқтарының ескегі алдына қарай бүгілмейді. Сондықтан да артқы аяғының жер бетімен козғалуына көмегі тимейді. Бұлардын, көпшілік түрлері екі жарты шардағы мұзды теңіздерде тараған. Түлеу, шағылысу және күшіктеу үшін мұздың үстіне шығады. Бұл кезде бірнешеуі бірігеді. Мұны “залежка” деп атайды. Кейбір түрлері кеңінен миграцияласа, енді бір түрлері барынша бір жерде тұ-рақтап тіршілік етеді. Мысалы, Гренландия тюленьдері (Ра-gорһоса gгоепlапdіса) Арктикадан қыста оңтүстікке қарай миграциялап, Ақ теңіздің жиегінде және тұйықтарына, Нью-Фаундленд және Ян-Майен аралдарының мұздарының үстіне топтанып, күшіктейді, түлейді және шағылысады. Осы кезде оларды аулайды. Күшіктері үш жұмаға дейін ақ түсті болады. Балықтармен қоректенеді.
Теңіз қояны (Егіgпаtһиs ЬагЬаtus). Олардың ұзындығы екі метрден астам болады. Теңіз қояндары Мұзды мұхиттың, Бе-рингов және Охот теңіздерінің таиыз жағалауында тұрақты тіршілік етеді. Су түбіндегі омыртқасыздармен қоректенеді. Олар үлкен топ құрамайды. Мұздың үстінде күшіктейді. Нер-паньщ (Рһоса һіsріdа) түсі ала, ірі болмайды. Бұл дй мигра-цияламайды. Атлантика мұхитынын. солтүстік теңіздерінде, Мұзды мұхитка және Тынық мүхиттың солтүстігіне, Ладога және Сайма көлдеріне тараған. Бұлар қыста мұздан ін жасап, соған балалайды. Байкал мен Каспий көлдерінде нерпаға жа-қын тюленьнің ерекше түрі тіршілік етеді. Нерпа — көпшілігін-де балықтармен және шаян тәрізділермен қоректенеді. Бала-лары ақ түсті, үлпілдек жүнді болады. Оларды “ақ тиндер” деп атайды.
Морждар тұқымдасы (ОdоЬаепidае) Евразия мен Солтүстік Американың поляр жақ жиегінде және Мұзды мұхиттың Архипелагіндегі Франц-Иосиф аралына тараған. Морждардың денесінің ұзындығы 3—4 м, салмағы 1000 кг бөлады. Артқы аяқтарының ескектері, құлақты тюленьдердікі сияқты, алдына карай иіледі де құрлыққа жүруіне қатысады. Құлағының сыртқы қалқаны болмайды.Терісінің түгі жоқ деуге де болады. Жоғарғы жағының шошақ тістері үлкен, .сойдиып аузынан шығып тұрады. Осы тістерінің көмегімен олар мұздың үстіне шығады және судың түбіндегі омыртқасыздарды қазып алып, қоректенеді. Судың жиегіне, мұздың үстіне шығып, бірнешеуі бірігіп топ құрайды.
245
10-отряд. КИТ ТӘРІЗДІЛЕР (СЕТАСЕА)
Кит тәрізділердің барлық тіршілігі суда өтеді. Бір себептен судан шығып қалса, өздігінен қайтадан суға түсе алмайды. Бұ-лардың денесі ұзын, басы үлкен болады. Мойын бөлімін денесінен айыруға болмайды. Алдыңғы аяқтары ескекке айналған, артқы аяқтары мүлде болмайды. Жамбас белдеуінен омыртқа жотасына бекімеген, бос жататын екі рудименггі сүйек сақталған. Денесінде түгі болмайды, тек қана басында бірен-саран түгі болады. Терісінде тер және май бездері болмайды. Бір пар сүт безі болады. Емшегінің ұшы шап маңында болатын қалта сияқты қуысқа ашылады. Емшегінің ұшының мұндай қалталардың түбінде болуы, балаларын емізгенде сүттің сумен араласып кетпеуін қамтамасыз етеді.
Тері астындағы май қабаты өте жақсы жетілген, ірі түрле-рінде бұл қабатының қалыңдығы 50 см-ге жетеді. Май денесін салқындап кетуден сақтайды және меншікті салмағын кемітеді. Ірі түрлерінің меншікті салмағы судың меншікті салмағына жуық, яғни 1,025% деуге болады. Өкпесі өте үлкен болады.. Дельфиндер тыныс алғанда өкпесіне — 1—2 литр, ал алып көк киттердің өкпесіне—14000 литр ауа сияды. Кейбір түрлерінің танау тесігімен жалғасып жататын ауа қуысы болады. Суға сүңгігенде осы қуыстағы ауа тыныс алуына жұмсалады. Көптеген түрлері су астында 15—45 минут тыныс алмай шыдайды, Киттердің су астында 1 сағаттан артық бола алатыны туралы мәліметтер бар.
Киттердің есіту органдары жақсы жетілген. Киттер кейбір дыбыстарды 10—20 км жерден естиді. Нашар көреді. Иіс сезу органының рудименті ғана сақталған.
Суда көбеюіне байланысты киттерде өзіндік бейімделулер пайда болған. Қит тәрізділердің балалары туысымен анасының соңынан еріп кетеді. Жаңа туған баласының дене мөлшері анасының денесінің '/4, '/3, 1/2бөліміндей болады. Мысалы, Қара теңіздін, дельфиндерінің денесінің ұзындығы 160—170 см болса жаңа туған баласының ұзындығы 80—85 см болады. Кашалоттың ірілерінің ұзындығы 7—8 метр болса, оның баласының ұзындығы 3—3,5 м ал көк киттің ересектері денесінің ұзындығы 22—23 м болса, олардың балаларының ұзындығы 7—8 м болады. Осындай ірі бала тууы жамбас сүйегінің болмауына байланысты. Екінші бір тамаша бейімделуі — киттер балалағанда баласы құйрығынан бастап шығатыны байқалған. Сондықтан аналық кит құйрығын жоғары көтеріп, судан шығарып, баласының тұншықпауын қамтамасыз етеді. Баласы жоғары ытқып шығып, суға түскенінше дем алып үлгіреді. Бұл кезде кіндігі үзіледі де, балалаған соң біраз уақыттан кейін жолдасы түседі. Баласы емгенде анасының емшегін жиырылып жатқан
246
түтік тәрізді тілімен қармап үстайды, анасы құрсақ еттерін жиыру арқылы емшегін оның аузына сауады. Кит тәрізділер-дің барлығы да бір ғана бала туады. Тіссіз киттер 2—3 жылда бір рет, белуха — жыл аралап, дельфиндер — жыл сайын балалайды. Сүттері жұғымды болғандықтан балалары тез өседі. Мысалы, сиыр сүтінде 4—5% май болса, киттердің сүтінің 23—38 проценті май болады. Жыныс органдары 2—3 жасында жетіледі. Тіссіз киттер 20—50 жыл, дельфиндер 25—35 жыл жасайды.
Кит тәрізділер екі отряд тармағына бөлінеді.
1-отряд тармағыТІСТІ КИТТЕР (ОDОNТОСЕТІ)
Бұл отряд тармағына дельфиндер және кашалоттар жата-ды. Бұлардың көптеген (240 жуық) тістері болады. Тістері қа-рапайым, формасы мен құрылысы бірдей болып келеді.
Дельфиндердің көпшілігінің ұзындығы 1,5—Зметрге жетеді. Бұлардың Қара теңізде бірнеше түрі тіршілік етеді. Мысалы, нағыз дельфин (Dеlрһіпиs dеlрһіпиs), теңіз шошқасы (Рһосае-па рһосаепа). Дельфиндер Балтық, Баренцев теңіздерінде және Қиыр Шығыстың теңіздеріне тараған. Мұзды мұхиттың теңіздерінде және Тынық мұхиттың солтүстік теңіздерінде ақ дельфин (Dеірһіпарtегиs Іеисаs) деген түрі тіршілік етеді. Олардын, үзындығы 6 л*-ге жуық болады. Дельфиндердің барлығы балықтармен қоректенеді. Балықтардың ауған жағына қарай олар да ауысып отырады.
Кашалот (Рһуsеtег саtоdоп) тісті киттердің ең үлкен түрі, олардың ұзындығы 11—21 м болады. Солтүстік Мұзды мұхит-тан басқа мұхиттардың, жылы теңіздердің барлығында, бізде жазда Қиыр Шығыс теңіздерінде кездеседі. Негізінен бас аяқты моллюскалармен (сегіз аяқтылармен, кальмарлармен), кейде су түбінде тіршілік ететін балықтармен де қоректенеді. Олар 300 м тереңдікке сүңги алады. Су астында бір сағат, тіпті одан да көбірек уақытқа шыдайды.
Тісті киттердің кәсіптік маңызы үлкен.
2-отряд тармағы ТІССІЗ НЕМЕСЕ МҰРТТЫ КИТТЕР
(МUSТАСОСЕТІ)
Бұлардың негізгі өзгешелегі тістері болмайды. Таңдайынын, екі жағына тізіліп орналасқан мүйізді пластинкалары болады. Бұларды “кит мұрты” деп атайды. Ол сүзгі аппараттың қызметін атқарады. Бұлардың көпшілік түрлері планктонды омыртқасыздармен, сирек болса да балықтармен қоректенеді. Мұртты киттер — барлық мұхиттарға тараған, бірақ суық теніздерде көбірек кездеседі. Әрқашан миграциялап отырады. Солтүстік жарты шарда киттер қьгсты тропикалық суларда өткізеді де, жазда солтүстікке қарай ауысады, өйткені, бүл кезде солтүстік-