Файл: Биология пнінен тосанды жиынты баалау спецификациясы 11сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 217
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
«Биология» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейі, 11 сынып
Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Ұзақтығы – 40 минут Балл саны - 30
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Ұзақтығы – 40 минут Балл саны - 30
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Ұзақтығы – 40 минут Балл саны - 30
Тапсырмалар мен балл қою кестесі үлгісі
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
«Биология» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы
11-сынып
(жаратылыстану - математикалық бағыт)
МАЗМҰНЫ
1.Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2.Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
3.«Биология» пәні бойынша күтілетін нәтижелер, 11 сынып 3
4.«Биология» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейі, 11 сынып 4
5.Ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды тоқсандарға бөлу 5
6.Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 6
7.Модерация және балл қою 6
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 15
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 25
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 34
-
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау күтілетін нәтижелерді және оқу жоспарында жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
-
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 11 сыныптарына арналған «Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
-
«Биология» пәні бойынша күтілетін нәтижелер, 11 сынып
Білу:
-
бастапқы биологиялық ұғымдарды; -
заманауи өмірдегі жаратылыстану ғылымының мәнін; -
негізгі биологиялық теориялар мен заңдардың мәнін; -
атақты ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін; -
практикалық және эксперименттік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін; -
микробиология, молекулалық, жасушалық биология негіздерін; -
өсімдіктер және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен мүшелер жүйесінің компоненттерін; -
өсімдіктердің және жануарлардың негізгі топтарын; -
тірі ағзалардың адам және табиғи кешен үшін маңызын; -
эволюциялық дамудың негізі мен заңдылықтарын; -
сұрыптау әдістерін; биогеоценоздар мен агроценоздардың құрылымын; -тірі ағзаларға қоршаған орта факторларының әсерін; -адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсерін біледі.
Түсіну:
-
микробиологияның медицинадағы, ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіптегі маңызын; -
жасушалардағы молекулалар және органоидтар деңгейінде жүретін процестерді; -
өсімдік және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен мүшелер жүйесінің функцияларын, -
өсімдік пен жануарлардың негізгі топтарының жіктелу қағидаттарын; -
метаболизм процестерін; -
жаһандық және жергілікті экологиялық проблемаларды түсінеді.
Қолдану:
-
тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі биологиялық ұғымдар мен терминдерді; -
тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауiпсiз жүргізу әдістерін; -
қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында биологияның заңдары мен формулаларын; -
нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді, өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін; -
алынған білімдерін физикалық және химиялық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге; -
ағзалардың әртүрлі топтарын сипаттаған кезде бинарлық номенклатураны қолданады.
Талдау:
-
ғылыми-жаратылыстану эксперименті нәтижесінде алынған деректерді; -
графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты; -
адам ағзасының химиялық құрамын және оның дұрыс жұмыс істеуі үшін микроэлементтер мен макроэлементтердің маңызын; -
биологиялық процестер мен құбылыстардың заңдылықтарын; -
тірі ағзалардың мүшелер жүйесінің құрылысы мен функциясын; -
трансгендік технологияларды қолдануға байланысты проблемаларды; - биогеоценоздағы заттар айналымының процестерін талдайды. Жинақтау: -
кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды; -
гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді; -
эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын жинақтайды.
Бағалау:
-
жасалған эксперименттің нәтижелерін, зертханалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі тәуекелдерді; -
түрлі физикалық және химиялық процестердің адамның тыныс-тіршілігі мен қоршаған ортаға әсерін; -
табиғи биогеоценоздар мен агроценоздардың жағдайын; -
өнеркәсіптің технологиялық қағидаттарының тірі табиғат компоненттері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға әсерін; -
пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланудың маңыздылығын бағалайды.
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 12
«Биология» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейі, 11 сынып
-
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Сипаттама
Тапсырмалар түрлері
Білу және түсіну
-
тірі табиғаттың негізгі патшылықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе, биоалуантүрлілік туралы білім жүйесін асыру, қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық іс-шараларға қатысу қажет екенін біледі; -
табиғи биологиялық құбылыстар мен үдерістердің мәнін, адам қызметінің өсімдіктер мен жануарлар әлеміне, сонымен қатар адамның денсаулығына әсерін, оқушыларға экологиялық жағдайды бағалау және тірі әлемге құндылық деп қарау қажеттілігін түсінеді.
КТБ-Көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
Қолдану
-органикалық дүниенің көптүрлілігін, тірі ағзалардың түрлі топтарының ұйымдастырылу және қызмет ету ерекшеліктерін, адамның қоршаған ортаға және тірі дүниеге әсер ету салдарын, оған ұқыпты қарау, биологиялық білімдерін практикада қолдануға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық ісшараларға қатысуға ұмтылады.
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жоғары деңгей дағдылары
-
эксперимент жүргізу үшін зертханалық жабдықты пайдаланады; -
табиғи биологиялық құбылыстар, үдерістер, заңдар мен заңдылықтардың мәнін түсіну үшін зерттеу жұмысын жүргізеді; -
ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланады.
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
-
-
Ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды тоқсандарға бөлу
-
Тоқсан
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
I
25%
38%
37%
II
28%
36%
36%
III
38%
54%
8%
IV
28%
64%
8%
Барлығы
30%
48%
22%
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 12
Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды: диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқыңыз және білім алушыларға жұмыстың орындалуына бөлінген уақытты хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына жәнеолардың бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын хабарлап отырыңыз.
Жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
-
Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут Балл саны - 30
Тапсырмалар түрлері:
КТБ-Көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ- Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ -Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.