Файл: ЖОАРы оу орындарында студенттерді зіндік оу ісрекетін йымдастыру тжірибесін талдау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 125

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1.Дидактикалық  мақсаттары бойынша: оқып үйренетін,  тексеретін, алынған білімді баянды ететін және т.б.     

2.Даралау  дәрежесі бойынша мазмұны әртүрлі  бірақ бірдей тәсілмен орындалатын;  мазмұны әртүрлі және әртүрлі  тәсілдермен орындалатын.    

3.Білім  материалдары бойынша: оқулықпен  және оқу әдебиеттерімен жұмыс,  есептерді шешу және салыстыру, лабараториялық және графикалық жұмыстар.    

4.Оқушылардың  ізденімпаздық дәрежесіне байланысты  жұмыстар және т.с.с.    

Осы жіктеулерге сәйкес оқу процесінде өзіндік жұмыстардың 4 түрі қарастырылады. Олар мыналар:

  1. үлгі бойынша орындалатын;

  2. реконструктивті- вариативтік;

  3. жаңалық ашатын;

  4. шығармашылық.

 

     Бірінші жұмысты орындаған кезде оқушы  көрсеткен үлгі бойынша, белгілі  бір іс-әрекеттің жолын ұғынады. Тапсырмаларды нұсқаулар, белгілі  формулалар, теоремалар арқылы орындайды. Реконструктивті- вариативтік өздік жұмыстар оқушылардың алған білімін қолдануға ынталандырады, сонымен қатар білімі тереңдей түседі. Тапсырмалар тек шешімнің жалпы принциптерін ғана көрсетеді. Мысалы: «1кг мақта ауыр ма, 1кг темір ауыр ма?», «Әтеш бір аяқпен тұрса 2.5 кг, егер екі аяқпен тұрса неше кг болады?»      

 Шығармашылық өзіндік жұмыстар  оқушылардың математика пәніне  деген ынтасын қалыптастырады, оқушыға  деген көзқарасын өзгертеді, математикалық  ой-өрісін дамытады. Өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімдер мынандай шарттарды қолдануы жөн:     

1. өзіндік жұмысы барысында  орындалатын есептердің мазмұнын  оқушы түсінуі керек.     

2. оның орындалуы жайлы  оқушыларға нұсқау беру керек.      

3. жұмыстың орындалуын қадағалау керек     

4. өзіне - өзі талдау  жасау, байқау     

5. оқушылардың жұмысын  тексеру, қателерін анықтау.     

Оқушылардың оқу- танымдық іс- әрекеттің нәтижесі – олардың білімді өзбетінше  талдап және бір жүйеге келтіре алатын тапсырмаларды орындауы болып табылады.   


1) іс-әрекет түрі;    

2) оқу процесінің түрі;    

3)оқу  әдісі;    

4) оқу жұйесінің тармақтары;     

5) шеберлік жиынтығы т.б.    

Жоғарыдағы  жайлар бір-бірін жоққа шығармайды, қайта бір-бірін толықтырып отырады. Оқушылардың дербес жұмысы - өзінің функциасы, міндеті және құрылымы жағынан алғанда өте күрделі құбылыс.    

Егер  оқушылардың дербес жұмысын ұйымдастыру  жағынан алып қарар болсақ, ғылыми еңбектерде оның 3 түрлі тәсілі баяндалады: 1)оқушы жұмысты мұғалімнің көмегінсіз өз бетінше атқаруы тиіс; 2)оқу материалын шәкірт өздігінше ой елегінен өткізіп, ұғына білуі шарт; 3)жұмысты орындау барысында оқушыға дербестік беріледі (тапсырманың қандай мазмұнын таңдайды, жұмысты қалай атқарады - өз еркінде болады). Жоғарыда баяндалған жайларды талдай келе, мынадай тұжырым жасауға болады. Технологияны үйретуге арналған дербес  жұмыстар оқушыларды қажетті білім, шеберлік және дағдылармен қаруландырып, оларды белгілі бір мамандыққа қарай бейімдеуі тиіс.    

Өзіміз  жүргізген бақылаулар мен зерттеулерге қарағанда, оқушылардың дербес жұмысын ұйымдастырудың екінші бағытында мұғалімдір мынадай міндеттері орындайды: оқушыларға нақты тапсырмалар береді; жеке немесе оқушылар тобының іс-әрекетіне бақылау жасайды; сыныптағы жұмыс ырғағын қамтамасыз етеді, оқушылар еңбегін бағалайды т.т.    

Оқушылардың дербес жұмысын ұымдастырудың бірінші  бағыты бойынша мұғалім функциясы  да кеңейе түспек. Бұл орайда оның өз шәкірттеріне деген көмегі, қолдауы, демеу қосымша функциялар болып  саналады. Осылайша "мұғалім-оқушы" атты біртұтас жүйе қалыптасады. Оқу, жұмыс барысында ұстаз өз шәкірттерінің қателіктерін түзеп, кездескен қиындықтарын жоюға, ортақ мақсат жолына оның барлық қажыр-қайратын жұмылдыруға көмектеседі. Осылайша оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастыру оны басқарумен ұштасып жатады. Олай дейтініміз оқытушы өз шәкіртінің оқуы мен іс-әрекетін жоспарлап, үйлестіріп, реттеп, есепке алып, бақылап, нәтижесін талдап, саралап отырады.    

Біздің  пікірімізше Л.С.Выготскийдің ілімі  осы процестің методологиялық негізі болып қалмақ. Өйткені, оқушының дербес өмірінде ұстаздың жетекшілік те, бағыттаушылық ролі де айқын көрінеді. Өйткені, баланың жеке тұлға болып қалыптасуы, кемелденуі мұғалімнің тікелей басшылығымен жүзеге асырылады. Дербес жұмыс істеу мынадай жайлармен айқындалады;    



1) оқушылардың оқу, еңбек үстіндегі дербестігі мен шығармашылық белсенділігін арттыру қажеттілігінен;     

2)оқу  тапсырмаларын дифференциялауға  болмайтындығынан;    

3) дербес жұмыс істеуге шеберлік  пен дағдының қалыптасып үлгірмеуінен;    

4) оқу процесін реттеу, үйлестіру  қажеттілігінен,    

Технология  жөніндегі оқу бағдарламасы бойынша  барлық оқушылар оқу материалдарын  толық игеруі тиіс. Ал, мұның ойдағыдай  орындалуы мұғалімнің әрбір шәкіртке көрсетер көмегімен өлшенеді. Осыдан барып «Педагогикаға негізделген көмек» деген ұғым туындайды.    

Педагогикаға  негізделген көмек деп мұғалімнің өз шәкіртіне берген тапсырмасының  ойдағыдай орындалуына жасаған  қамқорлығын айтамыз. Бұл үшін мұғалім  өз шәкіртінің психологиялық ерекшеліктерін, бейімділіктерін және мүмкіндіктерін жетік білуі тиіс. Педагогикаға негізделген көмек әдетте түсіндіру, ұғындыру, еске салу, сұрақтар қою сияқты түрлерді қамтиды. Айталық, мұғалім әртүрлі металды қандай кескішпен кесу керек екенің түсіндірді делік. Егер шойын болса кескіштің 70°, болат болса- 60°, мыс болса-40°, қалайы болса- 30° болуы шарт. Шәкірт кескішті дұрыс таңдай алмаған жағдайда ұстазы оны тура жолға салып, қателігін мойындауы ғана емес, сондай-ақ одан дұрыс қорытынды шығара білуінің өзі өте маңызды. Осылайша оқушы шеберлігі де ширап, шындала түспек. Мұндай жағдайда шәкіртке тікелей көмек көрсетіле бермейді. Мұғалім шәкірттің ойлау жүйесін дұрыс жолға бағыттап, әрі қарай жалғастырып әкетуіне даңғыл жол ашты.     

Жоғарыда  баяндалған жайларды қорыта келе деобес жұмыстың мынадай негізгі белгілерін жүйелеуге болады:     

1. Мұғалімнің тапсырма беруі, оны  оқушылардың ұғынуы, зерделуі;    

2. Тапсырманы орындауға бөлінген  уақыт;    

3. Ой және дене еңбегінің тапсырманы  орындауға жұмылдыруы;    

4. Педагогикаға негізделген көмекке  сүйене отырып, істің нәтижелі  болуына орай жасалған қолайлы жағдай;    

5. Терең білім жолындағы оқушы  ізденістері;     

6. Оқушылардың өз білімін дағдысы  және шеберліктерін практика  жүзінде қолдана білуі.     

Жалпы оқушылардың өз бетінше жұмыс  істеуі, оның қабілетінің, іскерлігінің артуы сөз жоқ оны ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлінің жоғары екендігінің дәлелі    

ҚОРЫТЫНДЫ          

 Қорыта келгенде, әр оқушының  психологиялық жас ерекшеліктеріне,  тәжірибелеріне қарай өздігінен  жұмыс орындау дағдысын қалыптастырудың  танымдық мәні зор. Әр түрлі  жұмыстарды орындау барысында оқушының психологиялық жағынан көңіл-күйі де өзгеріп отырады. Мысалы, төменгі сынып оқушылары көбіне сұрақ- жауап әдісімен орындалатын жұмыстарға бейім, ал жоғарғы сыныптарда оқушылар қызықты оқиғаларды, тарихи оқиғаларды, әлеуметтік жағдайларды спорт пен ғылымдағы жаналықтарды көбірек білуді қалайда. Сондықтанда психологиялық жас ерекшеліктерін, сыныпқа  бейімделуін есепке алу өздігінен жұмыс істеу дағдыларына қарай жұмыс түрлерін таңдаудың, белгілеудің басты талаптарының бірі болып қала береді. Мұны әрбір ұстаздың есте ұстағаны абзал.       


Оқушыны өздік жұмыс жасауға үйрету негізінде  әр бір жеке тұлғаның өзіндік табиғатын  қалыптастыру, білімдік деңгейін көтеру болып табылады. Математика ғылым мен техниканың тілі болып табылады,  сондықтан оны оқып білу адамның ақыл - ойының  дамуына үлкен әсер етеді. Мұғалімнің білімділігі мен мәдениеттілігі оқушының білім алуына үлкен әсерін жан-жақты тигізеді. Демек, мұғалім әр оқушыға қамқорлықпен қарауға тиіс. Оқушы қашан өздігінен білім алу жолдарына жаттығып төселгенше мұғалім оған көмек жасап, оның жолдарын көрсетуі керек. Яғни, оқушының өздігінен орындайтын жұмыстарына сенімділікпен қараған дұрыс. Өйткені ол психологиялық жағдай туғызумен қатар, білімді саналы меңгеруге ықпал етеді. Оқушыларға ықылассыз жұмыс істеттіруге болмайды. Олардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуы тек икемділік дағдылары арқылы ғана орындалады. Мұндай икемділік дағдыларды көптеген әлемдік дәрежедегі педагогтар дәлелдеп көрсеткен болатын.   
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. «Өзіндік жұмыс түрлерінің  оқушылардың ойлау қабілеттерін  дамытудаға рөлі» //Бастауыш білім  № 5.- 2005.- 22бет.

2. «Математикадан оқушылардың білімін  бақылау»-Г.Жолтаева, Г.Алмабекова //Математика және Физика № 4.- 2005.- 8-10бет

3. «Оқушыларды өзіндік жұмыс  жасауға үйрету жолдары» - З.Мінайдарова  //Математика және Физика.- № 4. 2005.-43-44бет.

4. «Оқушыларды өз бетімен жұмыс  істеуге үйрету жолдары» - А.Р.Тайжанова  //Математика және Физика. – № 3.- 2002.- 53-56бет.

5. «Оқушылардың өздігінше жұмысын  ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі»  - Ә.Мүслімов //Ұлт тағылымы.- № 2.- 2002.- 37-39бет.

6. «Өзіндік жұмыс–оқу іс-әрекетінің  негізгі формасы»-И.А.Зимняя.-«Педагогикалық  психология» - Москва «Логос», Алматы- «TST- company». - 2005.- 276-290бет.

7. «Оқушылардың өзіндік жұмыстарын  ұйымдастыру» //Математика және Физика. - № 1.- 2002.- 10бет.

8. «Жекелеп оқытуда оқушылардың  өзіндік жұмысын ұйымдастырудың  маңызы мен әдістемесі» //Ұлт  тағылымы – № 3.- 2005.- 75бет.

9. «Оқушылардың өзіндік жұмыстарын  ұйымдастыру» //Бастауыш мектеп.- №  5.- 2001.- 14-15бет.

10. «Өзіндік жұмыстардың маңызы  зор» //Қазақстан мектебі. - № 3.- 2004.- 18бет.

11. «Оқушылардың өзіндік жұмыстарын  ұйымдастыру» //Математика және Физика. - № 1.- 2002. - 10-11бет.

12. «Оқушылардың өзіндік жұмыстарын  ұйымдастыру» //Бастауыш мектеп. - №  8-9.- 1999. - 17-20бет.