Файл: ЖОАРы оу орындарында студенттерді зіндік оу ісрекетін йымдастыру тжірибесін талдау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 126

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  • атом деген түсініктің анықтамасымәнімектеп бағдарламасы бойынша атом құрылымы студенттерге өзіндік жұмыс ретінде беріледі;

  • изотоптаризобарларизохорлар туралы түсінікті өз беттерімен талдау;

  • мектеп бағдарламасы бойынша физика курсында өткен сутек атомының спектрін естеріне түсіріптүсіндіре білу;

  • атомның ТомсонРезерфорд моделі бойынша тақырыпты өз беттерімен оқыпалгоритмдеу.

Оқытушы қалған сұрақтарды, яғни Мозли заңын, Бор теориясын, Шредингер теңдеуін, радиоактивтілік құбылысты дәрісте оқытудың белсенді формалары арқылы береді.

Бірінші курста студенттердің жинақтаған білім қоры екінші курста «Бейорганикалық педагогикадан қиындатылған есептер шығару әдістемесі» пәнінде бастапқы білім көзі болып саналады. Яғни де Бройль теңдеуі, Гейзенбергтің анықталғыштық теориясы, Шредингер теңдеуі, Бор постулаттары, Бор-Зоммерфельд теориясы, радиоактивтілік тақырыптары аталған арнайы курста өзіндік жұмыс ретінде алынады. Студенттердің осы аталған тақырыптар бойынша білім негізін жетілдіріп, бекіту үшін әр деңгейлі тапсырмалар ұсынамыз.

Өзіндік жұмыстың меңгерілу дәрежесі бақылау тапсырмалары арқылы анықталады. Студенттің өзіндік жұмысын тексеруге берілген тапсырмалар қиындығы бойынша сараланып беріледі. Тапсырмалардың деңгей бойынша сараланып берілуі де гуманистік сипатта оқытудың негізгі құрам бөліктерінің бірі болып табылады. Осы жағдайды ескере келіп оқытушы тапсырмаларды екі деңгейге жіктеп береді. Деңгей бойынша сараланған тапсырмалар қосымшада берілген. Арнайы курста деңгеймен берілген тапсырмаларды орындау нәтижесін талдау да жоғарыда айтылғандарға сәйкес келді. Аталған жұмыстарды орындау барысында студенттердің жоғары рейтингтік көрсеткішке ұмтылатынын байқадық.

Зертханалық жұмыстар. Зертханалық жұмыстар сарамандық сабақтар мен дәріс сабақтардың логикалық жалғасы болып табылады. Өзіндік жұмыс негізінде студенттер стандартты емес жағдайда, іс жүзінде өзіндік жұмыстың белгілі тәсілдерін меңгеріп, белгілі дағдыларды қабылдайды. Осының барлығы тек студенттердің күшімен және әрекетімен іске асырылады.

Зертханалық сабақтардың мақсаты курстың теориялық негізін іс жүзінде қолдана білу икемділігін қалыптастыру. Зертханалық жұмыстың орындалуы студенттердің өз бетімен істеледі. Оқытушы мен оқу мастері бақылап, арасында түзету енгізіп отырады. Зертханалық жұмыс соңында студенттерге 5-10 минутке арналған тест тапсырмасын орындау тапсырылады.


Cеминар сабақтар. Семинар сабақ негізінен студенттердің белсенділік деңгейі айқын білінетін сабақ түріне жатады. Студенттер өз бетімен дайындалып келген оқу материалын семинар сабақта ашып көрсете білуі керек. Сондықтан негізгі теориялық сұрақтарды талқылау, жаттығу орындау, есеп шығару семинар сабақтарында іске асырылады. Студент В және А бағаларының бірін иеленеді. Баға саясатының осылай құрылуы студентті жеке бағыттаушы өзіндік жұмыс жағдайында үнемі тек алға ұмтылуға итермелейді.

«Бейорганикалық педагогиканың таңдаулы тараулары» пәні бойынша жүргізілген семинар сабаққа қысқаша тоқталайық. Семинар тақырыбы: «Комплексті қосылыстарды кристалдық өріс теориясы әдісімен сипаттау». Алдымен студенттер өзіндік жұмыс тапсырмасы ретінде берілген комплексті қосылыстарды валенттік байланыс әдісімен сипаттауды еске түсіреді. Валенттік байланыс әдісімен комплексті қосылыстың гибридтелу типі, кеңістік конфигурациясы анықталады. Осы айтылған деңгейін анықтау үшін минибақылау тапсырмасы беріледі. Студенттер тақтада жаттығулар орындайды. Мысалы, калийдің гексацианорутенатын, мырыштың тетраамин хлоридін, мыс сульфатының кристаллогидратын, кобальттың гексаамин хлоридін валенттік байланыс әдісімен сипаттау. Студенттерге дайын формула емес комплексті қосылыстардың аты беріледі.

Студент комплексті қосылыстың бірінші курста өткен номенклатурасын есіне түсіреді. Тапсырмалар деңгей бойынша құрылған (қосымша). Осылайша студенттердің өзіндік жұмысын семинар сабақта белсендіруімізге болады.

Оқытушы қатысында жүргізілетін СӨЖ кредиттік жүйе жағдайында енгізілген оқыту формасы ретінде сабақ кестесіне қойылады. Сабақтың осы түрін де әр қилы белсенді әдістерді қолданып өткізген жақсы нәтиже береді. Сабақтың осы айтылған формаларын оқытудың белсенді әдістерін қолданып жүргізу әдістемесі 2.2 тарауында толық берілген.

Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру тиімділігін арттыру әр алуан әдістерді қолдануға тікелей байланысты. Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда арнайы құрылған белсенді оқу материалдарын қолдану олардың пәнді терең меңгеруіне мүмкіндік береді.

Жоғары оқу орнында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда қолданылатын құралдарға оқу карталарын жатқызуға болады.



Оқу карталарын жоғары оқу орындарында қолдану оқу пәнін оқу процесі кезінде оқытушы тарапынан көмек мардымсыз, ал студент дербестігі жоғары болғанда білімді меңгеруге жағдай туғызады [7].

Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда сын тұрғысынан оқыту элементтерін, «миға шабуыл», «пікір талас», «қарлы тоқпақ», «нақты жағдаят», «іскер ойын» сияқты интерактивті әдістер қолданылады.

Білімді бақылап, бағалаушы компонент. Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын орындаудың жеке траекториясы белгіленеді. Ол траекторияның жүзеге асуы блокты рейтингті бақылау жүйесінің бағдарламалық қамтылуына, білімді бақылауға арналған тест тапсырмаларының жеткілікті мөлшерде жиынтығы болуына, электрондық оқытушы тексеруші бағдарламалардың болуына және оқытушы тарапынан көмек пен бақылаудың ұйымдастырылуына тікелей байланысты.

Кредиттік оқыту технологиясы жағдайындағы білімді бақылау жүйелі, объективті, жариялы болғаны абзал. Бақылау, оқыту нәтижесін тексеру дидактикада педагогикалық диагностика деп белгіленген. Соңғы кезде «бақылау», «диагностика» деген түсініктердің орнына «мониторинг» деген түсінік жиі қолданылып жүр. «Педагог

  • білім алушы» жүйесінде мониторинг дегеніміз – үнемі бақылаушы диагностикалаушы шаралардың жиынтығы. Бұл шаралар оқыту процесі мақсатымен келісіліпстуденттің материалды меңгеру процесінің динамикасын және оның түзетілуін қамтидыМониторингтің үш түрлі формасын атап өтуімізге болады:

  • старттық диагностика. Білім беру процесіне коррекция жүргізу үшін психологиялық қызмет көрсетуші мамандар арқылы іске асырылады.

  • экспресс диагностика. Оқу-тәрбие әрекетіне әрі қарай диагностика жүргізу үшін психологтар жүзеге асырады.

  • мәрелік диагностика. Оқу орнын бітірушілердің білімбілікіскерлік дағдысын анықтау мақсатында жүргізіледі [8]. Әрбір өзіндік жұмыстың бақылау тапсырмалары болады және оларды құру белгілі схемаға орай жүргізіледіАлдымен алынған тақырыптың тексеруге жататын негізгі түсініктері мен фактілеріолардың қабылдау дәрежесі анықталадыСонымен бірге тақырып бойынша меңгерілетін іскерлік пен дағдылар айқындаладыАл бақылау мақсатын анықтау – бүкіл бақылаудың міндетіБақылау тапсырмалары тақырып оқылып біткенде студент нені біліпнені игеру керектігін анықтауға мүмкіндік береді.


Рейтингтік жүйе жинақтаушы типті бағалау жүйесі рейтингтік өлшеулерге негізделіп, студенттер үлгерімін, шығармашылық деңгейін анықтайды [9].

Рейтинг деген сөзді ағылшын тілінен аударғанда – баға, бағалау (немесе белгілі бір класқа, разрядқа бөлу) деген мағынаны білдіреді [10].


Қазақстан Республикасының бүкіл әлемдік  білім кеңістігінен өз орнын алуы-үлкен  әлеуметтік және саяси мәні бар мәселе. Осыған байланысты егеменді еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің алдына жауапты да, абыройлы міндеттер қойылып отыр. Солардың бірі – оқушыға өз бетімен жұмыс істете отырып білім алудың - қарапайым дағдыларын менгерту, алған білімді біліктілік дәрежесіне көтеру.       

Оқушыға өзбетімен жұмыс істетіп, дағдыны  жүйелі жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптастыру. Атап айтқанда, бастапқыда жеңіл, кейін біртіндеп күрделі тапсырмаларды орындау барысында салыстыру, қорытынды жасау, түрлі жағдайда өздігінен ойлау процестерінен өтеді.       

Өздігінен білім алудың негізгі жолы - оқушыны таным процесіне үйрету. Ол үшін бүкіл сыныптағы оқушыларға өздігінен жұмыс істеуге жағдай жасау қажет. Бірсыпыра әдіскер - ұстаздардың пікірінше, оқушыда тұрақты білім негізін қалыптастыру үшін сол үйренетін пәніне ықыласы, зейіні артуы керек, бұл үшін белгілі бір педагогикалық мақсат қоюдың рөлі мен мәні зор. Өйткені практикада оқушы еңбек етіп, өздігінен алған білімін жоғары бағалайды, оған өзі риза болады. Сондықтанда оқушының танымдық қабілетінің дамуы мұғалімнің шеберлігіне бірден-бір тікелей байланысты.        

Педагогикада  өздігінен орындайтын жұмыстар деп  берілген тапсырманы, мұғалімнің басшылығымен оның тікелей қатысуынсыз, оқушылардың  өздері атқаратын жұмыстарды айтады. Оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстар жөнінде сөз қозғағанда, оның өзара тығыз байланысты екі міндетін ескерген дұрыс. Бұл міндеттердің біріншісі-оқушылардың танымдық қызметіндегі дербестікті дамыту және одан әрі өрістету оларды білімді өздігінен игеруге, дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға үйрету; екіншісі – оқушылардың алған білімін өздігінен іс жүзінде қолдана білуге баулу.       

Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстары  ой еңбегін жандандыруға бағытталған  және мұғалімнің берген тапсырмаларын  орындаудың ең тиімді тәсілдерін өздеріне іздеттіру кезделген.        

Математика  сабақтарында оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстарды былай жіктеуге болады: оқулықпен, оқу құралдарымен және басқа анықтама әдебиеттермен жұмыс істеудің, есеп шығаруға арналған жұмыстардың әр алуан түрі; үлестірмелі материалмен жұмыс істеу, сабақта өздерінің жолдастары берген жауапты толықтыру; математикалық конференцяларда жасаған баяндамаларға немесе хабарламаларға пікір айту; жеке немесе топтық тапсырмаларды орындау; рефераттар жазу; кейбір көрнекі құралдарды (плакаттар, схемелер, альбомдар) жасау; экскурсия кезінде өлшеуге немесе есептеуге байланысты практикалық жұмыстар орындау. Негізгі дидактикалық мақсатқа сай өздігінен орындайтын жұмыстар: 1) білім алу және оны одан әрі тереңдету, 2) іскерлік пен машықтарды қолдануға бағытталған.