Файл: ЖОАРы оу орындарында студенттерді зіндік оу ісрекетін йымдастыру тжірибесін талдау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 89

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Зерттеу мақсаты: Математика сабақтарында оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру  арқылы оларды өздік жұмыс жасауға  баулу және қабілеттерін дамыту.       

Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларына  математика сабақтарын үйретуде жүргізілетін өздік жұмыстар және онымен жүргізілетін жұмыс кезеңдері.       

Зерттеу әдістері: Бастауыш сыныптарда зерттеу  әдістерін таңдап алу көптеген факторлармен анықталады. Қазіргі жағдайда мектеп алдына қойылатын оқытудың жалпы  міндеттерімен, оқып үйренген математиканың  мазмұнымен балалардың тиісті материалды игеруге дайындық деңгейлерімен анықталады.        

Зерттеу объектісі: Оқушылардың математика пәнінің ерекшеліктеріне және математика пәнінің бастауыш сыныпқа өздік  жұмыс түрлеріне  негізделген  әрекеттерінің жүйесі.       

Зерттеу болжамы: Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту арқылы мұғалім оқушыларға өздік жұмыстарының түрлерін беру. Оқушылардың математикадан өздік жұмыстарды меңгеру және алған білімін практикада қолдану іскерліктерін шыңдау әдістерімен құралдарын тағайындайды.       

Зерттеу көздері: Тақырып бойынша әдістемелік  ғылыми еңбектер, мектепке арналған оқулықтар, оқу бағдарламалары, математиканы оқыту әдістемесі пәндерін оқыту тәжірибесі.        

Математика  сабақтарында оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың ауызша және жазба, кластағы немесе үйдегі, жалпы кластық, топтық, жаппай және жеке түрлері пайдалынылады.       

Оқу материалының мазмұнына, оның оқулықта баяндалу ерекшеліктеріне, қолда бар  оқу жабдықтарына және басқа факторларға  сәйкес дидактикалық принциптерді басшылыққа ала отырып, мұғалім оқу процесінде өздігінен орындайтын жұмыстардың әр түрін немесе олардың үйлесімділерін қолдануды жоспарлауы тиіс. Оқушылар өздігінен орындауға берілетін тапсырмалар айқын мақсатты көздеуі және олардың ынтасын арттыруы шарт. Сондықтан оқушылардың ынтасын арттыру үшін берілетін тапсырмалардың тың материалдан тұруы, практикалық қолданыстары анық, зерттеу сипатында болғаны орынды.          

 Сонымен бірге, оқушыларға тапсырма  бергенде материалды бірте-бірте  күрделендіру, олардың творчестволық  белсенділігі, жеке бас ерекшеліктері,  жалпы математикалық мідениеті  тәрізді факторларға назар аударған дұрыс.       

Оқу іс-әрекеті туралы айтқанда, зерттеушілер дәстүрлі түрде оқушының сыныптағы  жұмысын еске алады. Алайда, мектеп оқушысының оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы-сыныптық жұмысымен қатар, оқу пәні бойынша, оның сыныптан тыс және өзіндік жұмысында қамтиды. Аз зерттелген және оқушының өзіндік жұмысы оқу іс-әрекетін психологиялық талдау тұрғысынан неғұрлым қызықты, өзіндік жұмысы болып табылады. Дәл осы өзіндік жұмыстан оның мотивациясы, мақсаттылығы және де өзіндік ұйымдасуы, өзіндік беті, өзін-өзі бақылауы және т.б. психологилық сапалары байқалады. Үйренушінің өз бетінше жұмысы оның оқу процесіндегі позициясын қайта құрудың негізі ретінде қызмет етеді.       


Өздік жұмыс, бұрынан белгілі болғандай, мектепте оқытудың маңызды және кеңінен талқыланатын проблемаларының бірі болып табылады. Мектепте оқытудың қазіргі күнгі әдістемелерінде ол міндетті түрде оқытушының ұйымдастырушы рөлімен теңестіріледі. Дидактикада өзіндік жұмыс деп оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс немесе мұғалімнің қатысуынсыз, бірақ оның тапсырмалары бойынша, даралық және ұжымдық іс-әрекетінің алуан түрлерін түсінеді.    

Сыныптан  тыс және мектептен тыс жұмыстың жалпы педагогикалық анықтамасы, ол бойынша, бұл оқушылардың іс-әрекетінің алуан түрлері (мектепте сабақтан тыс  уақытта ұйымдастырылатын және өткізілетін, тәрбиелік және білім беру сипатындағы), көптеген зерттеушілердің оқушылардың өз бетінше іс-әрекетін қарастыруларының негізіне қойылған. Осы тақырыпты мектепте факультативті курстарды ұйымдастырудың жалпы контексін дамытуда өзіндік жұмыстың бірнеше түрі туралы айтылған, оларға бір ғана "оқудан тыс" деген түсінікпен біріктірілген сабақтан тыс, сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар жатады. Оқудан тыс жұмыстың негізгі үш айырмашылығы тұжырымдалады: оқушылардың оған өз еркімен қатысуы, сабақтан тыс өткізу, өз бетіншіліктің басымдылығы. Оған қойылатын талаптар сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстардың байланысын, өз еркімен алынған сыныптан тыс тапсырмаларды орындаудағы міндеттілікті, сыныптан тыс сабақтардың мақсаттылығы мен үнемділігін, оқушыларды толықтай қамту және т.б. қамтиды.     
 

 

 

 

 

 

 

 

1. ӨЗДІК ЖҰМЫС-ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОҒАРҒЫ ФОРМАСЫ      

 

    1. Өздік жұмыстың анықтамасы

 

       

 Осы проблеманың жалпы педагогикалық  және әдістемелік сұрақтарын  жеткілікті жан-жақты түсіндіруде  оның психологиялық жағы оқу іс-әрекеті позициясынан ең азырақ көрсетілген болып қалады. Осы проблеманы қарастыру үшін бастапқы жағдайларды анықтайық.      

Біріншіден, мектеп оқушысының өзіндік жұмысы оның сабақ үстінде оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдасуының салдары болады, оның өзі оны өз бетінше кеңейтуді, тереңдетуді және бос уақытта жалғастыруды мотивтендіреді. Осыған сәйкес, мұғалім ұйымдастыратын және басқаратын оқушының оқу жұмысы (мұғалімнің тапсырмасы бойынша сыныптық және сыныптан тыс) оқу пәнін игеру бойынша өзіне берілген, өз бетінше іс-әрекетінің бағдарламасы ретінде болуы керек. Бұл мұғалім үшін өзінің оқу әрекеттерінің жоспарын айқын саналау ғана емес, сондай-ақ оқушыларда оқу пәнін, жаңа оқу тапсырмаларын орындау барысында игерудің кейбір схемасы ретінде қалыптасуын саналы түрде ұғынуды білдіреді.     



Екіншіден, берілген түсініктемеде өзіндік  жұмыс-үй жұмысына қарағанда неғұрлым кең түсінік, яғни, мұғалімнің келесі сабаққа дайындауы: сыныпта, үйге берген тепсырмаларын орындауы. Өзіндік  жұмыс оқушының мұғалім қандай да бір формада берген, сабақтан тыс жұмысын қамти алады. Бірақ тұтастай, бұл оқушының қандай да бір материалды меңгерудің дайын немесе өзі өндірген бағдарламасынан таңдап алып, қатарласа шұғылдануы.     

Үшіншіден, өзіндік жұмыс үйренушінің оқу  іс-әрекетінің өзгеше түрі ретінде қарастырылуы тиіс, ол оның жоғарыда аталған барлық ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл оның оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы, оның сыныптағы жұмысы мен байланысты өз-өзіне білім беру формасы. Үйренушінің өзі үшін өзіндік оқу жұмысы психалогиялық тұрғыдан нені білдіреді? Ең алдымен, ол таңдау бойынша еркін, іштей мотивтендірілген іс-әрекет ретінде саналы түсінілуі тиіс. Ол үйренуші тарапынан оған енетін бір қатар әрекеттердің орындалуын ұйғарады: өз іс-әрекетінің мақсатын саналы түсіну, оқу міндетін қабылдау, оған тұлғалық мағына беру осы міндеттерді орындауға өзінің басқа қызығушылықтары мен шұғылдану формаларын бағындыру, оқу әрекеттерін уақыт бойынша бөлуді өз бетінше ұйымдастыру, оларды орындауды өз бетінше бақылау.     

1.2 Өздік жұмысқа қойылатын негізгі  талаптар.     

Өзіндік жұмыстың өзгешелігін (бұл сөздің нақты, іс-әрекеттік мағынасында) сыныптан тыс жұмыспен салыстыра отырып қарастырайық (мектептен тыс, сабақтан тыс жұмыс). Оның анықтамасын оқытудағы сабақтан тыс жұмысты ұйымдастырудың негізгі талаптармен салыстырайық. Бірінші талап оқушының сабақ үстінде алған білімдерін іскерліктерін және дағдыларын тереңдетіп, кенейтіп және жетілдіру тиіс екені белгілі, бірақ жаңа білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды жеткізудің негізгі мақсаты емес. Екінші талап жұмыс материалының өзінің формаларының, процестерінің және материалының әуестігі болып табылады.Тағыда оқушылардың осы процесте өз еркімен және белсенді араласуы, бұқаралық ұйымдастырудың формасы ретінде маңызды болып табылады.     

Егерде  өзіндік жұмысты оқушының оқу іс-әрекетінің ең жоғарғы өзгешелік түрі ретінде анықтаса, онда осы талаптардың әр қайсысымен салыстыра отырып, оның маңызды ерекшеліктерін айқындауға болады. Мысалы, нағыз өзіндік жұмыс өзбетінше оқу іс-әрекеті сияқты «ақпараттық вакуум» негізінде пайда болуы мүмкін. Ол оқушыда бір жаңа, белгісіз, өзі үшін маңызды, керек нәрсені білуге, игеруге деген қажеттілік қалыптасқан кезде пайда болады, ал оқу үрдісінде осындай қажеттілікті қанағаттандыру тәсілі жоқ. Бұл, өз кезегінде, мұғалімнің жұмысының оларда осындай қажеттілік пайда болуына алғы шарт қалыптастыруға бағытталуын болжайды (мысалы, шет тілінің мұғалімі былай деп хабарлайды: кімде кім бағдарламадан тыс қазіргі күнгі «жастар» ағылшын тілін үйренемін десе, менің кеңесімді және қолда бар әдебиеттерді пайдалана алады).     


Басқаша айтқанда, осылайша түсінілген өзіндік  жұмыс бейнесінің сыныптан тыс, үй жұмысынан  ажырататын ерекшелігі: оның негізінде  әрқашан да оқушы үшін жаңа материал, жаңа танымдық міндеттер жатады. Жоғарыда аталған сыныптан тыс жұмысқа қойылатын талаптардың екіншісі, сондай-ақ өзіндік жұмыстың іс-әрекеттің өзгеше түрі ретіндегі ерекшелігімен сәйкес келеді. Бұл жерде тек ұйымдастыру формасы ғана емес, жаңа материалды игерудің өзі, яғни, еңбек қауыртты, мақсатты бағытталған, оқушыны баурап алатын тартымды болуы керек. Мысал ретінде шахмат ойнауды жаңадан бастаған шахматшының өз бетінше шахмат партиясын талдауы бола алады. Әрине, мұндай өзіндік жұмыспен бәрі айналысады деп үміттенуге болмайды, бірақ онымен әуестенген оқушылар үшін жағдай мен алғышарт тудыру сөздің тура мағынасында, дамыта оқытудың көрінісі блоып табылады.     

Оқушылардың өз еркімен, белсенді қатысуын талап  ету, пән аралық байланысты енгізудің  орындылығы сияқты, оқу іс-әрекетінің түрі ретінде өзіндік жұмысқа  да қатысты. Сыныптан тыс жұмысқа қойылатын бұқаралық талабы, яғни, оқушылардың мысалы, үйірмелерге, театр-студияларға қатысу сипаты өзіндік жұмыс үшін өзгеретіні көрсеткішті. Ол басым жағдайда оқушының даралық жұмысын ұсынумен алмастырылады. Бірнеше балалардың өзара ауыз бірлігі  бойынша, іштей келісім, тілегі бойынша, мұндай жұмыс ұжымдық та бола алады, мұның өзі оның пәндік, тұлғалық жақтарынан нәтижелілігін арттырады. Осылайша түсінілген өзіндік жұмыс- оқушының сыныпта және сыныптан тыс сабаққа дайындалу кезіндегі алған білімдерін толықтыратын, содан кейін кеңітетін және тереңдететін даралық жоспар бойынша жұмыс формасы деп ұйғаруға болады. 

1.3 Өздік жұмысқа оқытуда сыныптан  тыс жұмыс түрлерінің салыстырмалы  сипаттамалары.     

 Оқушылардың өзіндік жұмыс істеуге  қабілеттерін қалыптастыру міндетін орындауда бүкіл педагогикалық ұжым үшін проблема туындайды. Ол осы жұмыс мазмұнына оқушыларды мақсатты түрде, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын оқытуда болып табылады. Оқытылушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктерімен олардың үй жұмыстары, сыныптық, сыныптан тыс жұмыстары, яғни, олардың барлық сабақтан тыс жұмыстарының барлық түрлері салыстырылуы мүмкін. Олардың барлығы қандайда бір континум құрайтыны айқын (қандайда бірізділік), оның полюстері бір жағынан оқушының сыныптық жұмысы, ал келесі жағынан- оқу іс-әрекетінің өзіндік ұйымдастырылу жоғарғы формасы ретінде оның өзіндік жұмысы сияқты берілуі мүмкін (кесте1).    


Оқу жұмысының түрлерінің талдауы келесіні көрсетеді: өзіндік жұмыс іс-әрекет тәрізді оқушының өзінің танымдық қажеттілігімен, өзін-өзі бақылауымен, өз жұмыс тәртібімен, оны орындау орны мен уақытын таңдаудағы еркіндікпен сипатталады. Атап өтететін жайт, осылайша түсінілетін өзіндік жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістемелері әлі де толықтай жетілдірілмегенімен де, осы аймақтағы зерттеу материалдары әлден осы проблемаға деген келістің негізін анықтауға мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған өзіндік жұмысты оқу іс-әрекетінің ерекше түрі ретінде қарастыру келісі дамыта оқыту принциптеріне сүйенеді. Бұл оқушылардың өзіндік жұмысы- олардың пәндік құрамдастығын арттырумен қатар олардың осы іс-әрекет субъектісі ретінде тұлғалық дамуына ықпал етуі керек деп ұйғарады.    

Математиканы  оқытуда алға қойған негізгі бағыттардың  бірі- оқушылардың таным белсенділігін  арттыру. Оқушылардың ой-өрісінің, белсенділігінің, ізденімпаздығының арта түсуі, олардың өздігінен ізденуін, ойлауын, өз бетімен қорытындылар жасай білу қасиеттерін дамытады.    

Оқушылардың оқудағы танымдық ізденімпазды мен белсенділігін қалыптастыру проблемаларын іс-жүзінде шешудің әртүрлі жолдары бар:     

- танымдық іс-әрекеттің дербестігін  қалыптастыратын өзіндік жұмысты  ұйымдастыру мен оқу міндеттерін  іріктеп шешу;    

- танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін  қалыптастыру;    

- іс-әрекеттің бағдарланушылық  негізін құрайтын жалпылама білімдер енгізу;    

- оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды  дамыту;    

Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпай, оқытудың интенсивтендіру процесін жүзеге асыру  мүмкін емес екені іс-жүзінде белгілі. Танымдық қызығушылық белгілі компоненттерді қамтитын динамикалық жүйе. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын анықтаудың негізі, мұғалімнің белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығы  және педагогика мен психологияның проблемаларына дұрыс бағдар беру болып табылады. Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекеттің формаларының бірі - өзіндік жұмыс. Қазіргі кезде негізгі талап- оқушылардың белсенді іс-әрекетін сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Оқушылардың өз бетінше іздену арқылы білімін көтеруі, біліктіліке талпынуы, ептілікке дағдылануы оқу процесінде белсенділігін арттырудың бір жолы екендігі ертеден белгілі.    

Өзіндік жұмыс – оқушылардың ойлау  қабілетін, ақыл ой және іс-тәжірибесінен  туындайтын оқу, тану әрекеті. Өзіндік  жұмыстың  әртүрлі жіктеулерін  келтіруге болады: