Файл: Таырыбы Ммкіндігі шектеулі адамдарды леуметтік рлдерін абылдау проблемасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 72

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік рөлдерін

қабылдау проблемасы»

Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................................3

1 Мүмкіндігі шектеулі балалардың өсу және әлеуметтік рөлдерінің қабылдау проблемасының теориялық негіздері........................................................................6

1.1 Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтендірудің жағдайы........................................................................................................................6

1.2 Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-психологиялық бейімдеудің маңызы....................................................................................................8

1.3 Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік ортаға бейімделу проблемасы................................................................................................................13

1.4 Жасөспірімдердің дамуындағы мінез-құлық ауытқушылықтары..................17

2 Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың формалары мен әдістері............................................................................................20

2.1 Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен әлеуметтік жұмыс......................................................................................................20

2.2 Әлеуметтік ортада мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделуіне септігін тигізетін отбасылық тәрбиенің міндеттері..........................................................24

Қорытынды.................................................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................30

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Мүгедек балаларды әлеуметтік сақтау 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңның негізгі мақсаты мүгедектерді біздің қоғамда оқыту, дамыту және тәрбиелеу үшін барлық жағдайлар жасау.

2005 жылы 13 сәуірде қабылданған, 2006 жылдың 1-ші қаңтарынан қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау» № 39-ІІІ ҚРЗ заңының негізгі мақсаты – мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету және олардың тіршілік-тынысымен, қоғаммен етене араласу үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық шарттарын айқындау. Бұл заңдарда мүгедектерді әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, т.б. мәселелер қамтылған.

Заңға сәйкес, мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы әдістермен тәрбиелеу, оқыту, еңбекке баулу, өмір сүрген ортасына әлеуметтік бейімдеу шаралары негізінен үш министрліктің (денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім және ғылым) қатысуымен жүзеге асырылады. Заңда көрсетілген негізгі бағыттар бойынша қолдау шаралары мүмкіндіктері шектелген, даму процестерінде әртүрлі дәрежедегі ауытқулары бар балалар үшін қамқорлық болып саналады.


Қоғамдық әлеуметтік нормалар мен ережелерді балалардың игеруі әлеуметтендіру арқылы жүзеге асады. Әлеуметтендіру – жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені белсенді игеруінің нәтижесі мен барысы, отбасындағы, арнайы балабақшалар, арнайы мектептердегі, еңбек ұжымындағы іс-әрекеттер мен қатынастар арқылы жүзеге асады, қоғам өміріндегі әртүрлі жағдайда еріктен тыс әсерлер арқылы және де жеке тұлғаны мақсатты түрде тәрбиелеу жағдайында қалыптасады.

Бүгінгі таңда экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жағдайлардың әсер етуінің салдарынан мүмкіндігі шектеулі балалар саны көбеюде. Мемлекет осындай балаларға көп мән беріп, назар аударуда.

Зерттеудің өзектілігі, маңыздылығы – арнайы білім беру мекемелерінде интелектуалдық проблемалары және мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу.

Менің тақырыбымның маңыздылығы осы мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік бағдар беріп, тұрмыстық – жағдайға бейімдеу. Қоршаған ортаға, тұрмысқа бейімдеу барысында өзін-өзі тануы және жеке тұлға ретіндегі қалыптасуы. Соңғы кезде зерттеулер арнайы педагогиканың теориялық жағдайына және әдістемелік нұсқауларға сүйендім.

Халықтың негізгі бөлігінің тіршілік деңгейінің әруақытта төмендеуінен, экономикалық жағдайға адамның бейімделу процесі қиындайды. Осыған байланысты арнайы мектеп жағдайында оқушыларды тиімді экономикалық және жан-жақты бағытталған даярлық қажеттілігі туындайды. Балада әлеуметтік – тұрмыстық білім және біліктілігінің қалыптасуы эпизодтық іс-шара болып қана көрінбей, алдымен өзінің мақсаты, сосын әртүрлі бекіту және іс-тәжірибеде жиі пайдалануы, жұмыстың бағытталған жүйесін, іс -әрекетінің дұрыс қалыптасуы бала үшін қажет. Бұл жерде баланың нақты шешімдерді оның өміріне қажетті әлеуметтік-тұрмыстық білім және біліктілігі бала өміріне бағытталуы тиіс. Бұл біздің зерттеуіміздің маңыздылығын айқындап береді.

Зерттеу болжамы: Егерде, есту қабілеті және интелекті бұзылған баланы әлеуметтік – тұрмысқа бейімдеу жұмысы жүйелі түрде жоспарланып, жақсы ұйымдасқан түрде жүргізілсе, бала оны өз санасымен сезініп, өз бетінше дұрыс, тиімді орындай білсе, онда әлеуметтік – тұрмыстық бейімдеу жұмысы нәтижелі болады.

Зерттеу мақсаты : мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік рөлдерінің проблемасын айқындау.

Балаларды қалыптастыруда мақсатқа жету үшін келесі негізгі талаптарды шешуіміз керек:

– тұрмыстық еңбек жайлы білімі және біліктілігі (жеке тазалығы, тамақты ұйымдастыруы, тұрғын үй күтімі, киім, аяқ-киім, және басқа да қажетті заттар);



– түрлі мекемелердің қызметін пайдалана білуі (сауда, тұрмыстық қызмет, байланыс, мәдениет, медициналық көмек, көлік;)

– экономикалық – тұрмыстық біліктілік;

– өз демалысын ұйымдастыра білуі;

– қарым-қатынас жасау біліктілігі;

– түрлі адамдармен мәдени қарым-қатынас жөнінен біліктілігі және түсінігі (таныс және бейтаныс, үлкендермен және кішілермен, ұстаздармен, қатарларымен және т.б.) қажетті тәжірибе жинақтауы;

– жоғары адамгершілік сезімі және айналасындағыларға дұрыс көңіл – күй қатынасы;

– өз күші мен қабілетіне сенімділігі, ерік жігері;

Әлеуметтік – тұрмыстық бағдарлау мүмкіндігі шектеулі баланы жеке өмірге, жалпы даму денгейін көтеруге бағытталған.

Зерттеудің міндеті:

-мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтендірудің жағдайын қарастыру;

- қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-психологиялық бейімдеудің маңызын анықтау;

- мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік ортаға бейімделу проблемасын айқындау;

- мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың формалары мен әдістерін зерттеу.

Зерттеу объектісі: біздің алға қойған мақсатымыз мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік бағдар беріп, оларды тұрмысқа бейімдеу және де негізгі мақсатқа жетуде келесі мәселелерді шешеміз.

Зерттеу пәні: педагогикалық процестің деңгейі, педагогикалық әсер ету әдістері, мазмұны, педагогтың, тәрбиеленушінің шығармашылығының іске асу жолдары, педагогикалық жағдай, педагогикалық талаптар мінезі, педагогикалық әрекет.

Зерттеу жаңалығы: Осы жұмыста ұсынылған әдістемелік нұсқаулар баланың бастапқыда алған негіздері оны (баланы) ары қарай дамуына көмектеседі. Баланың жеке дамуы әртүрлі мүмкіндіктерді өзіне ұстай отырып, процесте, нәтижеде бір бағытта болмағанымен, бірақ осылардың бәрі бір және соңғы күйге алып келеді. Адам туылғаннан белгілі бір деңгейге дейін, бүкіл өмір бойы дамып отырады.

Балаларда біліктілікті қалыптастыру мазмұнының жайылма сараптауы, ол педагогикалық жұмысты жоспарлау нақтылығын қамтиды, сондай-ақ педагогикалық диагностика, балалардың әлеуметтік – тұрмыстық білімі мен біліктілік динамикасын мақсатты бақылауын меңгеру болып табылады. Осы мақсатта ӘТБ сабағының барысында әлеуметтік даму картасы енгізілген. Әр баланың мүмкіндігіне сену, оқудың оң нәтижесін қою педагогикалық оңтайландыру қағидасының негізін құраушы болуы керек;


Мектепті бітірер кезде ақыл-ой және физикалық даму мәселелерін балаларда шеше отырып, даярлауды ұйымдастыру, оларды әлеуметтік –тұрмысқа бағдарлау –бұл үлкен өмір жолының басы болып саналады. Жас адамдарда өмірдің кез-келген сәттеріне деген қызығушылығын дамыту қажеттілігі, яғни кейбіреулермен кездесуге тура келетін және кейбіреуін шешуге тура келеді, ал бұл белгілі бір білім және біліктілік қорымен жабдықтандырусыз мүмкін емес және де әлеуметтегі алғашқы табысты ықпалдасу үшін қажет.

1 Мүмкіндігі шектеулі балалардың өсу және әлеуметтік рөлдерінің қабылдау проблемасының теориялық негіздері

1.1Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтендірудің жағдайы

Әлеуметтену – индивидтің нақты қоғамға, әлеуметтік топқа тән қүндылықтарды, нормаларды, мінез-құлық үлгілерін игеріп, тұлғаға айналу процесі. Әлеуметтену бастапқы (балалық шақ, бозбалалық кезең, жастық шақ) және екінші (егде жас) болып бөлінеді. Социология ғылымы «ұрының баласы қашанда ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туылады» деген сыңаржақ тәсілмен келісе алмайды. Өйткені адам анасынан бірден мәдениетті болып туылмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процесінде ғана қалыптасады. Әлеуметтену – мәдени қасиеттер мен құндылықтарды мұралау өзгеше биологиялық емес әдіспен, яки ұрпақтан ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеуметтік жолмен жүзеге асады; әрбір индивид, әр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан айнымай жүріп өтеді. Осынау маңызды процесті ғылымда «индивидтің әлеуметтенуі» деп атайды. Әлеуметтену – тура мәнінде, жарық дүниеге келген адамзат мәдениетін игеруге бағдарланған адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық – психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттақ, әлеуметтік маңызды қасиетерді, білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы тұлғаға айналдыру жолы. Сондықтан әлеуметтену дегеніміз, индивидтің әлеуметтік ортамен диалектикалық (өзара) әрекеттесу процесі, осының барысында бір жағынан – адам бойындағы табиғи, психологиялық өскін жетіліп, өркендей түседі, екінші жағынан – қоғам тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, мәдениетке ұмтылдыру арқылы оған тұлғаға тән әлеуметтік мәні мол қасиеттерді сіңіреді.

А.В.Мудрик әлеуметтендіруді адамның бүкіл ғұмырында қоғам мәдениетін ұдайы өндіру мен меңгеру үрдісіндегі өз орнын алуы мен дамуы ретінде түсіндіреді.


А.И.Ковалеваның пікірінше, әлеуметтендірілген норма индивидтің қоғамға кірігуінің қалыптасқан әрі реттелген әлеуметтік механизмін көрсетеді, адамның жас мөлшері мен жеке даралық психологиялық мінезін ескерген тұлғалық дамудың бағыт алуы.

Әлеуметтену адамды жеке-дара қайталанбайтын ерекшеліктерден гөрі, типтік, топтық қалыптастыруды мақсат етеді. Типтік – бұл әлеуметтік өзара әрекеттің әралуан түрлерімен біріккен, адамдық тұлғаға қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Тұлғаның типтік мазмұны топта және тұтастай социумда бейімделуді қамтиды, белгілі бір мәдениетке жататын адамдардың өзара әрекет қалыпты өлшемдері мен өзара түсіністіктің кейбір деңгейін жалғастырады.

Әлеуметтендірудің үздіксіз үдеріс екендігі жоғарыда атап көрсетілді, әлеуметтік деңгейі жаңа әлеуметтік тәжірибені адамның меңгеру мөлшеріне қарай өзгеретіндігі айтылды. Сондықтан әлеуметтену сатыларын анықтауда зерттеушілер балалық шақ жылдармен шектелмейді, еңбекке дейінгі, еңбектегі және еңбектен кейінгі әлеуметтенуді сипаттайды.

Баланың әлеуметтену үрдісінің психологиялық мәнін сипаттай отырып, бұл үрдістің мазмұны, бір жағынан, баланың әлеуметтік тәжірибесі, тағы бір қырынан, қоғамның мәдениеті мен психологиясын анықтайтынын атап өту қажет. Тұлғаның қалыптасуын анықтай келе, әлеуметтену екі түрлі жолмен іске асады.

- жеткілікті ұйымдастырылмаған әрі бақылауға алынбаған жан-жақты әлеуметтік ықпал (отбасы, мектеп, аймық ықпалы, БАҚ әсерлері);

- әлеуметтік қалыптасудағы нәтижелері арқылы ғана байқалатын кездейсоқ туындау (өзгермелі қатынастар, көзқарастар, бағалаулар, құндылықтар).

1.2 Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-психологиялық бейімдеудің маңызы

Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізудің екі жолы бар. Бірінші жолы, мүмкіндігі шектеулі баланы қоршаған ортаға бейімдеу. Бұл жолдың кемшілігі бұл біржақтылығы болып табылады. Бұл жолмен керекті нәтижеге жету мүмкін емес, әлеуметтену процесі екі жақтылы болуы керек. Бұл дайындық процесінде интеграцияның объектісі ғана емес, сонымен қатар белсенді субъектісі болу керек.

Екінші жолы мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу дайындығымен бірге, әлеуметтік ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Негізгі факторы да осы тұрғыда қарастырылады.

Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуында ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау жөніндегі заң құжаттарында айтылғандай, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар және бала жасынан мүгедектер медициналы әлеуметтік көмек алуға, оңалтылуға (реабилитация), дәрі-дәрмектермен протездермен, протезді ортопедиялық бұйымдармен,жеңілдік жағдайларда қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуге, сондай-ақ кәсіби даярлану мен қайта даярлануға құқықтары бар.