Файл: Сахна жне актер маман Байсеркенов айта терген Есмакова Жанерке Алы сз.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 1097
Скачиваний: 25
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бұлайша істеу, тек хас шеберлердің ғана қолынан келеді.
К. С. Станиславский: «Актер сахнада тұрып жылай да, күле де алады, өмір де сүреді, жылап тұрып, күліп тұрып, көз жасы мен күлкісін бақылай да алады. Олай болса, аталмыш қос ғұмырдың, яғни ойын мен өмірдің арасалмақ ортасынан өнер туады» (там же, с. 328) деп ойын мен өмір сияқты «екі оттың» ортасында қиналмай өмір сүре алатын «қос мекенді» дарын иелерін арман етеді.
Сонымен біз сахналық ішкі көңіл күйдің не екенін,оның психикалық тіршілігінің қозғаушы күштерінің қандай элементтерден бас құрайтынын білдік. Енді аталмыш көңіл күйдің жан дүниесінде пайда болған сәтіне үңіліп, роль сомдау процесі кезінде актердің ішкі әлемінде не болып, не қоятынына зер салайық. Ол үшін сөз кезегін сахнаның сақи сардары К. С. Станиславскийдің өзіне берейік.
Ол кісі творчество сәтінде актердің ішкі сарайында болатын қиналыс, ізденіс, сарсылыс кұбылысын былайша сипаттайды:
«Мәселен, сіздерді ең қиын, ең күрделі жұмыс —Шекспирдің Гамлетіне кірісті делік.
Оны немен салыстыруға болады? Алып таулармен, әрине. Таудың қойнындағы байлығын танып, білу үшін
ең әуелі оның жасырын жатқан асыл тастар, мәрмәр, жер май сияқты кендерін зерттеп, таудың қайнарынан шыққан шипа суларының құрамын біліп, табиғи әсемдігін бағалай білу керек. Мұндай мақсат жалғыз адамның қолынан келе бермейді. Оған басқа адамдардың көмегі, күрделі ұйымшылдық, ақша қаражаты, уақыт т. б. керек.
Алдымен етекте тұрып төменнен тәкаппар тауға көз салады; оны айнала жүріп, сырт тұрпатын тексереді. Содан соң тастарды қашап, баспалдақ жасап сол арқылы төбесіне шығады.
Жол салып, тау теседі, жер ойып бұрғы орнатады, шахта қазып, машиналарды құрастырады, жұмысшылар артелінің басын қосып зерттеу жүргізіп болған соң,кейбір белгілерге қарап, тәкаппар таудың ұшан теңізбайлықты бауырына басып жатқанына көз жеткізеді.
Тауды кеулеп тереңдеген сайын молшылыққа белшеңнен батасың.
Ал, шыңына шықсаң, көсілген көкжиек пен табиғат сұлулығына есің шығады.
Түпсіз шыңыраудың жарқабағында тұрып, алуан түсті бояулары естен тандырған алыс етекте далиып жатқан гүлді алқапты еміс-еміс ажыратасың. Сол алқапқа қарай су жыландай сумаңдап, биіктен бұлақ ағады. Алқапты жарып ирелеңдеген бұлақ күнге шағылысып, жарқырап жатыр. Ар жағы — орман өскен тау: биікте шалғын, одан жоғары аппақ құлама жартас. Күннің сәулесі мен жарығы жартас бойлап жүгіріп ойнақ салады.
Жартасқа түскен жарықты көкте жүзген бұлттардың көлеңкесі жабады.
Зеңгір көкте қарлы таулар. Алыста жер үсті кеңістігінде бұлт бүркенген тауларда не болып жатқанын зерделеу қиын.
Кенет тау үстіндегі адамдар әбігерлене қалды. Бәрі де шапқыласып жүр. Қуаныштары қойындарына сыймай: «Алтын, алтын! Алтынның жасырын ұрасын таптық!» деп айғайлайды. Жұмыс қызып, жартасты айналдыра қашап жатыр. Алайда біраз уақыт өткен соң, тарс- тұрс басылып, тыныштық орнап,— бастары салбыраған жұмысшылар үнсіз тарап, алысқа басқа жаққа ат басын бұрады...
Сөйтсе, ұраның жылғасы жоғалып; қыруар еңбек босқа кетіпті; күш-қуат сарқылып, ойлағандары іске аспапты; зерттеуші мамандар естерінен танып, енді не істерін білмей отыр.
Сонымен тағы біраз уақыт өткенде — жоғарыдан тағы да қуанышты дауыстар естілді.
Топ шулап, өлең айтып жоғары шығып тағы да қашап жатыр.
Алайда бұл жолы да адамдардың еңбегі еш болып — алтын табылмады.
Жер астынан шыққан сарындай болып, шыңырау кеннен тарс-тұрс соққы мен адамдардың әлгіндей қуанышты дауыстары естіліп, артынша тына қалды.
Дегенмен қажырлы, қайсар жандардан тау өзінің қазынасын жасырып қала алмады. Адамдардың еңбегі ақталып: ұра табылды. Жұмысшылар көңілді әнге басып, ентелеген күйі жан-жаққа кетіп жатыр. Енді аз шыдаса болғаны — асыл тастың бай кеніші табылмақ»— дей келіп, К. С. Станиславский: «Данышпанның (Шекспирдің) ұлы шығармасы «Гамлетте» де қойнына тыққан ұшан теңіз қазынасы бар (рухани элементтер) алтын тау сияқты өз кені (шығарманың идеясы) жасырынып жатыр. Аталмыш байлық күрделілігімен, шетендігімен қармауға келе бермейді. Жер астының шипа суын ақтарғаннан артист пен рольдің жан дүниесін ақтару— әлдеқайда қиын іс. Алтын таудың сыртын тамашалағандай ең әуелі ақын шығармасының пішінін зерттеуге тура келеді. Содан соң барып рухани байлықтың жасырын жатқан құпиясы апаратын жолы мен тәсілін іздестіреді.
Ол үшін «бұрғылау скважинасы», «туннель», «шахта» (мақсат, зауық, қисын, сабақтастық және басқалар)
және «жұмысшылар» (творчестволық күш-қуат пен элементтер) қажет; тағы «инженерлер» (психикалық тіршіліктің қозғаушы күші) қажет әрі өзіне лайық «көңіл хошы» (сахналық ішкі көңіл күй) және қажет.
Творчестволық процесс жылдар бойы: үйде, түзде, күндіз, спектакль немесе репетиция үстінде артистің жан дүниесінде қайнап жатады. Мұндай жұмыстың мағынасын «творчестволық қайғысы мен қуанышы» деп айқындауға болады.
Роль мен өзіміздің алтын қазынамыз, кеніміз ашылған сәтте біздің де артистік жан дүниемізді «ұлы шаттық» кернейді.
Рольмен жұмыс жасаған кез келген сәтте өнер тудырушының күллі тұлғасында терең, күрделі, күшті, ұзаққа созылған тұрақты сахналық ішкі көңіл күй пайда болады. Тек осындай жағдайда ғана нағыз өнер мен творчество туралы сөз қозғауға болады.
Алайда, өкінішке орай, мұндай көңіл күй тереңдігі — сирек болатын құбылыс, ол, тек үлкен артистерде ғана кездеседі» (там же, с. 328—330) деп аяқтайды.
Иә, «өкінішке орай» сахна алаңында өнер жасап- жүрген артистердің көңіл күй тереңдігін сирек көретін болып барамыз. Көпшілік жағдайда актерлер көңіл күйдің рухани тереңдігіне бойламай, рольдің бет жағын қалқумен қанағаттанатын (болды. К. С. Станиславскийдің тілімен айтқанда олар, таудың астында жатқан мол байлықта шаруасы болмай үстін кезген кезбелер сияқты пьесаның ішін емес, сыртын қызықтайды. Ал, мұндай ат үсті көзқараспен шығарманың рухани тереңдігін аша алмайсың.
Олай болса, бұдан шығатын қорытынды: әрекет пен мақсатың қандай дәрежеде болса, сахналық ішкі көңіл күйің де сондай дәрежеде болмақ. Мақсат — салмақты, әрекет — адуынды болса, көңіл күй де тереңдей бермек.
Кей сәтте өз-өзінен, кездейсоқ пайда болған сахналық. көңіл күйдің тақырып пен творчество іздеп, алағызатын сәттері де болады.
Мұндайда ол, тоят тілеп, қанаттарын қаққан қыранға ұқсайды.
Ал, кейде жақсы шығарма, қызық роль, күрделі мақсат артистің қиялын қозғап, творчествосын еліктіріп,сахналық ішкі көңіл күйді өздері тудыратыны болады. Мұның өзі — «жүйрік ат, түзу мылтық, алғыр құсқа» қызыққандай құбылыс.
Аталмыш сипаттарды К. С. Станиславский — сахналық ішкі көңіл күйдің кездейсоқ түрлері деп атап, оны жоққа шығармаған. Керісінше, мақұлдап, қабылдаған.
Иә, Сахна санаткерінің сахналық ішкі көңіл күйі әрі қиын, әрі күрделі.
Оған бап керек!
Ал, енді жоғарыда айтылған қос қасиеттің басын қоссақ, үшінші процесс — сахналық ортақ көңіл күй өмірге келеді. Актер сол сипаттардың көркемдік тоғысу арқасында кестелі творчество тудырады.
ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
А
Авансцена (фр. avant — sсепе)— сахна дәлізі.
Акт (лат. асtus — поступок, действие)—әрекет (пьеса—перде,шымылдық).
Актер (лат. асtor, фр. асteur — исполнитель)—орындаушы, сахнампоз
Активное внимание — белсенді зейін, белсенді ықылас, белсенді құлық, белсенді ынта (зейін белсенділігі, ықылас белсенділігі т. б.).
Акустика (гр. акustikos — слуховой, звуковые условия какого-л. помещения)— дыбыстық естілу күйі.
Акцент (лат. ассепtus — ударение, муз. выделение, подчеркивание звука или аккорда, преимущ. путем его усиления)—дыбыстык, сөздік және ой екпіні.
Ансамбль (фр. еnsemblе — вместе, художественная согласованность исполнения какого-л. драматического, музыкального и др. произведения)—көркемдік топ.
Артист (фр. arriste, лат. аrs — искусство)—өнерпаз (өнер жасаушы, өнер тудырушы).
Б
Балкон (ит. balconе — балка, верхний или средний ярус в зрительном зале) — аспалы орын.
Бутафор (ит. buttafuori — работник театра, занимающийся изготовлением бутафории) — әшекей заттарды жасаушы адам.
Бутафория (ит.— 1. предметы, имитирующие подлинные (на сцене театра, в витринах магазинов и т. п.)— жасанды әшекей заттар.
В
Видение внутреннего зрения (рус.) — көкірек көзімен көру.
Вкусовое внимание (рус.)—зейіндік талғам.
Влучение (рус.)—сәулелену (сәулеге шомылу, сәулеге орану, т. б.).
Внимание (рус.)— зейін (зейін қой, зейініңді сал), ықылас(ықылас аудар, ықылас қой), көңіл (көңіл аудар, көңіл қой), назар (назар аудар, назарыңды сал), зер (зер сал), ынта (ынталан, ынталы бол), құлық (құлық қой).
Внутреннее зрение( внутреннее око) (рус.)—көкірек көзі (ішкі жанар).
Внутреннее ухо (рус.)—көкірек кұлағы( көңіл құлағы, көңілмен тыңдау).
Возбуждение (рус.)—қоздыру, еліктіру.
Воля (рус.)—ерік, жігер.
Воображаемый объект (рус.)—елестету нысанасы (ойдағы нысана).
Воображение (рус.)— елестету.
Вымысел воображения (рус.)—елестету әлемі.
Г
Гастроль (нем. castrolle — выступление приезжего артиста, спектакль приезжай театральной труппы) көшпелі театр құрамы.
Гастрольная пауза (рус.)—көшпенді кідіріс.
Гипноз (гр. һuрnos— сон)— арбау, сиқырлау, көз байлау.
Грим (фр. grimer — подкрашивать лицо)—бояну, опалану, қырланып — сырлану.
Д
Декадент — декадент өкілі.
Декаденство (фр. decadencе, лат. decadentiа — упадок, иначе декаданс — общее наименование кризисных, упадочных явлений в искусстве конца 19-нач. 20 в.отмеченных индивидуалистическим пессимизмом, эстетизацией падения и небытия)—өнерді өмірден бөліп қарайтын сары уайымшыл ағым.
Декламация — (лат. declamatio — напыщенная, неестественная манера, речи, изложения, ложный пафос)—жалаң, жел сөз, қызыл сөз
Декорация (фр. decoration, лат. decorarе — укращать)— жиһаздау, безендіру.
Дилетант (ит. dilettante<лат. delectare — услаждать, забавлять.
Любитель, занимающийся каким-л. искусством или наукой без спец. подготовки; поверхностно знакомый с какой-л. областъю науки или искусства)—әуесқой, әуесқойлық.
Духовная жизнь актера — актердің жан (рухани) тіршілігі
Ж
Жанр—(фр. genre — род, вид) — тек пен түр.
Жест— ишарат (ишарат қылу, ишарат жасау).
Жизнь человеческого духа — адамның рухани тіршілігі.
3
Зритель — көрермен.
Зрительное внимание — көру зейіні.
Зрительная память — көру зердесі.
Зрительный образ — көру бейнесі
И
Излучение — сәулелендіру.
Импровизация — суырып салма, суырып салушылық.
Интеллект (лат. intellectus — ум. рассудок, разум; мыслительная способность человека)— ақыл, парасат.
Интерпретация (лат. interpretatio — посредичество, истолкование, разъяснение смысла, значения чего-л.)—шешім, байлам, кесім.
Искусство ремесло — кәсіпқойлык өнер.
К
Кредо (лат credo — верю, верую. Убеждения, взгляды, основы мировоззрения)— көзқарас, таным.
Критерий (гр. kriterion — признак, на основании которого производится оценка, определение или классификация чего-л., мерило)—бағалау, баға беру, таразылау.
Круг внимания — зейін шеңбері.
Кустарничество — қолөнерлік жабайы тәсіл, қолөнер.
Л
Линия физических действий — қимыл-іс әрекетінің желісі.
Логика (гр. logike—ход рассуждений, умозаключений; разумность внутренняя закономерность)—қисын (сөз қисыны, ой қисыны, іс қисыны).
Логическая пауза—қисынды кідіріс (кідіріс қисыны).
Лучевосприятие — нұрлану (нұрға малыну, нұрға шомылу).
Лучеиспускание — нұрландыру (нұрға малу, нұрға шомылту).
Люфтпауза — тыныстық кідіріс.
М
Метод (гр. methodos — способ познания, исследования явлений природы и общественной жизни; 2) прием, способ или образ действия)— тәсіл.
Метод действенного анализа — әрекет арқылы талдау тәсілі.
Метод физического анализа — қимыл-іс арқылы талдау тәсілі.
Мимика (гр. mimikos — подражательный. 1) движения лицевых мышц, выражающие внутреннее душевное состояние; 2) искусство актера передавать душевное состояние персонажа выразительными движениями мышц лица)—ым, ымдау, ымдап шақыру, ыммен білдіру (ымды білмеген дымды білмейді).
Мышечная судорога — бұлшық еттің түйілуі.