Файл: азастан Республикасыны ылым жне білім министрлігі Солтстік азастан облысы Баыты аза лтты шекей бйымдарыны болаша дамуы мен ркендеуі. Секциясы Этномдениттану Таырыбы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 85

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы

Бағыты: Қазақ ұлттық әшекей бұйымдарының болашақ дамуы мен өркендеуі.

Секциясы: Этномәдениттану

Тақырыбы: « Қазақ қыздарының әшекей бұйымдарының, соның ішінде шолпының тарихы мен тәрбиелік мәні»

Ғылыми жоба авторы:Кудабаева Томирис

11 сынып оқушысы

Ғылыми жетекші : Залелов Мирас Жанатович
Петропавл қаласы 2022 жыл

Аңдатпа

Мен бұл жұмысымда қазақ халқының зергерлік өнер туындысы, ұлттық әшекей бұйым - шолпы туралы жаздым. Шолпы ерте заманда қолданысқа түсіп, бүгінгі күні құнын сәл жоғалтып алған бұйым.

Еліміз өркендеп, экономикамыз қарыштап дамыған қазіргі заманда халықтың талғамының өзгеруіне сай кейбір ұлттық құндылықтардың да сұраныстан түсуіне әкеліп соқты. Бұл мәселе қазақы әшекей бұйым шолпыны да айналып өтпеді. Бүгінгі күнде шолпы қазақ қыздарының бұрымының сәні болған қасиетінен айырылып, сұраныстан түсіп отыр. 

Біз өз жұмысымызда шолпының  қыз баланың денсаулығы мен тәрбиесіне тигізер пайдасы орасан зор екенін баяндай отырып, шолпының  Қазақстанның ұлттық бренді болуға лайық нағыз құнды бұйым екенін дәлелдеуге тырыстық.

Зерттеу жұмысын орындау барысында өз пікірімдіді зерттеу материалдарына сүйене отырып дәлелдедім.

Өз зерттеу жұмысымда замандастарымыздың өз ұлтының ұлттық құндылықтарын қадірлей білуін, санадан өшірмей ұмытпауын  және тұрмыста күнделікті пайдалануын көздедім.                                  

Аннотация

Эту работу я посвятила национальному эвелирному искусству казахского народа, о значении женского украшения – шолпы. В настоящее время почти забытое шолпы было обязательным атрибутом женского украшения в древние времена.

Благодария развитию нашего независимого государства, развитию экономики, возрождению народных традиции и искуства, народ стал проявлять интерес к забытым древним ценностям.  Это коснулось и девичьего украшения для волос – шолпы. Но, к сожалению, в настоящее время шолпы потеряла своего своеобразия и не пользуется широким применением среди девочек.


 Я  в своей работе хотело рассказать как влияет ношение на волосах шолпы на воспитание и укрепления здоровья, старались доказать, что это основное украшение, которое должно стать брендом Казахстана. При выполнении исследовательской работы своё мнение высказывали, опираясь на различных научных трудах историков – исследователей.

В своей исследовательской работе я призываю своих современников ценить и уважать национальные ценности и применять и показывать их в повседневной жизни.

 

 

Annotation

        In this work I wrote about the jewelry art of the Kazakh people and the national decorative product. Shooly is a product that has been used in an era and lost its value today.

In the modern era of our economy, where the economy has grown and flourished, it has led to a decline in the demand for some national values, as well as the changing taste of the people. This problem was not even a sculptor of the ornate mosaic. Today, the camel is dropping out of fashion and losing its quality as a Kazakh girl.

Stating that in my work I had a great deal of benefits for the girl's health and upbringing, I tried to prove that it is a valuable asset worthy of being a national brand of Kazakhstan.

In the course of my research, I have proved my opinion based on the study materials.

In my research, my contemporaries wanted to dictate their national values, not forgetting, and daily use in life.

Ғылыми жобаның негізгі мақсаты:

“Шолпы” қазақ халқының көнеден қалған әшекей бұйымы екенін дәлелдеу;

Шолпының түрлерін анықтап, оның тарихи құндылығын зерттей отырып, тәрбиелік мәнінің өте жоғары деңгейде екенін дәлелдеу:

Зерттеу жұмысының өзектілігі; Шолпының тәрбиелік мәні мен оның түрлерін кеңірек таныстыру,оның сұлулық қасиетіне толы екенін жинақталған мәліметтер негізінде дәлелдеу.

Ғылыми жобаның гипотезасы: Қыз баланың шашына тағатын ұлттық әшекейлерді пайдалану арқылы ұлттық салт - дәстүрімізді сақтау, жаңарту.

Ғылыми жобаның зерттеу кезеңдері:

1. Халқымыздың тарихи құндылығы саналатын шолпының тәрбиелік мәнін дәлелдейтін ауыз әдебиеті үлгілерінен мәліметтер жинастырдым.

2. Шашқа тағатын ұлттық әшекей түрлерімен таныстым, жасалу жолын білдім

3. Жинаған әдебиеттерді талдадым.

4. Шолпының сән үлгісі ғана емес, өзіндік салт - дәстүрі бар екенін дәлелдедім.

5. Ұлттық әшекей - шолпы туралы жазған ақын - жазушылардың шығармаларымен таныстым, өз шығармаларын шолпыға арнаған сазгерлердің әндерімен таныстым.

6. Өзіндік пікір, тұжырым жасадым.
Ғылыми жобаның жаңашылдығы: Мемлекеттік деңгейде мәдени мұра бағдарламасы бойынша қамқорлық жасаланып, оқушыларға, студент жастарға қолөнер сабағына пайдалануға шағын журналдар шығарылса, қолөнер түрлері мектепте пән ретінде өтсе, жастардың келешекте іскерлігіне, ұлттық мәдениетті сүюіне ықпал жасары анық. Қазіргі заманғы құрбыларымның бұл ұлттық әшекей бұйымын қайта пайдалануында өзіндік пікірімді айтпақпын. Ұлттық салт - дәстүрімізден алшақтамауға, құрметтеуге, жаңартуға шақырамын.



Зерттеу жұмысының міндеттері:

o Шолпының түрлерін анықтап, жасалу жолына тоқталып, зерттеу жұмыстарын жүргізу;

o Шолпының тәрбиелілік мәнін ұғыну;

o Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;

o Шолпы туралы жазған ақын - жазушылардың, сазгерлердің

шығармаларымен танысу;

Ғылыми жобаның зерттеу әдісі:

* Жинақтау, топтау;

* Салыстыру;

* Өзіндік ой топшылау;

• Сауалнама жүргізу

• Сұхбат өткізу

• Бақылау жүргізу

• Энциклопедиямен жұмыс

Нәтижесі мен қорытындысы:

o Шолпыны тек қана қыз балалар мен бойжеткендер тағады;

o Қазақтың әшекей бұйымы шолпының сыңғыры қара ниетті күштерден сақтайды;

o Шолпы арқылы қыздың жасын, әлеуметтік тобын, қай жақтан екендігін аңғаруға болады;

Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары: Тақырып негізінде жинақталған материалдар тарих, қазақ тілі, әдебиет пәндерінде қосымша ретінде қолдануға болады. Тәрбие сағаттарында пайдалануға болады.
- Қандай зергерлік бұйымды ұнатасың?- десе, көп адамдар сақина мен сырғаны атайды. Ал мен шолпыны ұнатамын. Осы жұмысым арқылы оны дәлелдегім келеді.

Осы жобаны зерттей келе:

1) Шашқа тағатын ұлттық әшекей шолпының түрлерімен танысып, олардың жинағы жасалады.

1) Халқымыздың шолпыға байланысты туған қазақ қызына берілетін тәрбие және ырымдарымен таныса отырып, өзімізге келешекте есте ұстайтын салт - дәстүрін жинадым.

2) Шолпының жасалуына байланысты зергерлердің тәжрибесімен таныстым.

3) Өзіндік сараптама жасадым.

\


І.
            Бұл жобада қазақ халқының ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан, атадан балаға мұра болып жеткен дәстүрлі де қастерлі зергерлік өнері, соның ішінде қолөнер туындыларының бірі Шолпы туралы айтқымыз келді.

            Бүгінгі Рухани даму заманында өшкенімізді жаңғырту, санамызды сілкінту,өткенге мойын бұрып қарау ертеңгі жарқын болашағымыздың баспалдағы болмақ.

            Қандай халықтың қолөнері болса да оның тарихымен, қоғамдық құрылысы, әдет ғұрпы, жөн- жоралғысы, салт — санасымен астасып қатар өркендейді. Қолөнер адам баласының көркемдікке, нәзіктікке , сұлулыққа деген ұмтылысын, сол бағытта табиғатты өзінше таңбалап бедерлеуін, сұлулықты іздеуге деген құштарлығын танытады. Сан қилы кезеңдерден өтсе де, көркемдік бейнелердің өзіндік ерекшеліктерін бұлжытпай сақтай отырып, ұрпақтан ұрпаққа мирас ретінде жалғасын тауып келе жатқан қолөнеріміздің ішіндегі киелі әрі күрделілерінің бірі – зергерлік өнер. Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. Адам баласы ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Кез келген қыз-келіншектің зергерлік бұйымдары, асыл тастары, оларға бейнеленген ою-өрнектері олардың әсем келбетіне әдемі үн қосып, сымбатын одан әрі ажарландырып, тартымдылығын арттыра түседі.


            Қазақ қыздарының басына үкілі сәукеле киіп, құлағына алтын сырға тағуы, саусағына сақина, білегіне білезік киюі, беліне белдік буынып, шашына шолпы қадауы олардың парасатының биіктігін, эстетикалық талғамының жоғарылығын танытады. Атамыз қазақ қыз баланың сұлу да сымбатты болып өсуіне қатты мән берген. Шолпы тек сәндіктің құралы емес. Шолпы – шашы ұзарған қыздың сымбатына тікелей себепкер бұйым. Демек, бойжеткеннің бойын түзейтін, халқымыздың тарихи құндылығы саналатын шолпының тәрбиелік мәні мен оның түрлерін кеңірек таныстыра кетуді жөн көрдім.           

           Шолпы” қазақ халқының көнеден қалған әшекей бұйымы екенін нақтылау;
            Шолпының түрлерін анықтап, оның тарихи құндылығын зерттей отырып, тәрбиелік мәнінің өте жоғары деңгейде екенін көрсету:


            Ұлттық әшекейдің сән үлгісі ғана емес, өзіндік салт-дәстүрі бар екенін дәлелдеу;
Өз мақсатымызға жету үшін алдымызға мынадай міндеттер қойдық.


Зерттеу жұмысының міндеттері:

Шолпының түрлерін анықтап, жасалу жолына тоқталып, зерттеу жұмыстарын жүргізу;
Шолпының тәрбиелілік мәнін ұғыну;
Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;
Шолпы туралы жазған ақын - жазушылардың, сазгерлердің шығармаларымен танысу;


            Қоғамның қарыштап дамып, адамдардың талғамының өзгеруіне сай халықтың ұлттық құндылықтарға деген сұранысы да өзгерді. Осының салдарынан кейбір ұлттық дәстүрлеріміз бен мәдениетіміздің жауһар көзі болып табылатын озық үлгілері бұл күндері ұмыт бола бастағандай. Сондай ұмыт бола бастаған жауһарларымыздың бірі  - шолпы.   Шолпы дегенді қазір біз тек мұражайдан көретін болдық. Жобаның негізгі мақсаты осы ұлттық құндықтарымыздың кенеулісі болып табылатын, қыз – келіншектердің көркі болып табылатын «Шолпының» қасиетін өзіне қайтарып беру. Халықтың санасын өткенге қайта оралту. Сол себепті біз Шолпы туралы деректер жинауға кірістік. Зерттеу жұмысы барысында шолпының біз білмейтін бірнеше түрлерінің бар екенін және оның жасалуы мен қолданылуы да әрқалай екеніне куә болдық. Сондай ақ, шолпының қасиетіне және оның адам денсаулығына  тигізер пайдасы туралы да іздестіре бастадым. Зерттеу жүргізу барысының нәтижесінде  шолпының адам денсаулығынан өзге қыз бала тәрбиесіне тигізер маңызының  да зор екенін байқадым.


Нәтижесі мен қорытындысы:

Шолпыны тек қана қыз балалар мен бойжеткендер тағады;

Қазақтың әшекей бұйымы шолпының сыңғыры қара ниетті күштерден сақтайды;

Шолпы арқылы қыздың жасын, әлеуметтік тобын, қай жақтан екендігін аңғаруға болады;

Қазіргі уақытта шолпы өз деңгейіндегі қолданыста емес. Тіпті заты түгілі аты да ұмыт бола бастаған.  Зерттеу жүргізу барысында үлкен кісілерден сұрастыра келе шолпының кейбір үлкен кісілердің ғана сандығында тығулы жатқанын  байқадым.  Ол кісілердің өзі әжемізден, анамыздан қалған көз дейді. Ал кейінгі буын өкілдері тіпті шолпының қандай екенін, кімдердің тағатынынан да бейхабар болып шықты.  Сондай ақ,  жұмысымды жүйелі жүргізу мақсатында 7 - 10 сыныптарда оқитын қыз балалардан  сауалнама алдым. Сауалнама нәтижесінде 12-16 жас аралығындағы бойжеткен қыздардың кейбіреуі шолпы туралы таныс болса, енді кейбірінің мүлде ешқандай хабары жоқ болып шықты. Міне осындай қорытындылардан кейін мынадай ой түйдім. Алдағы уақытта зергерлеріміз шолпының бірнеше үлгілерін жасаса, яғни қазіргі заман талабына сай, заманауй стилде мектеп оқушыларына арналған және бойжеткен қыздарға, келіншектерге арнап шолпының бірнеше үлгілерін жасап, нарыққа шығарса бұл ұлттық әшекей бұйымның қазақ қыздары арасында кеңінен қолданысқа енуіне жол ашар едік.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 «Зергер» парсы тілінен ауысқан «Зәргәр» сөзі. Парсы тілінде алтыннан, күмістен суырып, созған жіңішке сымды «зәр» дейді. 
Халық арасында зергерлер өте жоғары құрметке ие болып, елдің сүйікті адамына айналған. Қазақ зергерлері көбіне жеке – дара жұмыс істеп, өз өнерінің қыр – сырын ұрпақтан – ұрпаққа үйретіп отырған. Зергерлердің басты жұмысы – қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған - әйелдердің әшекей бұйымдарын жасау. Ол тек эстетикалық сұраныстан ғана емес, сондай – ақ діни – идеологиялық, әдет – ғұрыптық, салт – дәстүрлік қажеттіліктен де туындап жатты. 
Негізгі материал ретінде тіл – көзден, пәле – жаладан сақтайтын тылсым күші, қасиеті бар деп танылған алтын, көбінесе күміс пайдаланылды. 
Таза күміс ірімей жақсы соғылады және сымға салып жіңішкерте отырып созуға да ыңғайлы. Таза күміс жай қарағанда да көрікті. Сондықтан қазақ зергерлері ең таза күміс деп жамбы күмістерді ұстайды. Жамбы деп қорытылып құйылған кесек күмістерді атайды. Жамбының үлкендігі мен формасына қарай, қазақ арасында белгілі алты түрлі атауы бар. Оларды үлкенінен бастап айтқанда: «бесік жамбы», «ат бас жамбы», «қой бас жамбы», «тай тұяқ жамбы», «қой түяқ жамбы», «асық жамбы» деп атайды. Бұрынғы кезде күмісті базарларда сатып алатын.