Файл: азастан Республикасыны ылым жне білім министрлігі Солтстік азастан облысы Баыты аза лтты шекей бйымдарыны болаша дамуы мен ркендеуі. Секциясы Этномдениттану Таырыбы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 77
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бұл заттарды қалай жасалатындығын әңгіме етейік:
Әйел әшекейлерін жасағанында қазақ шеберлерінің пайдаланылған негізгі түсті металдары: күміс, алтын, қола, жез. Бұрындары қаза даласындағы сәндік бұйымдар Ресейдің, Қытайдың күміс, алтын ақшаларынан жасалынды. Тіпті, шетелдермен сауда дамыған тұста қытайдың қой тұяқ, тай тұяқ жамбылары мен поляк күмісі де қазақ шеберлерінің қолына түсіп, содан сәндік көптеген заттар жасап шығарылды. Ол кезде дәулетті адамдар алтын мен асыл тастарды өздері тауып беріп тапсырыс беретін.
Зергерлікті жұмыстың орындалу әдістеріне қарай: техника жолымен преске, қалыпқа салып қысу, балқытқан металдарды арнаулы қалыптарға қүю, бір металға екінші металды оюластырып жапсыру, тұтас металдың бетін ою, сызу арқылы өрнектеу, металдарға алтын, күміс жалату, металды қақтау, қуыстау, жұмырлау, домалақтау, шашақтау сияқты бірнеше түрге бөледі.
Қазақ шеберлерінің күміс бұйымдарды жасағанда кеңінен қолданған зергерлік тәсілдері: отқа қыздырып соғу, балқытылған металды қалыпқа құю, кептеу, тыныкелеу, қаралау, темір бетіне күміс шабу, сымкәптеу, сіркелеу, жұқа күміс әшекейлердің астынан бедерлі қадаубастармен батыра ұрып бедерлеген, бізбен безеу, күмістеу, алтындау, дәнекерлеу, оймалап, асыл тастардан көздер орнатып жасаған. [10. 63]
Негізгі материал ретінде тіл - көзден, пәле - жаладан сақтайтын тылсым күші, қасиеті бар деп танылған алтын, көбінесе күмісті пайдаланған. Бірақ алтынның қасиеті басқа металдарға қарағанда ерекше деп есептелген. Сәндік бұйымдардың көбіне металдан жасалуы да осыған байланысты болған.
Анасын, әйелін, қызын ардақтаған қазақ халқы олардың ішкі жан дүниесінің мөлдірлігімен қатар сыртқы келбеті мен тұлғасының да сұлу болғанын қалаған.
Зергерлік бұйымдардың көздеріне шеберлер ақық (агат), теңбіл тас (сланец), перуза (бирюза), маржан (коралл), лағыл (рубин), янтарь сияқты асыл тастарды пайдаланған. Әр зергердің өз қолтаңбасы болған «шебердің қолын» соған қарап таныған.
Дәстүрлі қазақ тұрмысында тастарға деген оң көзқарас бүгінге дейін сақталып отыр. Інжу көзге түсетін катарактыны, янтарь зоб ауруын емдейді десе, маржан көз бен тіл тиюден сақтайды, қарғыстан қорғайды, перуза бақыт әкеледі дейді. Зейнет пен қуаныш тасы деп танылған ақық тас қай кезде де үлкен сұранысқа ие болған. [10. 103]
3. 3 Шолпының тәрбиелік мәні.
Бұрынғы кезде ата - бабаларымыз қыз баланы қорғап, періштедей аялаған. Қыз баланы кішкентайынан әдепті, инабатты етіп тәрбиелеген. Дана халқымыз бойжеткендерін пәле - жаладан, жамандықтан аулақ ұстап, сақтандырған. Осының бәрі қыз баланың қасиетін биіктетіп, сұлулық бастауына көтерілуіне жол ашады. Ерте замандағы Қыз Жібек, Баян сұлу, т. б. қазақ қыздары ерекше сұлу болған. Себебі, олар өз сұлулықтарын сақтап, қос бұрымын бұландатып жүрген.[3. 180]
Қымбат әшекей бұйымдарды (сырға, жүзік, сақина, білезік, алқа, тұмар, шолпылар) қалай тағу қажет, оның өзіндік қатаң қағидасы бар. Соның бастыларының бірін талдап түсіндірсек, қазақ қыздарының басына үкілі сәукеле киіп, құлағына алтын сырға тағуы, саусағына сақина, білегіне білезік киюі, беліне белдік буынып, шашына шолпы қадауы олардың парасатының биіктігін, эстетикалық талғамының жоғарылығын танытады. Кейде бұрымға тағылған шолпы мен шашбаулардың салмағы үш келіге дейін жеткен, сөйтіп ол қыздардың жүрісі мен бойын тік ұстау мәнерін қалыптастырған. Сонымен қатар, шолпы бойжеткеннің бойында ойлылық, зерделілік, биязылық тәрізді қасиеттерді қалыптастырады.[12. 156]
Шолпының тәрбиелік мәні де зор. Жас қыздарға аналары: «Секеңдеп қатты жүруге болмайды. Шолпыңның сылдырлаған дауысы қатты естілсе, сені әдепсіз қыз екен деп айтады» деген сияқты тәлім – тәрбие беріп отырған.
Бойжеткен қыз баланың жүрісін, қимылын түзеу үшін қоңыраулы шолпыны бұрымына таққан. Содан қоңыраулы шолпы таққан қыз бала үй арасында жүргенде, жүгіргенде, күлгенде ол сыңғырлап дыбыс беріп, үйдегі үлкендер
қалжыңын қойып, әдеп сақтаған, бойжеткен жұрт назарын өзіне аударғанына
ұялып, жүгіріп, секіруін тиған. Шолпыны қыздарға мезгілсіз жүрмеуі үшін де
тағып қояды. Өйткені, кешкілік оның сыңғыры қыз баланың әлі далада қыдырып жүргенін жан - жағындағыларға «хабарлап» тұрады деп санаған. Сол себептен қазақ қыздарының мезгілсіз уақытта далада жүрмеуіне де көп көңіл бөлген. [10. 95]
Шолпыға байланысты наным - сенімдер.
Қазақтар адамның шашын кез келген жерге тастамайды. Олар әйел шашының ұшында тіршіліктің күші бар деп есептейді. Осы наным - сенімге сәйкес қыздардың шашын қимай, бұрым етіп өсіріп қояды. Оның ұшына шолпы, шашбау байлайды
Қазақтардың ежелгі наным - сенімі бойынша, бұрымдағы шолпы сыңғыры бойжеткенді қара ниетті күштерден қорғауға көмектеседі деп ойлаған.
Халық арасында «Адам жанының бір ұшы шашының арасын мекендейді» деген наным сақталған. Сондықтан да шолпының ұшына бәле – жаланы маңайлатпайды деп қоңыраулы сылдырмақ тағатын болған.
Бұрымға тағылған шолпы сыңғыры қара ниетті күштерден қорғауды көздеген. [3. 118]
3. 4 Ақын - жазушылардың, сазгерлердің шолпы туралы
жазған шығармалары
М. Жұмабаевтың “Шолпы”өлеңінде сәндік бұйым шолпы деталінің өзі бейнеге айналып, құбылып тұратын медиум, оның дыбыстық белгісі ынтызар сезімді туғыздырады, сөйтіп шолпы интимділік символына, қарым - қатынас деталіне айналады
«Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын» деп, Абай айтқандай, шолпының қазақы танымда сұлулық символы болумен қатар махаббатты да айқындайтын символ болып табылатындығы мәлім.
Білектей арқасында өрген бұрым
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін.
Аласыз қара көзі айнадайын,
Жүрекке ыстық тиіп салған сайын
Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,
Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?
Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,
Болады осындай қыз некен - саяқ.
Піскен алма секілді тәтті қызды
Боламын да тұрамын көргендей ақ.
Егерде қолың тисе білегіне,
Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе.
Бетіңді таяп барсаң, тамағына,
Шымырлап бу енеді сүйегіңе. [9. 56]
М. Әуезовтің «Абай жолы» романында шолпы Тоғжан бейнесін, шолпының үні махаббат сезімін ашатын деталь ретінде көрініс тапқан:
«Сылдырлаған Шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді» - деп шебер суреттеген. [2. 154]
Қазақ халқының халық ауыз әдебиетімен салыстыра кетсек, «Алпамыс батыр» дастанында Алпамыс батырдың Гүлбаршын сұлуға айтқаны:
Заманында тағыпсың,
Тіллә шолпы, жар – жар - ау,
- деп жырланатын жыр жолдары да осыған дәлел.[3. 132]
Алтынбек Қоразбаев ағамыздың мына өлең жолдарынан заманымыздың көрікті, ұзын шашты қыздары шолпының сыңғыры естілетіндей сезіледі. “Шашбаулым” әнінен үзінді:
Сыңғыр шолпы шашбаулым,
Жарасады таққаның.
Осы сәнің тұрғанда,
Қаламаймын басқаны
Сүйіншілер жеңгелер,
Шашбаулы қыз келді деп. [4. 50]
Сол сияқты қазіргі заманғы «Арна»тобының орындауында жүрген «Сенің қою қара шашың» әні сағындырған қыздың бет бейнесін, шолпысының сыңғырын береді.
Әнші - сазгер Марат Омаров пен Құдайберген Қазыбаевтің «Қыз сыны», Р. Тайманов пен Исрайыл Сапарбаевтың «Қазақ қызы» әндері сұлулық, нәзіктік символы ретінде бұрымды қыздарды үлгі еткен.
Сауалнама нәтижесі
Қазіргі қоғамда шолпының өз дәрежесіндегі қолданысқа түсуі саябырсып отыр. Тіпті заты түгілі аты да ұмыт бола бастаған. кейбір егде жастағы кісілердің өзі «Шолпы деген не?» деп сұрасаңыз «Ол не?» деп өзіңе қарсы сұрақ қояды. Бұл әрине, қазақ халқы бұрынғы ескі жәдігер заттарды ұмытып, жаңаға ұмтылуында, заманауи дүниелердің көптеп орын алуына да байланысты. Кейінгі жылтыр, арзан, сапасыз заттардың көптеп қолданысқа түсуі, өзіміздің бұрыннан келе жатқан құнды бұйымдардың ұмыт бола бастауына әкеліп соғып отыр. Зерттеу жүргізу барысында үлкен кісілерден сұрастыра келе шолпының кейбір үлкен кісілердің ғана сандығында тығулы жатқанын байқадым. Ол кісілердің өзі әжемізден, анамыздан қалған көз дейді. Ал кейінгі буын өкілдері тіпті шолпының қандай екенін, кімдердің тағатынынан да бейхабар болып шықты. Сондай ақ, жұмысымды жүйелі жүргізу мақсатында 7 - 10 сыныптарда оқитын қыз балалардан сауалнама алдым. Сауалнама нәтижесінде 13-16 жас аралығындағы бойжеткен қыздардың кейбіреуі шолпы туралы таныс болса, енді кейбірінің мүлде ешқандай хабары жоқ болып шықты. Міне осындай қорытындылардан кейін мынадай ой түйдім. Сауалнама бойынша қыз балаларға:
-
Шолпы дегеніміз не? -
Шолпының қандай маңызы бар? -
Шолпыны шашыңа тағар ма едің?
деген сұрақтар қойылды. Бірінші сұрақ бойынша: қыз балалардан шолпының бұрымға тағатын әшекей, шашқа тағатын әшекей, шашқа тағатын зат деген сынды жауаптар алынды. Екінші сұрақ бойынша: шолпыны арнайы мерекелерде тағады, шашты әдемі көрсету үшін, шашты өсіру үшін, қыздардың жүрісі мен бойын тіктейді деген жауаптар алынды. Үшінші сұрақ бойынша: қыз балалардың жартысы иә тағар едім десе, қалған жартысы жоқ, мүлде тақпаймын деген жауаптар берді.
Міне осындай қорытындылардан кейін мынадай ой түйдім. Сирек кездесетін зергерлік бұйымдардың халық арасында сақталу құндылығын жоғалтпағанына, қолданысқа енгізер болсақ, көпшіліктің сұранысына ие боларына көзім жетті.
Алдағы уақытта зергерлеріміз шолпының бірнеше үлгілерін жасаса, яғни қазіргі заман талабына сай, заманауи стилде мектеп оқушыларына арналған және бойжеткен қыздарға, келіншектерге арнап шолпының бірнеше үлгілерін жасап, нарыққа шығарса бұл ұлттық әшекей бұйымның қазақ қыздары арасында кеңінен қолданысқа енуіне жол ашар едік.
Қорытынды
Зерттеу жұмысымды қорытындылай келе, шолпының тәрбиелік мәнінің өте жоғары екеніне көзім жетті. Шолпыны қолдану қыз балаға үстеме сұлулық пен нәзіктік беретінін білдім. Барлығы да зергерлік бұйымдардың халық шеберлері – зергерлердің эстетикалық және шеберлік дағдыларын танытады. Қазақтың басынан қаншама қилы кезеңдер өтсе де, зергерлер мен олардың шебер қолдарының табы болған атадан балаға мирас болып қалған киелі өнер өз орнын табуда және таба бермек. Бүгінгі таңда қазақтың дәстүрлі өнерін, оның мәдениеттанулық негізін көрсете білуіміз қажет. Бар әдемі құндылықтарды сырттан іздемей, оны өзіміздің асыл мұралардан іздеу, оны жандандыру, қалпына келтіру, мәдениеттанулық деңгейге көтеру, оған дәнекер болу, қазақтың әрбір зергерлік мұрасын, ұлттық мәдениеттанулық деңгейге көтеру – бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі таңда жаһандану заманында қазақтың зергерлік бұйымдарын жан-жақты әсіресе мәдениеттану тұрғысынан зерттеудің, оның мәнін ашудың ғылым
үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы өте зор. Қазақстанның мәдени мұрасын зерттеу кезеңінің маңызды оқиғасы – 2003 ж. еліміздің Президентінің халыққа жолдауы еді. Мәдени мұра бойынша ҚР – ның Ұлттық Кеңесінің 3-ші отырысында Н. Ә. Назарбаев былай деді: «Бүгінде мемлекет мәдениетті дамыту мәселелерінің бұдан бұрынғы «қалдықтық» тәжірибесінен біржолата қол үзбеуге мүмкіндік алды. Және де бұл мүмкіндігімізді барынша іске асыруымыз қажет»
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987ж. 25 бет
2. Әуезов М. “Абай жолы” роман – эпопеясы І том Алматы. 1989 ж 154 бет
3. Әлімқұлов Б, Әбдіраманов Е «Әдеби этнографиялық таным»