Файл: Таырыбы Жергілікті жерді планы Мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 57

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Тақырыбы: Жергілікті жердің планы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.3.3.1 сызықта белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуларын анықтау.

2.3.2.4 бастапқы орнын, бағытын, қозғалысын (оңға, солға, тура, толық бұрылу, сағат тілімен жəне сағат тіліне кері жартыға, төрттен бірге бұрылу), анықтау айқындайтын нұсқаулыққа сəйкес əрекет жасау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

сызықтың бойында белгіленген нүктелердің бір-бірлеріне қатысты қалай орналасқандарын анықтау, фигураның периметрі жəне белгілі қабырғасы бойынша белгісіз қабырғасын қалай табуға болатынын білу.

Бірқатар оқушылар үшін:

амалдарды нұсқаулық бойынша орындау жəне бастапқы позицияны, бағытты жəне қозғалысты анықтау (оңға, солға, тіке, сағат тілі бойынша жəне сағат тіліне қарсы толық айналым, айналымның жартысы жəне ширегі).

Кейбір оқушылар үшін:

бастапқы позицияны, қозғалыс бағыттарын (оңға, солға, тіке, сағат тілі бойынша жəне сағат тіліне қарсы толық айналым, айналымның жартысы жəне ширегі) анықтауға арналған тапсырмаларды өз бетімен құрастыру.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар игереді:

Келесі сөздерді:оңға, солға, тіке, сағат тілі бойынша жəне сағат тіліне қарсы толық айналым, айналымның жартысы жəне ширегін қолдануды.

Пəндік лексика жəне терминология:периметр, қабырғалар, фигуралар.




Диалог/жазу үшін пайдалы сөздердің жиынтығы

Талқылау:

... ...-ға қалай өтуге болады. ...-ға қалай жетуге болады.

Периметр дегеніміз не?

Көпбұрыштың (тіктөртбұрыштың, шаршының) периметрін қалай табуға болады?

Жазу:

Есептердің шартын жазу жəне шығару.

Алдыңғы білімдер

Қозғалыс бағыттары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

0-3

Қызығушылықты ояту.
Бұл кезеңді мұғалім өз қалауынша өткізе алады.






4-6

Өзектендіру.

Алдыңғы сабаққа сəйкес, мұғалім кесте бойынша

«Фигураны ата» ойынын жүргізеді. Балалар орналасуларды дұрыс атауды үйренеді (жоғарыда, төменде, оң жақта, сол жақта жəне т.с.сонымен қатар орналасуларды белгілеу үшін əріптер мен цифрларды дұрыс қолдануды).

Оқулық


7-11

Мақсат қою.

Бұл сабақта біз орналасуларды дұрыс атауды жалғастырамыз (жоғарыда, төменде, оң жақта, сол жақта жəне т.с.с., орналасуларды белгілеу үшін əріптер мен цифрларды қолдануды).

Оқулық, дəптер



12-29

Өзіндік жұмыс.

Дəптердегі 1- тапсырма. Балалар кестедегі фигураларды табады жəне кестедегі олардың координаталарын жазады.

Жұптық жұмыс.

Бағалау критерийі:

Берілген белгілеулер бойынша фигураны қалай табуға болатынын білемін.

Фигураны көрсеткен орынға орналастыруды немесе көрсеткен орыннан табуды білемін.

Қиыншылықтарға түзетулер енгізу.

Мұғалім орындалудың дұрыстығын тексереді.

  • Кімде қиыншылықтар туындады?

  • Қай жерде сіздер қате жібердіңіздер? Жіберілген қателіктің себебі неде?

– Өз бетімен орындалатын жұмыста қиыншылықтарға тап болғандар өздеріңіздің іс- шараларыңыздың мақсатын тұжырымдаңыздар. (Қосымша тапсырмаларды орындау).











  • Қиыншылықтарын анықтағандардың бұдан арғы жұмыстарының мақсаты қандай? ( Қателіктерін түзету).

  • Қателіктерді түзету алгоритмін пайдаланамыз.

–Əркім өзінің оқу мақсатын дауыстап айтады.






30-40

Бұрын өткен материалмен жұмыс.

Өткен материалдар бойынша топтық жұмыс ұйымдастыруға болады.

Өзіндік жұмыс.

Оқулықтағы 3-тапсырманы түсіндіре отырып шығару.

Оқулық, дəптер

41-45

Рефлексия.

Бүгін қандай тақырыппен жұмыс істедік? Өзіміз үшін нені нақтыладық?

Бұл білімдерімізді қайда қолдануға болады?






127-сабақ. Геометриялық мазмұндағы есептерді шығару



Тақырыбы: Саяхат туралы естеліктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.5.1.5 көбейту мен бөлудің белгісіз компоненттерін табуға; ұзындық, ені, периметрді табуға берілген есептерді; тура жəне жанама тұжырымдармен берілген есептерді (айырмалық салыстыруға қатысты) талдау жəне шығару; кері есептерді құрастыру жəне шығару.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрін жəне қабырғаларын табуға берілген есептерді шығару.

Бірқатар оқушылар үшін:

тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрін жəне қабырғаларын табуға берілген есептерді шығару; кері есептер құрастыру жəне шығару.

Кейбір оқушылар үшін:

Тіктөртбұрыштың жəне шаршының периметрлерін табудың, белгілі периметрі бойынша шаршының қабырғаларын табудың, белгілі қабырғасы жəне периметрі бойынша тіктөртбұрыштың қабырғасын табудың формулаларын қорытып шығару.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар игереді:

Тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрін жəне қабырғаларын табудың ережесін түсіндіру.

Пəндік лексика жəне терминология:
Тіктөртбұрыштың жəне шаршының периметрі, көпбұрыш, есеп, кері есеп.








Диалог/жазу үшін пайдалы сөздердің жиынтығы

Талқылау:

Берілген есептердің арасында қандай байланыстар бар?

Белгілі периметрі бойынша шаршының қабырғасын табуға бола ма?

Жазу:

Есептердің шығарылу жолдарын жазу.

Алдыңғы білімдер

Тіктөртбұрыштың жəне шаршының периметрі, есеп, кері есеп.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар


0-3

Қызығушылықты ояту.

Мұғалім өз қалауынша өткізеді.






4-6

Өзектендіру.

Фотосурет жақтауларының пішінін қарастырыңыздар. Қандай фигуралардың периметрін табуға болады? Периметр дегеніміз не? Көпбұрыштың (үшбұрыштың, бесбұрыштың) периметрін қалай табуға болады?

Оқулық, жинақ полотносы



7-11

Мақсат қою (мəселелі жағдаяттар).

Периметрін біле отырып, шаршының қабырғаларын қалай табуға болатынын түсіндір.

Барлық қабырғасының ұзындығы бірдей шаршы беріледі. Алдымен периметрін тауып алып, содан соң периметрін 4-ке бөлсе, қабырғасының ұзындығы шығатынын оқушылар түсіндіре алуы тиіс.

Оқулық, жинақ полотносы



12-29

Жаңаны ашу.Периметрін жəне екінші қабырғасының ұзындығын біле отырып, тіктөртбұрыштың қабырғасын қалай табуға болатынын түсіндір.

Оқушылар екінші қабырғасының ұзындығын табуды өзара талқылай отырып анықтайды. Түсіндіріп айта отырып алғашқы бекіту. Карточкалар бойынша практикалық жұмыс. Балалар фигуралардың кескіндері бар карточкаларды алады, жұптық жұмыс жүргізіледі.

Өздеріңіздің жеке парақшаларыңыздағы фигуралардың қабырғаларының ұзындықтарын өлшеңіздер жəне егер бұл мүмкін болса, периметрді əртүрлі тəсілдермен табыңыздар.

Оқулық, дəптер, тапсырмалары бар карточкалар







Р=




Р=














Р=

Р=







Балалар фигуралар алдын ала сызылып қойылған жеке парақшалардағы тапсырманы орындайды. Олар əр фигураның қабырғасын өлшейді жəне мүмкін болған жағдайларда қосу амалын көбейту амалына ауыстыра отырып, периметрді табуға арналған өрнектерді жазады.

- Қорытынды: периметр дегеніміз не? (Фигураның қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы.)

– Периметрді қалай табуға болады?

–Қандай фигуралардың периметрін көбейту амалымен табуға болады? Неге?

Өзіндік жұмыс.

Оқулықтағы жəне дəптердегі 2- тапсырма. Бағалаудың критерийі бойынша тексеру. Бағалау критерийі.

Шаршының жəне тіктөртбұрыштың периметрін қалай табуға болатынын білемін.

Шаршының қабырғасын периметрі арқылы таба аламын.

Белгілі қабырғасы жəне периметрі бойынша тіктөртбұрыштың белгісіз қабырғасын таба аламын.



30-40

Жаңаны қолдану.

Оқулықтағы 3- тапсырма топта орындалады. Дəптердегі 2 -тапсырмаға сəйкес келеді.

Бұрын өтілген материалмен жұмыс.

Оқулықтағы 6 -тапсырма есептеу жылдамдықтарын анықтауға арналған. Есептеулердің жылдамдығына жəне дəлдігіне жарыс өткізуге болады.

Оқулық, дəптер, карточкалар

41-45

Рефлексия.

Бүгін қандай тақырыппен жұмыс істедік? Өзіміз үшін нені нақтыладық?

Бұл білімдерімізді қайда қолдануға болады?






128-сабақ. Геометриялық мазмұндағы есептерді шығару.

Тақырыбы: Саяхат туралы естеліктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандар

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.5.1.2** есептерді шығару барысында ұзындығы, ені, периметр шамалар арасындағы тəуелділікті пайдалану.

2.5.1.5** ұзындықты, енін, периметрді табуға берілген есептерді талдау жəне шығару; кері есептерді құрастыру жəне шығару.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрін жəне қабырғасын табуға берілген есептерді шығару.








Бірқатар оқушылар үшін:

Тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрін жəне қабырғасын табуға берілген есептерді шығару; кері есептерді құрастыру жəне шығару.

Кейбір оқушылар үшін:

Тіктөртбұрыштың жəне шаршынының периметрлерін табудың, белгілі периметрі бойынша шаршының қабырғасын табудың, белгілі қабырғасы жəне периметрі бойынша тіктөртбұрыштың қабырғасын табудың формулаларын қорытып шығару.

Тілдік мақсат

Оқушылар игереді:

Тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрін жəне белгісіз қабырғасын табудың ережесін түсіндіру.

Пəндік лексика жəне терминология:
Тіктөртбұрыштың жəне шаршының периметрі, көпбұрыш, есеп, кері есеп.

Диалог/жазу үшін пайдалы сөздердің жиынтығы

Талқылау:

Берілген есептердің арасында қандай байланыстар бар?

Белгілі периметрі бойынша шаршының белгісіз қабырғасын табуға бола ма?

Жазу:

Есептердің шығарылу жолдарын жазу.

Алдыңғы білімдер

Тіктөртбұрыштың жəне шаршының периметрі, есеп, кері есеп.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

0-3

Қызығушылықты ояту.

Мұғалім балалардың сабаққа деген қызығушылығы арттыру үшін əртүрлі əдіс-тəсілдерді қолдана алады.






4-6

Өзектендіру.

Жинақ полотносында (тақтада, үстелдерде) геометриялық фигуралар: шаршылар, дөңгелектер, тіктөртбұрыштар, үшбұрыштар, сопақша фигуралар орналасқан.

Балаларға кез келген белгісі бойынша фигураларды топтастыру ұсынылады. Балалар топтастырады жəне ортақ белгісін айтады.

– Периметрін есептеуге болатын фигураларды бөліп көрсетіңіздер.

Жинақ полотносы, тақта, қима фигуралар


7-11

Мақсат қою (мəселелі жағдаяттар).

Балаларға суретке қарау ұсынылады (тақтадағы сызба, сабақтың тұсаукесері, карточкалардағы суреттер жəне тіктөртбұрыш жəне дұрыс емес көпбұрыш бейнеленген т.с.с.)