Файл: Таырыбы Жергілікті жерді планы Мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 60

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.








–Қандай фигуралардың периметрін əртүрлі тəсілмен табуға болады? Неге?
Периметрді табу тəсілі күнделікті өмірде қандай жағдайларда қажет болуы мүмкін?






12-29

Өзіндік жұмыс.

Балалар жұптасып жұмыс істейді. Оқулықтағы 1- тапсырма бойынша əр жұп өздерінің құрастырған есептерін көрсетеді. Кері есептер құрастыруды ұсынуға болады.

2 -тапсырманы оқушылар соңынан тексере отырып, жеке өз бетімен орындайды.

Қиыншылықтарға түзетулер енгізу.

Мұғалім орындалған тапсырманың дұрыстығын тексереді.

  • Кімде қиыншылықтар туындады?

–Қай жерде сіздер қате жібердіңіздер? Жіберілген қателіктің себебі неде?

–Өз бетімен орындалатын жұмыста қиыншылықтарға тап болғандар, өздеріңіздің іс- əрекеттеріңіздің мақсатын тұжырымдаңыздар. (Қосымша тапсырмаларды орындау).

  • Қиыншылықтарын анықтағандардың бұдан арғы жұмыстарының мақсаты қандай? (Қателіктерін түзету).

  • Қателіктерді түзету алгоритмін пайдаланамыз.

–Əркім өзінің оқу мақсатын дауыстап айтады.

Оқулық, дəптер, карточкалар



30-40

Бұрынғы өтілген материалмен жұмыс. Оқулықтағы жəне дəптерлердегі тапсырмаларға қосымша ретінде өрнектердегі амалдардың орындалу реті бойынша тапсырмаларды ұсынуға болады.

Өзіндік жұмыс.

Оқулықтағы жəне 3 жəне 4, 5–тапсырмалар жəне дəптердегі 3-тапсырма.

Тапсырмалары бар карточкалар

41-45

Рефлексия.

Бүгін қандай тақырыппен жұмыс істедік? Өзіміз үшін нені нақтыладық?

Бұл білімдерімізді қайда қолдануға болады?





129-сабақ. Логикалық есептерді шығару


Тақырыбы: Саяхат кезіндегі басқатырғылар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Оқыту мақсаттары

2.4.2.2 сандық есептерді, құрамында əр түрлі сандары бар бас қатырғыш есептерді, ауыстырып құюға жəне өлшеуге арналған логикалық есептерді зерттеу жəне шығару

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Логикалық есептер жəне басқатырғылар жөнінде, «сиқырлы»

шаршылар жөнінде түсініктерінің болуы.

Бірқатар оқушылар үшін:

Санды есептерді, құрамында əртүрлі сандары бар басқатырғыларды шығару, «сиқырлы» шаршының қалай құрастырылғанын білу.

Кейбір оқушылар үшін:

Құрамында əртүрлі сандары бар басқатырғыларды, «сиқырлы»

шаршыларды зерттеу, шығару жəне құрастыру.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар игереді:

Басқатырғы дегеніміздің не екенін түсіндіру, «сиқырлы»

шаршылардың қалай құрастырылатынын түсіндіру.

Пəндік лексика жəне терминология:

Басқатырғылар, логикалық есептер, «сиқырлы» шаршылар.

Диалог/жазу үшін пайдалы сөздердің жиынтығы

Талқылау:

Қандай шаршыны сиқырлы деп атауға болады?

Жазу:

Сандық заңдылықтар

Алдыңғы білімдер

Тіктөртбұрыштың жəне шаршының периметрі, есеп, кері есеп.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар



0-3

Қызығушылықты ояту.

Ерте заманда санауды жəне арифметикалық амалдарды орындауды үйренгеннен кейін, адамдар сандардың қызықты да таңғажайып, өздеріне ғана тəн өмірлері бар екенін таңдана отырып анықтады. Əртүрлі сандарды қосып, оларды бірінен соң бірін орналастыра отырып немесе бірінің астына бірін орналастырып, олар кейде бірдей қосындыны алады. Ең соңында, сандарды, олардың əрқайсысы жеке торкөзде орналасатындай етіп сызықтармен бөлгенде, оның сандарының кез келгені екі қосындыға қатынаса алатынын, ал диагональ бойымен орналасқандары – тіпті үш қосындыға қатынаса алатынын жəне барлық қосындылары өзара тең болатын шаршыны көрді.

Ал сіздер сиқырлы шаршыны шығаруды үйренгілеріңіз келе ме? Бұл – математикадағы ең











көне есептердің бірі.






4-6

Өзектендіру.

Сиқырлы шаршылар көне Шығыс елінде өте ертеде пайда болған. Сақталып қалған аңыздардың бірінің сипаттауы бойынша, Шан династиясының ( біздің дəуірімізге дейінгі 2000 жыл) Ю императоры Сары өзенінің сағасы, Ло өзенінің жағасында тұрады.

Кенет арқасында екі сиқырлы белгіден тұратын суреті бар (қара жəне ақ дөңгелектер) үлкен балық (кейбір нұсқаларда үлкен тасбақа) пайда болады. Кейіннен бұл сиқырлы шаршының кескіні ретінде қабылданды.






7-11

Мақсат қою (мəселелі жағдаяттар).

– Қандай шаршыны сиқырлы деп атауға болады?

Сиқырлы деп кез келген бағанында немесе кез келген жолында орналасқан сандарының қосындысы бірдей болатын шаршыларды айтатын боламыз.

Сиқырлы шаршы – бұл торкөздерге бөлінеді (торкөздердің саны тігінен де, көлденеңінен дебірдей), онда əр торкөзге сандардың тізбекті қатары енгізілген. Сандар тігінен, көлденеңінен олардың қосындылары бірдей болатындай етіп жазылған. Сиқырлы шаршының əрбір саны бірнеше əртүрлі қосындылардың құрамында болады жəне барлық осы қосындылар өзара тең болып табылады! Бұл – математикалық көзқарас тұрғысынан қызығарлық факт жəне өте үлкен қызығушылықты тудырады.

1-тапсырмадағы «сиқырлы» шаршыларды қарастыруды ұсынады.

Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

Оқулық, дəптер



12-29

Жаңаны ашу.

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандары берілген. Олардың бір бөлігі торкөздерге орналастырылған.

Қосындысында 15 саны шығуы үшін, қалған сандарды орналастыру талабы қойылады.



Бір қатарда, диагональда немесе бағанда тұрған екі белгілі санды 15-тен азайту арқылы қажетті санды табамыз. Осылайша осы шаршыны аламыз.

Оқулық, дəптер









Осындай түсіндіруден кейін балалар оқулықтағы 1- тапсырмаға назарларын аударады. Оған берілген түсініктемемен танысып, тапсырманы орындайды. Өзінің қадамын түсіндіруге тырысады.

Дəл осы сандардан құрылған барлық басқа да сиқырлышаршыларды осыдан алуға болады екен, барлық шаршыларда дасандар бірдей ережелер бойынша орналастырылған.


Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Жаңа сиқырлы шаршыларды берілген шаршыдан, ондағы жазылған сандардың əрқайсысын бір санға (мысалы, 6-ға) немесе бірдей мөлшерде бірнеше есеге (мысалы, 2 есеге) арттырып немесе кемітіп, алуға болатынын тексер.

Жұптаса жұмыс істеу.

Осы тəсілді пайдалана отырып, өздеріңіздің сиқырлы шаршыларыңызды құрастырыңыздар жəне оларды шешіңіздер.



Өзіндік жұмыс.

Дəптердегі №2 тапсырманы орындау. Балалар есептеуді орындайды, торкөздерге нəтижесін жазады, бұрышындағы ұяшықтағы сандар сəйкес келуі қажет. Бұл өзін-өзі тексеру болып табылады.

Топтық жұмыс.

Оқушылар оқулықтағы №3 тапсырманы топтық жұмыс ретінде орындайды, олар бірінші жолда бірдей үш қосылғыштың жасырылғанын түсінуі











қажет (10+10+10=30).

Екінші жолдағы сандарды табу үшін 18 санынан бізге белгілі болған 10 санын азайту қажет, екі қалған сан – 4.

(10+4+4=18) .

Үшінші жол: 4-2=2

Төртінші жол: 10+4+2=16

Топтағы өздеріңіздің жұмыстарыңызды мақал- мəтелмен немесе ұшқыр сөзбен бағалаңыздар.






30-40

Жаңаны қолдану.

Дəптердегі 1 -тапсырма.

Бағалау критерийі:

Сиқырлы шаршы деген не екенін білемін. Сиқырлы шаршының қалай құрастырылатынын түсіндіріп бере аламын.

Сиқырлы шаршыны құрастыра аламын.

Бұрынғы өткен материалмен жұмыс.

Дəптердегі № 2 тапсырма есептеу дағдыларын қалыптастыруға арналған, сондай-ақ шаршы түрінде рəсімделген.

Балаларбірін- бірі тексере отырып, жұпта жұмыс істей алады.

Оқулықтағы 4-логикалық тапсырма. 1-суретте екінші текшенің жазбасы бейнеленген.

Оқулық, дəптер

41-45

Рефлексия.

Бүгінгі сабақта сіздер «сиқырлы» шаршының қандай жұмбағын аштыңыздар? Бұнда сіздерге не көмектесті?

Алған білімдеріңіздің қайда қажетке асуы мүмкін? Ең қызығы қайсысы болды? Ең қиыны не болды? Келесі сабақта біз осы тақырыппен жұмысты жалғастыратын боламыз, сіздер тағы не жөнінде білгілеріңіз келер еді?

Өзіңіздің сиқырлы шаршыңызды құрастырып жəне оны достарыңызға шығаруға беріп көріңіз.





130-сабақ. Логикалық есептер шығару.

Тақырыбы: Өзенге саяхат

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандар

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.4.2.2 сандық есептерді, əртүрлі сандардан тұратын басқатырғыштарды, ауыстырып құюға жəне өлшеуге берілген логикалық есептерді зерттеу жəне шығару.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Ауыстырып құюға арналған есептер деген не екенін білу.

Бірқатар оқушылар үшін:








Ауыстырып құюға жəне өлшеуге арналған логикалық есептерді шығару.

Кейбір оқушылар үшін:

Есептердің шығарылу ретін тізбектей түсіндіру.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар игереді:басқатырғының не екенін, «сиқырлы шаршылар» қалай құрастырылғанын.

Пəндік лексика жəне терминология:

Сандық есептер, құрамында əртүрлі сан бар басқатырғылар, ауыстырып құюға жəне өлшеуге арналған логикалық есептер.

Диалог/жазу үшін пайдалы сөздердің жиынтығы

Талқылау:

Литрдің ізделінді мөлшерін қалай табуға болады?

Жазу:

Есептердің шығарылу жолдарын жазу.

Алдыңғы білімдер

Логикалық есеп.

Жоспар

Жоспарла н-ған

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар



0-3

Қызығушылықты ояту.

Мұғалім математиканың адам өміріндегі маңызы жөнінде əңгімелеседі. Математикалық жəне тұрмыстық есептерді шығару үшін логиканы, қызықты есептерді қолдана білу жөнінде əңгіме-дүкен құрады.






4-6

Өзектендіру.

Есептерді шығарыңыздар:

  • Достары Алинаға туған күніне бұған дейін ода қанша қуыршақ болса, соншасын сыйлады. Енді Алинада 12 қуыршақ бар. Оған достары қанша қуыршақ сыйлады?

  • Бүгін – Санжардың туған күні. Ол өзінің 6 жасқа толған əпкесінен кіші.Санжардың жасы нешеде болуы мүмкін? Мына есептердің біз сабақтарда шығарған есептерден айырмашылықтары бар ма? (Бұл – тапқырлыққа берілгенесептер).






7-11

Мақсат қою.

5 литрлік шелектің жəне 3 литрлік банканың көмегімен кастрөлге 4 литр суды қалай құюға болады?

  • Бізге қандай 2 өлшем берілген?

  • Кастрөлдегі судың мөлшері қандай? Не істеу қажет?

Балалардың жауаптары).

Есептің шығарылу нұсқаларын ұсыныңыздар. (Балалардың жауаптары).

Ауыстырып құюға арналған есептерді шығаруды, ең дұрысы кесте түрінде көрсеткен ыңғайлы.






12-29

Жаңаны ашу.

Мұғалім дəптердегі 1- тапсырманы топтық немесе жұптық практикалық жұмыс түрінде ұйымдастырады.

Суды литрдің мөлшеріне қарай фишкалармен (түймелермен,

моншақтармен) алмастыруға болады.











Бірінші қадам: шелекке 5 литр су құйып алу. Екінші қадам: 3 литрін банкаға құю.

Үшінші қадам: шелекте қалған 2 литрін темір ыдысқа құю. Төртінші қадам: шелекке 5 литр су құйып алу.

Бесінші қадам: 3 литрін банкаға құю.

Алтыншы қадам: шелекте қалған 2 литрін темір ыдысқа құю.

Балалар фишкалардың орындарын ауыстырып қояды, деректерді дəптердегі кестеге жазады, бағалау критерийі бойынша тексереді.

Бағалау критерийі

Ауыстырып құюға арналған есептер деген не екенін білемін. Есептердің шығарылу ретін тізбектей түсіндіре аламын.

Литрдің қажетті мөлшерін жинап алып, есепті шығара аламын.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқулықтағы 2- тапсырманы орындауды ұсынады.

Оқулықтағы 3-тапсырма.










1-қадам

2-қадам

3-қадам

4-қадам

5-қадам

6-қадам

7-қадам

8-қадам








0





0







7 л

0















6 л




























1-қадам

2-қадам

3-қадам

4-қадам

5-қадам

6-қадам

3 л

0

3

0

0

3

0

5 л

5

2

0

5

2

0

Темір ыдыс

0

0

2

2

2

4