Файл: Білім жне ылым министріні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 871

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ескерту:

*Базалық және кәсіптік модульдер алдыңғы білім беру деңгейінде меңгерген оқыту нәтижелерін қайта есепке алып зерделейді
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2021 жылғы «_____»_________

№ ____ бұйрығына

184- қосымша
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2017 жылғы 31 қазандағы

№ 553 бұйрығына

618-қосымша
Орта білімнен кейінгі білім берудің

«10410600 - Cу көлігін пайдалану (бейін бойынша)» мамандығы бойынша

үлгілік оқу бағдарламасы


Базалық және кәсіби құзыреттер

Базалық және кәсіптік модульдер

Оқыту нәтижелері

Базалық модульдер

БҚ 1. Дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру

БМ 1. Дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру

ОН 1.1. Денсаулықты нығайту және салауатты өмір салты қағидаттарын сақтау.

ОН 1.2. Дене қасиеттері мен психофизиологиялық қабілеттерді жетілдіру.

БҚ 2. Кәсіптік қызметте ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану

БМ 2. Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану

ОН 2.1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлерін қолдану.

ОН 2.2. Ақпараттық-анықтамалық және интерактивті веб-порталдардың қызметтерін пайдалану.

БҚ 3. Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану

БМ 3. Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану

ОН 3.1. Төзімді және белсенді жеке ұстанымды қалыптастыратын моральдық-адамгершілік құндылықтар мен нормаларды түсіну.

ОН 3.2. Қазақстан қоғамының іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық нормаларын қолдану.

ОН 3.3. Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану туралы негізгі білімді ескере отырып, тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынастың әртүрлі салаларындағы жағдайларға баға беру.

ОН 3.4. Философия негіздерін білумен қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған болмысты бағалау.

ОН 3.5. Қазақстанның қазіргі тарихи оқиғаларының себептері мен салдарын талдау үшін тарихи сипаттаудың әдістері мен тәсілдерін пайдалану.

БҚ 4. Кәсіби қызметте қазіргі заманғы экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің негізгі заңдылықтары мен механизмдерін қолдану

БМ 4. Кәсіби қызметте қазіргі заманғы экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің негізгі заңдылықтары мен механизмдерін қолдану

ОН 4.1. Экономикалық теория саласындағы негізгі мәселелерді меңгеру.

ОН 4.2. Кәсіпорында болып жатқан экономикалық процестерді талдау және бағалау.

ОН 4.3. Әлемдік экономиканың даму үрдістерін, мемлекеттің «жасыл» экономикаға көшуінің негізгі міндеттерін түсіну.

ОН 4.4. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүргізудің ғылыми және заңнамалық негіздерін меңгеру.

ОН 4.5. Бизнестің қазіргі жағдайын көрсететін проблемаларды, тәсілдер мен тенденцияларды бағалау.

Кәсіптік модульдер

«5AB10410601– Cу көлігін пайдалану қолданбалы бакалавры» біліктілігі

КҚ 1. Кемені ұстап тұру, кемені арқандап байлауды, кеме құрылғылары мен механизмдерін техникалық пайдалануды орындау

КМ 1. Кемені берілген бағытта ұстап тұру жәнекеме құрылғылары мен механизмдерін техникалық пайдалану бойынша операцияларды орындау

ОН 1.1. Кемені берілген бағытта ұстау.

ОН 1.2. Кеменің навигациялық техникалық құралдарын пайдалану.

ОН 1.3. Кеменің палубалық механизмдерін мақсаты бойынша пайдалану.

КҚ 2. Кеменің төзімділігі үшін күрес, кемені күзету жөніндегі іс-шараларды кемелердің құрылысын білуді ескере отырып орындау

КМ 2. Кеменің төзімділігі үшін күрес, кемені күзету жөніндегі іс-шараларды кемелердің құрылысын білуді ескере отырып орындау

ОН 2.1. Теңіз флоты мен ішкі жүзу кемелерінің негізгі түрлерін ажырату.

ОН 2.2. Кеме корпустарының сызбаларын оқу.

ОН 2.3. Кемелердің жалпы құрылысы, олардың теңізде жүзу және пайдалану қасиеттері бойынша білімді меңгеру.

ОН 2.4. Кеменің төзімділігі үшін күрестің барлық құралдары мен тәсілдерін пайдалану.

ОН 2.5. Кеме бортында алғашқы көмекті көрсету.

ОН 2.6. Кемелердің қару-жарағы мен жабдықтарының құрамын тексеру.

КҚ 3. Навигациялық жабдықты күтіп ұстау және қызмет көрсету жөніндегі талаптарды орындау

КМ 3. Навигациялық жабдықты күтіп ұстау және қызмет көрсету жөніндегі талаптарды орындау

ОН 3.1 Навигациялық жабдықтарды қоюға және алуға қатысу.

ОН 3.2. Навигациялық жабдықтарды ұстауға және қызмет көрсетуге қатысу.

ОН 3.3. Өзендердің, көлдердің, су қоймаларының негізгі элементтерін және ішкі кеме қатынасы жолдарындағы ағыстардың түрлерін анықтау.

ОН 3.4. Кемелерде қызметті ұйымдастырудың негізгі ережелерін, Қазақстан Республикасы Ішкі су жолдарында жүзу ережелері мен қауіпсіздігін білу.

ОН 3.5. Кеменің рөлдік органдарының жұмыс принципі бойынша білімді меңгеру.

КҚ 4. Кеменің энергетикалық қондырғыларын, кеменің жүйелері мен механизмдерін қосалқы деңгейде пайдалануды және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету

КМ 4. Кеменің энергетикалық қондырғыларын, кеменің жүйелері мен механизмдерін қосалқы деңгейде пайдалануды және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету

ОН 4.1. Кеменің энергетикалық қондырғыларын пайдалану және оларға қызмет көрсету жөніндегі міндеттерді орындау.

ОН 4.2. Кеме жүйелері мен механизмдерін қосалқы деңгейде пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі міндеттерді орындау.

ОН 4.3. Кемеде қызмет көрсету және жөндеу жүргізу.

КҚ 5. Вахтаны қайта тапсыру, жүргізілген операцияларға бақылау жүргізу, вахта бастығына есеп беру

КМ 5. Вахтаны қайта тапсыру, жүргізілген операцияларға бақылау жүргізу, вахта бастығына есеп беру

ОН 5.1. Рөлге және барлық қолданылатын құрылғылар мен механизмдерге визуалды тексеру жүргізу.

ОН 5.2. Кеменің барлық пайдаланылатын құрылғылары мен механизмдерін бақылауды жүзеге асыру.

ОН 5.3 Вахта бастығына орындалған жұмыс туралы баяндау.

КҚ 6. Кемені басқару, маневр жасау, кемелердің қауіпсіз жүзуін және тұрағын қамтамасыз ету, кеме жұмыстарын ұйымдастыру және орындау

КМ 6. Кемені басқару және кеме жұмыстарын орындау

ОН 6.1. Рейсті ұйымдастыру және жоспарлау бойынша рәсімдерді орындау.

ОН 6.2. Қозғалыс кезінде және маневрлерді орындау кезінде кемені басқару.

ОН 6.3. Кемені жүріс режимінде басқару.

ОН 6.4. Кеменің навигациялық аспаптары мен құралдарын пайдалану.

КҚ 7. Кеменің энергетикалық қондырғыларын, кеменің жүйелері мен механизмдерін қосалқы деңгейде пайдалануды және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету

КМ 7. Кеменің энергетикалық қондырғыларын, кеменің жүйелері мен механизмдерін қосалқы деңгейде пайдалануды және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету

ОН 7.1. Кеменің энергетикалық қондырғыларын пайдалану және оларға қызмет көрсету жөніндегі міндеттерді орындау.

ОН 7.2. Кеме жүйелері мен механизмдерін қосалқы деңгейде пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі міндеттерді орындау.

ОН 7.3. Кемеде қызмет көрсету және жөндеу жүргізу.

КҚ 8. Кеме операцияларын басқаруды орындау

КМ 8. Кеме операцияларын басқару

ОН 8.1. Төзімділік үшін күрес құралдарының қауіпсіздігін, сенімділігі мен жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету.

ОН 8.2. Кеме қауіпсіздігін басқару жүйесін қолдану.

ОН 8.3. Көлік оқиғалары және авариялық жағдайлар кезінде міндеттерді орындау.

ОН 8.4. Авариялық жағдайларда кемені қалдыру кезінде міндеттерді орындау, ұжымдық және жеке құтқару құралдарын пайдалану.

ОН 8.5. Қоршаған ортаның ластануының алдын алу және оны болдырмау жөніндегі міндеттерді орындау.

КҚ 9. Басқару деңгейінде жүктерді орналастыру, жүктерді тиеу мен түсіру

КМ 9. Басқару деңгейінде жүктерді орналастыру, жүктерді тиеу мен түсіруді орындау

ОН 9.1. Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыруды жүзеге асыру.

ОН 9.2. Жүктерді тасымалдау, тиеу және түсіру ережелерінің талаптарын орындау.

ОН 9.3. Кеменің көлік операцияларын орындауға жалпы дайындығын тексеруді орындау.

ОН 9.4. Кеме машиналарының, құрылғылары мен механизмдерінің жарамдылығын тексеруді, баптауды және реттеуді орындау.

КҚ 10. Кеменің белгіленген техникалық құжаттамасын жүргізу және ресімдеу

КМ 10. Кеменің белгіленген техникалық құжаттамасын жүргізу және ресімдеу

ОН 10.1. Өзінің меңгеріміндегі аспаптарды, құралдарды және керек-жарақтарды ұстау жөніндегі техникалық құжаттаманы уақтылы алуды, сақтауды, есепке алуды және жүргізуді қамтамасыз ету.

ОН 10.2. Кеме құжаттарын ресімдеу.

КҚ 11. Жалпы кеме қызметін атқаруды ұйымдастыруды қоса алғанда кемені басқаруды орындау

КМ 11. Басқару деңгейінде кеме жүргізу және жалпы кеме қызметін атқаруды ұйымдастыру

ОН 11.1. Рейсті ұйымдастыру мен жоспарлауды орындау.

ОН 11.2. Әр түрлі жағдайларда кеменің орналасқан жерін анықтау.

КҚ 12. Жолаушылар мен жүктердің орналасуын басқару, үйлестіру және бақылау

КМ 12. Жолаушылар мен жүктердің орналасуын басқару, үйлестіру және бақылау

ОН 12.1. Жолаушылар тасымалын ұйымдастыруды орындау.

ОН 12.2. Жүк тасымалдауды ұйымдастыруды орындау.

КҚ 13. Кеме операцияларын басқару

КМ 13. Кеме операцияларын басқару

ОН 13.1. Жолаушылар мен жүкті тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

ОН 13.2. Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын қадағалау және бақылау, сондай-ақ су көлігі және су ресурстары саласындағы халықаралық құқық нормаларын орындау.

ОН 13.3. Авариялық және басқа да төтенше жағдайларда әрекет ету жоспарларын әзірлеу.