ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 205
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
М= 1000 дана/ауысым; T= 28,8 сек; tp= 24,4 / 30,2 сек
М= 1150 дана/ауысым; T= 25,2 сек; tp= 23,9/ 26,5ceк
М=1300 дана/ауысым; T= 22,1сек; tp= 20,9/ 23,2 сек
Графикті зерттей келе, көптеген технологиялық операция бірізділігі саны 23,9/26,5 интервал аралығындағы қуатқа сәйкес келеді, яғни 1150 дана/ауыс. Нәтижесінде осы ағындағы қуат қолайлы деп есептеледі. Графикалық әдісте алдын ала қолайлы қуатты тек қана монтаж секциясына алуға болады. Дайындау және әрлеу секцияларында технологиялық операция бірізділігіндегі уақыты такті деңгейінен көбінесе аз, сондықтан алынған нәтижеден қолайлы қуатты анықтап шығару қиындыққа әкеледі.
Кесте әдісінде 1- кесте қолайлы қуатты анықтау технологиялық операция бірізділігіндегі жобаланатын киім түріне кесте құралады, операция бірізділігіндегі саны, әртүрлі интервал уақыты аралығында көрсетіледі. Технологиялық операция бірізділігіндегі саны көп сәйкес келетін интервал таңдалады. Таңдалған интервалдағы такті және ағын қуаты анықталады.
Кесте 1- Ағынның қолайлы қуатын кесте әдісінде талдау
Ағын қуаты дана/ ауысым | Ағын такті, сек | Негізгі келісімшарты, сек | Ұйымдасқан операцияға орындауға жұмсалатын уақыт, сек | Ұйымдасқан операцияның өңдеу уақытының жиынтығы, сек. | Операцияның мамандануының мөлшерлік деңгейі, % |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
220 | 131 | 118÷150,6 | T 0.0 | Σ t 0.0 | Σto| Tбұй ·100% |
Шыққан нәтижелерін салыстыра отырып, графикалық және кесте әдісінде, сонымен қатар, компоковка әдістерінің қолданылуының өз салалары бар. Графикалық және кесте әдістерінде алдын ала қуатын деңгейлі шекарасын анықтауға қолданса, компоковка әдісін берілген бұйым түрі мен модель тобы үшін қолайлы қуатты анықтауға болады.
Ағынның қолайлы қуатын ұсыну салыстырмалы түрде ғана бағытталады. Сондықтан келешекте ағынның қолайлы қуатын әрбір бұйым түріне нақты алу үшін жұмыс жүргізу қажет, яғни ағынның қолайлы қуатын жоғарғы дәлдікпен анықтайтын тиімді әдісін талдау қажет. Бұл қиындықты шешуге математикалық әдіспен электронды есептеу машинасын қолдану үлкен жетістіктер береді.
Технологиялық үдерісті жобалаумен ТЭК есептеуге берілген, бұйымды дайындау біріздігілі бойынша әрбір бөлінбейтін операция бойынша өңдеу уақыты, жұмыс разряды және қолданылған құрал-жабдығы жайында ақпарат түседі. Тігін бұйымдарын дайындауда технологиялық схеманың қолайлығын анықтайтын бағдарлама, “Минск – 22”, “Минск – 32” электрондық есептеуші техникалар әмбебап болып есептеледі, бұйымның әртүлі түрін дайындауда маманданған ағынның әркелкі ұйымдасқан формасын жобалауға мүмкіндік береді.
Технологиялық схеманың (ТС) қолайлығын есептеуге математикалық формуланы құру үшін, өндірістегі ұйымдасқан операцияны комплекттеуге негізгі талаптарын ұсынды, қолайлылықтың сапалық кепілділігіне – жұмыс уақытының шығынын азайту, яғни ағын тактісі немесе уақыт мөлшерінің сәйкессіздігінен туындайды. Өндірісті мамандандыру шартындағы уақыт шығынын азайту ағын бойынша жұмысшы санын азайтуға әкеледі, бұл негізгі қаржы құнымен ағындағы эксплуатациялық шығындарды өзгертуге әкеледі, яғни оған байланысты барлық шығындарды азайтады.
Ағын қуаты көбейгенде өндірістің технологиялық схемасының сапасы, электрондық есептеуші техникаларды жобалау арқылы жақсарады. ТС электрондық есептеу машинасында есептеу ұзақтығы әртүрлі (бірнеше минуттан екі сағатқа дейін). Математикалық әдіс пен электрондық есептеуші техникаларын қолдану технолог функциясын түбегейлі өзгертеді, жобаланатын үдерістің дайын технологиялық схемасы мен ТЭК қолдануға және салыстыруға мүмкіндік болады. Тиімді өңдеу әдістерін жетілдіруге көп мөлшердегі уақыт пен көңіл бөледі, ағынның жұмыстарын жақсарту бағытындағы жұмыстарды қамтамасыз етеді.
! Түйінді сөздер: қолайлы қуат, компоновка әдісі, кесте әдісі, графикалық әдіс, математикалық әдіс.
? Бақылау сұрақтары
1. Ағынның қолайлы қуатын анықтау әдістерін атап айтыңыз?
2. Компоковка әдісінің ерекшелігін атап айтыңыз?
3. Графикалық әдісте ағынның қолайлы қуатын қалай анықтайды?
4. Ағынның қолайлы қуатын кесте әдісінде талдауды атап айтыңыз?
5. Ағынның қолайлы қуатын математикалық әдісте анықтауды атап айтыңыз?