Файл: Дріс кешені tk totd 4305.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 201

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Жеңіл өнеркәсіп және Дизайн» факультеті

«Бұйым және тауар технологиясы мен конструкциясы» кафедрасы

ДӘРІС КЕШЕНІ
TK TOTD 4305 «Тігін өндірісінің технологиялық дайындығы»

пәні бойынша


5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және

құрастырылуы» мамандығына арналған

Алматы, 2020
Дәріс 1. Кіріспе. Тігін өндірісінде кәсіпорынды жоблаудың негізгі этаптары

Мақсаты: Тігін өндірісінде кәсіпорынды жобалаудың негізгі этаптарын талдау

Сұрақтар тізімі:

1.Тігін өндірісінде кәсіпорынды жобалау

2. Құрылыс аймағын таңдау

3. Кәсіпорынды жобалау және алдын-ала есебі

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Мокеева Н.С., Жилисбаева Р. О. Проектирование швейных предприятий - Алматы: LEM, 2019. - 304 с.

  2. Кучарбаева К.Ж. Тігін кәсіпорындарын жобалау негіздері. ҚР Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы - 2015. - Алматы -188 б.

  3. Воронкова, Т.Ю. Проектирование швейных предприятий. Технологические процессы пошива одежды на предприятиях сервиса. - M. : ФОРУМ:ИНФРА-М, 2019. - 128 с.



Тігін өндірісін ұйымдастыру – өндірістің үйлесімді дамуын, жаңа өнімнің тез енгізіліп, игерілуін, еңбек ресурстары мен материалдық ресурстардың, қолданыстағы техниканың неғұрлым толық пайдаланылуын және өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Қазіргі кезеңде, кәсіпорынды ұйымдастырудың әртүрлі формаларында, өндіріс нышандарын заманауи технологиялық үдерістермен оңтайлы ұштастыруға, бұйымды дайындаудағы уақыт пен шикізат шығынын азайту әдістеріне негізделеді. Тігін кәсіпорындарын ұйымдастыру үйлесімділік, ырғақтылық және өндірістің үздіксіздік қағидаларын дәйектейді.

Тігін кәсіпорындарында жаңа құрылыс жүргізу немесе қайта жөндеуден өткізу, тігін өнеркәсібін дамытудың жоспарлық бағытына негізделеді. Оларды:

  • жаңа құрылыс;

  • жұмыс істейтін өндірісті кеңейту;

  • кәсіпорынды қайта жөндеуден өткізу;

  • кәсіпорынды техникалық модернизациялау түрлеріне бөлуге болады.

Жаңа құрылыс – қосымша жаңа өніммен қамтамасыз ететін өндірістің жаңа қуатын құру. Кәсіпорынның жаңа құрылысы өндіріс күштерінің географиялық таралымын жақсартатын негізгі фактор болып, еліміздің аудандарындағы жаңа, бай табиғи қорларды игеруге және еңбек қорларын толық пайдалану үшін жағдай жасайды, әсіресе саны аз және орташа тұрғынды қалаларда жобаланады. Бірақ кәсіпорындардың жаңа құрылысы оны аяқтағанша ұзақ мерзімді, мөлшерлі капитал шығыны мен үлкен еңбек қор түсімін талап етеді.


Жұмыс істейтін өндірісті кеңейту жаңа құрылысқа өте ұқсас, мұнда кәсіпорынның өндірістік қуатынжоғарылатуына байланысты жаңа нысанды қолданысқа береді.

Кәсіпорынды жөндеуден өткізу (реконструкция) – бұл үдеріс кәсіпорында техникалық қайта жабдықтауды,озық техникамен тиімді технологияға өзгерту, өндірістің тиімділігін жоғарылату, ескірген және тозған негізгі фонд элементтерін алмастыру,тігін цехында құрылыстық жөндеу жұмысын жүргізу арқылы іске асырылады. Кәсіпорынды қайта жөндеуден өткізуде (реконструкция) ескірген жабдық пен технологиялық үдерістерді алмастыру арқылы, яғни жаңа технологиялық үдерістерді өндіріс ауданын кеңейтпей шешу ерекшелігі тігін кәсіпорындарында кеңінен қолданылады.

Өндірісте фондтық техникалық жабдықтарды жақсарту мақсатында кәсіпорынды техникалық модернизациялаудан өткізіп отырады, яғни озық техника мен технологиялар енгізіледі. Бұл үдеріс өндіріс шығынын азайтуды мүмкін етеді.

Тігін кәсіпорындарын қайта жөндеуден өткізудің мақсаты, өндірісте өнім көлемін көбейту, өнімнің сапасын жоғарылату, өндірістегі шығынды азайту, ескі сән бағытындағы бұйым түрлерінің орнына жаңа үлгідегі бұйымдарды өндіру. Оның негізгі бағыттарына: ескі құрал-жабдықты жаңа жабдыққа алмастыру, алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру, жаңа өндіріс пен цехтарды қайта жоспарлау кіреді. Нәтижесінде технологиялық үдерістерде шығарылатын бұйым саны көбейеді, еңбек өнімділігі артады және кәсіпорынды тиімді ұйымдастыру мәселелері шешіледі.

Жаңа құрылыс немесе кәсіпорынды қайта жөндеуден өткізудің тиімділігін негіздеу келесі негізгі тәртіптерден құралады.

1. Тігін өндірісінің рөлі.

2. Соңғы жылдардағы тігін өндірісінің даму нәтижелері, яғни шығарылатын өнім көлеміндегі динамикасы көрсетіледі және негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіш деңгейлері беріледі.

3. Тігін өндірісінің алдына қойылған тапсырмалары, жоғарғы сұранымдағы сапалы тауарды шығаруды көбейту және жетілдіру мәселелері дәйектеледі.

4. Экономикалық аудандарда тігін бұйымдарына тұтынушылар қажеттілігі есептелінеді және өндіріс балансы талданады.

5. Кәсіпорындардың құрылыс орнын таңдау мен негізделуі, яғни көлік торабында кәсіпорынның орналасуы және кооперация байланыстарын қолданылу есебімен жайластырудың барлық варианттары негізделеді.

6. Жаңа және қайта жөндеу нысандарында өндіріс көлемін жоғарылату үшін және тігінбұйымдарына тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруда технологиялық үдерістің тиімді қуаты негізделеді.



7. Еңбек ресурстары, қажетті шикізаттар, материалдар, коммуникациялық инфрақұрылым, атап айтқанда, энергия, жылу, су, телефон байланысы және т.с.с. кәсіпорнына қажеттіліктер толық есептеп анықталады.

8. Құрылыс базасының толық мағлұматы, құрылыстың экономикалық тиімділігі және толық түрде бағасы анықталады.

Тігін кәсіпорнының жаңа құрылысы немесе кәсіпорынды қайта жөндеуден өткізу және жетілдіру, саланы дамытудың бағдарламасына сәйкес орындалады. Кәсіпорын құрылысына экономикалық аймақты таңдау, еліміздегі өндіруші мекемелердіңорналасқан жері және тораптық байланыс қағидаларына негізделеді. Бұл қағидаларда кәсіпорынға шикізат пен жылу, энергия ресурстарының жақындығы және шығарылатын өнімге аймақтық тұтынушылардың жақын немесе алыстығы есепке алынады.

Кәсіпорынды жоспарлауда негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері есепке алынады, оған келесі факторлар кіреді:

  • дайын бұйымның қолданылуы мен тұтынушыларға қажеттілігі;

  • тұрғындардың географиялық ерекшелігі;

  • техникалық жетістіктер және қоғамдық еңбекті ұйымдастыру формалары;

  • көлік торабы, шикізат және басқа әсер ететін факторлар.

Қазіргі кезеңде тігін кәсіпорындарын жетілдіру ұлттық және аймақтық рынокты дамыту шарттарын тездетеді, бәсекелестік және рынок құрылымын түрлендіреді. Тігін кәсіпорындары екі жолмен дамиды: өздігінен дамуы және интеграциялық дамуы. Өздігінен даму жүйесі салалық және аймақтық рыноктың сараланым қызметін қалыптастырады, ал интеграциялық дамуда заманауи фирмалар мен корпорациялар интеграциялық үдерістегі кәсіпкерліктің форма желісін қабылдайды, бірлескен формада әр алуан ресурстарды тарату және қолдану ерекшелігімен бөлінеді. Тігін кәсіпорнының әртүрлі саладағы қызметінің дамуы ішкі және сыртқы ортаға байланысты, оларды келесі жетекші тенденцияларға бөлуге болады:

- дифференциалдық сұраным негізінде тұтынушылық тәртіпте даму;

- ақпараттық және коммуникациялық үдеріс қарқынындағы технологияны кеңінен қолдану;

- әлемдік бәсекелестік рынокқа сай өнімдерді өндіру.

Бірыңғай өндірісті концентрациялау өндіріс масштабындағы шығындарды тиімділік есебімен азайтуға мүмкіндік береді. Тігін кәсіпорнының мамандануымен тікелей байланысты және шикізат, материал, комплекттейтін заттарды жеткізушімен, қызмет көрсетушімен экономикалық өзара тұрақты байланысты орнатуды талап етеді. Мемлекеттік деңгейде интеграциялық үдерістерге жәрдем көрсету, кооперациялық өзара қарым-қатынасының нормативті құқықтық формасын қамтамасыз етеді.


Өндірістің жоғары концентрациялануы экономикада шешуші рөл атқарады, бұл жолды таңдаған тігін кәсіпорындары өндіріс тиімділіктерін жоғарылатады, бірақ тұтынушылық талаптан артта қалады және экономикалық шығынға ұшырайды. Бұл қиындықтың шешімі жалпы кәсіпорында тұтынушылық сұранымдағы өнім өндіруге бағыттау қажет. Өндірісте дифференциалдық сұраным негізінде тұтынушылық тәртіп формасын ұйымдастыруды дамыту, бірыңғай өнім шығару гиганттығынан сақтайды.

Екінші жетекші тенденция алдыңғы ғасырдың 80 жылдары батыс елдерде сыртқы ортаны ұйымдастыру, әлеуметтік техникалық революция әсерінен маңызды өзгерістерге ұшырады. Оның мәні ақпараттық-техникалық революция, яғни қоғамның ақпараттық өркениетті типте даму тепе-теңдігінің қалыптасуы. Өндірістерді дамытуда инновациялық технологияның қолданысқа енуі сыртқы ортаны ұйымдастыруда пайда болған өзгерістердің негізгі сипаттамасы. Тігін кәсіпорнының технологиялық үдерістерін дамытудың маңызды ерекшелігіне, биотехнологиялық және жаңа материалдармен байланысты инновациялық технологиялардың қолданылуы. Инновациялық технологияның әр алуандығы, бұйымдарды дайындауда жаңа мүмкіндіктерге жеткізеді. Бір жағынан, инновациялық технологияны дайындау құнының қымбатылығынан ірі тігін кәсіпорнының өзінде жүзеге асыру мүмкіндіктері бола бермейді. Инновациялық технологияның ерекшелігі, жаңа талапқа сәйкес өнімдерді өндіру және нарықтық рынок өткізілімінде, яғни әлемдік бәсекелестіктегі рынокты жаулап алу.

Үшінші жетекші тенденция, әлемдік масштабтағы бәсекелестік шиленіс үдерісі кіреді. Қазіргі кезеңде, жергілікті және интернационалдық рынокта жұмыс істейтін тігін кәсіпорнының санының өсуі, рыноктың саралануы және азық-түлік стратегиялық рыноктық комбинациясы, маркетингтік зерттеу рөлінің өскенін көрсетеді. Әлемдік бәсекелестік – сайыс табысының шешуші факторы, яғни тұтынушылар сұранымын жете зерттеу арқылы әртүрлі кәсіпорындарда тігін бұйымдарын дайындау үдерісіндегі уақытты қысқартады. Сыртқы ортаның даму тенденциясын жете зерттеу бағытында, ақпараттық технология негізінде тігін бұйымдарына тұтынушылар сұранымын және әлемдік бәсекелестікті саралайды. Нәтижесінде, қажетті жаңа технологияны өңдеу әдістерін талдайды және инновациялық технологияны тігін кәсіпорындарында ұйымдастыру тәсілдерін таңдап ұсынады.

Тігін кәсіпорындарында шығарылатын өнім түржинағы мен тауарлары сән өнері бағытына негізделеді және ғылыми-техникалық бағдарлама негізінде шығарылған жаңа материалдар түрлері үдерісте кеңінен қолданылады. Осыған байланысты, іргелі зертеулерді, тәжірибелік-конструкторлық әдістерді және инновациялық технологияны тиімді пайдалану мен бұйымды дайындауда енгізу үшін тігін кәсіпорнының құрылымында инженерлік ақпараттық-техникалық бөлімі жобаланады. Нәтижесінде, технологиялық үдерісте қолданылатын әр алуан құрал-жабдықтарды меңгеру және жаңа материалдардың өңдеу технологиясының өзгешелігін де халық тұтынатын өнімдер тігін кәсіпорнында дайындалады.


Әлемдік бәсекелестік талаптарындағы өнімдер дайындауда және құрылыс аймағын қолайлы орналастыру қағидасына қарай, тігін кәсіпорындарын жобалауда келесі мәліметтердің көрсеткіштері негізделеді:

  • жобаланатын кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштері салыстырылады, яғни бұйымды дайындауда және өндірісті дамытудағы тиімді варианттарын есептеуге электрондық есептеуші техникаларды кеңінен қолданылады;

  • аймақтың экономикалық-географиялық сипаттамасына қысқа түрде мәлімдеме беріледі, кәсіпорынның көрсеткіштеріне және өнім түріне тұтынушы қажеттіліктері талданады, яғни өндіріс көлемін келешекте көбейту мүмкіндігі мен негізгі қорлары қарастырылады;

  • еңбек ресурстарына және негізгі материалдарға қажеттілік анықталады, бұл қажеттілікті қамтамасыз ететін мекенжайлар мен аймақтар толық көрсетіледі, аралас салалық өндірістің даму қажеттіктерін қалыптастырады;

  • тігін кәсіпорнының құрылысында, аймақтық тұрғындардың ерекшелігі талданады және өндірістік, энергетикалық, құрылыстық базалары сипатталады.

Нәтижесінде, тігін кәсіпорнын жобалауда, яғни құрылыс орнын оңтайлы таңдау және оның бағасы мен орындалу мерзіміне, келесі факторлар әсер етеді:

  • еңбек ресурстары;

  • жылу және энергия ресурстары;

  • көлік байланыс торабы (транспорт);

  • су құбыры мен канализация;

  • құрылыс материалдары;

  • өндіріс топографиясы.

Тігін кәсіпорындарын жобалаудың тиімді варианты,техникалық-экономикалық көрсеткіштің жоғарғы деңгейімен дәйектеледі, яғни әртүрлі құрылысаймағының варианттарын таңдау және есептелінген тиімділігінсалыстыру электрондық есептеуші техникалар көмегімен жүргізіледі. Жаңа тігін кәсіпорнын оңтайлы жайластырудың негізгі көрсеткіші бір өнім дайындаудағы көрсетілген ең аз шығынымен дәйектеледі. Бұл шығын өлшемі бұйымның өзіндік құнымен анықталады, мұнда құрылыс мерзімінің ұзақтығы және кәсіпорынның қуатын меңгеру уақытындағы факторлары есептелінеді.
! Түйінді сөздер: кәсіпорын, жаңа құрылыс, бәсекелестік, техникалық модернизациялау, көлік торабы, инновациялық технология.
? Бақылау сұрақтары

1. Тігін кәсіпорнын жобалау қандай сатылардан тұрады?

2. Тігін өндірісіндегі кәсіпорнын жоспарлаудың негізгі факторлары?

3. Тігін кәсіпорнының құрылыс орнын оңтайлы таңдауды атап айтыңыз ?