ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 203
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4.Жобаланатын тігін бұйымдарына қолданылатын бастапқы мәліметтерді атап айтыңыз?
Дәріс 2. Еңбекті ұйымдастыру формалары бойынша тігін кәсіпорындарында жобаланатын ағын типтері
Мақсаты: Еңбекті ұйымдастыру формалары бойынша тігін кәсіпорындарында жобаланатын ағын типтерін таңдай білу.
Сұрақтар тізімі:1. Кәсіпорын құрылысының өндірістік бағдарламасы
2. Тігін өндірісінде ағынды ұйымдастыру формасы
3. Технологиялық ағынның сипаттамасы
Қолданылған әдебиеттер:
-
Мокеева Н.С., Жилисбаева Р. О. Проектирование швейных предприятий - Алматы: LEM, 2019. - 304 с. -
Кучарбаева К.Ж. Тігін кәсіпорындарын жобалау негіздері. ҚР Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы - 2015. - Алматы -188 б. -
Воронкова, Т.Ю. Проектирование швейных предприятий. Технологические процессы пошива одежды на предприятиях сервиса. - M. : ФОРУМ:ИНФРА-М, 2019. - 128 с.
Тігін кәсіпорындарын жобалаудың негізгі мақсаты іс-әрекет бағытын таңдау, ол үшін технологиялық үдерістеріне есептеу жүргізіледі. Тігін кәсіпорнының құрылымы мен формасын талдау нәтижесі, өндірісте көп үлгілі тігін бұйымдарын жобалаудың технологиялық үдерісін ұйымдастыруды ұсынады. Тігін кәсіпорны құрылымы: цех, бөлім, қызмет көрсету бөлімі және қосалқы шаруашылықтан құралады. Мұнда еңбек өнімділік деңгейін жоғарылату, өндіріс шығындарын азайту, табиғи шикізат қорын тиімді пайдалану, өндірістің экономикалық географиялық материалдық жағдайын және техникалық-экономикалық көрсеткіш тиімділігін алдын ала дәйектейді.
Тігін кәсіпорындарында өндіріс бағдарламасын жоспарлау тігін цехынан басталады. Кәсіпорынның құрылымындағы өндірістік цехтар келесі топқа бөлінеді: негізгі, қосымша, қосалқы және жанама. Негізгі цехта өнім дайындау және бұйымды өңдеу операциялары орындалады және құрамына тәжірибелік көркемдік конструкторлық бөлім, мата дайындау және пішу бөлімі, тігін өндірісі, ылғалды жылумен өңдеу бөлімі кіреді.
Қосымша цехтар өндірістегі негізгі цехтарға қызмет көрсетеді, оларға құрал-жабдық және ғимаратты жөндеу бөлімдері, шикізат пен дайын өнімдерді сақтау қоймалары кіреді.
Қосалқы цех өндірістегі негізгі цехтарға қажетті өнімдерді шығарады, яғни өнімді қаптайтын пакеттер, ызба, таспа және басқа да тауар түрлерін дайындайды немесе бұл тауарларды басқа мамандандырылған кәсіпорыннан сатып алады.
Жанама цех негізгі цехтан шыққан өндірістік қалдықтардан тұрмыстық күнделікті тұтынатын өнімдер (көрпеше, құрақ, сөмке, т.б.), кәдесый (жұмсақ ойыншықтар, жарнамалық қапшықтар, эмблема, т.б) және басқа да тұрмыстық кең тұтынатын тауар дайындалады.
Тігін кәсіпорынды жобалау сатысында ірі көрсеткіш бойынша алдын ала есептеу, кәсіпорынның оңтайлы вариантын таңдауға мүмкіндік береді. Алдын ала есептеу жаңа нысан құрылысында және кәсіпорынды қайта жөндеуден (реконструкция) өткізу жүргізілгенде орындалады.Алдын ала есептеу құрылыстың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін негіздеуден кейін орындалады, нәтижесінде кәсіпорынның қуаты, типі және схемасы, экономикалық аймағы және құрылыс орны таңдалады. Тігін кәсіпорындарын алдын ала есептеуге келесі тапсырмалар енеді.
-
Өндіріс құрылысын анықтауда кәсіпорынның түржинаққа мамандануын және қуатын таңдауды негіздейді; -
Жұмысшы санын және қажетті өндіріс ауданын анықтайды; -
Өндіріс ғимаратының өлшемін және типін таңдайды (пішіні, габариттік өлшемін, сатысын, бағана торларын);
Цехтарды саты бойынша жоспарлау схемасын таңдайды (тігін, дайындау, пішу және эксперементалды цех, дайын өнім қоймалары) және жүк тасымалдау схемасын таңдайды.
Тігін кәсіпорынды жобалау сатысында ірі көрсеткіш бойынша алдын ала есептеу, кәсіпорынның оңтайлы вариантын таңдауға мүмкіндік береді. Алдын ала есептеу жаңа нысан құрылысында және кәсіпорынды қайта жөндеуден (реконструкция) өткізу жүргізілгенде орындалады.Алдын ала есептеу құрылыстың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін негіздеуден кейін орындалады, нәтижесінде кәсіпорынның қуаты, типі және схемасы, экономикалық аймағы және құрылыс орны таңдалады. Тігін кәсіпорындарын алдын ала есептеуге келесі тапсырмалар енеді.
-
Өндіріс құрылысын анықтауда кәсіпорынның түржинаққа мамандануын және қуатын таңдауды негіздейді; -
Жұмысшы санын және қажетті өндіріс ауданын анықтайды; -
Өндіріс ғимаратының өлшемін және типін таңдайды (пішіні, габариттік өлшемін, сатысын, бағана торларын); -
Цехтарды саты бойынша жоспарлау схемасын таңдайды (тігін, дайындау, пішу және эксперементалды цех, дайын өнім қоймалары) және жүк тасымалдау схемасын таңдайды.
Кәсіпорында қайта жөндеуден өткізіп жобалағанда алғашқы мәліметі өндірістік аудан болып табылады. Бұйымның түржинағын дайындауға берілген аудан негізінде, ағындағы жұмысшы санын келесі теңдікпен есептейді.
Кж= S / S 1жұм.
мұндағы Кж – ағындағы жұмысшы саны;
S – бір ағынның өндірістік ауданы;
S 1жұм – бір жұмысшыға берілетін типтік аудан мөлшері.
Тігін цехының есептік өндірістік ауданы бұйымның түріне қарай келесі теңдікпен анықталады:
Sтц= Кж∙ S 1жұм.
мұндағы Sтц – тігін цехының ауданы;
Кж– ауысымдағы жұмысшылар саны.
Тігін кәсіпорнының жалпы ауданы (Sк) барлық цехтардың ауданының жиынтығына тең. Негізгі өндірістік цех, барлық тігін цехтарын (Sтц) және тігін бұйымдарын ылғалды жылумен өңдеу цехтары мен бөлімдерін қамтиды. Оны кәсіпорынның өндірістік ауданының меншікті салмақ (%) шамасының қатынасында қабылдайды және кәсіпорынның ауданын анықтайды:
Sк = Sтц • 100/ kтц
мұндағы: Sk – тігін кәсіпорнының ауданы;
Sтц – тігін цехының ауданы;
kтц – кәсіпорынның жалпы ауданынан тігін және әрлеу цехының меншікті салмағы (%).
Кәсіпорнының негізгі өндірістік цехының ауданын және барлық цехтар мен қызметтің ауданының меншікті салмақ (%) шамасы қатынасын білсе, осы цехтар мен қызмет ауданын келесі теңдіктермен анықтауға болады:
Sэц = Sк • kэц / 100
мұндағы Sэц – эксперименттік цех ауданы;
kэц – кәсіпорынның жалпы ауданынан эксперименттік цехтың меншікті салмағы (%).
Sдц = Sк ∙ kдц / 100
мұндағы Sдц – дайындау цехының ауданы;
kдц – кәсіпорынның жалпы ауданынан дайындау цехының меншікті салмағы (%).
Sпц = Sк ∙ kпц / 100
мұндағы Sпц – пішу цехының ауданы;
kпц – кәсіпорынның жалпы ауданынан тігу-пішу цехының меншікті салмағы (%).
Кәсіпорынның қуатын сипаттайтын екі түсінік бар: «өндіріс көлемі» және «шығарылатын өнім». Тігін кәсіпорнының өндірістік цикл ұзақтығы шығарылатын өнім көлемімен есептеледі, яғни аяқталмаған өнім түрлері есепке алынбайды. Өнім шығарылатын көлемі шартты дана есебімен есептеліп және толық бағаланады.
Тігін өндірісі өнеркәсіптері үшін ең негізгі сұрақ болып түржинақ саясаты табылады. Тігін өндірісі үшін шығарылған өнім, нақты тобының есебінен анықталған белгілерінен түржинақтың оңтайлылығы әртүрлігімен ерекшеленуі тиіс. Түржинақ қалыптастыру бұл – өнімнің бүкіл өмірлік циклінің ұзақтығына созылатын үздіксіз үдеріс. Тігін өндірісіндегі өнімнің өмірлік циклін талдауда арнайы кесте қолданылуы мүмкін. Онда өнімнің шығарылатын көлемі, яғни әрбір өнімнің өмірлік циклінің ұзақтығына қатысты талдап бөлінеді. Тігін өндірісінде кәсіпкерлердің негізгі мәселесі түржинақ саясаты болып табылады. Өнім арасындағы дифференциалдық сұраным негізінде ұсыныстың дамуы және оған деген сұраныс түржинақ құрылысының анықталуына және болжалуына байланысты дәйектеледі.
Тігін өндірісінде тұтынушы топтарының анықталған өнім есебі бойынша, нақтыланған нышандармен өнімнің шығуы оңтайлы, мұнда әртүрлі түржинақпен өндірумен сипатталады. Осыған байланысты тұтынушының әртүрлі топтарының талабына жауап беретін бұйымдар жиынтығы анықталады, бірақ болашақтағы нақты киім үлгілерін өндіруге қажеттілік болжамын беру қиындық туғызады. Түржинақты қалыптастыруда ойдың пайда болуынан бастап, өндіру ақпаратына жеткенге дейінгі өнімнің барлық цикліндегі, ағынның технологиялық үдерісінің үздіксіз жалғасуын құрастырады.
Тігін өндірісінде шығарылатын өнім түрі, тобы және ұқсас түржинақтармен жобаланады.
Түр түржинақтары әртүрлі өнімнің бір мақсатта қолданылу қатынасы айтылады, яғни түрі, конструкциясы, маусымына байланысты бөлінеді (қысқы пальто, көйлек, плащ т.б.).
Топ түржинақтары әртүрлі өнімнің мата талшығы құрамына қарай айырмашылығы дайындау әдістерінің қатынасы жатады (жүн, жібек, зығыр т.б.).
Ұқсас түржинақтар шығарылатын өнімнің жынысы мен жас тобына қарай айырмашылық қатынасы жатады (ер, әйел т.б.). Тігін кәсіпорындарында шығарылатын өнімдер бекітілген бой, толықтық және өлшем нышандарындағы түржинақтармен толықтырылады.
Шығарылатын өнімді жоспарлауда тігін кәсіпорындарында өндіріс бағдарламасын құрастыруға 1-кестедегі есептеу қолданылады.
1-кесте. Кәсіпорында шығарылатын өнімдердің есебі
Цех нөмірі, бұйым аталуы | Ағындағы жұмысшы саны, адам | Бұйымды өңдеу уақыты, сек, | Ағынның қуаты дана/ауысым | Цехтағы ағын саны | Ағындағы жалпы жұмысшы саны, адам | Ауысым саны | Бір күнде шығарылатын өнім, дана | Бір жылғы жұмысшы күні | Бір жылда шығарылатын өнім |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Тігін цехы№1 Негізгі бұйым: Әйел көйлегі Қосымша бұйым: Әйел халаты | | | | | | | | | |
Әрбір ағын белгілі бір өнім шығаруға маманданады, ағындағы жұмысшы саны Кж мен ауысым ұзақтығын Tа бұйымды өңдеу уақытына Т бөлу арқылы ағынның қуатын анықтайды.
М = Tа • Кж/ Т
мұндағы М –ағын қуаты;
Tа – ауысым ұзақтығы, сек;
Кж – жұмысшы саны, адам;
Т – бұйымды өңдеу уақыты, сек.
Өндірістік бағдарламада кәсіпорын жоспарының өнімді шығару бойынша, яғни жоспарланған мерзімдегі берілген түржинақ және өнім көлемі бойынша анықталады. Тігін кәсіпорындарын мамандандыру – кәсіпорында шығарылатын өнімнің техникалық бірыңғайлылығын жоғарылататын үдеріс. Мамандандырудың негізгі түрлері бұйым бөлшектері бойынша және техникалық саты бойынша, өндірісті қосымша және қызмет көрсету саласында мамандандыру сұрақтарын қарастырады. Бұйым бойынша мамандандыруда кәсіпорында дайындалатын бұйым түрі бірыңғайлығы немесе белгілі бір бұйым түрін ғана дайындайды.
Тігін кәсіпорындарының типі мамандануына, өндіріс үдерісінің схемасы мен қуатына байланысты анықталады. Маманданудың негізгі түрі өнім түріне, бөлшектену түріне, технологиясына қарай бөлінеді.
Өнім түріне мамандануда кәсіпорын белгілі бұйымды немесе бұйымның бір түрінің берілген көлемін шығарады. Бөлшектену түріне мамандануда бұйымның белгілі бөлшектерін немесе түйіндерін дайындау және өз бетінше әрбір бөлшектерді жинауды бөлек орындау өндірісте бөлінеді. Технологиясына қарай мамандануда тігін өндірісінде бұйымды дайындаудың үдерісін технологиялық және ұйымдастыру ерекшелігіне қарай сатыларға бөлек жіктеп өңдейді.
Таңдалған түржинаққа байланысты жұмысшылар мен ағын саны кәсіпорынның өндірістік бағдарламасына байланысты таңдалады. Тігін бұйымдарын шығаруда, негізгі мәліметтер тігін цехтарындағы әрбір ағын үшін жоспарланады. Жобаланатын тігін бұйымдарын үдерісте өндіруді есептеу үшін келесі бастапқы мәліметтер қолданылады:
- бұйымды өңдеуге жұмсалатын уақыт;
- ағындағы жұмысшылар саны;
- ауысым ұзақтығы;
- жұмысы ағынның тәртібі;
- ауысым саны;
- бұйым дайындауға кететін жұмыс күні;
- дайындалатын бұйым түрінің саны.
Өндірістікүдеріс белгілі қағидаларға сәйкес ұйымдастырылады, ол кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін жоғарылатуды дәйектейді. Тігін кәсіпорнының үдерісінде ағынды ұйымдастыру әртүрлі формасымен сипатталады