Файл: Дріс кешені tk totd 4305.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 204

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Агрегатты топталған ағында жұмысшы орындарын миллиметрлі қағазда 1:100 масштабпен жоспарлау керек, жартылай фабрикаттарды сақтайтын сөрелер, дайын бұйымға арналған сөрелер, Кжонштейндер қойылады (21-кесте). Барлық қажетті өткелдердің өлшемдері көрсетіледі.

Жұмысшы орнының адымы, столдардың ара қашықтығы төмендегі көрсеткіштен кем болмау керек:

0,5 м – технологиялық үдерісте ұйымдасқан технологиялық операцияны аяқта тұрып орындалатын үтік және қол жұмыстары;

0,55м – технологиялық үдерісте ұйымдасқан технологиялық операцияны отырып орындалатын машина жұмыстары.

Негізгі үздіксіз жұмыс істеу жүйесін жоспарлаған кезде, бұйымды дайындаудың технологиялық схемасына және монтаж графигіне сүйенеді. Жабдықтарды орналастыру технологиялық үдерістегі ағында жұмыс істеу жүйесінде инструкциялық талаптарына сәйкес орналастырылады.

Ылғалды жылумен және бу беру арқылы өңдейтін жабдықтарды, яғни энергия мен бу, қысылған ауа берілетін жабдықтарды, бірыңғай бір қатарға орналастырылады. Мұнда олардың жинау секциясындағы жұмысты орындалуын қадағалау оңайға түседі. Қосалқы қордағы жабдықтар, ағынмен жұмыс істейтін жүйенің өте жауапты, көп мән берілетін жерлеріне және бір тектес жабдықтарды қасына орналастырылады.
! Түйінді сөздер: жоспарлау, ағын желісі, өткел, өндіріс ауданы, жартылай фабрикат, құрал-жабдықтарды жоспарлау, технологиялық ағын, жұмысшы орнын жоспарлау.

? Бақылау сұрақтары

  1. Технологиялық ағында жұмысшы орны мен құрал-жабдықтарды жоспарлауда қойылатын негізгі талаптар қандай?

  2. Жұмысшы орнының және құрал-жабдықтардың өлшемдері неге байланысты анықталады?

  3. Қандай жабдықтарға жоспарда резервті жабдықтар қойылады?

  4. Цехтың ені және ұзындығы бойынша өткелдердің өлшемдері неге байланысты анықталады?


Дәріс 14. Ағынның технико-экономикалық көрсеткіштерін есептеу
Мақсаты: Ағынның техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау

Сұрақтар тізімі:1.Ағынның техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу

2. Ағынның техника-экономикалық көрсеткіштерін безендіру

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Мокеева Н.С., Жилисбаева Р. О. Проектирование швейных предприятий - Алматы: LEM, 2019. - 304 с.

  2. Кучарбаева К.Ж. Тігін кәсіпорындарын жобалау негіздері. ҚР Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы - 2015. - Алматы -188 б.

  3. Воронкова, Т.Ю. Проектирование швейных предприятий. Технологические процессы пошива одежды на предприятиях сервиса. - M. : ФОРУМ:ИНФРА-М, 2019. - 128 с.


Тігін кәсіпорындағы технологиялық схеманы құрастыру сараптамасы ағынының технологиялық үдерісіндегі құрал-жабдықтар мен жұмысшылар санының элементтеріне байланысты. Ағындағы негізгі көрсеткіштер сандық және сапалық көрсеткіштері арқылы табылады.

Механикаландырылған технологиялық және өндірістік операциялардың орындау уақытын есептеу, ағындағы өндірістік технологиялық схемасындағы сәйкес келетін мамандықтарын топтау арқылы анықталады. Ағындағы құрал-жабдықтарды 80%-дан жоғары технологиялық үдерісте қолданылса қанағаттандырылған болып саналады.

Жабдықты пайдалану коэффициенті Кж.птөмен мәнде болса, технологиялық схемадағы өндірістік технологиялық операция реттіліктерін қайтадан комплекттеу керек болады. Бұл жоғарғы жылдамдықтағы заманауи арнайы және жартылай автоматты машиналарды пайдалануына байланысты. Мұндай технологиялық операцияларды, бірнеше ағында жұмыстарды параллель ұйымдастыру арқылы, арнайы құрал-жабдықтарды толық пайдаланылады. Бұл жағдайда арнайы құрал-жабдықтар жүктелетін ағындардың саны анықталады.

Технологиялық ағынның сапа көрсеткіші оның техникалық-экономикалық көрсеткішімен бағаланады. Бұл көрсеткіштер өнімнің өзіндік құнын және пайдалылығын анықтауға, өндірістін экономикалық тиімділігін есептеуге, басқа ағындармен нәтижесін салыстыруға және басқа көрсеткіштерге қолданылады. Техникалық-экономикалық көрсеткіштердің есебі 1-кестеге толтырылады. Тігін кәсіпорындары ағындарына келесі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеледі:

1. Бұйым аталуы

2. Ағын қуаты, М дана/ауысым

3. Ағындағы жұмысшы саныКж

4. Бұйымды өңдеуге жұмсалатын уақыты Т,сек

5. Ағын такті,  сек

6. Бір жұмысшы өнімі немесе бір жұмысшының енбек өнімділігі В, дана/ауысым

В=М/ Nф

7. Орташа тарифтік разряд r ср және орташа тарифтік коэффициент

Qср, қолданылған технологияның біліктілігін сипаттайды, операция бірізділігіне есептеледі. Орташа тарифтік разряд келесі формуламен анықталады:

r ср = разряд жиынтығы/ Кж
мұнда: «разряд жиынтығы»19 кесте 9 графаның жиынтығы

Кр – ағында есептелген жұмысшы саны

Орташа тарифтік коэффициент келесі формуламен анықталады:
Q ср = тарифтік коэффициент жиынтығы/ Кж
8. Бұйымды өңдеу құны немесе баға жиынтығы Р, бөлінбейтін немесе ұйымдасқан операциядағы баға жиынтығымен анықталады:
Р= ΣР= ΣРо

мұнда: n – бөлінбейтін операция саны

m - ұйымдасқан операция саны



9. Ағынның механизациялау коэффициенті жалпы өңдеу уақытындағы механизацияланған операцияның меншікті салмағы мен анықталады және шартты сипаттама беріледі.

Км келесі формуламен анықталады:
Км=(Σtм+ Σtа/м+Σtпр +Σtа)/Тизд
мұнда: Σtм+ Σtа/м+Σtпр +Σtа - барлық операция бірізділігінде машинада, арнайы машинада, престе, аппараттарда өңдеу уақытының жиынтығы.

10. Жабдықты пайдалану коэффициенті.

Ки.о. ауысымда жабдықтың пайдаланылуын есептейді, технологиялық схемада жұмыс орның мамандану деңгейін сипаттайды.

Ки.о. келесі формуламен анықталады
Кио= (Σ tрмно+ Σ tра/м но +Σ tрпрно+Σ tрано)/ (Σ tрмоо+ Σ tра/м оо +Σ tрпроо+Σ tра оо)
мұнда: Σ tрмно+ Σ tра/м но +Σ tрпрно+Σ tрано –операция бірізділігіндегі механикаландырылған жұмыстын өңдеу уақытының жиынтығы, сек.

Σ tрмоо+ Σ tра/м оо +Σ tрпроо+Σ tраоо –операциядағы механикаландырылған жұмыстын өңдеу уақытының жиынтығы, сек.

11. Унификациялау коэффициенті көпүлгілі ағында жабдықтың қолданылуы мен пайдалануының тұрақтылық деңгейін сипаттайды.
Ку= Σ tроосовп ср
мұнда: Σ tр оосовп - әртүрлі модельде сәйкес келетін операциялардың орташа өңдеу уақыты, сек.

12. Үйлесім коэффициенті (Кс) ағындағы жұмыс уақытын пайдалану деңгейінің есептік көрсеткіші
Ксизд/ Кфτ
13. Бір жұмысшыға келетін аудан мөлшері

S1раб= Sц/(Косннеоснвс)
мұнда: Косн – негізгі ағындағы жұмысшы саны

К неосн - қосымша ағындағы жұмысшы саны

Квс – ағында қызмет көрсететін қосымша жұмысшы саны

Квс=(10%-12%)( Косн+Кнеосн)
Кесте 1 -Ағынның техникалық-экономикалық көрсеткіші


Көрсеткішаталуы

Формула мен есебі

Мағынасыөлшемі

Мысалы:

Бір жұмысшыға келетін аудан мөлшері



S1ж= Sц / (Кнегқосқыз)



6.1м2


! Түйінді сөздер: технология біліктілік, жабдықты пайдалану коэффициенті, механикаландыру коэффициенті, үйлесім коэффициенті, тарифтік коэффициент, технологиялық схема.


? Бақылау сұрақтары

1. Ағынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін атап айтыңыз?

2. Ағынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу және талдау қандай факторларға негізделеді?

3. Ағында жабдықты пайдалану коэффициенті ағынның қандай деңгейін сипаттайды?

4. Ағынның механикаландыру коэффициенті ағынның қандай көрсеткішін сипаттайды?

5. Ағында бір жұмысшыға келетін аудан мөлшерін қалай анықтайды?

Дәріс 15. Тігін цехындағы ағынның тиімді қуатын таңдау және ағындарды ұйымдастыру формаларын жетілдіру бағыттары

Мақсаты:Тігін ағындарына қолайлы қуатты таңдау және технологиялық процесін таңдай білу.

Сұрақтар тізімі:

  1. Қолайлы қуатты компоновка және графикалық әдісте анықтау

  2. Қолайлы қуатты кесте және математикалық әдісінде анықтау


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Мокеева Н.С., Жилисбаева Р. О. Проектирование швейных предприятий - Алматы: LEM, 2019. - 304 с.

  2. Кучарбаева К.Ж. Тігін кәсіпорындарын жобалау негіздері. ҚР Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы - 2015. - Алматы -188 б.

  3. Воронкова, Т.Ю. Проектирование швейных предприятий. Технологические процессы пошива одежды на предприятиях сервиса. - M. : ФОРУМ:ИНФРА-М, 2019. - 128 с.


Ағынның қолайлы қуатын таңдау, қолданылған технология мен механикаландыру және автоматтандырудың белгі бір деңгейі есебінде, ағын мен кәсіпорынның қолайлы қуатына сәйкес тиімді ұйымдастыру формасын жобалайды. Қолайлы қуатын таңдауға ағынды жетілдірілген әдіспен жобалау және тігін кәсіпорындары алдында тұрған өзекті тапсырмаларды талдау, тігін бұйымдарын дайындаудағы жұмсалатын өңдеу уақыты, еңбек өнімділігі және т.с.с. техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне (ТЭК) тікелей байланысты.

Ағынның ең басты сипаттамасы олардың қуаты, яғни ауысымда шығарылатын өнімді немесе ағындағы жұмысшы санын анықтайды. Тігін кәсіпорындарының технологиялық үдерісінде қазіргі кезде аз, орта және үлкен қуатты ағындарды қолданады.

Аз қуаттағы ағында бұйымның әртүрлі ассортиментін дайындауға болады, бірақ бұндай ағындарда операцияны мамандандыру мүмкін емес. Сонымен қатар жабдықты пайдалану коэффициенті төмен, жұмыс уақытының шығыны жоғары, еңбек өнімділігі төмен, өңдеу құны жоғары, механикаландыру және автоматтандыру деңгейі төмен болады.

Орташа қуаттағы ағында кәсіпорын белгі бір түржинаққа маманданады. Бұл ағындарда аз қуаттағы ағынның көрсеткішіне салыстырғанда жоғары ТЭК-ті, бұйымның әртүрлі түржинақтарын шығаруға мүмкіндік береді (28- сурет). Үлкен қуатты ағынның экономикалық көрсеткіштері тиімді. Жұмыс орнына еңбекті мамандандыру, технологиялық операцияның қайталануы мен бірыңғайлығы, үдеріс тиімділігі үлкен қуатты ағындарда толығымен беріледі.


Ағынның қолайлы қуатын табу, қазіргі кезеңде қайта есептеу мен дамытуды талап етеді, себебі ағын қуаты механикаландыру деңгейі мен тігін бұйымдарын дайындауға жұмсалатын уақытты анықтауға ықпал етеді.

Жұмсалатын уақытты талдағанда, аз қуатты ағында өңдеу уақытының өте жоғары екенін көрсетті. Ағынның ТЭК талдағанда бұл көрсеткіштер ағын қуатына байланысты екенін дәйектейді. Тігін кәсіпорындарында заманға сай техникалық жабдықтау есебінде бұйым бойынша ағынның қолайлы қуатын анықтау алғашқы талаптардың бірі.

Ағын өндірісінде қуатын жоғарылатуда, оның ұйымдастыру формасы мен қолданылатын жабдығы деңгейіне қарай белгілі шарықтау шегі бар. Ары қарай қуатты жоғарылату, көп жағдайда ТЭК жақсартпайды, ал бұндай ағындарды басқару көптеген қиындықтар әкеледі. Сондықтан қолайлы қуат сұрағының шешімі өте жауапты көрсеткіш. Ағын желісі белгілі бір техникаға және технология деңгейінде max еңбек өнімділігін береді. Жұмыс уақыты мен жабдықты және өндіріс ауданын тиімді пайдаланудың қолайлылығын қамтамасыз етеді.

Ағынның тиімділігі деп, яғни қолайлы қуат деп ағындағы технологиялық схемадағы жұмыс орнының жартысынан көбі жұмыс түріне қарай мамандандырылғанда, ол ағын шартына қарай есептелінеді. Ағынның қолайлы қуатын анықтауда келесі әдістер қолданылады: графикалық, компоковка, кесте түріндегі (таблицалық), математикалық және электрондық есептеуші техникалар.

Компоковка әдісінде әртүрлі қуаттағы ағынның технологиялық схемасын құрастырады, ТЭК салыстырады және талдайды. ТЭК жоғары көрсеткіштегі ағын қолайлы деп есептелінеді. Компоковка әдісі уақытты көп алады, бірақ алынған нәтиже негізінде қолайлы қуатты анықтау мүмкіндігін береді. Қолайлы қуат мөлшері жобаланатын бұйымның түрлеріне тұрақты шама болмайды. Ол бұйым қолданылатын жабдығына және т.б. көрсеткіштеріне қарай өзгереді. Сондықтан ағынның қолайлы қуатын анықтағанда, ағынды ұйымдастыру формасының тиімділігін бірден анықтап отыру қажет.

Графикалық әдісте әрбір қуаттағы ағын үшін такт және одан ауытқу деңгейі есептеледі. Технологиялық операция бірізділігіндегі өңдеу уақытының 60% тактінің ауытқу деңгейіне кірсе, бұндай ағынды қолайлы қуаттағы деп есептейді. Технологиялық операция бірізділігіндегі ең жоғарғы және ең аз өңдеу уақытын, графикте бірнеше есеге азайту арқылы, яғни такті деңгейіне дейін немесе келісімшартын сақтай отырып, жинақтау арқылы компоновкалайды.

Мысал ретінде ерлер мақта жейдесін дайындайтын ағынның қолайлы қуатын анықтаймыз. 1000,1150 және 1300 дана/ауысым қуатын зерттедік: