ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 202
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Технологиялық схема үдерісте жұмысты ұйымдастырылу тиімділігін қарастырудағы технологиялық ағынның негізгі техникалық құжаты. Бұның негізінде жұмыс орны мен жабдықтарды жайластыру, жұмыс есебін тексеру, жұмысшының жалақысын есептеу жүргізіледі.
? Бақылау сұрақтары
1. Ағынның технологиялық схемасы негізінде қандай жұмыстың түрлері орындалады?
2. Технологиялық үдерісте операцияны ұйымдастырудағы өндірістік талаптарды атап айтыңыз?
3. Көп үлгілі ағынның жіберу әдісіне қарай технологиялық схеманы безендіру ерекшелігі неде?
Дәріс 12. Ағынның технологиялық схемасында жұмысшы күштері мен қолданылатын жабдықтарды талдау. Ағынның жұмысшы күші және жабдық мәліметі
Мақсаты: Ағынның технологиялық схемесын талдауды үйрену және технологиялық процесін таңдай білу
Сұрақтар тізімі: 1.Ағынның жұмысшы күш мәліметінжәне жабдық мәліметін талдау
2. Құрал – жабдықтардың мәлімет кестесін құрастыру
3. Ағынның жұмысшы күшінің мәлімет кестесін құрастыру
Қолданылған әдебиеттер:
-
Мокеева Н.С., Жилисбаева Р. О. Проектирование швейных предприятий - Алматы: LEM, 2019. - 304 с. -
Кучарбаева К.Ж. Тігін кәсіпорындарын жобалау негіздері. ҚР Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы - 2015. - Алматы -188 б. -
Воронкова, Т.Ю. Проектирование швейных предприятий. Технологические процессы пошива одежды на предприятиях сервиса. - M. : ФОРУМ:ИНФРА-М, 2019. - 128 с.
Ағынның технологиялық схемасы ұйымдасқан технологиялық операция мазмұнымен анықталады және келісімшарт уақытына сай құрастырылады, ағын типіне қарай негізгі талаптарын орындайды. Жұмысшы күші мәлімет кестесі технологиялық схема негізінде құрастырылады және үдерістің техникалық-экономикалық көрсеткішін есептеуге, орташа тарифтік разряд, орташа тарифтік коэффициент, бұйымды өңдеу бағасы және үдерістің механизациялау деңгейін анықтауға қолданылады. Жұмысшы күшінің мәлімет кестесі ағынның техникалық деңгейімен сипатталады: жұмысшы дәрежесімен және жұмысты механикаландырумен мәлімет кестесі ағынның технологиялық схемасы негізінде жасалады. Кестені құруды жеңілдету және қатесін азайту үшін ең алдымен біртұтас операциялардың уақыттары бойынша 1- кесте түрінде орындайды. Ол үшін технологиялық схемадан әр мамандықтар, разрядтар бойынша технологиялық операция бірізділігінің уақыт шығындарын теріп алып, кестенің үшінші бағанасына енгізіледі. Кестеге енгізілген уақыт шығындарының жиынтығын есептеп, шыққан мәнді ағын тактісіне бөліп, әр мамандықтар және разрядтар бойынша жұмысшылардың есептелген санын анықтайды. Анықталған мәліметтер негізінде жұмысшылар саны бойынша мәлімет кестесі құрастырылады.
Үлгілерді ағынға ретті-ассортиментті жіберуде базалық үлгінің технологиялық операция бірізділігінің өңдеу уақытымен, циклді жіберуде үлгілердің технологиялық операция бірізділігінің орташа өңдеу уақытымен жұмысшы күшінің мәліметі 1-кестеде құрастырылады. Мамандығы мен разряды бойынша есептелген жұмысшы (бағана 2-7) саны қосымша 1- кестеде анықталады.
Кесте 1- Жұмысшы күші мәліметі
разряды | Жұмыс түрі бойынша есептелген жұмысшы саны | разряд бойынша жұмысшы саны | разряд жиын-тығы | тарифтік коэф- фициент | тарифтік коэф- фициент жиынты-ғы | |||||
м | ар/м | ж/ав | пр | ү | қ | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1 2 3 4 5 | | | | | | | | | | |
Мандығы бойынша барлығы | | | | | | | | | | |
Меншікті салмағы % | | | | | | | | | | |
Қосымша 2- кестедегі мамандығы мен разряды бойынша жұмсалатын уақытты технологиялық схема негізінде енгізіледі, онда әрбір мамандық пен разряд бойынша технологиялық операция бірізділігіндегі өңдеу уақыты жиынтығын 8-бағанаға көшіріп жазылады.
Кесте 2 - Мамандық пен разряд бойынша жұмсалатын уақыттың бөлінуі
Маман-дығы | Разряды | Операция бірізділігіндегі өңдеу уақыты, сек | Разряд бойынша өңдеу уақытының бары | Ағын такті, сек | Разряд бойынша есептелген жұмысшы саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
м м ар/м ж/е т.б. | 2 3 4 | 79, 84, 151, 148 54,76,81,247,78 73,154,80,158 | 462 536 465 | 75 75 75 | 6,16 7,15 6,2 |
бары | | | | | |
Мұнда әрбір мамандық пен разрядтың есептелген жұмысшы саны анықталады:
9-бағана – разрядты (1-бағана) есептелген жұмысшы санына (8-бағана) көбейтеді.
11-бағана есептелген жұмысшы санын (8-бағана)тарифтік коэффициентке (10-бағана) көбейтеді.
Мамандық бойынша жұмысшының меншікті салмағын % (2-7-бағана). ағындағы нақты жұмысшы санына қатынасымен анықтайды.
Жабдық мәліметі 3- кестеде жобаланатын технологиялық үдерісте қолданылған жабдықтық түрі мен санын анықтауға және ағын ауданын анықтауға құрастырылады.
Кесте 3 - Ағындағы жабдық мәліметі
Жабдық типі және класы | Жабдық саны | Жұмысшы орны аталуы | Жұмысшы орны саны | |||
негізгі | қордағы | резервтегі | бары | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | | | | | |
Негізгі жабдық (2-бағана) технологиялық схема негізінде технологиялық операцияда қолданылған жабдықтардың жиынтығымен анықталады. Қордағы жабдықтарды (3 бағана) негізгі жабдықтың 10% есебі алынады, бірақ бір машинадан аз болмау керек. Резервтегі жабдықтарды (4 бағана) әмбебап және кейбір арнайы машиналарға қарастырылады, яғни есепте 5-6 машина бірдей болса, оған бір резервтегі машина орны жоспарланады.
! Түйінді сөздер: жұмысшы күші мәліметері, жабдық мәліметі, резерв, мамандық, тарифтік коэффициент, разряд, жұмысшы орны.
? Бақылау сұрақтары
1. Жұмысшы күші мәліметін құрастыру қандай факторларға негізделеді?
2. Жабдық мәліметін құрастыру қандай факторларға негізделеді?
3. Қандай құрал-жабдықтарға резервтегі құрал-жабдықтар таңдалады?
Дәріс 13. Технологиялық ағында жұмыс орнын жоспарлау және тігін цехында технологиялық ағынды жобалау
Мақсаты: Технологиялық ағында жұмысшы орнын және құрал-жабдықтарды жоспарлау әдістерін меңгеру
Сұрақтар тізімі: 1.Технологиялық ағында жұмысшы орны мен құрал-жабдықтарды жоспарлауда қойылатын негізгі талаптар
2. Ағындағы жұмысшы орнының және құрал-жабдықтардың өлшемдерін таңдау
3. Тігін цехының өлшемін таңдау және технологиялық ағынды жобалау
Қолданылған әдебиеттер:
-
Мокеева Н.С., Жилисбаева Р. О. Проектирование швейных предприятий - Алматы: LEM, 2019. - 304 с. -
Кучарбаева К.Ж. Тігін кәсіпорындарын жобалау негіздері. ҚР Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы - 2015. - Алматы -188 б. -
Воронкова, Т.Ю. Проектирование швейных предприятий. Технологические процессы пошива одежды на предприятиях сервиса. - M. : ФОРУМ:ИНФРА-М, 2019. - 128 с.
Тігін ағыны технологиялық үдерісті жоспарлау нысаны ретінде, өзінің жеке элементтері арасындағы күрделі өндірістік жүйелі ортаны құрайды. Бұл ортада элементтердің тек саны (көлемі) ғана қаралмай, сонымен қатар олардың бір-бірімен байланысы қарастырылады. Жоспарлаудың негізгі мақсаты алдын ала дайындалған функцияларды дұрыс тәртіппен орындап, жаңа бұйымды өндірісте шығару. Бұл үдерістің қорытындысы болып технологиялық ағын үдерісінің жоспары саналады. Оның абстрактілі және материалды кезеңдері бар. Алдын ала абстрактілі кезеңінде технологиялық ағынды жоспарлау жұмысы шешіледі. Осыдан кейін жоспарлаудың бірінші кезеңіндегідей, цех ауданын қарастыра отырып жұмысшылар орындары бөлінеді. Ағын жоспарының келесі кезеңі болып, тігін бұйымдарын өңдеудің технологиялық үдерістері болып табылады. Технологиялық үдеріс бір-бірімен байланысқан көптеген ұйымдастырылған технологиялық операциялардың реттіліктері мен тасымалдау құралдарынан жинақталады.
Тігін ағындарын жоспарлағанда, бұйымды өңдеудің ұйымдасқан технологиялық операциялары технологиялық схемада құрастырылып, жартылай фабрикаттарды тасымалдау құралдарын орындалатын операцияларға қарай қолданылады. Жұмысшы орындары мен құрал-жабдықтарды жоспарлау ағынның технологиялық схемасы негізінде орындалады. Жұмысшы орындарын жоспарлауда ағындағы бұйымның жартылай фабрикаттарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуіне, олардың тасымалдау жолдарының қысқаруына, жұмысшылардың бір-біріне бөлшектерді алмастыру тәсілдерінің ең тиімді жолдарына жағдай жасауды алдын ала қарастырады. Ағында жұмысшы орнын жоспарлау цехтың өндіріс аудандарын анағұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Жұмыс орындары және құрал-жабдықтардың өлшемі әдебиеттердегі анықтамалық көрсеткіштен таңдап алынады.
Жұмысшы орны мен құрал-жабдықтарды жоспарлау ағынның технологиялық схемасы негізінде орындалады. Агрегатты топталған ағында (АТА) жұмысшы орындарын ағынның ось сызығына қатынасы бойынша тікесінен, көлденең, бұрышпен орналасуы мүкін. Бұйымның жартылай фабрикаттарын операция аралық тасмалдауға келесі қатынас құралдары қолданылады: сөрелер, арбалар, столаралықтар, ылдилар, каретка қысқыш, кронштейн және т.б.
АТА жұмысшы орындарын орналастыру схемалары әдебиеттерде көрсетілген. Жұмыс орнын АТА қандай вариантпенен орналастырса да, келесі талаптарды ескереді:
- бір жұмысшыға арналған өндірістік аудан берілген шамадан аспау керек;
- жартылай фабрикаттарды жіберу және шығаруды ағында ұйымдастыруды біркелкі жүктеу керек, пішінділер мен дайын өнімді цех бойымен алыс-берісін артық жасамау қажет, қарама-қарсы айқасатын жүк тасымалынан алшақ болу керек;
- шикізаттарды келесі жұмыс орнына беру ыңғайлығын қамтамасыз ететін тартпасыз тасымалдау құралдарын, жұмыс орнының артына не сол бүйіріне орналастыру қажет, соның көмегімен шикізат келесі жұмыс орнына жеткізіледі, үлкен қайтарымдағы бұйымды оң қолмен алып-беру жіберіледі;
- әрбір алдыңғы жұмыс орны келесі жұмыс орнына былайша орналасу керек, жұмысшы орнына шикізат сол жағынан беріліп, жұмысшы сол қолымен алатындай болу керек;
- әр секцияда жұмыс орнындары технологиялық схемаға сәйкес жоспарлану қажет;
- жұмысшы орындарын жоспарлаған кезде жұмысшы өз орнына әдеттегідей өтуге сәйкес өткел қарастырылуы тиіс, бағана мен жұмыс орнының ара қашықтығы 5-10 см кем болмау керек.
Технологиялық үдерістегі ағынды жоспарлағанда өткелдер: қабырғадан агрегаттың басына және аяғына дейін жартылай фабрикаттарды жіберу мен шығару орындары жоспарланғанда 3,5-4,5 м болу керек; егер жартылай фабрикаттарды жіберу мен шығару орындары жоқ болған жағдайда 2,0-2,5 м, цехтың ұзына бойынша агрегаттар арасы 4,5-9,0 м болу керек.
Цехтың ені бойынша екі агрегат орналасатын болса, олардың ара қашықтығы 2,0-2,5 м, үш агрегат орналасса 2,5-2,75 м, төрт агрегат орналасса 2,25-3,0 м болу керек. Цехта ағын желілерін ұзына бойымен және көлденең бағытпен жоспарлауға болады.
Агрегатты топталған ағында жобаланған бөлшек немесе түйіндерді өңдейтін топтардың ара қашықтығы 1,5 м.