ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 309
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
ХХ ғасырдың 20-30 жж. халықтың сауатсыздығын жою. (жетістіктері, кемшіліктері және іске асыру жолдары).
ХХ ғасырдың 20-30 жж. халықтың сауатсыздығын жою. (жетістіктері, кемшіліктері және іске асыру жолдары).
1919 жылы 26 желтоқсанда «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» декреті бұл мәселе бойынша негізгі міндеттерді белгілеп берді.
1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды.
1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды.
Еңбекшілер зор ынтамен оқуға кірісті. Егер 1920-1921 оқу жылында сауатсыздықты жою жөніндегі 2412 пункт жұмыс істеп, оларда 27,3 мың адам оқыған болса, 1924-1925 оқу жылында тиісінше — 6677 пункт және 1731 мың адам сауатын ашты. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. Алайда атқарылатын жұмыс әлі көп еді, өйткені 1,7 млн. қазақ сауатсыз күйінде қалып қойды.
1930 жылғы 11 қаңтарда Қазақ АКСР ОАК сауатсыздықты міндетті түрде жою туралы декрет қабылдады, содан кейін сауатсыздықты жою пункттерінің желісі кеңейе түсті, әліппе мен оқу құралдарын шығаруға және тұрақты сауат ашу мектептерін ұстауға 2 млн. сомға жуық қаржы бөлінді.
Елдегі экономикалық жағдайдың оңалуы халыққа білім беру ісінің өрлеуіне жағдай жасады. 1923 жылдан бастап мектептердің жүйесі ұлғайды, мұғалімдердің тұрмысы жақсара түсті. 1924-1925 оқу жылының басында 1251 бірінші басқыш мектеп, оның 747-сі қазақ мектебі, 25 коммуна-мектеп (24-і қазақша) және 68 жеті жылдық және екінші басқыш мектеп болды.
Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.
1930 жылғы 11 ақпанда «Қазақ АКСР-інде халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы» қаулы қабылдады. Жою мерзімі бірінші бесжылдықтың аяғы болып белгіленді. Шараларды жүзеге асырудың жоспары жасалды және сауатсыздықты жоюға арналған қаржы қоры құрылды.
1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.
1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды.
1939 жылы Қазақстан халқының жалпы сауаттылығы 76,3%-ға жетті. қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті.
-
ХХ ғасырдың 20-30 жж. Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы.
Бейбіт өмірге көшу жағдайында сауатсыздықты жою, кадрларды даярлау, мектептер мен жоғарғы оқу орындарын ашу қажет болды. Ол үшін мынадай шаралар істелді: 1931 жылы Қазақ Акср атқару комитетінің төралқасы мен халық комисаолар кеңесі 15 жастан 50 жасқа дейінгі сауатсыз еңбекші халқына жалпыға бірдей міндетті білім беруді енгізді. Кеңес үкіметі ағарту ісін дамвтуда күш жігерін аяған жоқ. 1926 жылы мамыр айында Казақ АКСР біріңғай еңбек мектептерінің жарғысын қабылдады. 3 жылдық, 4 жылдық мектептерге көше бастады. Ағарту ісіне жұмсалатын шығын өсті, қаржы бөлу ұлғайды. 1920 жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар жасалына бастады. Қ. Сәтбаев алгебра оқулығы, А. Байтұрсынов суретті әліппе, мысал жұмбақтар жинағы, Ә. Бөкейханов география оқулығы, Ж. Аймауытов ана тілі оқулығы. 1928 жылдан бастап кәсіптік білім беру жүйесі жолға қойылды. 1928 тұңғыш педогогигалық институт ашылды. 1931-1932 ж Орал және Қызылордада пед институт ашылды. 1929 ж Алматы зоотехникадық малдәрігерлік институт. 1931 жылы Алматы мед институт ашылды. 1930 жылы ауылшаруашылық институт ашылды.
-
ХХ ғасырдың 20-30 жж Қазақстанда театр, музыка, бейнелеу өнері және әдебиеттің дамуы.
ХХ ғасырдың 20-30 жж Қазақстанда театр, музыка, бейнелеу өнері және әдебиеттің дамуы
Республикада алғашқылардың бірі болып ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту және насихаттау ісімен айналысқан Түркістан өлкесіндегі «Талап» қоғамы. Басқарманың құрылтайшысы және жетекшілері жазушы М.Әуезов, этнограф Ә.Диваев, профессорлар Х.Досмұхамедов, А.Шмидт, Н. Архангельский, М. Тынышпаев, М. Есболов, И. Тоқтыбаев, Қ. Тыныстановтар болды. Қоғам Жарғысының жобасын Түркістан ағарту ісі жөніндегі халық комиссариаты мемлекеттік ғалымдар кеңесі бекітті. 1923 жылы 4 желтоқсандағы «Талап» қоғамының мақсаты мен қызметі мынадай болды:
• ұлттық өнерді зерттеу;
• қазақ халқының тарихы мен тұрмысын зерттеу;
• қазақ мектептерінде оқыту мәселелерін қарастыру;
• қазақ ғылыми қызметкерлері мен қазақ өнері қайраткерлеріне көмек көрсету.
1928 жылы Қазақ АКСР Ағарту халкомы Қазақстан, Сібір және Урал суретшілерінің жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. 1932 жылы жарық көрген «Әдеби-көркем ұйымдарды қайта құру туралы» қаулыға сәйкес республикада 1933 жылы Суретшілер одағы құрылды.
1934 жылы 8 мамыр күні Мәскеудегі Шығыс мәдениеті мұражайында «Кеңестік Қазақстан өнері» көрмесі ашылды. Онда Н.Крутильников, Қ.Қожықов, Ө.Исмаилов, т.б. суретшілердің шығармалары қойылды. 1935 жылы «Қазақстандағы Кеңес өкіметіне 15 жыл» көрмесінің базасында Қазақ мемлекеттік Көркем өнер галереясы құрылды.
20-жылдардың басында Қазақстандағы мәдени революция міндеттерін шешу барысында көркемөнерпаздар ұжымдары, халықтық театрлар өмірге келе бастады. Тұңғыш кәсіпқой қазақ театрын ұйымдастыру мәселесі 1925 жылы каңтарда Орынбор қаласында өткен I Жалпықазақтық съезде көтерілді. 1925 жылы сәуір айында Қазақстан Кеңестерінің V съезінде Қазақстанда тұңғыш кәсіпқой театр ашу туралы шешім шығарылды.
-
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға немістердің депортациясы: тарихы және тағдырлары.
Еділ немістерінің автономиялық республикасын жою, Еділ бойындағы, Украинадағы, Әзірбайжандағы, Ленинград облысында және басқа жерлерде неміс ауылдарын қирату, мыңдаған жазықсыз адамдарды жер аудару болды. Ресейлік немістерді Кеңес Одағының Еуропалық бөлігінен және Кавказдан депортациялау 1941 жылдың шілдесінде басталды. Неміс халқы Украина мен Еділден жер аударылды. 1941 жылы 28 тамызда «Еділ бойында тұратын немістерді қоныстандыру туралы» Жарлық жарияланды. Калинин мен Горкин Еділ немістерінің арасында мыңдаған деверсанттар бар деген құжатқа қол қойып, Немістерге жаза қолданып, оларды жер аудартты. Еділ немістерін «қоныстандыру» орындары «Новосибирск пен Омбы облыстарының, Алтай өлкесінің, Қазақстан мен басқа да көрші аудандардың егістік жерлерге толы аудандары» болды. Ресейлік немістердің тағы бір бөлігі Вермахт басып алған территорияға түсіп, Германия мен Польшаға апарылды. Соғыстан кейін олардың көпшілігі Кеңес Одағына оралды, сонымен бірге Сібірде, Қазақстанда және басқа да жер аударылғандарда, НКВД-ның бақылауымен «арнайы қоныста» болды. Мәліметтер бойынша 1945-1946 жылдары Қазақстанда 530 мыңға жуық немістер өмір сүрді. Немістердің Қазақстандағы тұрғылықты жері негізінен Қарағанды, Қостанай, Целиноград, Павлодар, Семей, Көкшетау, Жамбыл облыстары болды.
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 13
Қазақстанға корейлердің депортациясы: тарихы және тағдырлары.
Алғашқы корей қоныстанушылары республика аумағында XIX ғасырдың соңында пайда болғанына қарамастан, Қазақстанның қазіргі корейлерінің көпшілігі Сталиннің Жарлығы бойынша депортацияланған Қиыр Шығыс корейлері қауымының ұрпақтары болып табылады. Кеңестік Қиыр Шығыстағы барлық корей халқы күштеп депортацияға ұшырады. Депортация режимі мен шарттары өте қатал болды. 172 мың этникалық кәріс Қоныс аударушылар Барлық облыстар бойынша орналастырылды, және бүкіл халыққа келтірілген реніштің қарамастан, жаңа орында жайғастыру процесіне және еңбек қызметіне белсенді түрде қосылды. Осылайша, 1937 жылы корейлер Қазақстанға жаппай жер аударылған алғашқы этникалық диаспора болды. КСРО-ның ыдырауы қазақстандық корейлерді Қырғызстандағы, Өзбекстандағы, Ресейдегі және ТМД-ның басқа елдеріндегі корей диаспораларынан біртіндеп оқшаулауға әкелді. Қазақстан аумағындағы өзінің салыстырмалы түрде қысқа тарихында кәрістер мәдени, экономикалық және демографиялық қатынастарда айтарлықтай өзгере алды. Тарихи тұрғыдан корейлерді орналастырудың басты пункті Қазақстанның Қызылорда облысы болды, оған корейлердің ең үлкен тобы көшірілді.]. Бірақ көп ұзамай кәрістердің жаңа ұрпақтары республикадағы урбанизация процестеріне тартылып, ғылымды игеруде, әлеуметтік мобильділікке ие болды.
-
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға Солтүстік Кавказ халықтарының депортациясы: тарихы және тағдырлары.
Соғыс ортасында Закавказье асуынан өтуге неміс басқыншыларына жәрдемдесті деп «гитлер-фашистерінің агенттерін қудалау» басталды. Онда Солтүстік Кавказдан шешен, ингуш, қарашай, қалмақ, түрік, күрдтер жер аударылды. Мұнда барлық қарашай халқына жағылған күйе еді. Қарашайлар 1942 жылдың тамыз айынан 1943 жылдың қаңтар айына дейін немістер қол астында болған еді. Қарашайлар неліктен немістермен тіл табысты дегенге келсек, олардың ойынша: 1. Тәуелсіз ұлттық басқару жүйесі қалпына келтіріледі және дінді қоса алғанда, өмірдің барлық салаларында халыққа толық еркіндік беріледі; 2. Колхоздардың орнына жекеменшік жүйесі енгізіледі; 3. Орыстар күштеп екіге айырған қарашай – балқар халқы қайтадан біріктіріледі. Бұл бастамалар қарашай халқының немістерге жақтаса отырып, орыстарға қарсы қимылдауына ықпал еткен еді. Айта кеткен жөн, немістер өздері басып алған жерлерде орыс емес, діні басқа аз халықтардың бәрін оларды Ресейден бөлшектеу үшін, шынында да, жоғарыдағыдай кеңшіліктер берді. Ал мұндай тәуелсіздік, әрине, ол халықтардың ғасырлар бойғы арманы еді. Сондықтан да немістермен түсінісуге барған халықтарды жаппай сатқынға балау тіптен де дұрыс емес. Ұлттық және рухани тәуелсіздік бәрінен де қымбат екенін ұмытпалық . бірақ Сталин басқарған тоталитарлық жүйе мұндай пиғылды мүлде басқаша қабылдап, оларға былай деп кінә тақты: «Қарашай Республикасына басып кірген кезде көптеген қарашайлықтар опасыздық көрсетіп, сатқындық жасаған. Көптеген адамдарды немістерге ұстап берген, неміс фашистерінің құрған ұйымына кіріп, кеңес үкіметіне қарсы соғысқан. Немістердің Закавказье асуынан өтер кезде оларға жол көрсетіп, тиісті жерлеріне дейін алып барған. Ал неміс басқыншылары бұл жерден қуылғаннан кейін, үкімет құрығынан қашып жүрген бандиттерді, гитлер фашистерінің агенттерін қудалау, ұстау басталды» деп атап көрсетілді. Бұнда кінәлі деген азаматтар ғана жазаланудың орнына тұтастай халыққа жазалау жүргізілді. Әрбірінен осындай «кінә» тауып, туған жерінен бүкіл халықты басқа өңірге қоныс аудару жөнсіздік болып отырғаны сөзсіз еді. Көшірілместен бұрын Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесінің 1943 жылғы 12 қазандағы «Қарашай автономиялық облысын жою және оның территориялық әкімшілігінің құрылымы туралы» қаулысымен қарашай халқы туған атамекендерінен қуылды. 1943 жылы 2 қараша күні таңға жақын барлық қарашай ауылдарын кеңес әскери бөлімшелері қоршап алды ... Таңғы сағат 4-те әр қарашайлардың үйіне қарулы кеңес әскерлері кірді. Бесікте ұйықтап жатқан балаларынан бастап ауру қарттарға дейін қатал бұйрықпен төсектерінен тұрғызылды. Жолға дайындалу үшін 30 минут уақыт беріліп, 36 килограммнан артық жүк алуға болмайтыны ескертілді. Қарашай халқын жаппай жер аудару осындай бір қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылды. Бұған қарсы шыққан жүздеген қарашай тұрғыны орнында атылды. Ертеңгі сағат 10-да қарашайларға лық болған мал вагондары жүруге дайын тұрды. Ол вагондарда 63323 жазықсыз қарашай бар еді. Бұлардың 32929 – балалар, 18993-і әйелдер, 11401-і еркектер болатын. Еркектердің бәрі дерлік қарттар және соғыстан жараланып келгендер еді. Дені сау еркектердің барлығы кеңес әскерлерінің түрлі майдандарында қару астында тұрған. Қарашайлар жер аударылысымен кеңес әскеріндегі қарашайлар да бөлімшелерінен алынып, жер аудару орындарына жіберілді. Осылайша 1943-1944 жылдары Солтүстік Кавказ халықтары күштеп көшірілді. 1943 жылдың 27 желтоқсанында «Қалмақ автономиясын жою және Астрахань республикасын құру туралы» деген қаулы негізінде қалмақтар жан-жаққа көшірілді. 1943 жылы қыркүйекте 70 мың қарашай, сол жылдың қазанында 94 мың қалмақ күштеп көшірілді