Файл: азастанны азіргі заман тарихын кезедеу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 311

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



  1. Ұлы Отан соғысының басталуы.Қазақстан экономикасын ҰОС жылдарында соғыс жағдайына қарай қайта құру және эвакуация.


Фашистік Германия басшылығы “Барбаросса” соғыс жоспарын жасағанда КСРО-ны көп ұлттың жасанды жəне тұрақсыз бірлестігі, ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат (құранды) деп есептеді.

КСРО аумағында рейхкоммиссариат құруды жоспарлады: Остланд-Беларусь пен Балтық жағалауы, Украина, Московия – Ресей, Кавказ, Еділ-Орал, Гросс Түркістан (Үлкен Түркістан).

“Үлкен Түркістанға” Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Əзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шыңжан, Ауғанстанның бір бөлігі енгізілді. Бұл өңірде ұлы Герман империясы үшін қуатты шикізат жəне азық-түлік базасын жасау белгіленді. Республикада 2 млн-нан астам адам әскери даярлықтан өтіп, әрбір бесінш іқазақстандық майданға аттанды. Соғыс жылдары майданға жақын өңірлерден көшіріліп əкелінген 27 əскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды

1941-1945 соғыс жылдары арасында республика еңбекшілерінен майдан қажетіне қомақты сома – төрт миллиард 700 мың сом ақша жиналған, соғыс жылдарында шығарылған үш миллиард 184 миллион 395000 сомның заемдарын еріксіз сатып алып, Қорғаныс қорын молайтқан. Қарағандының шахтерлері, Балқаш металлургтері, Жезқазғанның мыс қорытушылары, Шымкенттің қорғасыншылары, Ембі мұнайшылары, Түркістан-Сібір және Қарағанды темір жолдарыныңтеміржолшылары жоғары патриотизм мен ұйымшылдық көрсете отырып, тыл еңбеккерлерінің күрделі әскери-шаруашылық міндеттерді шешкен кезде алдыңғы сапында болды.

Қазақстанның теміржолшылары да аса зор жұмыс атқарды. 1941-1942 жылдары теміржол бойымен Қазақстанға бір миллионға жуық эвакуацияланған халық, өнеркәсіп орындары жабдықтарының аса зор көлемі көшіріліп әкелінді. Теміржол транспорты майданды не қажеттің бәрімен жабдықтап қоймай, сонымен бірге қорғаныс заводтарына қажетті стратегиялық шикізат жеткізіп отырды. Поездардың жүрісі айрықша әскери графикке көшірілді.

Қарағанды-Магнитогорск теміржолының жүк өткізу қабілетін арттыру

үшін Ақмола-Қарталы линиясы қатарға қосылды.Түркістан-сібір жолының 1941 жылғы 29 желтоқсанда СССР қатынас жолдары халық комиссариатына жолдаған мына телеграммасы Қазакстан теміржолшыларының іркілсіз жұмысын сипаттайды: “Түрксіб жылдық жоспары 251 850 вагон болған жағдайда 28 желтоқсанда 254 623 вагон тиеді. Жылдық жоспар мерзімнен бұрын орындалды. Жылдық жоспардан тыс 8200 вагон құрылыс жүгі тиелді.”



  1. Ұлттық әскери құрамалардың ұйымдастырылуы. Ұлы Отан соғысы майдандарына қазақстандықтардың қатысуы.


Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1196164 (1196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Соғыстың сипаты — Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Кеңес Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Қазақстан экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру әскери бағытқа көшірілді. Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. Өскемен қорғасын — мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркәсіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді. Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді: 1.1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы; 2.1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Мәскеу, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді. Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украинадан Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді. Қазақ КСР-не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды.



  1. Қазақстандықтардың майдандардағы қимылдарға және партизан қозғалыстарына қатысуы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың әскери ерліктері.



Партизандық қозғалыс үлкен саяси маңызға ие болды. Партизандық бөлімдер мен партиялық астыртын жұмыс жүргізушілер жергілікті тұрғындар арасында үлкен ауқымды жұмыстар жүргізді. Парақшалар, астыртын жұмыс газеттері арқылы, жеке əңгімелерінде олар басып алынған территорияларда тұрған кеңес адамдарына кеңес-герман майданындағы жағдай туралы шынайы ақпараттар берді, басқыншы биліктің жаласы мен өтірігін жоққа шығарды, фашистік езгіден азат болу жəне жаудың түпкілікті талқандалатындығына сенімді қолдады. Қорыта келе, неміс-фашист əскерлерімен басып алынған территориядағы кеңес адамдарының бүкілхалықтық күресі ауқымы, саяси жəне əскери нəтижесі бойынша фашизмді талқандаудың маңызды əскери саяси факторы мағынасына ие болды. Қазақстандықтар басқа да кеңес ұлт өкілдері қатарында соғыс жүріп жатқан аумақтың қай бөлігінде соғысса да, Отан алдындағы борышын абыроймен атқара білді. Партизандар қозғалысына қатысқан қазақстандықтар туралы мəселе əлі де талай тың зерттеулерді қажет етеді.

Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты.Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды. Кеңес Одағының батыры, Қазақстан республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов, И.Я.Сянов, Х.Қайдаусов, З. Тұрарбеков, Х. Көбеков, Т. Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Шелихов және т.б. көптеген адамдар қатысты. Жас офицер Р.Қанқарбаев өзінің досы Г.Булатов пен бірге рейстаг терезелерінің біріне алғашқыларының бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті, ал Орал өңірінің жас офицерлері Қ.Меденов пен Р.Қараманов Берлин ратушасының төбесіне тікті.


  1. Қазақстан майдан арсеналы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі жетістіктері.


1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. Тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. Тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. Күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. Күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш. Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының
Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы “Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95-100 ц. Тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы әйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады. 1986 жылға дейін, яғни соғыс кезі мен одан кейінгі уақытты қоса алғанда 1792 адам Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Көп деп айтуға да келмейді. Десе де еленбей қалған ерліктер ел жадынан ұмытылмақ емес. Еленбей қалғандары соңғы жылдары өз бағасын алып, айтылып, жазылып жүр. Соғыстан кейінгі онжылдықта жарық көрген зерттеулерден Ғ Əбішев, О. Малыбаев, А. Нүсіпбековтің еңбектерін атап өту қажет. Бұл еңбектерде Ұлы Отан соғысы кезіндегі елдің дамуы, қазақстандықтардың майдан мен тылдағы жеңіске қосқан үлестеріне лайықты баға беріліп, «Қазақстан – майдан арсеналы» деген қорытынды жасалды. Тарихшы ғалымдар бұл еңбектерінде мерзімді баспасөз материалдарымен қатар мұрағат құжаттарын кең қолдана отырып, еліміздің майданға қосқан үлесін саралап берді


  1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру.


Ұлы Отан соғысының зардабы халықтың ағарту ісіне, совет мектебінің өміріне әсер етпей қойған жоқ. Соғыс жылдары мектепте мұғалімдердің және оқу құралдарының жетімсіздігіне қарамастан, балаларды жаппай оқуға тарту жұмыстары тоқтатылған жоқ, жеке пәндерді оқытуда балаларды патриоттық идеяда тәрбиелеу мәселесіне көп көңіл бөлінді, дене тәрбиесі дамытылды, жастарға ауыл шаруашылығына араласу мәселелеріне жете көңіл бөлінді. 1944-1945жж оқушылар мектепке 7 жастан алына бастады. Мектепті тастап, еңбекке араласқан жастар үшін кешкі мектептер ашылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында мектеп өміріне аздаған өзгерістер енгізілді. Бастауыш кластарда тарих, география, жаратылыс пәндері жеке оқытылмай, оқу сабағына қосылды. Мeктeп жұмысында біршама кемшіліктер де орын алды. Оқытуда формализмге жол берілген жағдайлар да болды. Әсіресе орыс тілін оқытуда елеулі кемшіліктер кездесті, оқыту өмірден алшаң, мектеп бітірген жастардың практикалық даярлығы шамалы болды. Оқытуда социалистік жарыстың орын алуы балаларға көтерме баға қоюға әкеп соқты. Сондықтан оқу жұмысында социалистік жарысқа тыйым салынды. 1944 жылдың январында балалардың сабақ үлгіріміне 5 балдың баға қою жүйесі енгізілді. Бұл жаңалық мұғалімдерден баға қоюға жауапты қарауды талап етті. 1943 жылы енгізілген ер балалар мен қыз балаларды бөлек мектептерде оқыту 1954 жылы қате шешім ретінде өзгертілді.Бастауыш және 7 жылдық мектепті бітірушілер мектеп бітіру емтихандарын, ал мектепті бітірушілер кәмелеттік аттестат алу емтихандарын тапсыруға міндеттелді.


Ұлы Отан Соғысындағы жеңіске Қазақстанның мәдени қызметкерлері үлкен үлес қосты. Ғылым және өнер адамдарының шығармашылық еңбегі майдандағы кеңістік әскерлердің ерлігімен, жұмысшылар мен колхозшылардың тылдағы даңқты істерімен қатар Ұлы Отан соғысының ерлік тарихына өзіндік жарқын із қалдырды. Бұл кезеңдегі әдебиеттің негізгі тақырыбы патриотизм және Отанды қорғау. Ж.Жабаевтың Ленинградтық өренім, Ә.Тәжібаевтың Ленинград өлеңдері, З.Шашкин, Қ,Аманжолов, Ә. Сәрсенбаевтың шығармалары көпке бегілі болды. Қазақстан өнер шеберлерінің бригадалары майданға аттанды 11 бригада майданда болып 870 концерт қойды. Госпитальдарда, шақыру пункттерінде, әскери бөлімшелерде, шекаралық заставаларда концерттер берілді. Жалпы 36,5 мың концерт қойып, оларды 9 миллионнан астам көрермендер тамашалады. «Екі жауынгер», «Майдан», «Ол Отанын қорғайды», «Күт мені» және т.б миллиондаған адамдарды патриотизмге тәрбиелеуге үлкен ықпал жасаған, кинолар түсірілді.Қазақ халқының музыкалық мәдениетінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан композиторлары 300-ден астам музыкалық шығармалар: опералар, симфониялар, әскери-патриоттық әндер жазды. Соғыс жылдарында опера өнері дами түсті. «Гвардия, алға!», «Абай» опералары қойылды. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңестік ғылым орасан зор рөл атқарды.Соғыстың бірінші күндерінен бастап əскери техника саласында жұмыс істейтін ғалымдар техниканың жаңа түрлерін шығарып, ескі түрлерін жетілдіре бастады, мысалы, авиаконструкторлар С.Ильюшин, А.Микоян, С.Лавочкин өздерінің истребительдері мен штурмовиктерін жетілдіріп, жаңа деңгейге жеткізді, ал конструкторлар В.Климов, А.Микулин, А.Швецов авиамоторларды жетілдіру жағынан көп жұмыс атқарды, соның нəтижесінде əскери ұшақтардың жылдамдылығы жəне соғыс қабілеті өсіп, олар шайқастарда жақсы нəтижеге жете бастады. Конструкторлар мен инженерлер соғыс қарсаңында шығарылған Т-34 жəне КВ танкілерін жетілдіре түсті, сонымен қатар теңіздік миналарды жəне кемелерді магнитсіздендіретін құралдарды шығару қолға алды.Осы кезеңде көптеген ғалымдар мартен пештерінің жұмысын жақсарту, металдың жаңа түрлерін шығару, жарылғыш заттарды шығаратын конвейерлерді жетілдіру жəне т.б. жұмыстармен шұғылданды.

  1. 1940 ж. екінші жартысы -1950 жж. қоғамдық-саяси жағдай. «Бекмаханов ісі».


Ауыр соғыста жеңіске жету ел басқарудың әкімшіл әдістерінің дұрыстығына сенім туғызды. 40-50 жылдары әміршіл-әкімшіл жүйе нығая түсті. Бұл жүйенің жетекші күші Коммунистік партия болды.