Файл: Таырыбы 5 Аралы баылау И. М. Сеченов пен И. П. Павловты шартты рефлекстер туралы ілімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 85

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ажырататын тежелу-жана калыптаскан шартты рефлекстің алгашкыда жалпылама өзгешелігі болу,уйткені ол уйренген шартты тітіркендіргіштен баска,оган уксас немесе коптеген бір райлы тітіркендірулерге де жауап ретінде пайда болады.Алайда,егер тек шартты тітіркендіргіш гана бекітіліп баскалары елеусіз калса біраз уакыттан кейін ұқсас тітіркендіргіштерге әсірленіс өшеді.Бұл заттар мен құбылыстардын касиеттерін,ұқсастығын жете ажыратуга мумкиндик береди.Ажырататын тежелудын касиеттері:1-тітіркендірулердің белгілері өте ұқсас болса,оны калыптастыру киынга согады,2-тежелу дәрежесі ныгайтушы тітіркендірістің күшіне тәуелді келеді.3-бул тежелудын түрін калыптастыру толкын тәрізді болады,4-тежелуді жаттыкттыруга болады,бул ортанын сезімдік түртткілерін жіті айырып танудын негізін құрады.

Шартты тежегіш-егер небір косымша әсерімен ұштастырылган тітіркендіру ныгайтылмаса,ал жеке колданган шартты сигнал әрдайым ныкталса,жуйке орталыктарында шартты тежелу пайда болады.Көп кешікпей косымша әсермен киыстырылган уйренген тітіркендіргіш іштей тежелу салдарынан шартты әсерленіс шыгаруды токтатады.Сол шартты сигналдын әсерінен өтіп жаткан әрекетті тежеуге кабылети бар тітіркендіргіш шартты тежегіш деп аталады.Шартты тежегіштердің касиеттері:1-ол әлсіз тітіркенгішке косымша күшті тітркендіру онай калыптсады,2-бурынгы колданылган кушти тітітркендірудің іздері қосымша түрткі ретінде әсер етеді,3-егер косымша тітіркендіріс әлсіз болса,ол екінші рефлекстің түрткісі болады,4- егер косымша тітіркендіргіш шартты тежегіш мәнін иемденсе баска да уксас шартты бейнелістерді тежейді,5-косымша тітіркендіргіш бірнеше рет жагымды сигналмен бірге болса,ол багдарлау рефлексін тудырады.

Кешіктіретін тежеу-шартты рефлекстер бірден құрылмайды.Тек ныгайтудын басталуы біртіндеп ұзартылганда барып жасалады.Осы тітіркендіргіштің жекеленген әсерімен бастапкы кездежуйке нейрондарынын әрекеті тежеледі.Кешіктіретін тежелу шартсыз рефлекстің кушынен тәуелді,егер ол кушти болса бул тежелудің пайда болуы киынга согады.Кешіктіретін тежелудің касиеті:1-шартты тітіркендіргіш негурлым кушти болса согурлым киын жазылады,2-ныгайтушы түрткі кушти болса шартты рефлексті кешіктіру киынга согады,3-тәжірибелерді кайталау кезінде окшауланган шатты тітіркендіру баяулап узартылса кешіктіру онай болады,4-шартты рефлекстің бірге берілуі кобырек ныгайтылса немесе кыска уакытка кешіктірілсе, тежелу узартуга кедергі жасайды.


9. Жануарлар мен адамдардағы жоғары нерв қызметінің түрлері (И.П.Павлов), олардың жіктелуі, сипаттамалары, анықтау әдістері.

10. И.П.Павловтың бірінші және екінші сигналдық жүйелер туралы ілімі.

И.П. Павловтың жоғарғы жүйке қызметі туралы зерттеуінде екі сигналдық жүйе туралы ілімінің зор маңызы бар. Атақты физиолог И.П. Павловтың айтуы бойынша мидың қызметінде екі түрлі сигналдық жүйе болады.

“Сигнал” – латын тілінде – “сигнум” – қазақша – белгі, таңба деген сөз. И.П. Павлов осы сигналдарды жүйке жүйесінің қызметіндегі ерекшеліктерді білдіретін шартты белгі ретінде алып қолданады да, оның табиғи мән – жайын тәжірибелік зерттеулер арқылы түсіндіреді.

Осы мәселе жөнінде И.П. Павлов былай деп жазды: “… жануарлар үшін болмыс тек бірыңғай тітіркендіргіштер арқылы және олар көретін, еститін және басқа рецепторларының арнаулы клеткаларына тікелей баратын үлкен жарты шарлардағы іздер арқылы ғана хабарланады. Бұл сыртқы ортадан, жалпы табиғаттық және әлеуметтік ортамыздан естіген, көрген және түсінгеніміз сияқтылардың дәл өзі. Бұл шындықтың бірінші сигнал жүйесі мұның өзі адамға да, жануарларға да ортақ болады...”.

Оның бірі – заттармен бетпе – бет кездескенде тері, көз, құлақ мүшелер арқылы түйсіну, қабылдау, елестету.

Бұл жануарларда да, адамда да бірдей – бірінші сигналдық жүйе. Жануарлар мен жәндіктер үшін айналадағы дыбыс, жарық толқындары, қысым, заттың химиялық құрамы, табиғи ортадағы физикалық, химиялық сипаттар сигнал болады. Бірінші сигнал жүйесі еңбек процесінің түрлерінде де маңызды орын алады. Сондай–ақ, ол – суретшінің, сазгер мен жазушының, ақын мен әртістің шығармашылық қиялының сыртқа шығуы үшін қажетті шарт. Тағылым мен тәрбие істерінде, оқыту процесінде көрнекілікті кеңінен пайдаланып отырудың психологиялық негізі – осы бірінші сигналдық жүйе болып табылады. Айналадағы болмыс пен шындық жайында дұрыс елес тудыру да бірінші сигнал жүйесінің қызметіне байланысты.

Екінші сигнал жүйесі жануарлар дүниесінде болмайды, жануарларда бірен – саран дыбыс реакциялары бар, бірақ бұл дыбыстарда ешқандай мкғына жоқ, ол жай биологиялық қажеттің хабары ретінде шығып отырады. Сөйтіп, жануарлар тіршілігі үшін бірінші сигнал жүйесі, бірден – бір жүйе болып табылады. Екінші сигнал жүйесі, тек адамдарға ғана тән.

Адамның әлеуметтік ортада тіршілік етіп, өзін қоршаған ортадан қажетті мәліметтер алып, елестерін, танымдық әрекеттерін неғұрлым тереңдете түсуіне мүмкіншілік тудыратын тағы бір жағдай бар, - ол екінші сигналдық жүйе. Сөз, сөйлеу, және солардың негізінде театын уақытша байланыстар екінші жүйеге жатады. Сигналдың бұл түрі адамға ғана тән. Бұл – бірінші сигналдың сигналы. Мектеп жағдайында оқу мәселесі, тәрбие жұмысына байланысты сөздің қатынаспайтын жері жоқ. Сабақ беру әдістерінің көпшілігі лекция оқуды, әңгімелесуді, түсіндіруді, көрнекі құралдарды қолданғанда оларды сипаттауды тілейді. Сондықтан сигналдық жүйедегі шартты рефлекстің алатын орны зор. Оқушылардың білімін кеңейтіп, ойын тереңдетуге екінші сигналдық жүйе шексіз мүмкіншіліктер туғызады. Мұның мәнісі мынада: адам өз сезім мүшелері арқылы танып білгендерінің мазмұны мен түр – сипатын қабылдап қана қоймай, дыбысты тіл мен сөйлеу әрекеті нәтижесінде оларды айнытпай бейнелейді. Ол шартсыз тітіркендіргіштерге сүйенбей – ақ, дыбысты сөйлеу мен сөз арқылы уақытша жүйкелік байланыстар жасауға қабілетті. Мұндай ерекшеліктің болуы адамның жоғары жүйкелік әрекетінің жәндіктер мен жануарлар әрекетінен сапалық айырмасының бар екендігін дәлелдейді. Дыбысты сөз бен сөйлеу әрекетіне сәйкес заттар мен құбылыстарды белгілеп қана қоймай, оның сипат – қасиеттерін ажыратуға да, абстракциялауға да, дерексіздендіруге де адамның күші жетеді. Сөйтіп, сөз шартты тітіркендіргіштердің рөлін атқарады. Ал жануарлар дүниесінде шартты рефлекс биологиялық мәні зор бұрынғы бейтарап тітіркендіргіштермен байланысуы қажет. Бірақ адамдар мен жануарлардың сигнал жүйелерінің арасында сапалық айырмашылық бар.



Егер адамдардың бірінші сигнал жүйесінің невртік байланыстары қоғамдық қатынастарды бейнелейтін болса, жануарлар дүниесінде бұл биологиялық сипатта болады. Мұны қарапайым мысалмен түсіндірейік. Үзіліс біткен соң қоңырау соғылады, балалал сыныптарына кіреді. Қоңыраудың дауысы балалар үшін – бірінші сигнал жүйесі. Ал үлкен үзілісте балалар мектеп маңында қоңырау дауысы естілмейтін жерде ойнауы мүмкін. Бір оқушы жүгіріп келіп: “Қоңырау соғылып жатыр!” – дейді.

Екінші сигналдық жүйені бірінші сигналдық жүйеден бөліп алуға болмайды. Олар бірімен – бірі тығыз байланысты. Екінші сигналдық жүйе бірінші сигналдық жүйеге сүйеніп қызмет атқарады. Өйткені, адамның екінші сигналдық жүйе арқылы алынған білімі шындықты дұрыс бейнелемеуі мүмкін. И.П. Павловтың жоғары жүйке қызметі туралы ілімі психология пәнін, адамның психикалық әрекетінін диалектика тұрғысынан дұрыс түсінуде ең қажетті құралға айналды.

11. Мақсатты мінез-құлық. Функционалды жүйелердің жалпы теориясы П.К. Анохин.

12. Мотивация. Биологиялық және әлеуметтік мотивация. Мотивация теориясы. Тұлғаны қалыптастырудағы биологиялық мотивациялар.

Мотивация биологиялык, және әлеуметтік болып бөлінеді. Түрлі сезімдерге ішкі жетекші қажеттілігін қанағаттандыру

үшін талаптануы. Ми құрылымында іріктелген козудың негізінде қалыптасқан мотивация олардың мақсатты іздену мінезін тудырады.

Биологиялық мотивациялар (ашығу,шөлдеу, үрей, ләззат, агрессия, жыныстық, ата-аналық, жылулық т. б.) организмнің жетекші мүқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталады. И. П. Павлов мотивацияның бүл тобын организмнің негізгі әуестігі деп атады. Бұлардың барлығы да туа пайда болады және тұқым қуалау негізінде қалыптасады.Дегенмен көптеген мотивация П. А.Анохиннің системогенез ілімі бойынша іріктеліп, дәйекті түрде әрбір жас кезеңдерінде жетiледi.

Биологиялық мотивация көбінесе, организмдегі зат алмасудың қалыпты көрсеткіштер өзгерістеріне байланысты, ішкі ортаның тікелей себептерінен туады.

(нәрлі заттардың мөлшері, осмостық. қысым, гормондар т. б.). Осы гомеостаздық көрсеткіштердің өзгеруі салдарынан организмнің ішкі мұқтаждығы пайда болады. Сөйтіп тканьдегі және гуморальдық өзгерістер биологиялық мотивацияцың материялық түрткісі болады.

Биологиялық мотивация арнайы сыртқы түрткілердің әсерімен де туады. Қейде оны күрделі шартсыз рефлекс пен инстинктің қатарьша жатқызады. Алайда мотивацияның рефлекспен салыстырғанда салалы өзгешеліктері болады.


Адамнын, әлеуметтік дәрттері: білім алу, мамандық игеру, көркемөнер, әдебиет танымы, биологиялық мотивациядан ерекше, қоғамдык тәрбие арқылы қалыптасады.

Биологиялық және әлеуметтік тұрғыда жетекші мұқтаждық әр уақытта үстемдік етеді де, ал қалғандары иерархиялық тәуел-дікпен соған жапсарласады. Сондыктан мотивациялық

қозудың А. А. Ух

ашқан доминант құбылысымен көп ұқсастығы бар.

Организмнің үстемді мұктажы туралы жуйке гипоталамусқа, көк ноқат

аныкталды. Ми зонасына

және гуморальдық сигналы мидың белгілі аймағына, ортаңғы мидын торлы кұрылымына бағытталатындығы

қыртысы астында мотивация орталығының қозуы триггерлік (жүргізгіш) механизм аркылы пайда болады. Ол аумалы деңгейге дейін жинақталган нейрондардың белгiлi серпiнiстерiнен туады да, қашан мұқтаждық қанағатталғанша сақталады.

Мотивациялық қозу — мидың ерекше бірлестірілген жағдайы. Өйткені ол мидық іс-әрекетін қосатын орталық және аралық ми құрылымдарынан жогары өрлейтін ықпалдың туындысы.

Мотивациялық қозудың физиологиялык ерекшеліктерін П. К. Анохин зерттеді. Адамның, жоғары дәрежелі мотивациясы, оның түсінігі бойынша, орталық жүйке жүйесінде бұрынғы жеке тәжірибе ескеріліп, ішкі және сыртқы әсерлер негізінде туатын қозудың сезгіштік механизмдерінен қалыптасады.

Мотивацияның өзгешеліктері ми қыртысы мен оның астыңғы бөліктерінің ерекше бірлестігіне байланысты болады.

Өйткені мидың әртүрлі' құрылымы, олардағы күрделі химиялььқ заттар мотивация көрінісіне өзіндік үлестерін қосады. Мотивациялық әсерленіс туатын қүрылымда гипоталамус ерекше және жетекші орын алады. Мәселен, үлкен ми сыңарлары қыртысының немесе лимбия жуйесiнiн әртүрлі бөлімдері бүлінсе, биологиялық

мотивация көп өзгеріске үшырамайды.

Ал гипоталамус орталықтары бұзылса, ол толық жойылады. Сөйтіп гипоталамустың латеральды бөлімі аштық орталығы, ал вентро-медиальды белімі

тоқтық орталығы екендігі дәлелденді. Сонымен қатар, мотивацияны реттейтін

гипоталамустың өзі басқа

құрылымдардың бақылауында болады. Көбінесе гипоталамустың қызметін лимбия жүйесіне жататын бадамша ядро (амигдала) ұйым дастырады және қадағалайды.

Мотивацияның өзгешеліктері ми қыртысы мен оның астыңғы бөліктерінің ерекше бірлестігіне байланысты болады.

Өйткені мидың әртүрлі құрылымы, олардағы күрделі химиялььқ заттар мотивация көрінісіне өзіндік үлестерін қосады.

Мотивациялық әсерленіс туатын құрылымда гипоталамус ерекше және жетекші орын алады. Мәселен, үлкен ми сыңарлары қыртысының немесе лимбия жуйесiнiн әртүрлі бөлімдері бүлінсе, биологиялық мотивация көп өзгеріске ұшырамайды.


Ал гипоталамус орталықтары бұзылса, ол толық жойылады. Сөйтіп гипоталамустың латеральды бөлімі аштық орталығы, ал вентро-медиальды белімі тоқтық орталығы екендігі дәлелденді. Сонымен қатар, мотивацияны реттейтін гипоталамустың өзі басқа құрылымдардың бақылауында болады.

13. Ойлау. Сананың (сознание), түп сананың (подсознание), асқан сананың (сверхсознание) физиологиялық негіздері.

Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологиялық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар.Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық – еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі –адамның санасы пайда болады.Адамның санасының қалыптасуы мен психологиялық сипаттамасы жаңаның басталуын, психика дамуының жоғарғы кезеңін білдіреді. Саналы бейнелеудің жануарларға тән психикалық бейнелеуден айырмашылығы – бұл заттық шындықты бейнелеу. Санаға жан-жақты сипаттаманы А.Н.Леонтьев өзінің “Іс-әрекет.Сана. Жеке тұлға.” атты еңбегінде берген болатын.

П.К.Анохин 1968 жылысалалыіс-қимылдытүсіндіруүшінарнайыфункциялықжүйесызбасынұсынды.

Олфункциялықжүйенібелгілібірнақтыбейімдіпайдалынәтижегеқолжеткізугебағытталғаніс-әрекеттердііскеасыратынорталықжүйкежүйесініңтиістібөлімдеріменатқарушымүшелербірлестігіретіндеқарастырды

Сана- психика дамуының сапалы ерекше түрі. Адамның саналы іс-әрекеті айырмашылығы негізігі үш белгіден тұрады: осы белгілердің ішінде біріншісі – адамның саналы қызметі, биологиялық мотивтерге байланысы міндетті емес. Кей жағдайда адамның саналы қызметі биологиялық ықпалдарға және қажеттіліктерге бағынбайды, олармн қарама- қарсылықта болады және оларды басып тастайды.

Адамдардың саналы қызметінің екінші ерекшелік белгісі ол ортаның жағдайын жануарлармен салыстырғанда терең бейнелей алатындығы.

Үшінші ерекшелігі- адамның білімі мен ептілігі, бұл қоғамдық тарихи жинақталған және оқуда берілетін жалпы қоғамдық адамзаттық тәжірибені меңгеру арқылы қалыптасады.

Сана қоғамның жемісі ретінде тек адамға ғана тән. Жануарларда сана болмайды.

Сана – тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым қатынасында қоғамдық еңбңек үрдісінде пайда болатын психиканың жоғары түрі.

Сана- болмысты бейнелеудің ең жоғары сатысы. Сана арқылы адамның қоршаған әлеммен қарым-қатынасымақсатты түрде реттеледі. Ол адамның сезу , түйсік, елестету, ықылас, сезім, ырық, ойлау іспетті психикалық іс-әрекетінен құралады. Сана адам миы қызметінің жемісі. Материяның әрбір қасиеті сияқты сияқты сана тек ақиқат заттар мен құбылыстардың өзара әрекетінен туады .