Файл: Тосанды жиынты баалауды спецификациясы 9сынып 20202021 оу жылы НрСлтан ., 2020 мазмНЫ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 238

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



4-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Ұзақтығы – 40 минут

Түсіну және жауап беру – 5 минут

Анализ және интерпретация – 15 минут

Бағалау және салыстыру – 20 минут

Балл саны – 30
Тапсырмалар түрлері:

КТБ – көп таңдауды қажет ететін сұрақтар

ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

ТЖ – толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлім, 11 тапсырмадан тұрады: бірінші бөлім – түсіну және жауап беру, екінші бөлім – анализ және интерпретация, үшіншісі – бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатынмақсаттар

*Сипаттама

*Орындаууақыты, мин

Балл

1

9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;

9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

Жауап

нұсқаларынан

бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар

5

5

2

3

4

5

6

9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегікомпозициялық амалдарды талдау;

9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау;

9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;

9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу;

Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар


15

15


7

8

9

10



11

9.3.4.1 әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

20

10

Барлығы:

40

30



«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Бөлім: Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат

Шығармалар: Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы,

Кнут Гамсун «Аштық» романы
1-БӨЛІМ

1. Кіші Орданың ханы Нұралыны Донсковқа хат жазуға итермелеген не?

А) Орынбор жиынына қатыса алмау себебін түсіндіруі

Б) Айшуақ сұлтанға қайтара алмай отырған мал-жан есебі

С) Хан қолында дербес биліктің болмай, ел ағаларына қарайлап отыруы

Д) Сырым Датұлы бастаған қазақтардың орыс қамалына шабуылдауы

[1]
2. Шығарма желісіне арқау болған негізгі мәселе?

А) Ресей империясының отаршылдық саясатын ашықтан ашықтан-ашық көрсетуі, ел тағдыры үшін жауапкершілікті мойнына алған билер мен батырлар, ел ағаларының азаттық үшін күресі

Б) Нұралы ханның ел арасындағы өзекті мәселені шеше алмай, халықтың дағдарысқа түсуі

С) Ресей империясының генерал-фельдмаршалы Григорий Александрович Потемкиннің қолбасшылық дарыны мен батырлық түр-тұлғасын көрсету

Д) хан мен қара халықтың арасындағы наразылық, биліктің алауыздығы мен жағымпаздық.
3. «Өмір болған соң, күрессіз бола ма...» деген ойды әрі қарай өрбітіп жазыңыз (1-2 сөйлем).

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

[1]
4. Н.Айтұлы «Бәйтерек» поэмасынан берілген үзіндіні қара сөзбен көркемдеп жеткізіңіз (2-3 сөйлем).

Туыңдай қанат керген желді күнгі, 
Танытты кең әлемге теңдігіңді. 
Тұрғанда Бәйтерегің көкке шырқап, 
Ұстай біл Асқақтатып Елдігіңді! 


______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

[1]

5. Самсаған қара орманым – байтақ елім,

Сынға сап сан жақсыны байқап едің.

Еңсесін елдігіңнің биіктеткен,

Ортаңда бойлап өскен Бәйтерегің! – деп жырлағанН.Айтұлының шығармасындағы «Бәйтерек» сөзі қандай мағынаны білдіреді? (2-3 сөйлем).

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

[1]


2-БӨЛІМ

6. Шығармадағы аштықтың азабын композицияның қай тұсында анығырақ байқай алдыңыз? Ойыңызды 5-6 сөйлем талдап жазыңыз.

[3]

7. «Ия, Сырым шырағым!

Қарадан хан болдың,

Айырдан нар болдың.

Жоқтан бар болдың!».Автор стилін сақтай отырып, өлең жолдарын жалғастырыңыз (2-3 шумақ).


[3]

8.Өтінде арпалысқан өмір-майдан,

Жайқалсын болашағың тамыр жайған.

Бәйтерек – Елбасының өр тұлғасы,

Әкеліп өз қолымен Тәңір қойған!

Берілген жолдардағы ақын тілінің ерекшелігін талдап, стиліне баға беріңіз.

[3]
9. «Бәйтерек» поэмасындағы автордың азаматтық бейнесіне, ел мен Елбасы туралы ойды тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасаңыз. Өз ойыңызды 5-6 сөйлеммен білдіріңіз.

[3]
10. «Намысты айырбастап күнкөрiске,

Сұғасың бiр кебiстi бiр кебiске», - деген жолдарды дамытып 2 жол жазыңыз.

[3]
3-БӨЛІМ

11. Тақырыптың бірін таңдап, сыни мақала жазыңыз.

1. «Тар кезең» романыныңәдебиеттегі орны (қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдаңыз).

2. «Бәйтерек» поэмасындағы қазақ халқының өткені мен бүгіні (қазақ әдебиетіндегі мазмұндас шығармалармен салыстыра талдаңыз).
Балл қою кестесі




Жауабы

Балл

Қосымша ақпараттар

1

Д

1




2

А

1

3

оқушының шығармашылық жұмысы қабылданады

1

4

«Көк байрағымыз желбіреп, әлемге атымызды танытқан тәуелсіздігімізді мәңгіге сақтап қалуымыз керек, әлпештеп аялай білу керек» деген сияқты оқушы жазбасы қабылданады.

1

5

Бәтерек ұғымын Елбасының тұлғасымен байланыстыра түсіндіретін жауап қабылданады

1

6

шығарма композициясын талдайды;

3

7

автор стилін сақтай отырып, өлеңді жалғастырып жазады;


3

8

ақын тілінің ерекшелігін талдап, стиліне баға береді.

3




9

автордың азаматтық бейнесіне, ел мен Елбасы туралы ойды тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасайды;

3

10

берілген үзіндіні автор стилін сақтай отырып, өрбітіп жазады;

3

11

сыни көзқарасын білдіреді;

бағасын береді;

пікіріне дәлелдер келтіреді;

қорытынды жасайды;

шығарманы әдебиет үлгілерімен салыстырады;

жанрға, стиль талаптарына сай жазады.

2

1

2

1

2

2