Файл: Тосанды жиынты баалауды спецификациясы 9сынып 20202021 оу жылы НрСлтан ., 2020 мазмНЫ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 239

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
6. «Мен, мен, мен едім» өлеңіндегі ақынның халық мүддесін көздеудегі, көтерілісті ұйымдастырудағы рөлін талдаңыз. (3-4 сөйлем)

[3]

7.«Кенекем менің кеткен соң,

Заманым қалды тарылып.

Салтанатты хандардан

Жетім қалдым айрылып!

Екі бірдей қанатым

Топшыдан сынды қайрылып», - дегенөлең жолдарындағы автор бейнесін талдап жазыңыз. (5-6 сөйлем)

[3]
8. Махамбеттің «Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзінен» берілген үзіндіні негізге ала отырып, өлеңнің көркемдік тілі мен ерекшелігін талдаңыз. (5-6 сөйлем)

Мен, мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде

Еңіреп жүрген ер едім.

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім.

[3]
9. Жыр сюжетіне сүйене отырып, Кенесары қолының жеңіліс табуына бірнеше мысалдар келтіріп, талдаңыз. (5-6 сөйлем)

[3]
10. Ұлы ғалым В.И.Веселовский «Ш.Уәлиханов-аққан жұлдыздай жарқырап өте шыққан аяулы ғалым» деп баға береді. Ғалым Шоқанды неге «аққан жұлдызға» теңеді деп ойлайсыз? Пікіріңізді 5-6 сөйлеммен жазыңыз.

[3]
3-БӨЛІМ

11.Тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз. Эсседе ұрпақтар сабақтастығына, шығарманың жаңашылдығына өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

1. Махамбеттің азаттық, азаматтық ойлары.

2. Шоқанды орыс достары «ерекше құбылыс» деп атаған. «Ыстықкөл күнделігінен» Шоқанды жан-жақты тануға болады. Шоқанның «Ыстықкөл күнделігінің» жаңашылдығы неде?

3.«Кенесары-Наурызбай» – батырлық эпос үлгісімен жазылған тарихи-реалистік жыр.

[10]

Балл қою кестесі



Жауабы

Балл

Қосымша ақпараттар

1

А

1




2

С

1

3

Д

1

4

А

1

5

Д

1

6

ақынның көңіл-күйін сипаттап жазады;

3

7

үзінді жолдарындағы ойды талдайды;

3

8

өз ойын жазады;

3




9

сұраққа мысалдар арқылы жауап беріп, талдайды;

3

10

өз пікірін жазады;

3

11

тақырыпты түсінгенін көрсетеді;

өз ойын және көзқарасын білдіреді;

шығарманың жаңашылдығына баға береді;

пікіріне дәлел келтіреді;

қорытынды шешімін жазады;

ұрпақтар сабақтастығымен байланыстырады;

стильге сай жазады;

құрылымын сақтайды.

1

2

1

1

1
2

1

1




3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



3-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Ұзақтығы – 40 минут

Түсіну және жауап беру – 5 минут

Анализ және интерпретация – 15 минут

Бағалау және салыстыру – 20 минут

Балл саны - 30
Тапсырмалар түрлері:

КТБ – көп таңдауды қажет ететін сұрақтар

ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

ТЖ – толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлім, 11 тапсырмадан тұрады: бірінші бөлім – түсіну және жауап беру, екінші бөлім – анализ және интерпретация, үшіншісі– бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
Тоқсандықжиынтықбағалаутапсырмаларыныңсипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатынмақсаттар

*Сипаттама

*Орындау

уақыты, мин

Балл

1

9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;

9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;

9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;

9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

Жауап

нұсқаларынан

бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар

5

5

2

3

4

5




6

9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау;

9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау;

9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;

Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар


15

15


7

8

9

10

11

9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

20

10

Барлығы:

40

30



«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Бөлім: Адам жанының құпиясы

Шығармалар: І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасы

Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты,

Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романы,

Т. Айбергенов «Сағыныш»,

Ф. Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем»
1-БӨЛІМ

1. «Құлагер» поэмасындағы психологизмнің анық байқалатын тұсы қай бөлімде?

А)Бай, бай, Құлагерім!..

В) Толғану

С) Ат шаңы

D) Ат қайтқанда

[1]
2.Шұғаның Әбдірахманға деген сезімінің оянуын білдіретін детальді белгілеңіз.

А) қос аттының келуі

Б) алтыбақанда кездесуі

С) отаудың сықырлауығы

Д) ауыл жастарының тойы

[1]
3. Төлеген Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңінен алынған үзіндідегі бос орындарды өз қалауыңызша толтырыңыз.

Сағынышдеген..., бола да берерартық-кем,

Ал нағыз...араның балы бар тіптен.

Мен мынау...қаратасты да сағынам,

Қаланыпқалсатәртіппен.

__________________________

__________________________

__________________________

[1]
4. «Ұлпан» романының шарықтау шегін анықтаңыз.

А) Біжікеннің соңғы сөзі

В) Ұлпанның монша салдыруы

С) Ұлпан өлімі

Д) Есенейдің қазасы

[1]
5.Ф.Оңғарсынованың «Өлең, мен сені аялап өтем» өлеңінде «жарылуға жақындап келем» деген жолға сәйкесін анықтаңыз.

А) Біреудің пасықтығынан, 

біреудің жасып мұңынан,

жүрегім сыздаған кезде,

жаным мұздаған кезде

В) қатем мен жеңістерім үшін

менің мынау қиындау тағдырым болып

о баста көріскенің үшін

С) кімнен өшімді аларымды білмей, 

кімдерге кінә тағарымды білмей,

алдыңа лапылдап келем

D) шаттанып қалған шағымда,

жеткендей арман-сағымға,

қуаныштан дірілдеп денем

[1]
2-БӨЛІМ

6.Т.Айбергеновтің «Сағыныш» өлеңіндегі

О, шіркін, менің сағынышымдай көлемі шексіз болса аудан,

Ондағы жандар көз ашпас еді-ау, сағыну менен шаршаудан.

Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық беу, дүние,

Тұратын түгел сағыну менен аңсаудан, – деген жолдарда автор бейнесі, өмірге деген құштарлығы мен сағынышы қалай байқалды?Талдаңыз. (5-6сөйлем).

[3]
7. Мал сырлас, аттың сыры маған мәлім,

Жырым – жылқы, жүйрік ат – салған әнім.

Аспан асты, жер жүзі – кең сақара

Күн көріп атам қазақ келген мәлім.

Қазақтыңжылқы
аңсатқан жарлы, байын,

Жарлыныжалғызатсызалдыуайым.

Сүйген жар, сенгендостанжақынжылқы,

Білгенжанбекердемесаттыңжайын.Берілгенжолдарда автор қайталаудыңқайтүрінқолданды? Автор стилінбағалаңыз.(5-6 сөйлем).

[3]
8. Шұға мен Әбдірахманның қосыла алмауына сюжеттегікедергі болған жайттарды талдаңыз.

[3]
9. Ф.Оңғарсынованың

«Біреудің күлкісін көріп, 
бақыттының түр-түсін көріп, 
шаттанып қалған шағымда, 
жеткендей арман-сағымға, 
қуаныштан дірілдеп денем, 
алдыңа күлімдеп келем», -
деген жолдарын негізге ала отырып, өлең туралы өз сезіміңізді бір шумақпен немесе қарасөзбен жазыңыз.

[3]
10. «Ұлпан» романындағы оқиға шешімі оқырман ретінде сізге қалай әсер етті? 5-6 сөйлеммен талдап жазыңыз.

[3]
3-БӨЛІМ

11.Тақырыптардың бірін таңдап, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына өз пікіріңізбен баға беріңіз.

1.Т.Айбергеновтің «Сағыныш» өлеңіндегі сағыныш сазы.

2.Ұлпан – ел тізгінін бекем ұстаған, «Есенейдің Есенейі» болып, Ел анасы атанып, халық қамқоршысына айналған тарихи тұлға. Шығармадағы Ұлпан бейнесіндаралап тұрған қасиеттерді қалай бағалайсыз?

3. І.Жансүгіров «Құлагерінің» көркемдік құндылығы неде?

Балл қою кестесі




Жауабы

Балл

Қосымша ақпараттар

1

А

1




2

С

1

3

«молшылық қазына, асқақ сағыныштарда, ыстық жүрегімменен» деген сөздерге мағыналас жауаптар қабылданады.

1

4

А

1

5

С

1

6

автор бейнесін, өмірге деген құштарлығын талдайды;

3

7

автор стилінбағалайды;

3

8

шығарма сюжеті бойынша кейіпкерлер өміріндегі оқиғаларды талдайды;

3




9

автор стилін сақтай отырып, шығармашылық жұмыс нәтижесін көрсетеді;

3

10

шығармадағы оқиға шешімі туралы талдап жазады;

3

11

өз ойы мен көзқарасын нақты жеткізе алады;

тарихи-көркемдік құндылығына өзіндік баға береді;

орынды пікір,дәлелдер келтіреді;

өзіндік ұсынысын,қорытынды шешімін жаза алады;

стильге сай жазады;

құрылымын сақтайды.

2

2
2

2
1

1