Файл: Факультативтік жоспар Мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 14

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Факультативтік жоспар

Мектеп:

Күні

Мұғалім: Иристаев С

Сынып:5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Гаусс әдісіне арналған есептер шығару


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру

Гаустың өмірбаяны мен танысу

Гаусс әдісі арқылы есептерді тез есептеуге үйрену


Сабақтың мақсаттары:

Есептер шығару дағдысын қалыптастыру

Тілдік мақсаттар

Мәтінді есептер, санды есептер

Құндылықтарды игеру

Жұппен жұмыс істей алуға, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікті сезіне алуға, әділдікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Математика, тарих

АКТ қолдану дағдылары

К.Гаусс презентация

Бастапқы білім

Мәтін есептер , сандық есептер, логикалық есептер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Cабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Амандасу

  2. Түгендеу

  • оқушылардың назарын жинақтау;

  • оқушылармен бірлесіп оқу мақсатын, сабақ мақсаттарын анықтау.

Логикалық сұрақтар қою арқылы оқушыларды өткен тақрыптарды еске түсіру

Логический вопросы 5 класс

кітап


Сабақтың ортасы

10 мин.

2 мин

13 мин


К.Ф.Гаусс-неміс математигі, астрономы және физигі. 18 ғасырдың соңында Германия мектертерінің бірінде сабақта мұғалім оқушыларға "1 - ден 100-ге дейінгі натурал сандардың қосындысын табуды" тапсырыпты.Сыныптағы оқушылардың біреуі ғана бұл есептің жауабын тауыпты: ізделген қосынды 5050-ге тең деп жауап беріпті.Есептің шешуін тапқан оқушы кейіннен аты әлемге әйгілі болған математиктер королі Карл Фридрих Гаусс екен.Ол есепті келесідей жолмен шығарыпты:
(1+100)+(2+99)+......+(49+52)+(50+51) = (100+1)*50 = 5050
Есептерді шешу жолдарын түсіндіру.
Біздер енді сол кездегі он жасар бала Гаусстың пайдаланған есептеу тәсілімен танысайық.Ол үшін 1-ден 10-ға дейінгі натурал сандардың қосындысын Гаусс тәсілімен есептеп көрейік.
1-тапсырма . 1-ден 10-ға дейінгі натурал сандар қосындысын табайық.
1-тәсіл: 1+2+3+4+....+9+10=(1+10)(2+9)...(5+6)=11*5=55
2-тәсіл:
+ 1 + 2 + 3 + 4 + 5 + 6 + 7 + 8 + 9 + 10
10 + 9 + 8 + 7 + 6 + 5 + 4 + 3 + 2 + 1
11 + 11 + 11 + 11 + 11 + 11 + 11+ 11 + 11 + 11
10: 2 = 5. Ендеше 11• 5 = 55.

2-тапсырма. 1-ден 20-ға дейінгі натурал сандар қосындысын табайық.
1 + 2 + 3 + 4 + 5 + 6 + 7 + 8 + 9 + ... + 20 = (1 + 20) + (2 + 19) + (3 + 18) + (4 + 17) + (5 + 16) + (6 + 17 ) + (7 + 16) +(8+13)+(9+12)+(10+1)=21•10=210
Сергіту сәті
Топтық жұмыс:

1 топ
11-ден 20-ға дейінгі;
Қосындыны тап: 20 + 40 + 60 + … + 460 + 480 + 500.

Қосындыны тап: 100+200+300+…+900+1000.

2 топ

81-ден 90-ға дейінгі;
Қосындыны тап: 30 + 60 + 90 + … + 540 + 570 + 600.

Қосындыны тап: 150+250+350+…+950.

Дискриптор

Есептерді Гаусс әдісі арқылы есептеу

Қосу амалын қолдану





Презентация


Сабақтың соңы

10 мин


Үйге тапсырма : Шығармашылық жұмыс: Карл Гаусс.
Рефлекция

Мұғалім сабақты сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өзіне қортындылатып, рефлексия жүргізеді.







Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсету жолдарын жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап жатырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік шараларын сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі.Сабақ кезеңінің кезкелген сәтінде уақытты ұтымды пайдалану

Сабақта оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін жұмыс жасалады.

Сабақ басында оқушылар қауіпсіздік техникасымен таныстырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жайында ойыңызды білдіріңіз. сол жақтағы сұрақтардың ең негізгі сұрағына жауап беріңіз




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2: