Файл: Кіріспе зерттеуді зектілігі. Бгінде Елбасы Н.. Назарбаев ала ойан, дамыан отыз елді атарына кіру жніндегі лт жоспары100 наты адам.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 139
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Іскерлік ойындар – оқушылардың түрлі жағдаятта дұрыс сөйлеуін қалыптастыратын, диалогтық және монологтық сөйлеу үлгілерін жетілдіретін, көшбасшылық қабілеттерін дамытатын ойын түрі. Іскерлік ойын барасында оқушылар шығармашылық жұмыс істеуге үйренеді, басқа жолдастарының сөздеріне дұрыс қарауға, солардың пікірін бағалауға төселеді. Іскерлік ойындар оқушыларды дұрыс шешім қабылдауға үйретеді.
Іскерлік ойындар шәкірттердің сөйлеу мәдениетін жетілдіруде әдеби сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кеңінен пайдаланылады.
2.4 5-сынып қазақ тілін жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқытудың тиімділігі эксперимент жүзінде
Оқушылардың қазақ тілін меңгеру дәрежесін жаңартылған білім беру мазмұны аясында тексеру үшін тәжірибе жұмыстары ұйымдастырылды. Эксперимент жұмыстары 2020-2021 оқу жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы білім бөлімінің «№23 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өтті.
Эксперименттің мақсаты – қазақ тілін 5-сыныпта жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқытудың тиімділігін анықтау.
Анықтау эксперименті барасында бақылау және эксперимент топтары белгіленді. Эксперименттік топқа – 5 «а» сыныбы, бақылау тобына – 5 «ә» сыныбы алынды. Экспериментке 5-сыныптан 52 бала қатысты. Сонымен қатар бақылау және тәжірибелік сыныптардың бастапқы білім деңгейлері тексерілді.
Анықтау эксперименттерінің көрсеткіштері төмендегідей болды:
1-сурет. Бақылау сыныбының тәжірибеге дейінгі көрсеткіші
2-сурет. Экспериментке алынған сыныптың тәжірибеге дейінгі көрсеткіші
Эксперименттің екінші кезеңінде жаңа әдіс-тәсілдерді сабақ барысында қолданудың әртүрлі жолдары іске асырылды. Жаңартылғын білім мазмұны оқушылардың білім, әздену, ойлау деңгейлеріне қарай тапқырлық, ізденімдік, рөлдік және іскерлік болып жүргізілді. Анықтау экспериментінде көрсетілген кемшіліктерді жою үшін оқушыларға жүрзілген шығармашылық жұмыстар, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану әртүрлі кезеңде өтті. Дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға мақал-мәтелдердің мағыналары, шешендік сөздер үйретілді. Бұл оқушыларды қазақ елінің мәдени мұралары, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары жайында хабардар етіп, өз елін құрметтеуге үйретті.
Оқыту эксперименті барасында дидактикалық ойындар оқушылардың сабаққа деген қызығушылыған арттырып, олардың қазақ тілін тереңдей білуіне әсер етті. Ұсынған әдістеменің тиімділігі эксперимент жүзінде дәлелденді.
Қалыптастыру экспериментінде қазақ тілін жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқыту арқылы меңгерту әдістемесінің қаншалықты деңгейде ұтымды екендігі тәжірибе жүзінде дәлелденіп, тапқырлық, ізденімдік, рөлдік, іскерлік ойындар арқылы жүзеге асатын тапсырмалардың оқушыларға тигізетін әсері зор екендігі айқындалды. Сондай-ақ, қазақ тілін шығармашылықпен игертуде қолданылатын ойындардың мақсатын, қатысымдық қызметін, ұзақтығын, ережесін, қатысушылар санын, мазмұнын саралап алудың маңыздылығына тәжірибе барысында көз жеткізілді. Оған дәлел ретінде қалыптастыру экспериментіндегі бақылау және эксперименттік сыныптардың көрсеткішін беруге болады.
3-сурет. Бақылау сыныбының қалыптастыру экспериментіндегі көрсеткіші
4-сурет. Эксперименттік сыныптың қалыптастыру экспериментіндегі көрсеткіші
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс – тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», - деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу барысында 5-сыныптағы қазақ тілі сабағында жаңартылған білім беру мазмұны аясында шығармашылық жұмыстар жүргізу әдістемесінің тиімділігін атай отырып, төмендегідей қорытынды шығаруға болады:
1 Қазақ тілін жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқытқанда мектепте берілетін білім мазмұны тереңдеп, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік туады;
2 5-сыныптың қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолданудың психо-педагогикалық негіздерін айқындау оқушылардың тілдік материалдарды қабылдау қасиетін шыңдап, танымдық, ойлау қабілеттерін жетілдіруге игі ықпал етеді;
-
Қазақ тілі сабағында жаңа оқыту технологияларын қолдану арқылы
оқушылардың тіл мәдениетін, сөздік қорын жетілдіруге болады;
-
Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойындардың ұтымды түрлерін
іріктеу және тиімді әдістерді анықтау сабақтың сапалы өтуін қамтамасыз етеді;
-
Тапқырлық ойындар бағдарлама бойынша көрсетілген лексикалық,
грамматикалық, тілдік материалдарды, ғылыми қағидаларды қызықты мысалдармен сапалы игеруге ықпал етеді;
-
Ізденімдік ойындар арқылы оқушылар проблемаларды өздері шешуге
талпынып, тапсырамын әр-түрлі амал-тәсілдермен орындауға үйренеді.
7 Шығармашылық жұмыстар оқушылардың шығармашылық ойлау
қабілетін дамытады, олардың өзінше тың тұжырымдар жасау қабілетін жетілдіреді;
8 Іскерлік ойындар оқушылардың түрлі жағдаятта дұрыс сөйлеуін қалыптастырып, диологтық және монологтық сөйлеу үлгілерін жедел меңгеруге мүмкіндік береді.
Келешекте өз тәжірибемде :
-
оқушылармен үнемі тепе – теңдікті ұстауды, еркіндік беруді; -
оқытуды сапалы ету үшін жаңа тәсілдерді қолдана отырып, сабақтарымды түрлендіруді; -
әріптестерімді қызықтырып, бірлесе жұмыс жасауды қолданамын.
Қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.