Файл: Кіріспе зерттеуді зектілігі. Бгінде Елбасы Н.. Назарбаев ала ойан, дамыан отыз елді атарына кіру жніндегі лт жоспары100 наты адам.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 133
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Бүгінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев алға қойған, дамыған отыз елдің қатарына кіру жөніндегі «Ұлт жоспары-100 нақты қадам»-баршамызға ортақ жауапкершілік жүктеп, Қазақстанның білім беру саласын жаңғыртуындағы негізгі бағыттарын айқындауды көздейді. Білім мазмұнын жаңарту–білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез-келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру-жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеле қоймай, өмірдің өзгерістеріне дайын болатын, белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау тиіс. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті қолдана отырып, оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде пайдаланған дұрыс»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді.
Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамту, оны оқушыға жеткізу, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеру, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Ал оның негізі қазақ тілі пәнінде қаланбақ. Сондықтан да қазақ тілі сабағында әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан, оларға терең де сапалы білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Сабақ–мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілеттілігіне, шеберлігіне байланысты. Мемлекетімізде болып жатқан өзгерістерден білім беру саласы шет қала алмайды. Сондықтан қазіргі уақытта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері қарастырылып, енгізілуде. Қазіргі заман талабына сай сабаққа қойылатын мақсат-міндеттерінің ерекшілігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған. Репродуктивті білім беру кезінде оқушы тек тыңдаушы, орындаушы ретінде көрінген. Қазіргі таңда оқушыны қалыптастыруға мынадай мақсаттар қойылып отыр:
-Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету;
-Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру;
-Жұпта, топта жұмыс жасай білуге үйрету;
-Бір-бірінің білімін бағалауға;
-Жетістіктерін қолдана білуге тәрбиелеу;
-Тез әрі нақты ойлап,дұрыс шешім қабылдай алу және тапқырлық, тиянақтылық дағдыларын дамыту;
-Талабын ұштап, қиялын дамыту.
Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі заманда білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етеді. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Оқушының қажеттілігін қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек. Білім беру үрдісінде мұғалімнің оқушыны дұрыс бағалауға көңіл бөлгені дұрыс. Баға–оқушының білімін көрсететін нәтиже. Мұғалім жаңа форматта құрылған сабақ тақырыбына байланысты критерийлер бойынша немесе бағалаудың әр түрлі тәсілдерін қолдануға болады. Қазіргі заман ағымына сай болашақ ұрпаққа саналы тәрбие, терең білім беру еліміздің басты мәселесі болып табылады. Яғни, сабағының жемісті болуы үшін үнемі ізденіс үстінде болып, жаңа бағдарламаны меңгере отырып қолдану әр ұстаздың парызы. Мұның барлығы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және қолданбалы мәні.
-Қазақ тілін жаңартылған білім беру мазмұны аясында жаңа әдіс-тәсілдер арқылы меңгертудің ғылыми-әдістемелік негізі айқындалды;
-Қазақ тілін шығармашылықпен игертудің әдістемесі ұсынылды;
-Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы оқытудың тиімді әдістері сұрыпталып, ойынның түрлері анықталды;
- Қазақ тілі сабағында қолданылатын интеллектуалдық, ізденімдік, рөлдік және іскерлік ойындарға қойылатын талаптар анықталды;
- Шығармашалық жұмыстардың оқушылардың ой-өрісін, сөз байлығын дамытудағы, сабаққа қызығушылығын арттырудағы ықпалы көрсетілді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Қазақ тілін жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқытуда шығармашылық жұмыстар жүргізу әдістемесін ұсыну, шығармашылық жұмыстардың түрлерін, өзіндік белгілерін айқындау.
-
жаңартылған білім беру мазмұны аясында қазақ тілін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау; -
қазақ тілін шығармашылықпен оқытудың ұтымды жолдарын айқындау; -
дидактикалық ойындардың түрлерін белгілеу және олардың 5-сыныпта
қазақ тілін оқытудағы ұтымдылығын көрсету;
-
қазақ тілін шығармашылықпен меңгертуде қолданылатын негізгі
әдістерді анықтау;
-
озық әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың шығармашылық, ізденімпаздық,
қабілеттерін арттыру;
-
жаңартылған білім беру бағдарламасының тиімділігін тәжірибе жүзінде
дәлелдеу.
Зерттеудің нысаны. Жаңартылған бағдарламамен қазақ тілін оқытудың негізгі нысаны – қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Жұмысты жазу барысында Ш.Оразбаева., Р.С.Рахметова, А. Мырзабаев, Г.Рақышованың оқу құралдары мен «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының әдістемелік кеңесі ұсынған біліктілігін арттыру курстарының бағдарламалары және тағыда басқа ғалымдардың еңбектеріндегі теориялық тұжырымдар басшылыққа алынды.
Практикалық базасы. Семей қаласындағы барлық кітапханалар жүйесі, Семей қаласы білім бөлімінің «№23 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі негізге алынды.
Диплом жұмысының құрылымы. Кіріспеден, 2 бөлімнен (тараушалары бар), қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА – БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ
1.1Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері
Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары. Бұлар біздің балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады, – деп атап көрсеткен болатын Елбасы Н.Назарбаев өзінің халыққа арнаған жолдауында.
Қазақстандық білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім моделін жасау.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісімен қоса орта білім беру жүйесіндегі әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында кең тараған сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл де енгізілуде. Білім берудегі бұл үдеріс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Яғни, дайын білім беруге негізделген дәстүрлі оқыту өзгеріске ұшырауда. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Жаңа білім әдістемелері бойынша бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған [1].
Бұл жаңа бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, құрдастарынан және оқулықтан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі оны дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап, дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра бермейтінін тілге тиек етеді.
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.
Сындарлы оқытудың жоғарыдағыдай сипатталып, түсіндірілуі мұғалімнің ой-пайымы мен негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарас, пікірге қатысты бірқатар баламалы шешімдерді білуін де қамтиды.
Оқытудың кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөздің мағыналық анықтамасы нақты емес, екіұшты болып шығады. Мұғалімдік қасиет – күрделі феномен, оның мазмұны мен өлшем құралдары жайында бірыңғай пікір жоқ. Мұғалімнің жұмысының тиімділігін анықтау өлшемі жөнінде түрлі пікірлер бой көтереді: ол мұғалімнің жетістіктері (біліктілігі, т.б.), оқыту үдерісі (оқыту әдістері, тәсілдері және т.б.), оқыту нәтижесі (оқушының білім алуына ықпал ету, т.б.) немесе жоғарыда аталған барлық факторлардың жиынтығы болуы мүмкін деген ойлар да орын алуда [2].
Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы. Мұғалімнің касиеттерін бағалау барысында бағалаушы факторлар жиынтығын пайдалана отырып, қасиетті өзінше түсіндіріп беретіндігін ұғыну қажет.
Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал.
Оқытудың сапасын екі тәсіл арқылы анықтауға болады.
Біріншісі, бағалау оқу қызметінің нәтижесіне байланысты болмай, мұғалімнің іс-әрекетінің тәжірибе талаптарына сәйкестігін, яғни – мұғалім жұмысының тиімділігін, оқушылармен өзара байланысының сипаты мен жиілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл жағдайда баға мұғалім жұмыс істейтін оқушыларға байланысты қарастырылады, оқыту үдерісіне тәуелді болмайды.
Оқыту сапасын бағалаудағы