Файл: Кіріспе зерттеуді зектілігі. Бгінде Елбасы Н.. Назарбаев ала ойан, дамыан отыз елді атарына кіру жніндегі лт жоспары100 наты адам.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 138

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Қазақ тілі» бағдарламасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану төмендегідей көрініс табады:

- онлайн сабақтар арқылы инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды қолданады;

- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы таныстырылымдар жасайды, салыстырады, жетілдіреді, зерттейді, бағалайды және бірлесе отырып, өз пікірлерін дәлелдейді;

- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы қажетті ақпаратты таңдай алады.

Қазақ тілін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдерге тоқталсақ, олар:

1) ауқымды мәнмәтін бойынша топтық зерттеу жұмысын жүргізу және белгілі бір мәселе бойынша автордың көзқарасын талдау;

2) жанрларды түрлендіру және оның әсерін бағалау;

3) рөлдік ойындар арқылы автордан сұхбат алып, сұрақтар қою (мүмкін болса, авторлармен, фильмді түсірушілермен кездесулер ұйымдастыру);

4) оқушылардың сөйлеу және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған пікірталас, ми шабуылы, дебат, стратегияларды қолдану;

5) оқушының бүгінгі қоғамға лайық жеке тұлғалық қасиеттерін, оның рухани жан дүниесін байытатын қазақ тілінің этно-мәдени лексикасын, даналық сөздерін меңгерту, ана тіліндегі қарым-қатынас жасаудағы сөз әдебіне баулу, жағдаяттық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда ізгілендіру технологиясын қолдану;

6) оқу үдерісінде түрлі жағдаяттар, рөлдік ойындар, «дөңгелек үстел», «брифинг», баспасөз конференциялары, «Көңілділер, тапқырлар клубы» және монолог пен диалогке, әңгімелесуге жағдай жасау;

7) оқу үдерісінде түрлі үнтаспаларды, бейнетаспаларды, медиаматериалдарды, бейнероликтерді, интернет материалдарын, электронды оқулықтарды, компьютер мен лингафондық аппараттарды, белсенді оқыту әдістері мен пәнаралық байланыс сабақтастығын кеңінен қолдану.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.

1. Оқушылардың өзіндік іздену іс-әркетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни жаңа жағдайдағы "оқыту әдістемесі" деп отырғанымыз: "оқушы - мұғалім" ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.


2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальды түрі көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша "оқытуды ізгілендіру" қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ.

Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория - Л.С.Выготскийдің "оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы "актуалды даму" аймағынан жақын арадағы даму" аймағына ауысуы туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей - "міндетті, оқушылық", екінші - алгоритмдік, үшінші - эвристикалык, төртінші – шығармашылық [15].

Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын, құзыреттіліктерін жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет.

Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтуы тиіс.

Технологиялар мен әдістердің тізімі ауқымды, олардың мүмкіндіктері әр түрлі, сондықтан алдымен негізгі стратегиялық бағыттарды анықтау қажет, әрине, өмірдің әр түрлі жағдайларына дайын рецепт жоқ. Белсенді технологиялар мен әдістердің әлеуеті өте жоғары, ал оларды оқыту барысында пайдалану оқытудың нәтижесі - құзыреттілікке ықпал етеді [16].

Төмендегідей негізгі міндеттерді бөліп алуға болды:

-           оқушылардың дамуына, өзіндік дамуына жағдай жасау;

-           өнімді білім, білікті игеру;

-           бүкіл өмір бойына өз білімін толықтыруға деген қажеттілікті дамыту.

Оларды орындау үшін мұғалім нені басшылыққа алуы керек?

«Қазақ тілі» пәнінің мұғалімдері оқушыларды өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.



Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді әртүрлі оқыту тәсілдерін қолдану арқылы тәрбиелейді және дамытады:

-        сенімді қатынас пен ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру үшін жағдай жасау;

-        әрбір оқушының жеке пікірін тыңдау және алынған білімдер мен түсініктерді қолдану мен оларды дамыту маңыздылығына мән беру;

-        іс-әрекеттердің белсенді түрлерін ұйымдастыру және тиянақты сараланған тапсырмалар мен жаттығулар арқылы ынталандыру және дамыта оқыту;

-        оқушылардың сабақта зерттеу жұмыстарын жүргізуін қажет  ететін проблемалық жағдаяттар туындату және проблемаларды шешу стратегияларын модельдеу және көрсету;

-        «оқу үшін бағалауды» қолдану арқылы оқушылардың оқуына қолдау көрсету;

-        белсенді оқуға және зерттеу жобаларын орындауға негізделген оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерін қолдау;

-        оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

-        өз ойын жеткізе білу және дәлелдер келтіре алу, мәселелерді анықтау үшін өз пікірлерін жеткізу, болжам құру және ұсыныс жасау қабілетін дамытуға ынталандыратын жағдайлар жасау;

-        оқушылардың  жеке мүмкіндіктерін және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, сараланған тапсырмалар әзірлеу;

-        жеке, жұптық, топтық және ұжымдық оқыту әдістері белсенді қолданылатын жалпы сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

Жалпы білім беретін мектептер қалай білім алу керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, ой-өрісі дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.

Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастырып, дамытуда оқытудың түрлі стратегияларын қолданады. Атап айтқанда:

  • оқушылардың өзіндік ой-пікірін тыңдай білу, бұған дейін алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан ары дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау;

  • мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;

  • проблемаларды шешу әдіс-тәсілдерін оқушыларға түсінікті жолмен құру және көрсету;

  • оқушылардың білім алуына оқу үшін бағалау арқылы қолдау көрсету;

  • оқушыларды зерттеу жұмыстарын жүргізуге және зерттеу әдіс–тәсілдеріне негізделген белсенді оқытуға бейімдеу;

  • оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

  • оқушылардың жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру.


Осыларды есте сақтау, оларды басшылыққа алу – бұл ең басты мақсатқа – тұлғаның дамуын қалыптастыруға жетуде мұғалім еңбегін жеңілдетудің басты шарты болып табылады.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі.

Сонымен бірге, ақпараттық коммуникативтік технология сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу жүйесі арқылы қызықты мәліметтер, көрнекіліктер таба аламыз.

Сонда, оқу-жүйесінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:

  • – оқушылар электронды оқулықтармен және интернет желісімен жұмыс істей алады;

  • – оқушының білімі қысқа мерзімде және кез келген уақытта бағаланады;

  • – орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады;

  • – интерактивті тақтаны еркін қолданады;

  • – ақпараттық мәдениетін дамытады;

  • – зерттеу дағдылары дамиды;

  • – оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады;

  • – әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндігі ашылады.

Бүгінгі таңда республикада компьютерлік бағдарламалар шығарылып, оқытудың жаңа технологиялары оқу үрдісінде кеңінен пайдаланылып,оң нәтижелер беруде. Олар – В.Фирсовтың саралай оқыту, П.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру, Ш.Амонашвилидің ізгілікті – тұлғалық, В.Монаховтың оқыту үрдісін жобалау, М.Жанпейісованың модульдік оқыту, Ж.Қараевтың деңгейлік саралап оқыту, Г.Селевконың өзін- өзі дамыта оқыту және т.б.технологиялары. Аталған технологиялардың қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқытудағы маңызы ерекше.

Осындай ізденістен туындаған технологиялардың бірі – тірек сызбалар арқылы оқыту әдістемесі . Әдістеменің ерекшелігі мен маңызы неде ?

Бірінші ерекшелігі – нақты, дәл есептелген тұтас оқу процесін құра білу. Виктор Федорович Шаталов бұл құрылымды былай түсіндіреді: «Тірек сызба дегеніміз – ойынның элементі, уақыт үнемділігі және оқушы психологиясын қызықты құбылысқа бағыттау. Бірақ ең басты мақсат – берілген тақырыпты логикалық байланыстар негізінде оқушының түсінуі және ұзақ уақыт есте сақтауы».

Екінші ерекшелігі – уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір тарауды түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап бір -екі тірек сызбасына сыйдыруға болады.

Ал ең негізгі ерекшелігі -тірек сызбасын қолдану. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын жойған жоқ.

Тірек сызбалар оқушылардың сөйлеу тілін арттыру мақсатында пайдаланатын тәсілдің бірі. Сонымен қатар тірек сызба жаңа тақырыпты жеңіл түсінуге, есте сақтап қалуға көмектеседі.Орыс топтарында қазақ тілін оқытуда ең қолайлы жолдардың бірі-тірек сызбаларын пайдалану: себебі олар тірек сызбалар арқылы сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып жеткізуге үйренеді, сабаққа қызығады, еңбектенуге талпынады.


Тірек сызбасын сабақта кеңінен пайдалану- мұғалімнің жан-жақты дайындалуына, уақытты ұтымды өткізуіне әсер етеді.

Уақыт талабы мұғалімнен сабақты қызықты, тартымды өткізе білуді, көп шығармашылық ізденісті, білімділікті, тапқырлықты қажет етеді. Оқушылардың белсенділігін, жеке дара жұмыстануын ынталандыру, жеке көзқарастарының қалыптасуын, дамуын, оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болуын талап етеді.

Грамматикалық тақырып бойынша ережені жаттау түрде бермей, тірек сызбалар арқылы үйрету, көп есте қалатын болады. Оқушылар ережені тірек сызбалар арқылы ұғып алса, оларды сабақта жиі пайдаланып отырса, оқу жүйесін жақсы түсінетін болады.

Берілген тірек сызбаларды пайдалана отырып, оқушыларға грамматиканы кеңінен және керекті ережені қолдануларына мүмкіншілік туғызуға болады. Сабақ барысында көп сөйлемей-ақ сабақ негіздерін қысқа да нұсқа ұсынып, шығармашылық ой-өріс жүйесін арттыруға жағдай жасалады. Оқушылар аудару жұмысын орындағанда грамматиканы оңай түрде қолдана алатын болады.

Қорыта айтқанда, әрбір оқытушы сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. «Қазіргі заманда жастарға жаңа технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында жаңа технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.
2.3 Дидактикалық ойындарды қолдана отырып қазақ тілін оқыту

Ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыда қарастырған К.Гроос, Г.Спенсер, И.Хейзинга, И.Кант, Г.М. Мейес, М.А. Каган, К.Г. Исупов т.б. ғалымдар ойын әрекетінің жүзеге асуына мына жағдайлар әсер ететіндігін өз еңбектерінде дәлелдеген:

1.Ойын әрекетін жүзеге асыру үшін балада артық энергиялық күш болуы қажет (бұл жерде энергиялық күшті біз баланың ойнауға деген құлшынысы, талпынысы тұрғысында түсінеміз). Балалар осы энергиялық күш негізінде ойнап, қанағаттанады.

2. Ойын – адамдар генінде қаланған инстинкті жеткізуші. Балалар ойнау арқылы өмір тәжірибесімен, қоршаған ортамен танысады, ересектердің қимылын қайталайды, сол арқылы өмірге қажет іс-әрекетті және ойлау дағдыларын меңгереді.

3. Ойын балалардың қиялынан туындайды, ойын – бала шығармашылығы. Баланың қиялы ойын арқылы шарықтайды, олар ойлау процесінде «басқа әлемге» енеді.